Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»


Оқыту формалары, әдістері мен құралдары ТПҮ-тің қозғаушы механизмі ретінде



бет109/127
Дата08.02.2022
өлшемі212,74 Kb.
#118816
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   127
Байланысты:
П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»

Оқыту формалары, әдістері мен құралдары ТПҮ-тің қозғаушы механизмі ретінде
Оқыту құралдары туралы түсінік. ТПҮ-тің оқыту құралдары – іс-әрекет түрлері (ойын, таным, еңбек, қарым-қатынас). Дидактикадағы дәстүрлі оқыту құралдары және оларға сипаттама.
Мұғалім мен оқушының өзара әрекеттестігінің тәсілі ретінде оқытуды ұйымдастыру формасы туралы түсінік. Оқытуды ұйымдастыру формасы, әдістері мен құралдары арасындағы арақатынас.
Қазіргі заманғы мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың формалары: сабақ, экскурсия, практикумдар мен семинарлар, оқушылардың оқу үй жұмыстары, сынақтар, консультация, емтихан, факультатитвті сабақтар және т.б. Сыныптан тыс оқу жұмысының формалары: пәндік үйірмелер, ғылыми қоғам, олимпиадалар, байқаулар және т.б. Педагогикалық шығармашылықтың нәтижесі ретінде оқытудың инновациялық формаларын қолдану. Оқушылардың оқу және оқудан тыс танымдық іс-әрекеттерін үйлестіру.
Оқыту құралы дегеніміз – бұл жаңа білімді меңгеру. Оқу құралдары мен әдістері бір- бірімен тығыз байланыста болады, бір-бірімен үйлесімділікте қолданылады, сондықтан олар білім беру теориясында бірыңғай тұжырымдаманы құрайды. Мұғалім мен оқушылардың арасындағы белсенділіктерінің әрекеттесуінде, әрдайым қарым-қатынастар және субъектілердің әрекеттері байланысады және соның нәтижесінде әдістер мен құралдар оқушылардың оқуына жағымды әсер ету үшін қарым-қатынас және әрекет әдістері мен құралдарына бөлінеді.
Оқыту құралдары қызметін атқаратын объектілерді әр түрлі негіздерге байланысты мына түрлерге саралауға болады: іс-әрекеттер, субъектілерімен, білім деңгейіне әсер етуімен, басқа да қабілеттерді дамытудың түрлі тәсілдерімен, олардың оқудьщ үрдісіндегі тиімділігімен ажыратылады.
Материалдық оқыту құралдарына - оқулықтар, кестелер, макеттер, бөлмелер, жиһаз, оқу кабинеті жабдықтары. көрнекі құралдары, микроклимат, сабақ кестесі және т.б оқытудың материалдык-техникалық жағдайлары енеді.
Идеалдық оқыту құралдарына - мұғалім мен оқушылардың жаңа білімді алу үшін қолданылатын меңгерілген білімдері мен іскерліктері жатады.
Қазіргі оқыту құралдары көбінесе жаңа оқу әдістерін қолдануды көздейді. Солай, техникалық оқу құралдары құбылыстардың дамуын, динамикасын көрсету арқылы оқу жұмысының әдістерін елеулі өзгертеді. Олар кітаптарға қарағанда оқушылардың қабылдауын тиімді ұйымдастырады және бағыттайды, оқушылардың қызығушылығын ынталандырады, жұмысқа жауапкершілігін арттырады, оқу ақпараты көздері мен өлшемдері қызметін атқарады. Білімді бақылау мен оқушының өз білімін өзі бақылауына мүмкіндік жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет