Байланысты: П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»
Кәсіби педагогикалық құзыреттілік және педагогикалық шеберлік. Адамзат қоғамының бүгінгі даму қарқыны бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігінде өзара ынтымақтастықта болу, өзара озық тәжірибемен бөлісуді талап етеді. XХI ғасырдағы білім беру мәселелері бойынша халықалықаралық комиссияда «Образование: сокрытое сокровище (Білім беру: ашылмаған асыл қазына)» (1996ж.) тақырыбында жасаған баяндамасында Жак Делор білім беруге негіз болатын адамның жалпы негізгі құзыреттіліктері ретінде төрт тұғырнаманы атап өтеді: танып білуге үйрену, істеуге үйрену, бірігіп өмір сүруге үйрену, өмір сүруге үйрену.
«Құзырет», «құзыреттілік» ұғымдары бүгінгі педагогика саласындағы ғылыми айналымға салыстырмалы түрде жаңадан енген, терең зерттелу үстіндегі ұғымдар болғандықтан олардың анықтамасы да әр зерттеушімен әр-түрлі берілуде. Дегенмен, көптеген анықтамаларды салыстырып талдау негізінде «құзыреттілік» ұғымына байланысты зерттеушілердің көзқарастарында бір ортақ пікірлер байқалады.
Қазақстанның Ұлттық энциклопедиясында құзырет ұғымы (лат. сompetentia – жетемін, лайықпын) екі мағынада түсіндіріледі:заңмен, жарғымен немесе өзге құжатпен берілген өкілеттіліктер шеңбері.белгілі бір саладағы білім, тәжірибе, біліктілік.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартында ұлттық деңгейдегі басты мақсаты - өркендеп өсіп келе жатқан еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне белсенді араласуға дайын тұратын құзыретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету деп анықталған.
Қазақстандық жалпы орта білім беру стандартында (2007ж.) «құзыреттілік» және «құзырет» деген екі ұғымды ажырата қарастырып оларға мынандай анықтамалар беріледі.