Байланысты: П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»
Ғылыми зерттеу бағдарламасы мен технологиясы. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің деңгейлері:
1) эмпирикалық (практикалық) – мұнда жаңа ғылыми фактілер анықталып эмпирикалық заңдылықтар тұжырымдалады. Жинау, таңдау, сәйкестендіру, талдау және жалпылау арқылы практикалық зерттеуден алынған педагогикалық фактілер сандық, сапалық өңдеуден өтеді.
2) теориялық: негізгі, жалпы педагогикалық заңдылықтар ашылады, бұрын зерттеліп ашылған фактілерді анықтап, болашақтағы фактілерді, жағдайларды алдын ала болжай және көре білуге мүмкіндік туғызады.
3) әдіснамалық: эмпирикалық және теориялық зерттеу нәтижесінде педагогикалық құбылыстың жалпы ұстанымдары, әдістері мен теориясы құрылады. Зерттеудің бұл деңгейі іргелі деп аталады.