Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені педагогикалық шеберлік негіздері «5В010100»


Сөз әрекетінің психологиялық құрлымы: мақсаты, мазмұны, формасы. Сөз – мұғалім мен оқушылардың тіл табысу құралы. 4



бет10/62
Дата13.12.2021
өлшемі152,31 Kb.
#100211
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   62
Байланысты:
efc65db7-3a04-11e3-9713-f6d299da70eeпед шебер умкд

3. Сөз әрекетінің психологиялық құрлымы: мақсаты, мазмұны, формасы. Сөз – мұғалім мен оқушылардың тіл табысу құралы.

4. В.А.Сухомлинскийдің мұғалім сөзі мен оның тиімділігіне деген талаптары туралы.Кәсіптік шеберлік құрылымындағы педагогикалық қатынас.

Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман – уақыт талабы. Кеше ғана көктуын желбіретіп шаңырақ көтерген егеменелімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстазтұрады. «Мұғалімдер-қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», – деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өзісінің шебері қажет. Ал педагогикалық шеберліктің негізінеде?

Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру – педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.

«Тәуелсізелге – біліктімаман» демекші, педагогикалық шеберліктің негізі, өткен пікірімізде айтып кеткеніміздей, білім мен тәрбиені ұштастырумен қатар – педагогтардың жаңа технологияны меңгере білуінде және оны өз тәжірибесінде қолдана алуында. Педагогикалық көзқарас бойынша, «технология » ұғымы – дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа, ерекше үлгіде ұйымдастырылған «педагогикалық өндіріс» деген пікір өз уақытында педагог – ғалымдар тарапынан сынға алынғаны белгілі. Осы сыннан соң бірте-бірте «педагогикалық технологияны» оқыту үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде сипаттап, оны дидактикалық үрдістер мен оқыту құралдарымен жабдықтауда жаңа ақпараттық технологияға негіздеу туралы мәселе қозғалады.

Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы жәнеадамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет