ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Педагогикалық шеберлік негіздері
«05010100» – «Мектепке дейінгі педагогика», «Педагогика және психология», «05010200» «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтары үшін
Құрастырғандар:
Дуйсембекова Ш
Педагогика ғылымдарының
кандидаты, доцент
Семей 2013ж
ПОӘК- авторлары туралы мәліметтер
ПОӘК авторлары туралы мәліметтер
|
Дуйсембекова Шолпан Дуйсембековна
|
Ғылыми дәрежесі:
|
Педагогка ғылымдар кандидаты
|
Ғылыми атағы:
|
Доцент
|
Қызметі:
|
Педагогика кафедрасының доценті
|
Мамандандыруы:
|
Педагогика
|
Байланыс мәліметтері:
|
Жұмыс телефоны:
|
+7 (7222) 42-25-33
|
Электрондық пошта:
|
e-mail: sholpan.d@mail.ru
|
Skype:
|
|
Жалпы мәліметтер:
|
7 оқулықтың авторы. 6 педагогика магистрін дайындады. 2012 жыл нәтижесінде «Лучший преподаватель ВУЗА»,2013 «Орлеу» орталығында білімін етілдіру. Сертификат иегері. Монография «Профессиональное самоопределение старшеклассников»
|
Жұмыс бағдарламасы
1.Қолдану саласы – 3 бет
2. Нормативті сілтемелер – 3 бет
3. Жалпы ережелер – 3 бет
4. Әдебиет және қорлар – 3 бет
5. Пән мазмұны, пәннің модульдік бөлінуі – 4 бет
6. СӨЖ тақырыптары мен мазмұны – 21 бет
7. Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар – 26 бет
8. Курс форматы – 27 бет
9. Курс саясаты – 27 бет
10. Баға қою саясаты – 28 бет
11. Студенттер білімін бақылау – 29 бет
12.Тест сұрақтары-30
13. Глоссарий – 49бет.
1. Қолдану саласы
«Педагогикалық шеберлік негіздері» пәнінің оқу-әдістемелік кешені «5В010100» - «Мектепке дейінгі педагогика» мамандығының студенттеріне арналған. ПОӘК студенттерді 3-4 курс мазмұнымен, өзектілігімен, қажеттілігімен, саясатымен және студенттің оқу үдерісінде қандай дағдылар мен іскерлікті үйренетінімен таныстырады.
2. Нормативтік сілтемелер
Осы «Педагогикалық шеберлік негіздері» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК) берілген пән бойынша ұйымдастыру ретін анықтайды және келесі құжаттардың талаптары мен ұсыныстарына сәйкес әзірленген:
«5В010100» - «Педагогикалық шеберлік негіздері» мамандығының Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарты ҚР МЖМБС 3.08.0ХХ-20__, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 20__ жылғы «__» _________ №__ бұйрығымен бекітілген.
Шәкәрім атындағы СМУ «Пәннің оқу-әдістемелік кешені туралы ережесі».
3. Жалпы ережелер
Оқытушының тегі, аты, жөні – Дуйсембекова Шолпан Дуйсембековна, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент;
Кафедра педагогика__________________________________________;
Хабарласу ақпараты – тел: 8722242-25-33, ұй тел: 562375
Оқу ғимараты № 2, кабинет № 403; e-mail: sholpan.d@mail.ru
Контактілі сабақтардың өткізілу орны – аудитория № 419;
Пән атауы – «Педагогикалық шеберлік негіздері»;
Кредит саны – 3;
Жұмыс оқу жоспарынан көшірме
1 кесте
Курс
|
Семестр
|
Кредиттер
|
Аудиториялық жұмыс
|
СӨЖ және СОӨЖ
(сағ)
|
Барлығы
(сағ)
|
Қорытынды бақылау түрі
|
АС (сағ)
|
ҚК (сағ)
|
1
|
2
|
3
|
15
|
30
|
|
45
|
емтихан
|
4. Әдебиет және қорлар
№
|
Оқулық және оқу-әдістемелік Құралдың атауы
|
Саны
|
Студент саны
|
Қамтылу пайызы,%
|
1
|
Зязюн Г.М. Основы педагогического мастерства,М:Просвещение,1989.-243с.
|
24
|
18
|
100
|
2
|
Кан-Калик В.А. Учителю о педагогическом общении. М:Просвещение,1987.-190с.
|
12
|
|
90
|
3
|
Адриади И.П. Основы педагогического мастерства. Москва:Академия, 1995.
|
62
|
|
80
|
4
|
Чернявская А.П. Педагогическое мастерство.Ярославль, 1997.
|
4
|
|
|
5
|
Занина Л.В., Меньшикова Н.П. Основы педагогического мастерства. Москва: Феникс, 2003.
|
30
|
|
|
6
|
Щуркова Н.Е.Педагогическая технология. Москва: Пед.общество России, 2002.
|
20
|
|
|
7
|
Щуркова Н.Е. Практикум по педагогической технологии. Москва: Пед. общество России, 2001.
|
68
|
|
|
8
|
Спирин Л.Ф. Теория и технология решения педагогических задач. Москав: Рос. пед. Агенство, 1997.
|
4
|
|
|
9
|
Спирин Л.Ф., Фрумкин М.Л. Анализ учебно-воспитательных ситуации и решение педагогических задач. Ярославль: ЯГПУ, 1974.
|
3
|
|
|
10
|
Грехнев В.С. Культура педагогического общения. Москва, 1990.
|
20
|
|
94
|
11
|
Дуйсембекова Ш.Д. Педагогикалық шеберлік. Оқу –әдістемелік құрал Семей 2013ж-95б
|
20
|
|
|
12
|
Дуйсембекова Ш. Педагогика Оқу құрал. Семей.-2012.-246бет
|
15
|
|
90
|
13
|
Сламбекова Т.С. Педагогикалық психология. Оқу құралы.,Семей.-188б.
|
10
|
|
90
|
5. Пән мазмұны, пәннің модульдік бөлінуі
Педагогикалық шеберлік пәні бойынша дәрістердің тізімі және қысқаша мазмұны: (15 c). Модуль саны - 8
№1 Дәріс.(1 c)
Тақырып: Кіріспе.
Дәрістің мақсаты: Педагогикалық шеберлік тұралы мағлұмат, басқа ғыльмдармен байланысы туралы, ғылыми мағлумат беру.
Дәріс мазмұны: Бұл бөлімде каңдай ғылым зерттейтіні тұралы мағлұмат беріледі. Сонымен қатар педагогикалық шеберлік басқа ғыльмдармен байланысы туралы, педагогиканың маңызытуралы айтылады.
Кіріспе
Педагогикалық шеберлік ғылымы туралы мағлұмат.
Педагогикалық шеберліктің мәні және негізгі компоненті Педагогикалық шеберлік оның әлеуметтік мәні мен мазмұны.
Педагогикалық шеберлік және мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің компоненті ретінде.
Педагогикалық шеберліктің компоненттері: гуманистік бағыт, кәсіби білім, педагогикалық қабілеттер, педагогикалық техника.
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби білімінің ерекшеліктері.
Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.
Қолданылатын әдебиеттер:
Асқарбаева А. Ұстаз ізденістері. А 1987.
Асылов Ұ.Ж. Нұсқабайұлы. Әдеп. Инабаттылық дәрістері А 1987.
Елеусізова С. Қарым – қатынас психологиясы. А 1995.
Грехнев В.С. Культура педагогического общения. М 1990.
Желдербаева С. Мәнерлеп оқу. А 1992.
Зязюн Г.М. Основы педагогического мастерства. М 1989.
Синица И.Е. Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік. А 1987.
№ 2 Дәріс.(2c)
Тақырып: Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық шеберліктің қалыптасуының негізі.
Дәрістің мақсаты: педагогикалық шеберліктің қалыптасуының негізімен танысу.
Дәріс мазмұны: 1. Кәсіби педагогикалық қызмет-педагогтік шеберлікті қалыптастыру негізі. Жалпы педагогикалық және кәсіби-педагогикалық қызмет.Кәсіби-педагогикалық қызметтің мәні,оның құрылымы.
Кәсіби- педагогтік қызметтегі мұғалімнің жеке басының қалыптасуы. .
Педагогикалық қызмет деңгейлері: репродуктивтік,бейімділік,қызмет пен мінез-құлық.
Педагогикалық іс – әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады. Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіңдік сипаттары – ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың біртұтастық объектісі» болып есептелуі керек. (Н.И. Непомнящая), мұғалімнін іс – әрекеті, оның білімі және тәжірбиесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық. Қажетті тәжірбиені жинақтауға әкелетін іс – әрекет мұғалім тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол «оқу-әдістемелік» құралдарының өзінде орныққан. Бірақ бұл іс – әрекет тиімді болуы мүмкін емес, егер еңбек объектісі толық айқын болмаса, еңбек субъектісінің зейіні теріс түсініп объектіге аударылса. Бұндай жағдайда еңбек субъектісінің әрекеті объективті өмір сүретін кәсіби іс – әрекеттің объектісіне сәйкес болмайды.
Диалектикалық – материалистік философияда жеке тұлғаның қалыптасуындағы іс – әрекеттің ролі жан — жақгы зерттелген. Адам іс – әрекеттің субъектісі ретінде психологиялық зерттеулерде көрсетілген. Бірақ, негізінен, тек XX ғасырдың 60 — шы жылдарында ғана мұғалім іс – әрекеті оқушылармен өзара әрекет ретінде қарастырылып еңбектер жарық көрді. Көрнекті ұстаздардың еңбектері (Ш.А. Амонашвили, В.А. Сухомлинский, А.С. Макаренко және т.б.>) оқушы ертерек мұғалімнің арқасында іс – әрекеттің нақгылы субъектісі ретінде қалыптасса, оқу — тәрбие жұмысының тиімділігі арта түсетіндігіне куә етеді.
Міне, сондықтан да мектептегі педагогикальгқ (оқыту — тәрбиелеу) процесте мұғалім және оқушы іс – әрекетінің субъектісі ретінде көрінеді, мұғалім іс – әрекеттің объектісі ретінде оқушыны емес, педагогикалық процесс деп есептеу керек. Мұғалім даярлаудағы мұңдай бағыттың кажеттілігі бірқатар зерттеулерде дәлелденген:
-біртұтастық тұлғаны қалыптастыру проблемасын, біртұтас
педагогикалық процестің ерекшеліктерін есепке алмай шешу мүмкін емес (В.С. Ильин);
-мұғалім іс – әрекетін оптимизацияландыруға тек қана оқытуға бағытталушылықпен жету мүмкін емес (Ю. К. Бабанский);
-егер оқушының іс – әрекеті назардан тыс қалған болса, педагогикалық еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру мүмкін емес (И.П. Радченко);
-мектеп әкімшілігі іс – әрекетінің тиімділігі тек қана біртұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру негізінде мүмкін болады (М.И. Кондаков);
-тұтас педагогикалық процестің теориясьш жасамайынша, басқару шешімдерін қабылдау үшін педагогикалық талдауды жетілдіру,одан әрі дамыту өте күрделі болады (Ю.А. Конаржевский);
Мұғалім іс – әрекетінің объектісін оқып үйрену тұтас педагогикалық процестің мәнін анықтау керектігін қажет етеді. Диалектикалық материализмнің ұстанымына — мән бұл ең басты ішкі, біршама заттың тұрақты жағы (немесе оның жақтары мен қатынастарының қосындысы). Мән заттың табиғатын анықтайды, одан барлық қасиеттері мен белгілері шығады.
Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз - мұғалімнің оқу-тәрбие істерін нәтижеге жеткізетін әрекеттер құрылымы. Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық мамандық негізінде басқара білу.
Педагогикалық іс-әрекеттер мынандай құрылымдардан тұрады: іс-әрекет мақсаты, іс-әрекет объектісі, іс-әрекет субъектісі, іс-әрекет құралы.
Бақылау сұрақтар: тест сұрақтары берілген.
Қолданылатын әдебиеттер:
Асқарбаева А. Ұстаз ізденістері. А 1987.
Асылов Ұ.Ж. Нұсқабайұлы. Әдеп. Инабаттылық дәрістері А 1987.
Елеусізова С. Қарым – қатынас психологиясы. А 1995.
Грехнев В.С. Культура педагогического общения. М 1990.
Желдербаева С. Мәнерлеп оқу. А 1992.
Зязюн Г.М. Основы педагогического мастерства. М 1989.
Синица И.Е. Педагогтың әдеп және ұстаздық шеберлік. А 1987.
№ 3 дәріс.( 2 c)
Тақырып: Тиімді қарым-қатынас – педагогикалық шеберліктің негізі
Дәрістің мақсаты: студенттерді педагогикалық шеберліктің негізі ретінде- қарым-қатынас стильдері, түрлерімен таныстыру
Дәріс мазмұны: 1. Педагогикалық қарым-қатынас туралы түсінік беру
Бұл тарауда педагогикалық шеберліктің негізі ретінде- қарым-қатынас стильдері, түрлерімен таныстыру.
Сонымен қатар, педагогикалық техника педагог шеберлігінің элементі ретінде педагогикалық техника мұғалімнің жүріс-тұрысының формасы және оның компонеті мұғалім іс-әрекетіндегі техниканың мәні.
Мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі, өзін-өзі қалыпқа келтіру техникасының негізі. Жас педагогтің педагогикалық техникасының кемшіліктері Педагогикалық қарым-қатынас - белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы. Қарым – қатынас сан алуан сипатта; оның көптеген формалары, түрлері бар. Педагогикалық қарым – қатынас адамдар қарым – қатынасының жекеше түрі. Оған осы өзара әрекет формаларының жалпы қасиеттері де, білім беру процесіне тән қасиеттері де лайық.
Педагогикалық қарым ‒ қатынас кезеңдері
Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс - әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
Педагогикалық қарым-қатынас бір адам екінші адаммен тәжірибе (білім, икем, дағды, жалпы адамзаттық мәдениет, ұлттық құндылықтар т.б.) алмасқанда болады; ол әрбір профессионалды қарым-қатынаста болады, сондықтан да педагогикалық стильдерді кейде бізбен сипаттаған басшылық стильдеріне ұқсатады.
Педагогикалық стильдердің артық көруі мен адамдардың Мен-концепциясының арасындағы байланыс табылды: автократиялық стиль көбінесе өзін білмейтін және қабылдамайтын адамдарға сай, сынға жабықтығымен, ренжігіштігімен, эмоционалды регидтілігімен мінезделеді. Және, керісінше, демократиялық стильді ұстанатын педагогтарда әдетте позитивті Мен-концепциясы болады, ашық және мейрімді, сынға төзе алады, өзіндік ирониясы болады және өзіндік өзгеруге дайын.
Педагогикалық қарым-қатынастың мақсаттары туралы айта отырып, отандық зерттеуші А.Б.Орлов « мұғалімнің тұлғалық центрациясы » деген терминді қолданды, оның ойынша ол педагог іс-әрекетінің жүйе құраушы мінездемесі болып табылады, оның көптеген көрінулерін анықтайды : педагогикалық стиль, қатынас, әлеуметтік перцепция (14). Сөйтіп, педагогикалық іс-әрекет мұнда сонымен қатар рухани-дүниетанымдық компоненттен бастап сипатталады.Орлов әрбіреуі педагогикалық іс-әрекетте басыңқы бола алатын негізгі жеті центрацияны бөліп көрсетеді: эгоистік (өзінің ”Мен” қызығушылығында), бюракратиялық (администрацияның, басшылықтың), конфликтік (әріптестерінің қызығушылығында), авторитетті (ата-ананың, қатысушылардың), танымдық (оқыту және тәрбиелеу талаптарында), альтруистік (қатысушылардың қажеттіліктерінде), гуманистік (өзіндік мән мен басқа адамдардың-администратордың, әріптестердің, ата-аналардың, қатысушылардың мәндерінің көрінулерінде).Орлов бойынша центрация тәлімділік іс-әрекетінің әдісі мен сәттілігін анықтайды.
Басқа отандық зерттеушілер, бағдарлардың маңыздылығын мойындай отырып, көбінесе сабақ беруде қолданылатын тәсілдерге шоғырланады (11). Н.К.Марков пен А.Я.Никонованың ойынша педагогикалық стильдің негізінде мазмұнды сипаттамалар (педагогтың өз еңбегінің процесі мен нәтижелігіне бағдары, өзінің еңбегіндегі бағдарлық және бақылаушы-бағалаушы кезенін ашу, әдістемелілігі мен импровизациондылығы), динамикалық сипаттамалар (икемділік, тұрақтылық, бір нәрседен келесі нірсеге көңіл ауысымдылығы) және нәтижелілік (оқып жатқандардың білімдерінің деңгейі мен оқытудың дағдысы) жатыр. Авторлардың зерттеулері көрсеткендей педагогтың индивидуалды стилінің қалыптасу процесінде стильдің мазмұнды сипаттамалары өзгеруі мүмкін, ал динамикалық сипаттамалардың өзгеруі, яғни эмоционалдылық пен саналылықтың өзара өтуі анықталған жоқ.
Қарым ‒ қатынас құралы және қарым ‒ қатынас түрлері
Қарым ‒ қатынас біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс. Адамдардың танымдық хабарлар алмасуы, өзара түсінісуі, бір-бірін қабылдауы. . Бұл қарым-қатынас адамның сөйлеуді меңгеруінің арқасында іске асады. Ол өзінің ойын, білімін, өзінің сезімін басқа адамдарға хабарлай алады және өзі басқа адамдардың ойын түсіне алады, олардың сезімдері мен ұмтылыстары туралы білуге мүмкіндік алады. Тілдің көмегімен сөйлеу қарым-қатынасында әрбір адам білімнің көп бөлігін басқа адамдардан алады. Жинақталған тәжірибені және білімді меңгеруге оқыту үрдісі жатады.Сөйлеу — тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым қатынас үрдісі.
Қарым-қатынастың түрлерi:
1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi.
2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады.
3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады.
4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.
5. Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады.
6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас.
Коммуникациялық жүйе – бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу.
Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар:
1.Информативтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру.
2.Интерактивтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана отырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету.
3.Перциптивтi – қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру.
4.Экспрессивтi – эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту.
Педагогикалық қарым-қатынастың стильдері.Педагогикалық қарым-қатынас бір адам екінші адаммен тәжірибе (білім, икем, дағды, жалпы адамзаттық мәдениет, ұлттық құндылықтар т.б.) алмасқанда болады; ол әрбір профессионалды қарым-қатынаста болады, сондықтан да педагогикалық стильдерді кейде бізбен сипаттаған басшылық стильдеріне ұқсатады.
Педагогикалық стильдердің артық көруі мен адамдардың Мен-концепциясының арасындағы байланыс табылды: автократиялық стиль көбінесе өзін білмейтін және қабылдамайтын адамдарға сай, сынға жабықтығымен, ренжігіштігімен, эмоционалды регидтілігімен мінезделеді. Және, керісінше, демократиялық стильді ұстанатын педагогтарда әдетте позитивті Мен-концепциясы болады, ашық және мейрімді, сынға төзе алады, өзіндік ирониясы болады және өзіндік өзгеруге дайын.Автократиялық стильді қолдануында құрылған оқу орнында “мектеп-фабриканың” белгілері болады, ал демократиялық бағытталған оқу орнында “мектеп-отбасының” белгілері болады, бірақ қазіргі кезге дейін педагогикалық жүйелердің артықшылықтары анықталған жоқ : “мектеп-фабрикаларда” әдетте үлгерім жоғары, ал “мектеп-отбасында” қатысушылардың мазасыздығы төмең, микроклиматы жақсырақ болады.Педагогикалық қарым-қатынастың мақсаттары туралы айта отырып, отандық зерттеуші А.Б.Орлов « мұғалімнің тұлғалық центрациясы » деген терминді қолданды, оның ойынша ол педагог іс-әрекетінің жүйе құраушы мінездемесі болып табылады, оның көптеген көрінулерін анықтайды : педагогикалық стиль, қатынас, әлеуметтік перцепция (14). Сөйтіп, педагогикалық іс-әрекет мұнда сонымен қатар рухани-дүниетанымдық компоненттен бастап сипатталады.Орлов әрбіреуі педагогикалық іс-әрекетте басыңқы бола алатын негізгі жеті центрацияны бөліп көрсетеді: эгоистік (өзінің ”Мен” қызығушылығында), бюракратиялық (администрацияның, басшылықтың), конфликтік (әріптестерінің қызығушылығында), авторитетті (ата-ананың, қатысушылардың), танымдық (оқыту және тәрбиелеу талаптарында), альтруистік (қатысушылардың қажеттіліктерінде), гуманистік (өзіндік мән мен басқа адамдардың-администратордың, әріптестердің, ата-аналардың, қатысушылардың мәндерінің көрінулерінде).Орлов бойынша центрация тәлімділік іс-әрекетінің әдісі мен сәттілігін анықтайды.
Психолог М.И. Лисина “Қарым–қатынасты – ортақ нәтиже мен шешімге жету мақсатында орындалған екі не одан да көп адамдардың өзара байланысы ” деп түсіндірсе, ал, К.К. Левин қарым – қатынастың бірнеше тәсілдерін көрсетті:.Әміршілдік қатынас– қол астындағылармен қатал қатынаста болу. Бұл жағдайда олар тек орындаушылар рөлін атқарады, қандай да болсын шешім қабылдауға қатыспайды;.Демократиялық қарым-қатынас, ол ұжым алдындағы міндеттерді талқылап бірлесе шешім қабылдауға мүмкіндік тудырады;.Либералды қатынас – жетекшілікпен ғана шектеледі. Бұл жағдайда талап қоюшылық, бір жүйе байқалмай әркім өз бетінше жүреді.
Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Себебі, оның психикасы тек айналасындағылармен қарым – қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, яғни қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі бір мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес. Кез – келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым – қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен тілдесу қажетін қанағаттандырмау – біртіндеп оның қатал, мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сенімсіздікке әкеліп соқтыратыны байқалып жүр.
Бақылау сұрақтар: тест сұрақтары берілген.
Қолданылатын әдебиеттер:
Асқарбаева А. Ұстаз ізденістері. А 1987.
Асылов Ұ.Ж. Нұсқабайұлы. Әдеп. Инабаттылық дәрістері А 1987.
Елеусізова С. Қарым – қатынас психологиясы. А 1995.
Грехнев В.С. Культура педагогического общения. М 1990.
Желдербаева С. Мәнерлеп оқу. А 1992.
Зязюн Г.М. Основы педагогического мастерства. М 1989.
Синица И.Е. Педагогтың әдеп және ұстаздық шеберлік. А 1987.
Шынықбекова Э.И. Ұстаздық қызметтегі педагогикалық этика. А 1987.
Щетинин М.П. Ұстаздық еткен жалықпас. А 1989.
Абдуллина О.А. Общая педагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования. М 1990.
Введение в педагогическую културу.Под ред. Е.В.Бондаревской – Ростов Н.Д. 1995.
Абдуллина О.А. Жоғарғы педагогикалық білім беру саласындағы мұғалімді жалпы педагогикалық дайындау.
Грехнев В.С. Педагогикалық қарым – қатынас мәдениеті. 1990.
Елканов С.Б. Болашық мұғалімнің өзін - өзі тәрбиелеу негіздері.
М 1989.
Зинина Л.В. Меншикова Н.П. Педагогикалық шеберлік негіздері.
М 1990
Қосымша әдебиеттер:
Коджаспирова Г.М. Педагогтің кәсіби білімін көрсету мәдениеті. М 1994.
Кузьмина Н.В. Мұғалімнің қабілеті, дарыны, таланты. Л 1985.
Митина Л.М. Мұғалім жеке тұлға және маман ретінде.
Шевченко Л.Л. Практикалық педагогикалық этика.
№ 4 -5 дәріс. (4 c)
Тақырып: Педагогикалық қатынастағы ықпал етудің негізгі тәсілдері.
Дәрістің мақсаты: Педагогикалық қатынас және мұғалімінің кәсіби қызметіндегі орны.Педагогикалық қарым-қатынас стилі.
Дәріс мазмұны: 1. Педагогикалық өзара қызметтестіктегі психологиялық кедергілер және оны жеңу жолдары.
2. Педагог әдептілігін меңгеру шарттары..
Мұғалім сөзі педагогикалық шеберліктің шарты ретінде. Педагогтың ақпараттық-сөздік әсер етуі 1) Педагог сөзі оның іс әрекетінің құрамында. Тіл және сөз. Ауызша сөйлеу ерекшеліктері: жағдайлық, кері байланыс, баптау стереотилизациясы, эмоционалдық.
3. Сөз әрекетінің психологиялық құрлымы: мақсаты, мазмұны, формасы. Сөз – мұғалім мен оқушылардың тіл табысу құралы.
4. В.А.Сухомлинскийдің мұғалім сөзі мен оның тиімділігіне деген талаптары туралы.Кәсіптік шеберлік құрылымындағы педагогикалық қатынас.
Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман – уақыт талабы. Кеше ғана көктуын желбіретіп шаңырақ көтерген егеменелімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстазтұрады. «Мұғалімдер-қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», – деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өзісінің шебері қажет. Ал педагогикалық шеберліктің негізінеде?
Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру – педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.
«Тәуелсізелге – біліктімаман» демекші, педагогикалық шеберліктің негізі, өткен пікірімізде айтып кеткеніміздей, білім мен тәрбиені ұштастырумен қатар – педагогтардың жаңа технологияны меңгере білуінде және оны өз тәжірибесінде қолдана алуында. Педагогикалық көзқарас бойынша, «технология » ұғымы – дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа, ерекше үлгіде ұйымдастырылған «педагогикалық өндіріс» деген пікір өз уақытында педагог – ғалымдар тарапынан сынға алынғаны белгілі. Осы сыннан соң бірте-бірте «педагогикалық технологияны» оқыту үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде сипаттап, оны дидактикалық үрдістер мен оқыту құралдарымен жабдықтауда жаңа ақпараттық технологияға негіздеу туралы мәселе қозғалады.
Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы жәнеадамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет.
Бақылау сұрақтар: тест сұрақтары берілген.
Қолданылатын әдебиеттер:
Асқарбаева А. Ұстаз ізденістері. А 1987.
Асылов Ұ.Ж. Нұсқабайұлы. Әдеп. Инабаттылық дәрістері А 1987.
Елеусізова С. Қарым – қатынас психологиясы. А 1995.
Грехнев В.С. Культура педагогического общения. М 1990.
Желдербаева С. Мәнерлеп оқу. А 1992.
Зязюн Г.М. Основы педагогического мастерства. М 1989.
Синица И.Е. Педагогтың әдеп және ұстаздық шеберлік. А 1987.
№ 6 дәріс. (2 c)
Тақырып: Педагогикалық құзыреттілік
Дәрістің мақсаты: Педагогикалық құзыреттілікпен таныстыру .
Дәріс мазмұны: 1. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Бұл такырыпта мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынас мәдениеті.
Бүгінгі таңда жалпы орта білім беруді жетілдірудің негізінде құзыреттілік тәсілді алу ұсынылып жүр. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да білімге бағытталған мазмұнды құзыреттілік, яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру қажеттілігі көрсетілген.
Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» (ББД) сияқты ұғымдарды қамтиды. Бірақ, бұл ББД-ның жаңаша жай ғана жиынтығы емес. Құзыреттілік оқыту нәтижесін (білім және білік) ғана емес, сонымен бірге ол оқушы-лардың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдар-ларының жүйесін де көрсетеді. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Ол ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады. Сонымен, оқытудағы құ-зыреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. Демек, «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын мектептегі педагогикалық тәрбиеге енгізу білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап етеді.
Құзыреттілік тәсіл бірінші орынға оқушының хабардарлығын емес, нақты құбылыстарды танып білу мен түсіндіруде, қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде, практикалық өмірде, мамандық таңдау кезінде өзінің кәсіби білім алуға дайындығын бағалауда, еңбек нарығын бағдарлау қажет болғанда, өмірден өз орнын анық-тауға, өмір салтын, кикілжіңдерді шешу тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік мәні бар мәселелерді шешу біліктілігін шығарады.
Құзыреттілік тәсіл білімдік парадигмадан біртіндеп мектеп бітірушінің қазіргі көпфакторлы әлеуметтік-саяси, нарықтық-экономикалық, коммуникациялық және ақпараттық қаныққан кеңістік жағдайында тіршілік ету қабілетін көрсететін құзыреттер кешенін игеруге жағдай жасау дағдыларын қалыптастыруға қарай бет бұруды білдіреді.
Ғалымдар білім берудегі құзыреттілік тәсілді жүзеге асырудың төрт аспектісін ажыратады:
1. түйінді құзыреттер;
2. жалпыланған пәндік біліктіліктер;
3. қолданбалы пәндік біліктіліктер;
4. өмірлік дағдылар.
Бұл төрт бағыттың бәрі біздің мектептер үшін өте қажет. Бұлардың әрқайсысын орындау мектеп түлектерінің құзыреттіліктерін, олардың мектеп бітіргеннен кейін жұмысқа дайындығын арттыруға себептесетін болады.
«Құзырлылық», «құзыр» ұғымдарының қолданыстағы білім, білік, дағдыдан айырмасы төмендегідей ажыратылады:
1) білімнен айырмасы – қызмет жөніндегі ақпараттық сипатта емес, өнімді қызмет формасы түрінде байқалады.
2) дағдыдан айырмасы – оқыған материалды топтастыра, құбылыстарды, заңдылықтарды шығармашылықпен пайдалана отырып өзгерте алатын саналы қызмет.
3) біліктіліктен айырмасы – дағдыға автоматты түрде жету немесе алмастыру емес, керісінше бірнеше пән дағдыларын кіріктіру, жалпы қызмет негіздерін сезіну.
Қазіргі кездегі білім берудегі мұғалімнің мақсаты білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады.
Бақылау сұрақтар: тест сұрақтары берілген.Кроссворд,ребус жасау
Қолданылатын әдебиеттер:
Асқарбаева А. Ұстаз ізденістері. А 1987.
Асылов Ұ.Ж. Нұсқабайұлы. Әдеп. Инабаттылық дәрістері А 1987.
Елеусізова С. Қарым – қатынас психологиясы. А 1995.
Грехнев В.С. Культура педагогического общения. М 1990.
Желдербаева С. Мәнерлеп оқу. А 1992.
Зязюн Г.М. Основы педагогического мастерства. М 1989.
Синица И.Е. Педагогтың әдеп және ұстаздық шеберлік. А 1987.
№ 7 дәріс. (2 c)
Тақырып: . Педагогикалық шеберлік және мұғалім беделі
1) «Мұғалім-оқушы» жүйесіндегі кәсіби- педагогикалық қарым-қатынас.
2) «Мұғалім-ата-ана» жүйесіндегі кәсіби- педагогикалық қарым-қатынас
Дәрістің мақсаты: Мұғалімнің оқу-тәрбие жүйесіндегі кәсіби- педагогикалық қарым-қатынаспен таныстыру.
Дәріс мазмұны:
«Мұғалім-оқушы» жүйесіндегі кәсіби- педагогикалық қарым-қатынас.
«Мұғалім-ата-ана» жүйесіндегі кәсіби- педагогикалық қарым-қатынас Ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым-қатынасты күнделікті тәлім-тәрбиенің нақтылы фактілерінен алынып, оларды салыстыра отырып, өзара топтастырып көрсетілді. Осындай аталған ұнамды, ұнамсыз деген сапалар менг ерекшеліктер шәкірттер тарапынан көрсетілген өз пікірлері. Солай дегенмен де бұл қасиеттердің бәрі оқу-тәрбие ісінде жиі кездесіп отырады. Мұндай жәйттердің бәрі шәкірттердің жүрегін жарып шыққан пікірлері мен жанашырлық ниетімен айтылған олардың жан дүниесін тебіренткен мәселелер екенін әрбір ұстаз, тәлім-тәрбиеші ақыл-ойға салып, өз қабырғасымен кеңесіп, таразылап көруі қажет.
Мұғалімнің ұстаздық қызметіндегі барлық іс-әрекеттерін оқушылардың ой-пікірлері бойынша қалайша бағаланатынын анықтау ниетімен ұнамды және ұнамсыз жақтары деп екі жікке бөлінді. Осы сапалар мен ерекшеліктерден мұғалімнің ұстаздық қызметіндегі даралық қасиеттері мен мамандық біліктілігіне қойылатын талаптар айқындала түсер деген жорамал жасалды. Соның нәтижесінде шәкірттер тарапынан мұғалімге қойылатын талаптар мен тілектердің мән-жайын қарастырып мынадай төрт топқа бөліп іздестірілді де, олардан тиісті қорытындылар жасалды.
Қарым- қатынастың жалпы сипаттамасы
Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдықхабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады
Бақылау сұрақтар: тест сұрақтары берілген.Эссе жазу,әдебиеттермен танысу
Қолданылатын әдебиеттер:
Асқарбаева А. Ұстаз ізденістері. А 1987.
Асылов Ұ.Ж. Нұсқабайұлы. Әдеп. Инабаттылық дәрістері А 1987.
Елеусізова С. Қарым – қатынас психологиясы. А 1995.
Грехнев В.С. Культура педагогического общения. М 1990.
Желдербаева С. Мәнерлеп оқу. А 1992.
Зязюн И.Я. Основы педагогического мастерства. М 1989.
Синица И.Е. Педагогтың әдеп және ұстаздық шеберлік. А 1987.
Шынықбекова Э.И. Ұстаздық қызметтегі педагогикалық этика. А 1987.
Щетинин М.П. Ұстаздық еткен жалықпас. А 1989.
Абдуллина О.А. Общая педагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования. М 1990.
Введение в педагогическую културу. Е.В.Бондаревской – Ростов Н.Д. 1995.
Абдуллина О.А. Жоғарғы педагогикалық білім беру саласындағы мұғалімді жалпы педагогикалық дайындау.
Грехнев В.С. Педагогикалық қарым – қатынас мәдениеті. 1990.
Елканов С.Б. Болашық мұғалімнің өзін - өзі тәрбиелеу негіздері.
М 1989.
Зинина Л.В. Меншикова Н.П. Педагогикалық шеберлік негіздері.
М 1990
№ 8 дәріс. (2 c)
Тақырып: Бастауыш сынып мұғалімдерінің,тәрбиеші,мұғалім өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастыруы
Дәрістің мақсаты: Мұғалімнің оқу-тәрбие жүйесіндегі кәсіби- педагогикалық қарым-қатынаспен, мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастыруы таныстыру.
Дәріс мазмұны:
Бастауыш сынып мұғалімдерінің өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастыруы. Өзін-өзі тәрбиелеу кәсіби шеберлікті қалыптастырудың құралы ретінде.Мұғалімнің өз бетінше кәсіптік білімін көтеруі және жетілуі. Қарым-қатынас деп аталатын процесс - аса кең және сиымды түсінік. Бұл саналы және саналанбаған вербалды байланыс, ақпарат алу мен беру, оның өзі барлық жерде және үнемі байқалып отырылады.
Қарым-қатынас сан алуан сипатта; оның көптеген формалары, түрлері бар. Педагогикалық қарым-қатынас адамдар карым-қатынасының жекеше түрі. Оған осы өзара әрекет формаларының жалпы қасиеттері де, білім беру процесіне тән қасиеттері де лайық. Сондықтан, педагогикалық қарым-қатынасты анықтамас бұрын, алдымен қарым-қатынасты жалпы феномен ретінде сипаттаушыларды қарап шығайық.
Сөз, сөйлеу, елдің алдына шығып сөйлеу, сөйлеушінің тыңдаушыға әсер ету өнері, екі ғасырдан астам байырғы тарихқа ие екені белгілі. Осы проблеманың көптеген маңызды сұрақтарын, жалпы түрде, тіпті Цицеронның өзі қойып, қарастырған. Дәл осы Цицерон сөйлеушінің негізгі коммуникативтік міндеттерін (оларды қазір солай атайды) анықтайды: «не айту керек, қай жерде айту керек және қалай айту керек». Осы міндеттердің әрқайсысын қарастыра отырып, Цицерон сөйлеудің орындылығы сияқты сапасын атайды, себебі «небір лауазым, небір шен, небір абырой, небір жас, небір орынды тіпті санамағанда, уақыт пен жұртшылық барлық жағдайлар үшін бір ғана ойлар мен лебіздер түрін ұстануға жол береді».
Біздің заманымызда бұл қарым-қатынастың негізгі ережелерінің бірі - сөйлеудің формасы мен мазмұнының нақты аудитория ерекшелігіне тәуелділік ережесі. Шешеннің үш міндетті - «не, қайда және қалай сөйлеуді» сақтауының негізінде, Цицерон шешендер түрлерін анықтаған, кімнің сөзі «орынды болса», сол шырқау шегіне жеткен шешен болған.
Қарым-катынас іс-әрекеттік келісі тұрғысынан бұл - бірлескен іс-әрекетке деген қажеттіліктен туындайтын және ақпарат алмасуды, өзара әрекеттің, басқа адамды қабылдау мен түсінудің ортақ стратегиясын өндіруді қамтитын, адамдар арасында байланыс орнату мен оны дамытудың күрделі, көп жақты процесі. Қарым-қатынастың мұндай түсіндірмесі келесі әдіснамалық жағдайларға сүйенеді.
Қарым-қатынас функциясының неғұрлым жете талдауы контакттілік, ақпараттык, түрткі болушы, үйлестіруші, түсіну функциясын, қатынастар орнатудың эмотивті функцияларын және әсер ету функцияларын саралап жіктеуге мүмкіндік береді (Л.А. Карпенко).
Қарым-қатынасты, қалай дегенмен де, бір-бірімен психологиялық қатынаста байланысқан адамдар арасындағы мақсатты, тура немесе қайсы бір құралдармен жанамаланған контакт орнату және қолдау процесі ретінде анықтай отырып, А.А. Леонтьев оның келесі сипаттамаларын бөледі: контактілік, бағдарланғандық, бағыттылық, арнайы семиотикалық пен процестің психологиялық динамикасы.
Педагогикалық қарым-қатынас бір адам екінші адаммен тәжірибе (білім, икем, дағды, жалпы адамзаттық мәдениет, ұлттық құндылықтар т.б.) алмасқанда болады; ол әрбір профессионалды қарым-қатынаста болады, сондықтан да педагогикалық стильдерді кейде бізбен сипаттаған басшылық стильдеріне ұқсатады.
Педагогикалық стильдердің артық көруі мен адамдардың Мен-концепциясының арасындағы байланыс табылды: автократиялық стиль көбінесе өзін білмейтін және қабылдамайтын адамдарға сай, сынға жабықтығымен, ренжігіштігімен, эмоционалды регидтілігімен мінезделеді. Және, керісінше, демократиялық стильді ұстанатын педагогтарда әдетте позитивті Мен-концепциясы болады, ашық және мейрімді, сынға төзе алады, өзіндік ирониясы болады және өзіндік өзгеруге дайын.
Автократиялық стильді қолдануында құрылған оқу орнында “мектеп-фабриканың” белгілері болады, ал демократиялық бағытталған оқу орнында “мектеп-отбасының” белгілері болады, бірақ қазіргі кезге дейін педагогикалық жүйелердің артықшылықтары анықталған жоқ : “мектеп-фабрикаларда” әдетте үлгерім жоғары, ал “мектеп-отбасында” қатысушылардың мазасыздығы төмең, микроклиматы жақсырақ болады.
Педагогикалық қарым-қатынастың мақсаттары туралы айта отырып, отандық зерттеуші А.Б.Орлов « мұғалімнің тұлғалық центрациясы » деген терминді қолданды, оның ойынша ол педагог іс-әрекетінің жүйе құраушы мінездемесі болып табылады, оның көптеген көрінулерін анықтайды : педагогикалық стиль, қатынас, әлеуметтік перцепция (14). Сөйтіп, педагогикалық іс-әрекет мұнда сонымен қатар рухани-дүниетанымдық компоненттен бастап сипатталады.Орлов әрбіреуі педагогикалық іс-әрекетте басыңқы бола алатын негізгі жеті центрацияны бөліп көрсетеді: эгоистік (өзінің ”Мен” қызығушылығында), бюракратиялық (администрацияның, басшылықтың), конфликтік (әріптестерінің қызығушылығында), авторитетті (ата-ананың, қатысушылардың), танымдық (оқыту және тәрбиелеу талаптарында), альтруистік (қатысушылардың қажеттіліктерінде), гуманистік (өзіндік мән мен басқа адамдардың-администратордың, әріптестердің, ата-аналардың, қатысушылардың мәндерінің көрінулерінде).Орлов бойынша центрация тәлімділік іс-әрекетінің әдісі мен сәттілігін анықтайды.
Басқа отандық зерттеушілер, бағдарлардың маңыздылығын мойындай отырып, көбінесе сабақ беруде қолданылатын тәсілдерге шоғырланады. Н.К.Марков пен А.Я.Никонованың ойынша педагогикалық стильдің негізінде мазмұнды сипаттамалар (педагогтың өз еңбегінің процесі мен нәтижелігіне бағдары, өзінің еңбегіндегі бағдарлық және бақылаушы-бағалаушы кезенін ашу, әдістемелілігі мен импровизациондылығы), динамикалық сипаттамалар (икемділік, тұрақтылық, бір нәрседен келесі нірсеге көңіл ауысымдылығы) және нәтижелілік (оқып жатқандардың білімдерінің деңгейі мен оқытудың дағдысы) жатыр. Авторлардың зерттеулері көрсеткендей педагогтың индивидуалды стилінің қалыптасу процесінде стильдің мазмұнды сипаттамалары өзгеруі мүмкін, ал динамикалық сипаттамалардың өзгеруі, яғни эмоционалдылық пен саналылықтың өзара өтуі анықталған жоқ.
Бақылау сұрақтар: тест сұрақтары берілген.Эссе жазу,әдебиеттермен танысу. Реферат,конспект.
Әдебиеттер:
Асқарбаева А. Ұстаз ізденістері. А 1987.
Асылов Ұ.Ж. Нұсқабайұлы. Әдеп. Инабаттылық дәрістері А 1987.
Елеусізова С. Қарым – қатынас психологиясы. А 1995.
Грехнев В.С. Культура педагогического общения. М 1990.
Желдербаева С. Мәнерлеп оқу. А 1992.
Зязюн И.Я. Основы педагогического мастерства. М 1989.
Синица И.Е. Педагогтың әдеп және ұстаздық шеберлік. А 1987.
Шынықбекова Э.И. Ұстаздық қызметтегі педагогикалық этика. А 1987.
Щетинин М.П. Ұстаздық еткен жалықпас. А 1989.
Абдуллина О.А. Общая педагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования. М 1990.
Введение в педагогическую культуру.Под ред. Е.В.Бондаревской – Ростов Н.Д. 1995.
Абдуллина О.А. Жоғарғы педагогикалық білім беру саласындағы мұғалімді жалпы педагогикалық дайындау.
Грехнев В.С. Педагогикалық қарым – қатынас мәдениеті. 1990.
Елканов С.Б. Болашық мұғалімнің өзін - өзі тәрбиелеу негіздері.
М 1989.
Зинина Л.В. Меншикова Н.П. Педагогикалық шеберлік негіздері.
М 1990
Қосымша әдебиеттер:
Коджасперова Г.М. Педагогтің кәсіби білімін көрсету мәдениеті. М 1994.
Кузьмина Н.В. Мұғалімнің қабілеті, дарыны, таланты. Л 1985.
Митина Л.М. Мұғалім жеке тұлға және маман ретінде.
Шевченко Л.Л. Практикалық педагогикалық этика.
СеминарТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ, ЖӘНЕ МОДУЛЬДІК БӨЛІНУІ ( 30 с). Модуль саны – 7.
№1 практикалық жұмыс. (2 сағат)
Тақырып: Педагогикалық шеберліктің мәні және негізгі компоненті
Сабақтың мақсаты: Педагогикалық шеберліктің мәні және негізгі компонентімен танысу
Тапсырмалар: Педагогикалық шеберліктің мәні және негізгі компоненті Педагогикалық шеберлік оның әлеуметтік мәні мен мазмұны.
Педагогикалық шеберлік және мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің компоненті ретінде.
Педагогикалық шеберліктің компоненттері: гуманистік бағыт, кәсіби білім, педагогикалық қабілеттер, педагогикалық техника.
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби білімінің ерекшеліктері.
Методикалық жоба: Педагогикалық жағдаяттар шешу, мәнерлеп оқу,әдебиеттерге шолу жүргізу
Сабақта пайдаланытын құралдар: таблица,сурет.арнайы дайындалған педагогикалық жағдаяттарды шешу.
Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.
Қоданылатын әдебиеттер:
Асқарбаева А. Ұстаз ізденістері. А 1987.
Асылов Ұ.Ж. Нұсқабайұлы. Әдеп. Инабаттылық дәрістері А 1987.
Елеусізова С. Қарым – қатынас психологиясы. А 1995.
Грехнев В.С. Культура педагогического общения. М 1990.
Желдербаева С. Мәнерлеп оқу. А 1992.
Зязюн Г.М. Основы педагогического мастерства. М 1989.
Синица И.Е. Педагогтың әдеп және ұстаздық шеберлік. А 1987.
Шынықбекова Э.И. Ұстаздық қызметтегі педагогикалық этика. А 1987.
Щетинин М.П. Ұстаздық еткен жалықпас. А 1989.
Абдуллина О.А. Общая педагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования. М 1990.
Введение в педагогическую культуру.Под ред. Е.В.Бондаревской – Ростов Н.Д. 1995.
Қосымша әдебиеттер:
Коджаспирова Г.М. Педагогтің кәсіби білімін көрсету мәдениеті. М 1994.
Кузьмина Н.В. Мұғалімнің қабілеті, дарыны, таланты. Л 1985.
Митина Л.М. Мұғалім жеке тұлға және маман ретінде.
Шевченко Л.Л. Практикалық педагогикалық этика.
№2 семинар сабағы. (2 сағат)
Тақырып: Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық шеберліктің қалыптасуының негізі .
Сабақтың мақсаты: Кәсіби педагогикалық қызмет-педагогтік шеберлікті қалыптастыру негізімен танысу.
Тапсырмалар: Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық шеберліктің қалыптасуының негізі. Кәсіби педагогикалық қызмет-педагогтік шеберлікті қалыптастыру негізі. Жалпы педагогикалық және кәсіби-педагогикалық қызмет.Кәсіби-педагогикалық қызметтің мәні,оның құрылымы.
Кәсіби- педагогтік қызметтегі мұғалімнің жеке басының қалыптасуы. .
Педагогикалық қызмет деңгейлері: репродуктивтік,бейімділік,қызмет пен мінез-құлық.
Методикалық жоба: Педагогикалық практика барысында мұғалімнің,тәрбиешінің кәсіби педагогикалық қызметімен танысу
Сабақта пайдаланытын құралдар: интерактивтік тақта,ақпараттық коммуникациялық технология, суреттер,таблицалар.
Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.эссе жазу,конспект,реферат орындау
Қоданылатын әдебиеттер:
Асқарбаева А. Ұстаз ізденістері. А 1987.
Асылов Ұ.Ж. Нұсқабайұлы. Әдеп. Инабаттылық дәрістері А 1987.
Елеусізова С. Қарым – қатынас психологиясы. А 1995.
№3 – 4 семинар сабағы.(4 сағат)
Тақырып: Тиімді қарым-қатынас – педагогикалық шеберліктің негізі
Сабақтың мақсаты: Педагогикалық техника педагог шеберлігінің элементі ретінде қарастыру
Тапсырмалар: Педагогикалық техника мұғалімнің жүріс-тұрысының формасы және оның компонеті мұғалім іс-әрекетіндегі техниканың мәні.
2)Мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі, өзін-өзі қалыпқа келтіру техникасының негізі.
3) Жас педагогтің педагогикалық техникасының кемшіліктері.
Методикалық жоба: Педагогикалық қатынастағы ықпал етудің негізгі тәсілдері.
Педагогикалық қатынас және мұғалімінің кәсіби қызметіндегі орны.Педагогикалық қарым-қатынас стилі.
Педагогикалық өзара қызметтестіктегі психологиялық кедергілер және оны жеңу жолдары.
Педагог әдептілігін меңгеру шарттары
Сабақта пайдаланытын құралдар: интерактивтік тақта,ақпараттық коммуникациялық технология, суреттер,таблицалар.
Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.
Қоданылатын әдебиеттер:
Асқарбаева А. Ұстаз ізденістері. А 1987.
Асылов Ұ.Ж. Нұсқабайұлы. Әдеп. Инабаттылық дәрістері А 1987.
Елеусізова С. Қарым – қатынас психологиясы. А 1995.
№ 5 - 6 зертханалық жұмыс. (4 сағат)
Тақырып: Мұғалім сөзі педагогикалық шеберліктің шарты ретінде .
Сабақтың мақсаты: Сөз – мұғалім мен оқушылардың тіл табысу құралы .
Тапсырмалар:. Мұғалім сөзі педагогикалық шеберліктің шарты ретінде. Педагогтың ақпараттық-сөздік әсер етуі . Педагог сөзі оның іс әрекетінің құрамында. Тіл және сөз. Ауызша сөйлеу ерекшеліктері: жағдайлық, кері байланыс, баптау стереотилизациясы, эмоционалдық.
Методикалық жоба: Сөз әрекетінің психологиялық құрылымы: мақсаты, мазмұны, формасы. Сөз – мұғалім мен оқушылардың тіл табысу құралы. В.А.Сухомлинскийдің мұғалім сөзі мен оның тиімділігіне деген талаптары туралы.Кәсіптік шеберлік құрылымындағы педагогикалық қатынас. Мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынас мәдениеті. Педагогикалық техника – педагогикалық шеберліктің компоненттерінің бірі
Сабақта пайдаланытын құралдар: интерактивтік тақта,ақпараттық коммуникациялық технология, суреттер,таблицалар.
Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.
Қоданылатын әдебиеттер:
Асқарбаева А. Ұстаз ізденістері. А 1987.
Асылов Ұ.Ж. Нұсқабайұлы. Әдеп. Инабаттылық дәрістері А 1987.
Елеусізова С. Қарым – қатынас психологиясы. А 1995.
№ 7 зертханалық жұмыс. (3 сағат)
Тақырып: Педагогикалық шеберлік және мұғалім беделі.
Сабақтың мақсаты: Ұстаздық шеберлікке жету жолдарын анықтау
Тапсырмалар: Педагогикалық еңбектердің көрнекті шеберлері.Макаренко А.С., Сухомлинский В.А.,Алтынсарин Ы.,Ушинский К.Д.,Амонашвили Ш.А.
Шебер-педагог қызметінің биік деңгейі. Ұстаздық шеберлікке жету жолдары.
Методикалық жоба: Бастауыш сынып мұғалімдерінің өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастыруы. Өзін-өзі тәрбиелеу кәсіби шеберлікті қалыптастырудың құралы ретінде.Мұғалімнің өз бетінше кәсіптік білімін көтеруі және жетілуі.
Сабақта пайдаланытын құралдар: интерактивтік тақта,ақпараттық коммуникациялық технология, суреттер,таблицалар.
Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.
Қоданылатын әдебиеттер:
Асқарбаева А. Ұстаз ізденістері. А 1987.
Асылов Ұ.Ж. Нұсқабайұлы. Әдеп. Инабаттылық дәрістері А 1987.
Елеусізова С. Қарым – қатынас психологиясы. А 1995.
6. Студенттердің оқытушымен өтетін өздік жұмыстарының (СОӨЖ) тақырыбы мен мазмұны.
№1 СОӨЖ жұмыс.
Тақырып: Мұғалімнің жеке тұлғасы-оның кәсіби қызметінің негізгі өзегі
Сабақтың мақсаты: Педагогикалық шеберлік және мұғалімнің қоғамда алатын орнымен танысу.
. Тапсырмалар:Жаңашыл педагогтармен танысу.Мектепте ұстаздың алатын орны. Педагогикалық еңбектердің көрнекті шеберлері.Макаренко А.С., Сухомлинский В.А.,Алтынсарин Ы.,Ушинский К.Д.,Амонашвили Ш.А.еңбек жолдарымен танысу,шолу жасау
Есеп беру формасы: конспект,ауызша баяндау
Методикалық жоба:
1.Жаңашыл педагогтар идеялары
2.Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби білімінің ерекшеліктері
3.Педагогтың сыртқы көрінісі және авторитет сән және мұғалім
4.Сөздік әрекеттің психологиялық құрылымы
5.Педагогтың лекциялық сөз мәдениеті.
6.В.А.Сухомлинскийдің педагог сөзіне қоятын талаптары жөнінде
7.Психологиялық ұстанымдары, оның педагогикалық қарым-қатынастағы рөлі
8.Мұғалімнің каммуникативтік білігі.
9.«Педагогикалық этика» және «кәсіби мәдениет» ұғымдарының арақатынасы
Құрал жабдықтар; таблицалар,суреттер,кітаптар.
Қоданылатын әдебиеттер:
Зязюн Г.М. Основы педагогического мастерства. М 1989.
Синица И.Е. Педагогтың әдеп және ұстаздық шеберлік. А 1987.
Шынықбекова Э.И. Ұстаздық қызметтегі педагогикалық этика. А 1987.
Щетинин М.П. Ұстаздық еткен жалықпас. А 1989.
Абдуллина О.А. Общая педагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования. М 1990.
Введение в педагогическую культуру.Под ред. Е.В.Бондаревской – Ростов Н.Д. 1995.
№2 СОӨЖ жұмыс.
Тақырып: Педагогикалық қатынастағы ықпал етудің негізгі тәсілдері.
Сабақтың мақсаты: студенттің дәріс және сараман сабақтарында білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру
Тапсырмалар: 1.Терминологиялық сөздік құрастыру.
2.Тезистік конспектілер жазу.
3.Негізгі әдебиеттерді зерттеу.
Есеп беру формасы: тест.
Методикалық жоба:
1..Сендіру әдісі, оның кезеңдері.
2.Педагогикалық сендіру түрлері және оның тиімділігі.
3.Иландыру әдісінің ерекшеліктері.
4.Еліктеу үлгісін таңдаудағы мұғалімнің ықпалы
Құрал жабдықтар; таблицалар,
Қоданылатын әдебиеттер:
Зязюн Г.М. Основы педагогического мастерства. М 1989.
Синица И.Е. Педагогтың әдеп және ұстаздық шеберлік. А 1987.
Шынықбекова Э.И. Ұстаздық қызметтегі педагогикалық этика. А 1987.
Щетинин М.П. Ұстаздық еткен жалықпас. А 1989.
Абдуллина О.А. Общая педагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования. М 1990.
Введение в педагогическую культуру.Под ред. Е.В.Бондаревской – Ростов Н.Д. 1995.
№3-4 СОӨЖ жұмыс.
Тақырып: Мұғалім сөзі педагогикалық шеберліктің шарты ретінде.
Сабақтың мақсаты: Мұғалім сөзі педагогикалық шеберліктің шарты ретінде танысу .
Тапсырмалар: Мақсаты бойынша сызба құрастыру.
Сұрақтарды зерттеп, тезис жазу.
Методикалық жоба: Мұғалімнің сөйлеу техникасы: демалысы, дауысы, дауыс ырғағы.
2.Мұғалімнің мәнерлеп сөйлеу білігі: тіл мәдениеті, сөз байлығы, сөзінің эмоцианалдылығы т.б.
3. Сөздік әсердің психологиялық құрылымы.
Есеп беру формасы: тест.
Құрал жабдықтар; таблицалар, интерактивтік тақта,ноутбук,слайдтар
Қоданылатын әдебиеттер:
Зязюн Г.М. Основы педагогического мастерства. М 1989.
Синица И.Е. Педагогтың әдеп және ұстаздық шеберлік. А 1987.
Шынықбекова Э.И. Ұстаздық қызметтегі педагогикалық этика. А 1987.
Щетинин М.П. Ұстаздық еткен жалықпас. А 1989.
Абдуллина О.А. Общая педагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования. М 1990.
Введение в педагогическую культуру.Под ред. Е.В.Бондаревской – Ростов Н.Д. 1995.
№5-6 СОӨЖ жұмыс.
Тақырып: Мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынас мәдениеті.
Сабақтың мақсаты: Мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынас мәдениеті мен танысу.
Тапсырмалар: Тақырып бойынша конспект жазу
1.В.А.Сухомлинскийдің «Педагогикалық әдеп туралы хатын» оқу, талдау.
2.Семинар сұрақтарын зерттеу, тезис жазу.
Есеп беру формасы: тест.
Методикалық жоба:
1.Педагогикалық қарым-қатынас және оның қызметі.
2.Мұғалімнің қарым-қатынас стилі.
3.Педагогикалық әдеп.
4.Педагогикалық қарым-қатынастағы балалардың этикалық-жыныстық саралануы.
5.Мұғалімнің коммуникативті қабілнтінің дамуы.
Достарыңызбен бөлісу: |