Пәннің оқу әдістемелік кешені (ПОӘК) 2003ж Алматы қ. Абай атындағы амудің «психология және әлеуметтік психология» кафедрасы дайындаған «Психология» типтік бағдарламасы негізінде құрастырылды



бет21/25
Дата29.01.2020
өлшемі0,94 Mb.
#56723
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Туризм психология 3 кредит

Дәрістің мазмұны :


1. Тұлға құрылымындағы үш басты құрамдар: индивид, персона, даралық

2. З.Фрейд бойынша тұлға құрылымының үш инстанциясы

3. Тұлғаның әлеуметтенуі

Жеке адамның психологиялық құрылымы.

Жеке адамның психологиялық құрылымы күрделі тұтастық. Олар:



  • адамның психикалық қасиеттері (бағыттылығы, мінез, темперамент. қабілет)

  • өмірлік тәжірибе

  • психикалық жағдайлар

  • психикалық процестердің индивидуалды ерекшеліктері

Психологиялық құрылымның келесі бір сферасы бойынша:

  • интелентуалды – танымдық

  • эмоционалды

  • ерікті

  • қажеттілік, мотивтері

  • психомоторлы

Адамның психологиялық құрылымында орталық негізі – қажеттіліктерінің мотивтер сферасы мен бағыттылық әр алуан қасиеттерден өзара байланысты қажеттіліктер мен мүдделер, мінез-құлық мотивациясы жүйесінен құрылады.

Жеке адамның психологиялық құрылымын зерттеушілер өкілдері:

К.К.Платонов, А.Г.Ковалев, С.Л.Рубинштейн және шетелдік психология өкілдері: З.Фрейд, Э.Фромм, Э.Берн, А.Маслоу, К.Родижерс және т.б.

Жеке адамның психологиялық құрылымын жалпы топтастырып қарастырсақ 4 топқа бөлуге болады.



  1. Жеке адамның әлеуметтік өмірге қатысты ерекшеліктері: қызығу, ынта, талаптары, мақсат-мұраты, дүниетанымдық көзқарас, сенім және адамгершілік қасиеттері.

  2. Адамның білімдері мен дағдысы, биімділігі қабілеті. Бұлар адамның даралық қасиеттері мен өзіндік даму деңгейін, тәлім-тәрбие негізінде қалыптасқан тәжірибесін көрсетеді.

  3. Жеке адамның өзіндік психикалық процестері. Олар зейін, ойлау, қабылдау, ес, сезім, ерік, т.б. процестер.

  4. Жеке адамның биологиялық тума қасиеттері, жоғары жүйке жүйесі қызметі, темперамент, адамның жас және жыныстық ерекшеліктері.

Тұлғаның әлеуметтері.

Тұлғаның әлеуметтенуі-ол адамның әлеуметтік-психологиялық, нормалар мен ережелер, қызметтерімен қоғамдық іс-тәжірибелерді игеру.

Тұлғаның әлеуметтенуі жеке адамның материалдық, рухани мәдениеті мен әлеуметтік және жеке адамдар қарым-қатынасының белгілі-бір нақты орта мен оның өмірі мен іс-әрекетінде тоқтаусыз дамитын ұзақ та күрделі процесс.

Тұлғаның әлеуметтенуі процесінің бір-бірімен байланысты екі жағы бар. Біріншіден, адам әлеуметтік тәжірибені игереді, интериоризация процесі (субъективация, объективность). Екіншіден адам жеке басына тән қасиеттерді меңгереді. Экстеиоризация процесі – (объективность субъективация) әлеуметтану процесінде жеке адамның білімдер жүесі дамиды. Жеке адамның әлеуметтенуінің дамып, қалыптасуында өзара байланысты процестер.



  1. жеке адамның жалпы әлеуметтенуі – адамның қоғамдық жүйеден нормалар ережелер мен адамгершілік сапалы қасиеттері, эстетикалық, саяси, құқықтық, діни т.б. қалыптасуы.

  2. жеке адамның кәсіптік рольдік әлеуметтенуі – кәсіптік қызмет пен оның міндеттерімен, ерекшеліктерін қарым-қатынасын меңгеру.

кәсіптік әлеуметтену – мамандық ерекшеліктерін толықтай

Тұлғаға типологиялық үйлесім тұлға типі толық бітіс болып табылады деген тұжырымнан басталады. Оның мазмұны топ өкілінің типтік суреттелуімен ашылады.

Американ психологы Хорни басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуіне байланысты тұлғаның үш психологиялық типін бөліп көрсетті:

«Жабысқақ тип»-мұндай адамның қарым-қатынасқа қажеттілігі жоғары, ло үшін ең бастысы сүйікті, сыйлы болу.

«Агерессивті тип»- басқа адамдарға тек өз мақсатына жету құралы ретінде қарайды- мұндай тадамдар басқаруға ұмтылады.

«Алшақ тип»мұндай адамдарға басқа адамдармен эмоционалдық қашықта болу керек,яғни олар қарым-қатынастықұтылмас зұлымдық деп қарастырады.



Тұлғаның клиникалық типологиясы

Шизойдты тип –сыртқы әлемнен байланыстың жоқтығымен сипатталады, психикадағы ішкі бірізділіктің жоқтығымен сипатталады.

Циклоидты тип- көңіл-күйі жиі өзгереді. Бұл жиі өзгеріс адамды қажытады, оның мінез-құлқын қарама-қайшы етеді.

Гипертимді тип-бұлар әрдайым көңілді, қамсыз, өмірге риза адамдар, белсенділігі жоғары, күш-жігері мол бірақ бұл күш-жігерді адекватты емес мақсаттарға жұмсайды.

Сензитивті тип- көңіл-күйлері төмен.

Психоастеникалық тип – шектен тыс шешім қабылдай алмаушылық, күдіктерге бейім, өзі үшін, өзінің туыстары үшін қорқады, мазасыздық пен қорқынышты басу үшін жалпы қолдау тапқан сенімдерді орындайды.

Эпилептоидты тип- шектен тыс тітіркенушілік, қоршаған адамдардың пікіріне шыдамсыздық, қарама-қайшылықтарға шыдамайды, тез ызаланады, өз қимыл қозғалыстарын бақылай алмай қалады.

Конформды тип-басқаларға еліктеу тән, өз позициясы жоқ.



Тұлға диагностикасы

16 факторлық Кеттел тесті, Леонгард бойынша мінез акцентуациясы т.б.

26 дәріс

Тақырып: Тұлға

Дәрістің мазмұны :


1. Э.Эриксон бойынша тұлға дамуының стадиялары

2. Жас кезеңдеріндегі даму дағдарыстары

Атақты психолог Э. Эриксон «топтық идентификация»-баланың алғашқы күндерінен қалыптасатын түсінікті енгізді. Бірақ кейін балада «эгоидентификация»- өзінің «Менін» тұрақтылық және бірізділік сезімі қалыптасады. Эгоидентификацияның қалыптасуы-тұлға дамуының бірнеше стадиялары кіретін ұзақ процесс. Әрбір стадия сол жастың жасеркшелік міндеттерімен және қоғам қоятын міндеттерімен сипатталады. Бұл міндеттерді шешу адамның психомоторлық даму деңгейімен және адамның өмір сүретін қоғамның рухани көңіл-күйімен анықталады. Нәрестелік стадия бала өмірінде басты рөлді анасы алады, анасытамақтандырады, күтім жасайды осылардың нәтиежесінде балада әлемге деген базалық сезім қалыптасады. Базалық сенім жеңіл тамақтандырудың,

Жас ерекшелік стпдияларындағы басты іс-әрекет пен даму дағдарыстары.

Жас ерекшелік этаптарының әрбір кезеңінде баламен қоғам, ата-ана, педагог арасында өзара әрекет әлеуметтік ситуациясы қалыптасады. Балада басты іс-әрекет қалыптасады, бұл тұлға дамуының басты өзгерістерімен адам қабілеттерімен, жаңалықтарының пайда болуымен бірге жүреді-осы этаптағы жаңа сапалардың дамуы.

Әлеуметтену процессі ешқашан аяқталмайды. Әлдеқайда интенсивті түрде әлеуметтену процесі балалық шақта және жасөспірімдік шақта жүзеге асады, бірақ тұлғаның дамуы орта және ересек жасқа дейін жалғасады.Орвиль Г.Брим баламен ересеак адам әлеуметтенуі арасындағы мынадай айырмашылықтарды көрсетті:



  1. Ересектердің әлеуметтену ең алдымен олардың сыртқы мінез-құлқының өзгеруінен көрінеді, ал балалардың әлеуметтену ерекшелігі базалық құндылық бағдарды түзетуінен көрінеді.

  2. Ересектер норманы бағалай алады: балалар оларды тек игеруге қабілетті.

  3. Ересектердің әлеуметтенуі жиі қара мен ақтың арасында сұр түс бар екендігін түсінуінен көрінеді. Балалық шақта әлеуметтену ересектерге толық бағыну мен белгілі бір ережелерді орындаумен құрылады. Ал ересектер жұмыстағы, үйдегі, қоғамдық шаралардағы әртүрлі рөлдердің талаптарына бейімделуге мәжбүр.

  4. Ересектердің әлеуметтенуі адамға белгілі бір дағдыларды игеруге көмектесуге бағытталған, балалардың

27 дәріс

Тақырып: Психологиялық қорғаныс

Дәрістің мазмұны :


1.Психологиялық қорғаныс туралы түсінік

2. Психологиялық қорғаныс қызметі.

3. Психологиялық қорғаныстың түрлерлері

Психологиялық қорғаныс, адамның табиғи қалыпты болмысына тән құбылыс.

Психологиялық қорғаныс қызметі мән – мағынасы бойынша қарама – қарсы екі тарапты құбылыс: бір жағынан, адамды өзінің шын мәніндегі ішкі жан дүниелік болмысына сәйкес болса, екінші жағынан, адамның қоршаған сыртқы әлеуметтік ортаға деген икемділігін кемітеді.

Қорғаныс механизмдері белгілі бір іс - әрекеттің қалыпты шарттары мүмкін болмаған кезде немесе адам істің толық бітпейтінін сезген кезде әрекетке келеді. Психологиялық қорғаныс түрлері: ауыстыру, оқшаулау, жоққа шығару, ығыстыру, көшіру, сәйкестендіру, жаңалау.

Педагогикалық қорғаныс- тұлғаға зақым келтіретін ішкі және сыртқы конфликтілермен қатар жүретін толғаныстарды болдырмауға бағытталған реттеуші механизмдер жүйесі.Психологиялық қорғаныс тұлғаның тұрақтылығын сақтауға, Мен бейнесімен, өзін бағалауын тұрақты сақтауға бағытталады. Психологиялық қорғаныс механизмдеріне ішкі тұлғалық конфликтінің немесе қауіптің ұщқарлығын төмендететін арнайы жауап беруде жатады.

Психологиялық қорғанысты алғаш зерттеген З.Фрейд болды.Оның ойынша психологиялық қорғаныс бейсаналы құмарлықтармен әлеуметтік шектеулердің арасындағы конфликтілерілерді шешу түрі деп қарастырылады. А.Фрейдке сәйкес психологиялық қорғаныс механизмдері жеке тәжірибемен үйрету өнімі. 40-50 жылдары психологиялық қорғаныстың зерттеулер басталды.Психологиялық қорғаныс механизмдерінің 20 түрі анықталды.Олардың негізгілері: ығыстыру, реггрессия, идентификация, рационализация, сублимация, проекция, изоляция.



Психологиялық қорғаныс қызметі.

Психологиялық қорғанысты бір мағынада пайдалы және пайдасыз деп қарастыру болмайды.



Психологиялық қорғаныстытың түрлері.

Ығыстыру, мойындамау, сублимация, инверсия.

28 дәріс

Тақырып: Мотивация



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет