Байланысты: П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»
Философиялық заңдар, заңдылықтар Қарама–қайшылықтардың бірлігі мен өзара әсерлілігі заңыдаму үдерістерінің ішкі қайнар көзін ашады, ескінің жойылып, жаңаның пайда болуына әсер етеді. Заттар мен құбылыстардың бойындағы қасиеттер мен ағымдарды өзара жоққа шығарып, өзара мақұлдап тұратын жақтар бірлігін қарама–қайшылық деп атайды. (Мысалы, ақ пен қара, жақсылық пен жамандық т.б.).
Қарама-қайшылықтардың өзара әсерлілігі, қақтығысуы, соның нәтижесінде өзара терістеу пайда болатын көріністі қайшылық дамуы деп атайды. Ол таным диалектикасына сәйкес қозғалыс пен дамудың қайнар көзі немесе себебі міндетін атқарады «Даму» ұғымына философияда «мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы» деген анықтама беріледі, яғни мәңгі, қажетті қозғалыс, уақыттағы өзгеріс деп түсіну қажет. Дамудың қайнар көзі болу үшін қарама–қайшылықтар бірін- бірі жоққа шығарумен шектелмей, бір -бірін сүйеп те отырулары керек.