ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Психология тарихы» 5В050300 Психология мамандығына арналған О



бет1/5
Дата27.02.2020
өлшемі418,5 Kb.
#57461
  1   2   3   4   5

ПОӘК 042-18.1. 89/01-2014

№ 2 басылым

беттің -сі






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

4деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-16.1.89/01-2014



ПОӘК

«Психология тарихы» оқу-әдістемелік материалдары


Басылым №2





ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Психология тарихы»

5В050300 - Психология мамандығына арналған
ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ







Семей

2014





Мазмұны
1 Глоссарий

2 Дәріс


3 Практикалық сабақтар

4 Білім алушылардың өздік жұмыстары








1 ГЛОССАРИЙ


  1. Абстракция – заттар немесе құбылыстарды зерттеу мақсатындағы оның белгілі бір белгілері мен қасиеттерін ойша бөліп алу.

  2. Психология – психиканың даму заңдылықтарын, оны зерттеу әдістерін, ғылыми теориялық ұғымдардың қалыптасу заңдылықтарын зерттейді.

  3. Психика – тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі ағза мен сыртқы ортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрықша түрі.

  4. Адаптация – сыртқы орта заттары мен құбылыстарының ерекшеліктеріне сезім мүшелерінің бейімделуі.

  5. Анимизм – жан мен рухтың ауыспалылығы және олардың объективті тірлігі туралы ежелгі ілім.

  6. Ассоциация – психикалық құбылыстардың өзара байланысы.

  7. Аутагенді жаттығулар – адамның өз психикалық құбылыстары мен әрекет қылығын басқаруға бағытталған өзін-өзі сендіру, бағыттауға арналған арнайы жаттығулардың комплексі.

  8. Сана – психиканың жоғары деңгейде дамуы.

  9. Бейсана (астар сана) – адамның психологиялық қасиет, процесс және кейіпінің санадан тыс көрнісі.

  10. Методологиялық принцип – детерминизм принципі, сана бірлігі мен әрекеттің дамуы.

  11. Жеке тұлға - әрекеттің субъекті мен объектісі ретінде.

  12. Топ – қоғамдағы адамдардың белгілі сипаттары мен ерекшеліктеріне орай және бірлесіп атқаратын істеріне сәйкес бірлесуі.

  13. Темперамент – жүйке жүйесінің тума қаситтерінен туындайтын ерекшелік.

  14. Индивид - әлеуметтік қарым-қатнас объектісі және саналы әрекет етуші.

  15. Индивидуалдық – психикалық, физиологиялық, әлеуметтік ерекшеліктердің жиынтығы, нақты адамның ерекшелігі.

  16. Ассоциация – ол байланыс елестеуі, олардың арасындағы сыртқы механикалық байланыстар.

  17. Экстриоризация - әрекет барысында белгілі бір қиындықтардың туындауы.

  18. Анализатор – тітіркендіргіштерге орай рефлекторлы түрде қайтадан өзгеріп, жасалып отыруы.

  19. Символ – белгі.

  20. Ретикулярлық формация – импульстардың төменнен жоғары ми алаптарына жетіп, олардың жұмысына әсерін тигізе алуы.

  21. Рефлекс – Сырттан және іштен келетін тітіркендіргіштерге ағзаның жауап беру реакциясы. Латын тілінен аударғанда “бейнелеу” деген мағынаны білдіреді.

  22. Тест – сынақ. Психологияда адамның дара басындағы психологиялық ерекшеліктері мен қабілетін, ақыл-ой деңгейін белгілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс.

  23. Стимул – қозғаушы, жандандырушы әсер.

  24. Динамикалық стереотип – шартты рефлекторлық байланыстардың жасалуы және оның тұтастық жүйесінің құрылуы.

  25. Интериоризация, экстериоризация – сыртқы болмыс әрекеттерінің ішкі идеалық факторларға, ал адамның ішкі ақыл-ой әрекетінің сыртқы іс-әрекеттерге айналуы.

  26. Дедукция – жалпыдан жекеге қарай дамитын ой қорытындысы, логикалық ойлау формасы.

  27. Индукция – жекеден жалпыға қарай дамитын логиклық ой қорытындысы.

  28. Аналогия – жекеден жекеге қарай дамитын продуктивті ой қорытындысы.

  29. Инстинкт – ағзада туа берілетін шартсыз рефлекстер негізінде сыртқы және ішкі жағдайлардың өзгеруіне үйретусіз-ақ бейімделіп тіршілік ету құлқы.

  30. Перцептивті әсер – қабылдау поцесіне қатысты әсерлену түрлері.

  31. Иллюзия – латын сөзі, мағынасы – алдану. Алдануда қабылданған нәрселер мен заттар бір-біріне сәйкес келмей, бұрмаланады.

  32. Галлюцинация – қиялдану, шатасу деген түсінікті білдіреді. Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған теріс, бұрмаланған бейнелердің тууы.

  33. Апперцепция – латын сөзі, қазақша “жан толқуы”.Бұл адамның психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл күйінің айқын көрінісі.

  34. Генетикалық әдіс – генетика – шығу тегі “төркін” дегенді білдіреді. Бұл- психскалық құбылыстар мен процестердің шығуы мен пайда болуын және дамуын зерттейтін әдіс.

35. Анимизм-(латын тілінде-жан, рух)-жан мен рухтың бар екеніне мәлім, дін элементі.

36. Антропология-адамның шығу тегі мен эволюциясы туралы ғылым. Жеке ғылым ретінде ХІХ ғасырдың ортасында қалыптасты.

37. Ассоцианизм-екі немесе одан да көп психикалық құрылымдарда туындаған психологиядағы байланыс. Ассоциация кеңістік, уақытқа, ұқсастық бойынша деп бөледі. Терминді 1698 ж. Дж. Локк енгізді.

38. Волюторизм (латынша-ерік) терминді 1883 жылы Ф.Тенис енгізген философиядағы еріктік тұрмыстың жоғары принциптерінде қарастыратын философиялық бағыт.

39.Гилозоизм (грек тілінде-материал, өмір)-материяны жанды деп қарастыратын философиялық ілім. Термин ХVIІ ғасыр енді. Гилозоизм ерте ғасыр философиясына тән.

40. Гомеостаз (грек тілінде-қозғалыссыз, күй)-организмнің негізгі физиологиялық фукнциясының тұрақтылығы мен ішкі орта қасиетінің динамикалық тұрақтылығы.

41.Логос-ертедегі-грек философиясының негізгі түсінік терінің бірі. Бір мезгілде «сөз, тіл, мағына, түсінік» дегенді білдіреді. Геркалит енгізген.

42. Монизм- (грек тілінде біреу, жалғыз). Монизмге қарама қарсы-дуализм.


2 Дәрістер

Модуль 1. Ежелгі Шығыстағы және Антикалық кезеңдегі психологияның даму тарихы.

Тақырып. Психология тарихы пәніне кіріспе.

Психология тарихы пәні, мақсаты мен міндеттері. Психологияның даму кезеңдерінің жалпы сипаттамасы. Психологияның дамуының негізгі факторлары және жағдайлары.

Психологияның дамуының тарихи кезеңдері:

І-кезең – ғылыми қолданыста психология термин ретінде ХҮІ ғ. қолданыла бастады, яғни әр адамның өзінде аңғарылатын жандық немесе психикалық құбылыстарды қарастыратын сала ретінде қалыптасуына дейінгі;

ІІ-кезең – ХҮІІ- ХІХғ.ғ. психологтардың зерттеу аймағының астар санадағы психикалық процестер мен адамның іс-әрекеті аумағында кеңейуі;

ІІІ- кезең – ХІХ ғ. ортасынан ХХ ғ. екінші жартысына дейінгі психологиялық білімдердің қайта құрылуы.

ІҮ –кезең – қазіргі психологияның дамуы.

Қазіргі психологияның негізгі принциптерін толық түсіну үшін, оның қалыптасу тарихына тоқталуымыз қажет. Өйткені, қазіргі негізгі ғылыми түсініктердің бастауы, олардың бірнеше түрлі өзгерістерге түскен байланыстарында.

Адам баласының санасында ең алғаш ғылыми түсініктер пайда болғаннан бастап психологияда зерттелінетін мәселелерге қызығушылықтар байқала бастады. Ғылыми бағыттарға ең алғаш, жан туралы мифологиялық көзқарастарға қарсы шыққан түсініктер жүйесі кіреді.Олардың бірі: анимизм (жан, рух). Бұл бағыт бойынша жан қозғалыс және жылу бар жердің бәрінде бар екендігін айтады.Бұнда жанның өзі жеке , тәуелсіз құбылыс ретінде қарастырылады, жан мен тән бір-бірінен дербес өзара параллельді түрде тіршілік етеді. Анимизм әлемнің рухтануы философиялық білім.

ҮІІ-Ү (б.э.д.) ғ.ғ. натурфилософиялық бағыт өрістеді.Оның өкілдері: Фалес, Анаксимен, Гераклит. Олар жаңа гилозиоизм бағытын алға тартты. Жан енді материяның егізі емес, оның құрамдас бөлігі ретінде қарастырылды. Жан құбылысын түсіндіру әлемнің негізгі үш бастауының негізінде болды: су, ауа және от. Жер бетіндегі нәрсенің барлығы осы материялық бастаулардың құрамдас бөлігі, оның ішінде жанның бастауы оттан деді (Фалес).

Ү-І (б.э.д.) ғ.ғ. натурфилософтардың жаңа ағымы басталды. Ол – атомистік бағыт. (Демокрит, Эпикур; Лукреция). Жанды олар мүше ретінде, өмір сүре алатын дене деп қарастырды. Бұл мүше рухты (немесе сананы) басқарады. Жан – дене мүшесі бола отырып, жеке ұсақ шар тәрізді қозғалыстағы атомдардан тұрады деді. Атомистік бағыттың бұл мәліметтері сол кезде өмір сүрген Аристотельдің “Жан туралы трактатында” беріліп, жан туралы білім философияның дербес тарауы ретінде енгізілді. Бұл ең алғаш ғылыми-психологиялық білім ретінде танылды. Аристотельдің еңбегіндегі жан атомдарының қозғалыс динамикасы арқылы, қабылдау, ес, ойлау, түс көру құбылыстары түсіндірілді. Жан атомдары өз бетімен өмір сүреді, ол тәннен алыстауы немесе оған енуі мүмкін деді.

Бұдан кейін (428-348 ж.ж.) идеализм бағыты өріс алды (Платон). Бұл псих. Түсініктердің дамуының алдыңғы этапын алмастыра отырып, оның логикалық жалғасы болды.Негізі: жан құбылыстарын классификациялау, яғни ақыл-ой, ерлік (ерік),құмарту (мотив) деп бөліп қарады. Олар дененің әр бөлігінде орналасқан: ақыл-ой – баста, ерлік – кеудеде, құмарлық – асқазан маңайында. Адамда жанның бір бөлігінің басқасынан басым болуы, сол адамның жеке ерекшелігін көрсетеді, тіпті оның әлеуметтік шығу тегімен салыстырылады. Жанның материалдық емес негізі ретінде идея, оның мәңгілік екендігін дәріптеді. Натурфилософтар жанның материалистік және идеалистік түсініктерін біріктіруге тырысты. Сол кездегі философияның теологиямен өте тығыз байланысы жанды ғылыми әдістермен болмайтындығын нақтылады.

Идеализмнің ғылымға қосқан үлесі: тән мен жанның ара қатынасы туралы білімге (дуализмге) бастау салғанында.

Бұдан кейін осы идеалистік бағыттың негізіндегі сананы идеалистік тұрғыдан түсіндіріледі (Платон, Августин). Бұл өз кезегінде психологияны зерттеу әдісі ретінде интроспекцияның өзін бақылау (өзінде болып жатқан өзгерістердің негізінде психологиялық құбылыстарды түсіндіру) пайда болуына әсер етті. Бұл психологияны зерттеудегі негізгі әдіс ретінде екі жүз жыл мөлшерінде өмір сүрді. Өзін-өзі тану әдісі – жанның білім алуға сезім мүшелерінң беретін тәжірибелерінен ерекшеленетін өз тәжірибесін жинақтауға бейім екендігі жайында байқаулар жүргізіле басталды. Осылайша, ХІҮ- ХҮІ ғ.ғ. “психология” термині п.б. бастады.


Тақырып. Ежелгі шығыстағы психологиялық ой пікірлер.

Жоспар:

Ежелгі Шығыстағы психологиялық ой-пікір.

Ежелгі Шығыстағы ой-пікірлердің дамуы. Дін мен мифологиядағы психика туралы көзқарастар. Ежелгі сақтар түсінігіндегі психика мәселесі.



Мақсаты. Студенттердің ежелгі ғасырдағы психологиялық білімдер дамуы туралы психологиялық түсініктерін қалыптастыру. Психологиялық терминдермен жұмыс.
Психология ерте заманнан келе жатқан гылым саласының бірі. Оның дүниеге тұңгыш келген жері - Греция. Психологиялық ойдың ең алгаш бейнесі мифологиялық тұргыда дамыды. Мифология адамның қауымдық сананың алгашқы қалыптасуының корінісі. Ол ешбір құбылыстың шыгу себебін ашпайды. Мифологиялық козқарасына білімсіздік, аңқаулық, алданушылық, соқыр, наным-сенім кездеседі. Мифология адамзаттың рухани мәдениетінің ең коне формасы. Онда білімнің діни сенімнің бастамасы онер мен адамның қасиеттер бейнеленді. Миф (аңыз, ертегілер ) сананың әлі жетілмеген біртұтас формасы болып табылады.

Дін - дүниеге козқарастың шындық дүниені бұрмалар, бейнелендіруші формасы. Дін дүниені о дүние және бұл дүние деп болген. О дүние бізден тыс корінбейтін дүние. Ал бұл дүние коріп білуге болатын табигат дүниесі.

Діни сананың негізі - сенім. Дін екі болімнен тұрады.


  1. Диахроника - откен заман туралы айтады.

  2. Синхроника - бүгін және болашақ туралы.

Ежелгі Грециядагы мифологиямен күрес саласынан “ Дүниеде не 1? ” деген сұрақ туындады. Күлтенгіннің жогарыда коп аспан, томенде қара жер пайда болганнан бері деген созі сын тысқа жазылып 6-гасырдан бүгінге келген, Алла тагаладан Пайгамбарымыз Мұхаммед арқылы берілген.Түнді- жамылгы қылықтың, күндізгі - тіршілікке жараттық, үстіңе жеті қабат кок құрық, жар-қырагын шырақ деген. Қагиданы құран кәрім арқылы мәңгілікке қолданган. Адамзат таңгажайып жаратылыс, оны қарапайым немесе күрделі гылыми тәжірибе арқылы танып білуге болады. Жалпы дүниежүзілік діннің дін үшке болсек хрестиан, будда, ислам. Әр адамның жүрегі о бастан туылысымен-ақ жаратушуның бар екенін сенуге бейімдеген.

Кез келген адамды омірге келісімен озінің ата-анасы туылган ортасына қарай Иуди, христиан немесе отқа табынушы етеді. Елбасымыз: “ Ислам біріктірілген сипаттагы ілім, ислам басқаның сезіміне тозіммен қарауга шақырады. Діннің адамдары бір-біріне қарсы қоятын емес, бір-біріне табыс-тыратын бастауды іздеген абзал ” деген.

Ислам діннің мааңызы мен тәрбиелік мәнін әлемдік деңгейде ой толгаган ұлы тұлганың озі де мойындады.К.Маркс құранды оқып оның тәрбиелік мәніне терең бойлаган.Құранды Гете неміс тілінде, Пушкин орыс тілінде олеңге қосқан.

Психологиялық ойлардың дамуы сол заманда омір сүрген ойшылдың козқарастары мен жаңалықтары негізінде оріс алды. Августин Батыстың шіркеу әкесінің ішінен шыққан 13-гасырдың феодалдық қогамның дамуына орасан зор үлес қосқан негізгі шыгармалары. Исповедь және құдай қаласы туралы. Августин бойынша - құдай ең жогаргы болмыс. Құдайда мәңгілік озгермейтін идеал болады. Олар әлемге тәртіпті орнатады. Адам бүкіл болмысымен құдайга тәуелді дін козқарасты жақтады.

Аквинский реализм багытының окілеті тұтастықтың негізі - сенім мен ақылда деді. Аристотельдің идеясына сүйеніп, мүмкіндік пен шындықты жақтайды. Кез келген зат материямен форманың бірлігі құдайдын бар екенді-гін



  1. Қозгалыс алгашқы қозгалысқа түрткі болган құдай

  2. Себеп, ягни себепсіз ми нәрсе жоқ.Алгашқы себеп ол құдай деді

  3. Мүмкіндік пен шындық. Мүмкіндікті шындыққа айналдырган ол да құдай.

  4. Дүниеде барлыгы әсем, тамаша ол да құдайдың құдіреттілігінен жасалган

  5. Барлық заттар бір-бірімен байланысты ол да құдайдың құдіреттілігі деп біледі.

Тақырып.Антикалық психология

Жоспары:

Антикалық кезеңдегі психологияның жалпы сипаттамасы. Алғашқы антикалық теориялардың қалыптасуы. Платонның жан мен таным туралы ілімі. Аристотельдің жан мен оның құрылымы туралы ілімі. Мақсаты. Студенттерге антикалық психологияның дамуы туралы психологиялық түсініктерін қалыптастыру.

Платонның 427 – 347 б.э.д. жан мен таным туралы ілімі. Платон ілімінің кейінгі дәуірмен күні бүгінге дейінгі психологиялық ой – пікірлерге әсері. Гераклиттің УІ – У ғ. б.э.д. жан туралы, табиғаттың жалпы заңдарына тәуелділігі жайлы идеялар. Атомистер: Левкипп, Демокрит 460- 347 б.э.д. Эпикурдың материалистік көзқарастары. Демокрит пен өзге атомистердің психологиялық танымның кейінгі дамуына ықпалы. Аристотельдің 384 – 322 б.э.д. жан мен оның құрылымы туралы ілімі. Аристотельдің психологиялық көзқарастарының биологиялық бағдары. Грек және Рим дәргерлерінің сезім мүшелері: ми, қабылдау, темпераментті зерттеудегі ғылыми жетістіктері.(Гален, Гиппократ). Антикалық кезеңдегі психология дамуының нәтижесі.

Біздің заманымыздың басында кіші Азияның батыс жағалауында орналасқан Геониядағы гректің қала мемлекеті одан соң түстік Италиядағы грек қалаларында сондай-ақ Грецияның өз ішіндегі Афин қаласында антикалық психология дүниеге келді. Бұл кезең ертедегі грек елімен Римде құлдық қоғамның шарықтау кезі еді. Осы кезде мәдениет гректер арасынан поэзия, драматургия, мүсіндеме. Философиялық басқа да мәдениеттің көрнекті өкілдері: Гомер, Аристофан, Геродот, Ксенофон, Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель т.б. дүниеге келді. Оның бастамасы Милет қаласынан шыққан. Фалес сауда адамы болған. Ол өз кезінде Вавилон, Египет елдерін аралап, оның даңқы б.э. басындағы 585 ж. Грецияда күн тұтылатынын болжаған және барлық әлемге таралды. Сол үшін ол Египет аңыздарынан «Оракул» көреген деген атақ алған. Фалестің айтуынша барлық заттар судан пайда болған, тіпті жердің өзі де судың бетінде қалқып жүрген жалпақ дөңгелек деген.

Анаксимандор (610-547 ж.) оның пікірінше дүние негізі афион деген. Дүние пайда болып жойылып жатады. Мәңгі жойылмайтын, өзгермейтін афион. Анаксимандор әлемнің түрлері көп болатынын болжады. Ол қалада да ең алғаш әлем картасын сызды. Глобус жасап, күн сағатын шығарды.

Анаксиман (585-525 ж.) дүниенің негізі ауа деп есептеді. Ауаның қоюлануымен сұйықталуынан су, жер, тас, от пайда болды деп топшылады.

Гераклит (535-475 ж.) ол Эфес қаласынан шықты. Оның пікірі бойынша «дүниеде өзгермейтін, қозғалмайтын еш нәрсе жоқ, бәрі ағыста, бәрі өзгерісте». Гераклиттің ойынша дүниедегі барлық құбылыс оттан жаралған. Олай болса жан да оттан тұрады.

Парминит (VI-Vғ.) оның ойынша дүние отпен жерден, яғни заттан тұрған шар. Онда бос кеңістік жоқ. Олай болса еш нәрсе жоқтан пайда болмайды, оны тек оймен тану мүмкін деді.

Сократ (469-399 жж.) гректер арасынан шыққан объективтік идеализмнің негізін салушы. Ол Афиндағы демократиялық құлдық құрылыстың ыдырау кезеңіне сай келді. Сократ үстемдік құрған құл иеленушілердің адамгершілікке жатпайтын сорақылықтарын, олардың сиынған құдайларын сынады. Өйткені бұл кезде Афинадағы бұрын құрылған демократиялық тәртіп бұзылып, үстемдік құрғандар демократиялық аяққа басқан талай заңсыздық, опасыздық әрекет жасап, қылмысқа батқан кезеңді сынады.

Аристотель (384-322 жж.). Аристотель Платонның шәкірті. Атақты Александр Македонскийдің шәкірті. Аристотель объективті идеалист, бірақ ол материализм мен идеализм арасында енжарлық жасады. Аристотель өмірде идеалист болып өтті. Негізгі еңбектері: «Жан туралы», «Физика», «Метофизика», «Категориялар» деген т.б.

Біздің заманымыздың басында кіші Азияның батыс жағалауында орналасқан Геониядағы гректің қала мемлекеті одан соң түстік Италиядағы грек қалаларында сондай-ақ Грецияның өз ішіндегі Афин қаласында антикалық психология дүниеге келді. Бұл кезең ертедегі грек елімен Римде құлдық қоғамның шарықтау кезі еді. Осы кезде мәдениет гректер арасынан поэзия, драматургия, мүсіндеме. Философиялық басқа да мәдениеттің көрнекті өкілдері: Гомер, Аристофан, Геродот, Ксенофон, Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель т.б. дүниеге келді. Оның бастамасы Милет қаласынан шыққан. Фалес сауда адамы болған. Ол өз кезінде Вавилон, Египет елдерін аралап, оның даңқы б.э. басындағы 585 ж. Грецияда күн тұтылатынын болжаған және барлық әлемге таралды. Сол үшін ол Египет аңыздарынан «Оракул» көреген деген атақ алған. Фалестің айтуынша барлық заттар судан пайда болған, тіпті жердің өзі де судың бетінде қалқып жүрген жалпақ дөңгелек деген.

Анаксимандор (610-547 ж.) оның пікірінше дүние негізі афион деген. Дүние пайда болып жойылып жатады. Мәңгі жойылмайтын, өзгермейтін афион. Анаксимандор әлемнің түрлері көп болатынын болжады. Ол қалада да ең алғаш әлем картасын сызды. Глобус жасап, күн сағатын шығарды.

Анаксиман (585-525 ж.) дүниенің негізі ауа деп есептеді. Ауаның қоюлануымен сұйықталуынан су, жер, тас, от пайда болды деп топшылады.

Гераклит (535-475 ж.) ол Эфес қаласынан шықты. Оның пікірі бойынша «дүниеде өзгермейтін, қозғалмайтын еш нәрсе жоқ, бәрі ағыста, бәрі өзгерісте». Гераклиттің ойынша дүниедегі барлық құбылыс оттан жаралған. Олай болса жан да оттан тұрады.

Парминит (VI-Vғ.) оның ойынша дүние отпен жерден, яғни заттан тұрған шар. Онда бос кеңістік жоқ. Олай болса еш нәрсе жоқтан пайда болмайды, оны тек оймен тану мүмкін деді.

Сократ (469-399 жж.) гректер арасынан шыққан объективтік идеализмнің негізін салушы. Ол Афиндағы демократиялық құлдық құрылыстың ыдырау кезеңіне сай келді. Сократ үстемдік құрған құл иеленушілердің адамгершілікке жатпайтын сорақылықтарын, олардың сиынған құдайларын сынады. Өйткені бұл кезде Афинадағы бұрын құрылған демократиялық тәртіп бұзылып, үстемдік құрғандар демократиялық аяққа басқан талай заңсыздық, опасыздық әрекет жасап, қылмысқа батқан кезеңді сынады.

Аристотель (384-322 жж.). Аристотель Платонның шәкірті. Атақты Александр Македонскийдің шәкірті. Аристотель объективті идеалист, бірақ ол материализм мен идеализм арасында енжарлық жасады. Аристотель өмірде идеалист болып өтті. Негізгі еңбектері: «Жан туралы», «Физика», «Метофизика», «Категориялар» деген т.б.

Өзінді тексеру үшін сұрақтар:



  1. Әртүрлі материалды және рухани қоғам өмірінде философтардың шешетін міндеттері.

  2. Жан философиясы мен психологиясының негізгі мәселелері.

  3. Жан табиғаты мен қасиеттері туралы әр түрлі көріністер психологиясының алғашқы тарихи пәні ретінде.


Студенттердің білімін бақылауға арналған сұрақтар.

Төмендегі берілген сұрақтарға психологиялық талдау жасаңдар.

Атомистер: Левкипп, Демокрит 460- 347 б.э.д. Эпикурдың материалистік көзқарастары. Демокрит пен өзге атомистердің психологиялық танымның кейінгі дамуына ықпалы. Аристотельдің 384 – 322 б.э.д. жан мен оның құрылымы туралы ілімі. Аристотельдің психологиялық көзқарастарының биологиялық бағдары.
Тақырып. Орта гасырмен қайта оркендеу дәуіріндегі психология.

Модуль 2. Орта ғасыр мен Қайта өркендеу дәуіріндегі психология.

Жоспары:


Ортағасырдың басты сипаттамасы. Психологияның діни философия шеңберіндегі дамуы. Орта ғасыр психологиясындағы материалистік идеялар.

Қайта өркендеудегі психологиялық көзқарастарМақсаты: Студенттерге орта ғасыр дәуіріндегі психология туралы жалпы түсінік бере отырып, психология ғылымының даму тарихы туралы білім, дағдыларын қалыптастыру.

1. Орта гасырлар тұсында қогамның рухани омірін барлық салаларында діни бүтіндей барлық салаларында діни бүтіндей үстемдік жасауы философияның дамуында оз әсерін тигізбей қоймады. Орта гасырлы философиядагы негізгі крес айтыс деп аталган жалпы ұгымдар жалпылама мәселелерді тоңірегінде жалпынып жекеге қатынас жагдайында болды. Философтар екі топқа болініп күүресті. Жалпы ұгымдар және нақты заттардан тәуелсіз, олардан бұрын пайда болган бұл шын мәнінде қдайлармен байланысты деп ужелдеген. Бүкіл тіршіліктің мәні - жаратушы құдай деді. Жалпы ұгымдар реалды омір сүреді. Олардың философиялық багыты реализм деп аталады. Бұл таза объективтік идеалистік багыт болып табылады. Орта гасыр тұсындагы материалистік агымды білдіретін бұл козқарасты ұстанушылар наминалистер деп аталады. ( латын тілін-де - nominos атау деген созден шыққан ).Ойткені бұлар жалпы-ны жоққа шыгарып оны жай атау гана деп жариялаган.

Реалистердің басты окілдері Ф. Аквинский, Хентерверский олардың пікі-рінше жалгыз құдай шын омір сүреді. Дүниеде бар нақты заттар мен құбы-лыстардың бастамасы - Құдай. Демек жеке нәрселердің пайда болуы жара-тушы құдайга байланысты.

Реалистер мен номиналистердің жалпылық жайындагы козқарастарын жұмсатып жақындастыруга тырысқан. Ительяндық философ Ф. Аквинский болган.

Ф. Аквинский ілімінше жалпы идеялар 3 түрлі омір сүреді:

1. « Заттарга дейін » ягни құдайдың ақыл-ойында.

2. « Заттардың оз ішінде » - олардың мәні және формасы жоқ.

3. « Заттардан кейін » ягни обстракциялық ойлардың нәтижесі адамның басында.

XIV гасырда философия мен ғылымда номиналистік козқарас одан әрі дамыды. Оның корнекті окілінің бірі Уилиям Оккон. Ол реализмді батыл санады. Қысқарта айтқанда орта гасырлық философия тұтас алганда идеалистік сипатта болганымен, бірақ онда да Платонмен Демокриттің расында күрес жүріп жатты. Ол күрес логикалық терминде болды. Ал XIX гасырдың 2-ші жартысынан бастап Ф. Аквинскийдің діни идеалистік жүйесі католик шіркеуінің ресми философиялық доктринасы номинализм негізін құрды.



  1. Феодализм дәуірінде цивализацияның бір ошагы болган Орта Азияда Хорезми(IX гасырдың басы),Фараби (870-950)жылдар шамасында, Ибн-Сина, Омар Хайам деген ойшылдар омір сүрген. Қазақ жерінен оның ішінде отырар аласынан шыққан математик, әрі философ Фараби Аристотельдің шыгармаларын жетік білді. Орта гасырдың коптеген ойшылдары сияқты ол да дүниенің бастапқы жаратушысы - құдай деп есептеген. Танымның козі сезім мүшелері ақыл-ой тұжырымы деп санады. Алгашқы тікелей танып білудің құралы. Ал кейінгісінің комегімен заттардың мәнін білеміз. Фараби-дің математикалық трактаттары, философиялық трактаттары, логикалық трактаттары, этикалық тракттаттары және т.б. шыгармалары орыс және қазақ тілінде жарық корді. Феодалдық Орта Азияның аса корнекті галымы әрі философы бұқаралық Ибн-Сина есімінен таралган. Ұлы энциклопедист галымдарының бірі. Ол айналыспаган гылым саласы кем де кем. Медицина саласында Ибн-Синаның еңбегі дәрігерлік гылымның қагидалары Медици-налық білімнің шын мәніндегі энциклопедиясы.

Ондаған ғасырға созылған орта ғасыр дәуірі нақты кезеңі жоқ. Бұл дәуірдің басына Рим империясының (V ғасыр) құлауын жатқызады. Көптеген ғалымдар орта ғасыр идеологиясының элементтері ІІІ ғасырда ақ пайда бола бастады.

Орта ғасырлық кезеңнің аяқталуын XV ғасыр кеңестік ғылымның, өмірдің қайта өрлеу уақытымен байланыстырады. Жаңа идеологиялық алғашқы белгілері XIV ғасырдың соңында пайда болды.

Ортағасырлық ғылымның маңызды сипаттамаларының бірі, дінмен байланыста болуы.

Ондаған ғасыр бойы әлеуметтік жағдай қоғам да, оның идеологиясы мен құрылымы да өзгерді. Дін мен ғылымның өзара қарым-қатынасына байланысты жағымды және жағымсыз жақтары болады.

Психология дамуы жаңа кезеңінің басында пәннің өзгерістерімен байланыста болды.

Христиандықтың пайда болуына байланысты онымен жақын еместігін дәлелдеп, оны ығыстыруы қажет болды. Сондықтан көптеген психологиялық мектептер VI ғасыр да жабық болып, Кіші Азияға көшірілді. Онда жаңа мектептер ашылды.

Антикалық мәдениетке христиан шіркеу соққы берді. IV ғасырда Александриядағы ғылыми орталық жойылды. VI ғасырдың басында Афины мектептері жабылды. Феодалдық қоғам идеологиясына христиандар басқарды.

Болашақта ғылыми психология үшін бұл түсіндірмелі принцип маңызы зор болды.



  1. Адамдар арасныдағы айырмашылықтар бірнеше белгімен топтастыруға болады.

  2. Айырмашылықты Гиппократ ішкі организмнен іздеді.

Жан, ойлау, мәңгілік заңдар, жанның ішкі құрылымы туралы Сократ ашуғатырысты. Ол ойды адам ішкі жан дүниесіне, сеніміне бағыттады. Сократ ауызша қатынас жасауға шебер болды.

Сократтан кейін жан туралы, ақыл-ой әрекеті жаңа түсініктермен толықты. Ол Платон болды. Платон идеолистік бағытты ұстанды. Ол б.э.д. 387 жылдары Афиныда «Академия» деп аталатын «Ғылыми оқу орталығын» құрды. Ол жан мәңгілік деп санады. Ол жанды түрлі бөліктерге және функцияларға бөліп, шектеді.

Аристотель-грек философы.

Демокрит пен Платонда жан туралы арнайы еңбек жоқ. Бұл тек Аристотельде бар. Алғашқы трактаты «Жан туралы». Ол «Жан ойламайды, бірақ жан көмегімен тән ойлайды».

Ол организмді жүйе ретінде көрсеттік, іс-әрекетке деген қабілеттіліктің түрлі деңгейін көрсетеді. Аристотель енгізген қабілет түсінігі үлкен жаңалық боп енді.

Жан функцияларын:



  1. Вегетативті (жануар, өсімдікте, адамда бар).

  2. Сезімдік-қозғалысты (жануар мен адамдарда бар).

  3. Ақыл-ой (адамға тән).

Аристотель байланыстар, ассоциоция механизмі принципін ашты.

Біздің эрамызға дейін мыңдаған жылдар бұрын Шығыста ұлы Египет, Үнді, Қытай т.б. идеялардың қалыптасуы қазіргі ғылыми білімдердің тууына мүмкіндік туғызды. Бұл қозғалысқа өндірістік қызметтің, материалдық мәдениеттің аса жоғары деңгейі әсер етті. Өндірістік күштердің дамуы қоғамның таптарға бөлінуіне, құлиеленуші мемлекеттің тууына себеп болды. Онда діни идеология үстемдік жасады. Оның негізгі бөлшегі болып-жанның өлмейтіндігі, денеден ұшатындығы туралы (миф) ойлар болды.

Бұл білімнің алғы шарты болып, яғни жанды дене сыртқы табиғатқа тәуелді, ал жанның қызметі-организмге тәуелділікті көрсетті.

Шығыстың көптеген елдерінде (Ежелгі Грецияда) қан айналымға аса мән беріп, өмір сүрудің негізі қанның сұйықтығына және ауа деп саналды. Қытай медицинасында дененің негізгі органы болып –жүрек саналады. Яғни ой жүрекпен, сезім-бауырмен келеді дейді. Ежелгі Үнді дәрігерлерінің көзқарастары бойынша психикалық қызметтің басты органы-жүректе орналасқан. Дәрігерлердің темперамент туралы ойлар таралады.

Адам организмі туралы жаратылыстық білімдердің дамуы діни-моральдық тыйымдарға кез болса да, психофизиологиялық құбылыстар түсінік беруге жол тапты.

Жаңа әлеуметтік сұраныстар философиялық мектептердің пайда болуына алғы шарт жасады. Философиялық бағыттар б.э.д. алғашқы мыңдаған жылдар бұрын Үнді, Қытай да қалыптасты.

Жан мәселесі этикалық мінез-құлық ретінде талқыланып, тұлғаны жетілдіру көзқарасын жақтайды. Жанның денеден көшіп, қонуын туралы көзқарас жақталды.

Осы бағытта б.э.д. VІ ғасырда пайда болған діни джайнизм және буддизм ілімінің негізгі мазмұны қалыптасты. Этникалық мәселелерді шеше отырып, екі бағыт жан құбылыстарына белгілі бір көзқарастарын білдірді.

Джайнизм-тән жанның бостандық алмауының көзі деп санады.

Буддизм-жанды жоққа шығарды.

Буддистер-белгілі бір қабылдау-ол интелектінің ықпалымен бұзылғандықтан бұл қабылдау емес.

Мимонс мектебінің бірқатар өкілдері буддистерді сынға алып, қабылдаудың екі аспектісі бар. Олар-тума және спецификалық.

Тума белгілері көптеген жеке объектілерге, спецификалық-нақты объектіге тән.

Үнділердің психологиялық ілімінде қабылдаудағы иллюзия, галююцинация, түс көру туралы мәселелер қаралады.

Орта ғасырлар кезенінде Еуропаның ақыл-ой өмірінде схолостика билік етті грекшеден «сохоластикос» - мектептін ғылыми XI ғасырдын бастап XVI-ға дейін билік еткен осындай философиялық тип («мектептік философия») християндың дінтануын түсіндіретін рационалды логикалық тәсілдерге сүйенеді.

Сохоластинада көптеген адамдар болды, ал мәтінді комментариялау бағдары жалпыға бірдей болды. Заттың жағымды оқулы және ақиқы мәселелерді талқылау құлы сөйлеумен ауыстырылады. Алғашқыда католикалық шіркеу Еуропада пайда болған Аристотельдің мұрасын тыйым салды, бірақ кейін өзінің қажеттіліктеріне орай оны «меңгере» бастады.

Осы міндетті Фома Аквинский (1225-1274) жақсы атқарды, оның оқуы кейін папты әнцикликте шынайы католикалық философия (психология) сынды орын тауып томизм атына ие болды (қазіргі кезде неотолизм атымен өзгертілген)

Толизм Аристотель сұрапылды материалистік трактовкаға қарама қарсы қалыптасты. Оның басында Аристотельге сүйенген Ибн-Рошд. тұрды. Оның еуропалық университетіндегі өкілдері (аверроисттер) бойынша даралық жан жайылады және де әрбір ақиқат өз аймаққа ие. Бір аймаққа ақиқат болатын жағдай басқаша ақиқи емес болу мүмкін және керсінше.

Ал Фома төменнен кетірілетін «жалғыз – діни ақиқаты жақтады. Ол сана оған дейін сезім ретінде қызмет ету керек» деп санады. Оған және оның өкілдеріне аверроистерді Париж университетінде басу мүмкіндік болды. Бірақ Англияда Оксфорд университетінде екі жүздіақиқат концепциясы жаңа философия және жаратылыс ғылымдарының идеологиялық алғышаттардың табысы болды.

Фома Аквинский жанды өмірді сипаттай отырып, оның әртүрлі формаларын өзмінезін сатты түрінде – төменнен жоғарыға қарай орналастырды. Бұл иерархияда әрбір құбылыстың өз орны бар барлық заттар арасында шек бар. Сатылы тізбекте жандар (өсімдікті, жануар, адамзатың), ал әрбіреуінің ішінде – қабілеттер және олардың өлшемі (түйсіну, көрініс, түсінік) орналасады.

Платонда пайда болған интроспекция туралы түсінік Августікде өзіне үңілудің діни қайнар көзіне айналады және де ол Фома Аквинский модернистік тепологиялық психология тірек ретінде шықты Фома Аквинский жан жұмысын келесі сызбанұсқа түрінде көрсетті: алғашқысында ол танымайтын жүзеге асырды – ол объект бейнесі болып табылады (түйсіну және ұғым); кейін ол ант жүзеге асырылған санадан өтнуіледі; 2 операцияны істеп, жан мән өзінді бейне және ант ретінде емес әмбебап ретінде түсініп қайтадан өзіне келеді. Біздің алдымызда – тұйық сана , одан ағзаға да, сыртқы әлемге де шығатын жол жоқ.

Осыѓан орай томизм ±лы ежелгі грек философын тонзурисы бар Аристотельге айналдырады. Тонзура баста ќ±ралѓан орын – католикалыќ дінге ќатысы бар деген белгі.

Англияда жанныњ томисттік концепциясына ќара наминамум шыќты. (латынша «немей» - ат). Ол табиѓаттыњ жалпы т‰сініктері мен ємбебаптары туралы сµз таласымен байланысты болды. Таластыњ негізгі мєні мынада болды: ол жалпы т‰сініктер µз бетінше, біздіњ ойлауымыздан тєуелсізз µмір с‰ре не немесе олар тек атты ѓана кµрсетіп, ал шынында тек наќтылы ќ±былыстар ѓана таныла ма?

Нониманизмді белсенді даѓдылаушы Оксфорд университетініњ профессоры Уильем Оккам болды (1285 - 1349). Тонизмді жєне «екі ж‰зді аќиќатты» мойындамай (ол бойынша діни дыматтар сана негіздерінен м‰мкін емес) сезім тєжірибеге с‰йенеді шаќырады; осында заттардыњ класстарын, аттарын, белгілерін кµрсететін терминдерге баѓдарлану керек екендігін айтты.

Жања детерминаттарды іздеу барысында Вюрцбургтер сол кездегі ќабылданѓан эксперименталды модельдердіњ шегінен шыќты. Б±л модель тєжірибені екі айнымалымен шектеді: сынаушыѓа єсер ететін тітіркендіргішпен оѓан жауап реакциясы. Енді таѓы бір ерекше айнымалы енгізілген: тітіркендіргішті ќабылдау алдындаѓы сыналушыныњ ќалпы.

Эксперименттердіњ т‰рлі вариантары бойынша сыналушы н±сќа алар алдында яѓни дайындыќ кезінде онда есепті шешуге баѓытталѓан болады тітіркендіргішті ќабылдау алдында баѓыт процестіњ ж‰руін реттейді. Біраќ сезбейді. Ал егерде сезімдік бейнелердіњ функцияларыныњ келетін болсаќ онда олардыњ пайда болуы есеп ‰шін ешбір мєнге ие болмайды.

1. Орта ғасыр дәуірі ондаған ғасырға созылған мен, нақты кезеңі жоқ. Осы ғасырдың басталуы Рим империясының (Vғасыр) құлауымен саналады. Бірақ көптеген ғалымдар ортағасыр идеологиясының элементтері ертерек ІІІ ғасырда пайда болды деп санайды. Орта ғасыр дәуірінің аяқталуы ХV ғасыр, яғни өнер мен ғылымның қайта өркендеуімен сәйкес келеді. Жаңа идеологияның алғашқы белгілері XIV ғасыр аяғында пайда болды. Орта ғасырдағы ғылымның, әсіресе психологияның маңызды ерекшелігі дінмен байланыста болды. Христиандықтың пайда болумен бірге психология өзінің дінмен сыйыспайтындығын дәлелдеуі қажет болды.

Христиан діні феодалдық қоғамда үстемдік ете отырып, білім ғылымға деген жеккөрініш сезімді туғызды. Осы кезде мәдениетті тұрақ тандырудың бір жолы шіркеу болды.

Монастырларда кітаптар сақталды, сауаттылыққа үйретілді. Осы тән ерекшелік сауатты адамдар тек монахтар болды, тіпті феодалдардың өзі оқып, жаза білмеді.

Схоластика дамыды (VII-VIII ғасыр) пассивті түрде ескіні ғана меңгеріп қоймай, жаңа білімді белсене түсіндіріп, логикалық ойлау дағдысын дамытты.

Адам жанның сенімі мен ақылының өзара қарым-қатынас мәселелері Иоанн Скот Эриуген еңбектерінде жалғасын тапты. Өзінің трактатында адамның жинаған білімі-ғылым, аса маңызды бедел деп санады. Скот ақылға аса мән берді, ол оның адамды дамыту концепсиясында көрініс тапты. Ол адамды дамытуда үш сатыны байланыстырды. Олар: ақыл (рассудок), пікір, ішкі сезім.

Оксфорд университеті профессоры Роджер Бэкон (1214-1292) схоластикалық дәіспен ғылымды қарама-қарсы қойды, адамзат үшін қателесу қауіпті емес, қауіпті тұрпайылық деп санады. Объективті білімді қолдады, яғни тәжірибе, эксперимент және математика барлық ғылымдардың негізін алыну керек. Аристотель көзқарасына сүйене отырып, түйсік жетекші психикалық процесс болып саналады, білімді тудыратын материал деп санады.

Осыған ұқсас ойды Иоанн Даунс Скот (1266-1308) дамытты. Оның ілімі (скотизм) асихиканың материалдық негізі адамдарды бір топқа біріктіреді деп есептеді. Бір бірінен ерекшеленетің заттар өзінің шығу тегімен әр түрлі. Скот психологияға түйсіктің белсенді сипаты және оның түйсікпен байланысы туралы тұжырым енгізді.

Англияда номинизм пайда болды. Ол табмғат туралы пікір-таластардан пайда болған.

Номинализмді жақтаушылардың қатарына-Уильям Оккам (1285-1349) жатады. Ол жалпы және жеке заттардың өзара қатынасын зерттеді. Ол екі жақты шындық ілімін жақтай отырып, ол сезімдік тәжірибеге сүйенуге шақырды, осы арқылы заттардың класын, немесе атау, белгілердің кластарын белгілейтін терминдерге сүйену қажет деді. Номинализм идеясын жалғастыра отырып, Оккам түсініктер негізіне заттардың белгілері жатады деп дәлелдеді.

Жалпы номинализм адамның танымдық мүмкіндіктерінің дамуына жаратылыстың ғылыми көзқарастарын білдіреді.

Сөздік:

Номинализм-ортағасырлық схолостикалық философиялық бағыт, яғни жалпы түсініктердің шынайылығын жоққа шығарады, оларды тек атымен ғана атайды (латыннан аударғанда-аты (имя)) ХІ-ХІІ ғасырда пайда болды. Негізін П.Абелер салды. XIV-XV ғасырда ерекше дамыды (У.Оккам және оның мектептері).

2. Алғашқы даму кезеңнен кейін психология жанды зерттеуде өз орнын табуға, тырысты. Бұл психология пәнінің жан мазмұнын қайта қарауында ғылыми зерттеуге жататын ерекше котегорияны бөліп шығарды. Бұл екі шындық теориясының туындауына әкелді, яғни білім шындығы мен сенім шындығы өзара сәйкес келмейді және бір-біріне қарама қайшылық туындатпайды. Бұл теорияны Х-ХІ ғасыр Араб ғалымы Ибн Сина қалыптастырды, ол тез европаға таралды. Адаб ғалымдары психиканы зерттеу жан туралы философиялық концепсияларға ғана емес, жаратылыстық ғылымдарға, әсіресе медицинаға негізделуі керек деп саеады, сол кезде Араб халифатында жаратылыстық ғылыми зерттеулер жүргізуге, әсіресе сезім, органдары мен миды зерттеуге тыйым салынбады. Осының өзі физика-математика медицина ғылымдарының дамуына жол ашты.

Психология үшін Араб ойшылы Ибн Сина (980-1037ж)-латын транскрипциясында Авицена еңбектері дәрігерлер мен медицина тарихында аса маңызды роль атқарды. Өзінің философиялық еңбектерінде екі шындық теориясы, тек психология ғана емес, орта ғасыр дәуіріндегі басқа да ғылымдарғада аса маңызды болды. Ибн Сина таным процесін зерттей отырып, әр затта жалпы ұқсастық және айырмашылық бар деп көрсетті. Бұндай ұқсасатық қасиеттер қоршаған ортадағы барлық заттарда және адамдарға да ортақ, яғни олар түрлі ғылымдардың зерттеу пәні болып саналады. Осы арқылы ғалым медицина мен психологияны ерекше пән деп дәлелдеді. Жан туралы жаратылыстық-ғылыми білімдер дамуында медициналық психология ерекше қызығушылық танытады. Ибн Сина өз зерттеулерінде үнемі дәрігерлік тәжірибесіне сүйенді. Ол алғашқылардың бірі болып жас ерекшелік психологиясы, психофизиологиядан зерттеулер жүргізіп организмнің физикалық дамуымен жүргізіп организмнің физикалық дамуымен оның түрлі жас кезеңдеріндегі психологиялық ерекшеліктері арасындағы байланысты зерттеді.

Тәрбие құралы арқылы организмнің психикалық тұрақтылығын жүзеге асыруға болады деген пікір айтады.

Арабтың тағы бір ойшылы Ибн Рушд (1126-1198)-латын транскрипциясында-Аверроэс. Оның негізгі еңбектері Аристотель шығармаларына жақын болды. Ибн Рушд дінді сенім, философиялық шындық деп қарастырды. Ол адам денесінің құрлысын, сезім органдарын зерттеп қоршаған ортаны қабылдаудың жүйке қасиеттеріне тәуелділігін көрсетті.

Ибн Рушдтын басты қорытындысы: тәннің өмір сүруді аяқтауымен адам жаны да жойылады. Дүние мәңгілік, өз заңдарымен қозғалады. Ол адам мүмкіндігі шектеусіз, тек адамдарды дұрыс ойлауға үйркту керек деп тұжырымдады. Араб ойшылдарының көптеген еңбектері ХІІ ғасыр аяғында латын тіліне аударылды. Ең маңызды фактор шіркеудің ХІ ғасыр ортасында Шығыстың (Византиялық) провословияның және батыстық (Римдік) католик болып бөлінуі болды.

ХІ-ХІІ ғасыр ғылымда рационализм өркендеді, яғни жаңа уақыттағы философия мен психологиядағы жетекші бағыт болды.

ХІІ-ХІІІ ғасыр психологияда деизм бағыты пайда болды. Ол екі жан-рухани және тәндік жан бар деп тұжырымдады.

Фома Аквинский (1226-1274ж)- Ибн Синаның екі шындық теориясын қайта жасады. Ол қарама-қайшылық жағдайда білім шындығы сенімге жол береді деді. Ол жанның мәңгілік теориясын жоқтады. Ол түйсіну үшін алдымен дене, қабылдау органы қажет деді.

Сөздік:

Рационализм (латын тілінде-ақыл) –ақылды адамдардың мінез-құлқы мен таным негізі деп қарастыратын философиялық бағыт. Орта ғасырдағы схоластика мен діни догматизмге қарсы шықты, классикалық рационализм-ХVII-XVIII ғасыр (Р.Декарт, Б.Спиноза, Г.Лейбниц).



Студенттердің білімін бақылауға арналған сұрақтар.

Төмендегі берілген сұрақтарға психологиялық талдау жасаңдар.

Ежелгі Шығыста психологиялық ой-пікір.

Дін мен мифологиядағы психика туралы көзқарастар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет