“Психология” кафедрасының профессоры,психология ғылымдарының кандидаты Ш.С.Сатиева
Байланыс телефоны – тел.: 35-93-89, № 1 оқу корпусы, кабинет № 1212.
Сабақ өткізу аудиториясы –№122 аудитория.
Берілген пән бойынша кредит саны – 2.
Білім беру жүйесінде мамандарды кәсіби даярлауда ерекше орынды жоғары оқу орнында оқыту аймағы алады. Білім беру мазмұны - экономикалық және әлеуметтік дамудыің маңызды факторы ретінде тұлғаның өз бетінше дамуына жағдай туғызуға багытталуы қажет. Сонымен, білім беру жүйесініц барлық сатылары мен кезеңдеріндегі мақсаты - тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау.
Магистрдің академиялық дәрежесін алу үшін жоғарғы мектептің немесе колледждің оқытушысы ретіндегі іс-әрекетке ыңғайлану қажет болып табылады. Сондықтан кәсібилік тұрғысында жогарғы оқу орнындағы оқыту үрдісімен байланысты пәндер бойынша білімдерді алу маңызды және өте қажетті болып табылады. Магистранттар үшін осындай негізгі пәндердің бірі “Психология” болып табылады. Қазіргі уақытта жоғарғы білім беру жүйесіндегі мамандар үшін оқыту және ғылыми-зерттеу іс-әрекет психологиясыныц білімі, тұтас оқыту мен тәрбиенің психологиясы өзекті болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |