Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»


Педагогикалық зерттеудің әдістері



бет61/127
Дата08.02.2022
өлшемі212,74 Kb.
#118816
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   127
Байланысты:
П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»
-1810148382, акт нарзулла севара, 4d33bd961e62ac003d75cdb2ada35299-4, 4d33bd961e62ac003d75cdb2ada35299-4, 4d33bd961e62ac003d75cdb2ada35299-4, 4d33bd961e62ac003d75cdb2ada35299-4, 4d33bd961e62ac003d75cdb2ada35299-4, 2.Қанды бактерологиялық зерттеуге алу (2), Мәдениеттану 130 тест (71-200), Мәдениеттану 130 тест (71-200).docx, Амангелді Айғаным мәдениеттану СӨЖ 3
Педагогикалық зерттеудің әдістері
Ғылыми-педагогикалық танымның эмпирикалық әдістері. Зерттеу әдісі белгілі бір ғылыми міндетті, амалдар мен рәсім-тәртіптерді орындауға бағытталған зерттеу әрекетінің нормативті моделі арқылы түсіндіріледі. Неғұрлым ғылымдар әдістерге бай болса, соғұрлым ғалымдардың істері сәттірек болады. Ғылыми міндеттердің күрделілігі өскен сайын, зерттеу құралдарының өңделуіне алынған нәтижелердің дәрежесінің тәуелділігі арта түседі. Педагогика ғылымының әдістерінің сипаттамасынан бұрын, нақты зерттеу міндеттерін шешуге арналған екі негізгі таңдау ұстанымдарын есепке алу қажет. Олардың біріншісі - зерттеу әдістерінің көптүрлілігіұстанымыкез келген ғылыми мәселені шешуге бір емес, бірнеше әдіс қолданылатынын білдіреді. Екіншісі - алынған әдістің зерттелетін пәннің мәніне және алынатын нәтижесіне сәйкестігі ұстанымы.
Педагогикалық зерттеулердің негізгі әдістеріне тоқталайық. Оларды ғалымдар эмпирикалық және теориялық деп бөліп қарастырады.
Эмпирикалық білім – зерттелетін пәннің нақты қасиеттері, фактілер, істің мән-жайы туралы білім. Бұл мәліметтер эмпирикалық деп аталатын танымның арнайы әдістерінің көмегімен алынады. Олардың қатарына байқау мен эксперимент енеді.Байқау– жаңа педагогикалық құбылыстарды мақсатты түрде қабылдап, оларды бұрынғы қоғамның даму кезеңдеріндегі мектептер мен педагогикалық ойлардың даму сатыларындағы ұқсас құбылыстармен салыстырып, олардың араларындағы сабақтастықты, оқыту мен тәрбиелеу үдерісіндегі кемшіліктер мен жетістіктерін саралап дәлелдейді. Байқау әдісі өте қарапайым ұйымдастырылады.
Әңгімелесу қосымша ақпарат алуда педагог ғалымдармен, білім беру саласына еңбегі сіңген адамдармен алдын-ала күрделі мәселелерге байланысты, сұрақ-жауап түрінде әңгімелесу арқылы тиісті жауаптар алынып, жүйеленеді. Сұхбат бұл зерттеудің дербес және қосымша әдісі, байқаудың жетіспей жатқан және алған ақпараттардың толық болмау жағдайларында қолданылады. Сауалнама жүргізу материал жинауда көпшілікке сауалнама сұрақтары таратылып, зерттелген мәселелер аумағында адамдардан жазбаша жауаптар алу үдерісі.
Эмпирикалық танымда байқаудан бөлек экспериментті қолданады. Эксперименттің мақсаты, пәні, анықталған шарттары, құралдары, әдістері және т.б. нақты болғанда ғана толыққанды ұйымдастырылады. Педагогикалық эксперименттің мақсаты - заңдылықтарды орнату, фактілерді табу.
Педагогикалық эксперимент жүргізу өте күрделі және тынымсыз еңбектенуді талап етеді. Көбінесе экспериментті дайындау оны өткізуден күрделі рәсім.
Педагогикалық зерттеудің эмпирикалық әдісіне сондай-ақ, сұрақ–жауап (интервью, тест); қызметтің нәтижесін зерттеу мен бағалау (тәуелсіз эксперт немесе құзырлы сот әдісі) және т. б. жатады. Педагогикалық консилиум әдісі.Оқушылардың тәрбиелілігін белгілі бағдарлама арқылы және бірыңғай белгілер арқылы талқылау, тұлғаның ерекшеліктерін бағалау, қалыптасқан нышандардың мүмкін болатын ауытқулардың себептерін табу немесе сонымен қатар басқалармен кемшілікті жеңу құралдарын бірге талқылауды қамтиды. Диагностикалық бақылау жұмыстары әдісі. Мұндай жұмыстар жазбаша немесе зертханалық-тәжірибелік сипатта болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет