Іс-құжаттарды талдау және зерттеу әдісі. Іс-құжаттарды талдау және зерттеу – зерттелетін үдерістер мен құбылыстар туралы нақты материалдар жинау үшін қажет.
Педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және жинақтау әдісі.Педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және жинақтау зерттеу жұмысына құнды материалдар береді. Зерттеу нысаны ретінде жаппай тәжірибені алуға болады. Ол жетекші бағыттарды белгілеуге әсерін тигізеді. Жағымсыз тәжірибе қателер мен кемшіліктерді белгілеуде ықпал етеді. Алдыңғы қатарлы тәжірибе мұғалімдердің жаңашылдығын анықтауға және қорытындылауға себеп болады.