Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені педагогикалық шеберлік негіздері «5В010100»



бет13/62
Дата13.12.2021
өлшемі152,31 Kb.
#100211
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   62
Байланысты:
efc65db7-3a04-11e3-9713-f6d299da70eeпед шебер умкд

Дәрістің мақсаты: Мұғалімнің оқу-тәрбие жүйесіндегі кәсіби- педагогикалық қарым-қатынаспен таныстыру.

Дәріс мазмұны:

«Мұғалім-оқушы» жүйесіндегі кәсіби- педагогикалық қарым-қатынас.

«Мұғалім-ата-ана» жүйесіндегі кәсіби- педагогикалық қарым-қатынас Ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым-қатынасты күнделікті тәлім-тәрбиенің нақтылы фактілерінен алынып, оларды салыстыра отырып, өзара топтастырып көрсетілді. Осындай аталған ұнамды, ұнамсыз деген сапалар менг ерекшеліктер шәкірттер тарапынан көрсетілген өз пікірлері. Солай дегенмен де бұл қасиеттердің бәрі оқу-тәрбие ісінде жиі кездесіп отырады. Мұндай жәйттердің бәрі шәкірттердің жүрегін жарып шыққан пікірлері мен жанашырлық ниетімен айтылған олардың жан дүниесін тебіренткен мәселелер екенін әрбір ұстаз, тәлім-тәрбиеші ақыл-ойға салып, өз қабырғасымен кеңесіп, таразылап көруі қажет.

Мұғалімнің ұстаздық қызметіндегі барлық іс-әрекеттерін оқушылардың ой-пікірлері бойынша қалайша бағаланатынын анықтау ниетімен ұнамды және ұнамсыз жақтары деп екі жікке бөлінді. Осы сапалар мен ерекшеліктерден мұғалімнің ұстаздық қызметіндегі даралық қасиеттері мен мамандық біліктілігіне қойылатын талаптар айқындала түсер деген жорамал жасалды. Соның нәтижесінде шәкірттер тарапынан мұғалімге қойылатын талаптар мен тілектердің мән-жайын қарастырып мынадай төрт топқа бөліп іздестірілді де, олардан тиісті қорытындылар жасалды.

 Қарым- қатынастың  жалпы сипаттамасы 

Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.

Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдықхабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет