Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»


Педагогтың танымдык (гностикалық) іскерлігі



бет28/127
Дата08.02.2022
өлшемі212,74 Kb.
#118816
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   127
Байланысты:
П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»

Педагогтың танымдык (гностикалық) іскерлігі. Бұл компонент мұғалімнің танымдық қабілеттерін, интеллектуалдық мүмкіндігін, өз пәнін терең білуін, дүниетаным шеңберінің кеңдігін, өзін-өзі танып білуін қамтиды және маман еңбегінің негізі болып саналады. Танымдық іскерлікті қалыптастыру үшін адамның қабылдау, зейін, ойлау, елес, ес, т.б. психикалық қасиеттердің бірлікте дамуы қажет.
Педагогтың конструктивтік (кұрастыра білу) іскерлігі. Бұл іскерлік оқу-тәрбие жұмысын модельдеу, жоспарлау, композициялық материалдарды іріктей алумен, оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай оқу-тәрбие процесінің материалдық базасына сәйкес жұмысты ретімен ұйымдастыра білуімен сипатталады. Педагогтың коммуникативтік (қарым-қатынас) іскерлігі. Бұл іскерлік мұғалімнің түрлі категориядағы адамдармен тез тіл табысып, тиімді қарым-қатынас жасай алуын көрсетеді. Қарым-қатынас тәсілдері сөз сөйлеу техникасы, қимылдар, мимиканы игере білуден басталады. Бұл іскерлікті қалыптастыру үшін алдымен адам басқа адамды тусіне білуі, тани білуі және өзін де таныта білуі керек. Екіншіден, өзінің ой-пікірін, көңіл-күйін көзқарасын, мақсатын сөйлескен адамға, тыңдаушылар ұжымына түсіндіре білуге және оларды да түсіне білуге ұмтылуы қажет. Үшіншіден, адамдармен қарым-қатынас барысында толеранттылыққа негізделіп, оң шешім таба білуі маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет