Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Табиғи сипаттағы құбылыстар» пәнінен 050731 «Тіршілік әрекетінің



бет10/10
Дата28.07.2017
өлшемі3,37 Mb.
#22307
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Үсіген адамды жылыту жолдары:

Ең тиімдісі:

  • ваннада (40 С жооғары емес);

  • ыстық суға малынған сүлгі, жаймаға орау, суысымен қайты жылысына ауыстырып орау керек.

Бір мезгілде зардап шегушінің саусақтарын уқалап отыру керек, аяғын жоғары көреріп қойса, денесі мен басына қан жақсы жүреді.

Дененің кейбір жерлерінің қатты үсуі өмірге өте қауіпті.

Мысалы: оттың қасына зардап шегушіні орап отырғызған дұрыс, оған өте ыстық болмауы тиіс, жылынған сайын оттан алыс отырғызған дұрыс.

Зардап шегуші жылынып, өз қалпына келсе: тәтті шәй немесе кофе, егер лоқсымаса, құспаса онда тамақтандыру қажет.


Құрғақшылық – көбінесе температураның жоғарылауынан және ауаның ылғалдығының төмендеуінен болады. Қатты ыстық – қоршаған ауа температурасының күрт жоғарылауынан және бірнеше күн ішінде жоғарылауы. Бұл адам температурасының 38,8 С жоғарылап, дене температурасының бұзылуына әкеліп соқтырады. Дененің қатты қызуы жүрек қызметінің бұзылуына жеткізеді. Дене күйюінің белгілері: терінің қызаруы, қатты шөлдеу, дененің құрғауы. Ары қарай есінен танып қалу, жүректің тоқтап қалу және демнің жетпеуі.

Құрғақшылыққа қалай дайындалу керек (қатты ыстық):

Керек болған жадғдайда сұйықтықты көбірек іші керек. Ыстыққа арналған киімдерді, электр құралдарын (желдеткіштер, салқындатқыштар) дайындау. Егер сіз ауылдық жерде тұрсаңыз – демалыс орнын, құдықты, сонымен қатартерезеге арналған шторларды дайындау керек. Мүмкіндігінше электр құралдарымен қамтамасыз ету үшін, электроэнергия автономды бастауышы алынсын. Өзіңіз және отбасыңызды жылу күшейген жағдайда дұрыс қимыл жасай біліңіз.



Құрғақшылық болған кезде не істеу керек (қатты ыстық кезде)

Табиғат апаттары турал мәлімет алып, халықтарға көметтесу үшін жергілікті билік органдарымен хабарласыңыз. Зардаптар қайталану мүмкіндігіне дайын болыңыз.



Найзағай – бұл аспандағы бұлт арасынан от тәрізді шақпақ. Қаупі. Найзағай жарқылы үлкен разрядты токпен тең, ал оның температурасы 300000 градусқа дейін жетеді (бұл күн аймағындағы температурадан 6 есе жоғары). Найзағайдың орын ауыстыру жылдамдығы секундына 100 мың километр. Найзағай түскенде талдың жанып кетуі де мүмкін. Найзағайдың адамға түсуі, өлімге дейін алып келеді. Жыл сайын әлемді найзағайдан 3000 адам қайтыс болады.

Найзағай көбінесе қайда түседі? Найзағай бірінші биік затқа (талға т.б.) түседі.



Найзағайға қалай дайындалу керек.Найзағайдың түсу қаупінен қорғану үшін, оған қарсы жерасты орнатқыштарын орнату қажет.

Табиғатқа шығу алдында ауа байы болжамын тыңдау қажет. Егер күн бұзылады деп болжалдаса, басқа күні шыққаныңыз дұрыс болады.

Егер сіз найзағай болатынын сезсеңіз, онда бірінші кезекте оның жерге түсу жақындығын анықтаңыз және дауыл жақындап не болмаса қойғандығын қараңыз. Жарық жылдамдығының тездігіне тездігіне байланысты (300000км/с) онда найзағай жарқылын тез арада байқай аламыз. Мүмкіндігінше дыбыс кешігуі арақашықтық пен оның тездігіне байланысты анықталады. Мысалы: егер жарқылдан кейін найзағайға 5 с өтсе, онда найзағай фронтының арасы 340м/с*5с = 1700м.

Егер дыбыс кешігуі жиіленсе, онда найзағай фронты сирейді ал егер дыбыс азайса, онда найзағай фронты жақындап келе жатқандығы.

Найзағай жарқылынан кейін қатты дауыл болса, найзағай өте қауіпті. Егер сіз ауылдық жерде болсаңыз: терезені, есікті, құбырларды жабыңыз. Пеш жақпаңыз, себебі пеш трубасынан шығатын жоғары температуралы газда қарсыласа алмаушылық болады. Телефонмен сөйлеспеңіздер: кейде найзағай столбылардың арасында тартылған сымдарға түседі. Найзағай болып жатқан сәтте электр желісіне, антеннаға, терезе жанындағы орнықтарғыштарға, үйдің төбесінен су ағатын жерлерге жақындамаңыз, сонымен қатар теледидар, радио және т.б. электрлі қондырғыларды қоспаңыз.Егер сіз орманда болсаңыз, қысқа талдар өскен жерлерді паналаңыз. Биік талдардың қасына, әсіресе қайыңның, еменнің қастарына тығылмаңыз. Су жиналатын жерде немесе оның жағысында тұрмаңыз. Жағадан аласырақ, яғни жоғары жерден төменге түсіңіз. Жазық далада, егістікте немесе қорғанатын жер болмаған кезде жерге жатпаңыз, қазылған жердің шетіне аяғыңызды қолыңызбең ұстап отырыңыз. Егер найзағай дауылы сіз спортпен айналысу барысында болса, дереу тоқтатыңыз. Металлдан жасалған заттарды (мотоцикл, велосипед, мұз ойғыш және т.б. ) шетке қойыңыз және 20-30 м алыс тұрыңыз. Егер найзағай сіз көліктің ішінде отырған кезде болса, машинадан түспей, терезені жауып, радиоқабылдағыштың антеннасын төмен түсіріңіз.

№7 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары


  1. Метеорологиялық қауіпті құбылыстардың түрлері

  2. Анықтамасы және сипаты, кеңістіктік таралуы, күші және қарқындылығы, жиілігі және ұзақтығы, жағымсыз әсерлері

  3. Алдын алу шаралары, атмосферадағы әр қауіпті құбылыс үшін құтқару жұмыстарының түрлері.


Практикалық сабақ №8 Табиғи өрттер.

Сабақтың мақсаты: Олардың сипаттамалары, туындау, даму және таралу ерекшеліктері. Жағымсыз әсерлері, алдын алу шаралары, табиғи өрттерді таратпау және сөндіру тәсілдері


Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №8

Қазақстан Республикасында табиғи өрттердің негізгі түрлері ландшафты өрттер – орман, орманды дала және дала (егіс) өрттері болып бөлінеді.


Ормандағы өртті сөндірудің негізгі жолы суды пайдалану, ал мүмкін болмағанда өртті қолда бар құралдармен сөндіруге күш салады. Мысалы, отты топырақпен көму, оттың шоғын бұтамен жанып кетен жерге қарай сыпыру, қарсы от қою, тулақты немесе киізді пайдалану т.с.с.

Ормандағы өрттердің 80 пайызы халықтың еңбек немесе демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі шараларын бұзуынан, сондай-ақ орманда ақаулы техниканы пайдалану нәтижесінде болады.

Орманның жоғарғы жағындағы өртті сөндіру қиын, сондықтан оны кедергі жасау, күйдіру және суды пайдалану арқылы сөндіреді. Бұл жағдайда кедергінің ені ағаш биіктігінен кем болмауы керек, ал жоғарыдағы өрт аумағының алдындағы күйдірілетін кедергінің (жердің) ені кемінде 150-200 м өрт қанаттарының алдында кемінде 50 м болуға тиіс.

Өрт адамдарға психологиялық тұрғыдан үлкен әсер етеді. Тіпті кішігірім өрттің өзінде адамдарды жаппай үрей билеуі адам шығынына әкелуі мүмкін. Өзін-өзі ұстап үйреген адам қиын сәтте өз өмірін құтқарып қана қоймай, басқа адамдарды, материалдық құндылықтарды да құтқара алады.

Егер сіз орман өртін сөндіру жөніндегі топқа кірсеңіз панахана орны мен оған апаратын жолдарды жақсы білуіңіз керек. Оттан қорғайтын киім киіп, керекті жарақтарды (адамдағы мүмкіндігішне арнайы киім, противогаз, каска, түтіннен қорғайтын маска) пайдалану керек, әр топта сол аймақты жақсы білетін жол серік болғаны дұрыс. Егер түтіндеу аймағындағы көру шегі 10 метрден аспаса, ода оған кіруге болмайды.

Өрттен адамдарды құтқару кезінде өте жылдам әрі тиімді қимылдау қажет, себебі түтін, улы газ, жоғары температурадағы ыстық, ғимараттың құлауы, тез жанатын және улы газ бөлетін заттардың болуы сияқты қауіптер кез-келген жерден шығуы мүмкін. Жанған ғимарат арқылы үсті-басқа ылғал мата (киім) жауып, түтіннен жоғарылай немесе тізерлей қозғалу керек.



Көп қабатты ғимараттарда, егер подъезден шығуға мүмкіндік болмаса, балконды, апаттық люк пен балкондағы баспалдықты, көрші подъезд арқылы, құтқаруға арналған төбенің люгін пайдаланыңыз. Құтқару жұмысына қатысатын адам, алғашқы медициналық көмекті көрсете білуге тиіс.

Өрт

  • Отпен жұмыс істегенде абай болуға;

  • Балалардың отпен жұмыс істеген кездегі қырсыздығына;

  • Қоқысты үйге, аулаға, орманды жерлерде өртеуге;

  • Автокөліктен шыққан жалынға;

  • Күн күркірегендегі найзағайларға;

  • Майланған материалдың үйкелісіне;

  • Күн сәулесінің әйнектен өткен нүктесі.

Өрт елді-мекендегі ғимараттар, ағаш көпірлер, электр желілері мен ағаш бағаналардағы байланыс, мұнай өнімдері қоймаларында және басқа материалдар мен адамдар, ауылшаруашылық малдары өртке шалдығуы мүмкін. Орман алқабындағы шөптерден, бұталардан, ағаш түбіртектерінен, шырпылардан өрт шалады. Ауа-райы құрғақ болған жылдары жоғарғы өрт желдің есебінен ағаштардың ұшар басынан қоқан жапырақты ағаштарын өрт шалады. Төменгі өрт тарау жылдамдығы минутына 0,1-ден 3 метрге дейін, ал жоғарғы өрт желдің бағытына қарай 100 метрге дейін жетеді.

Торф пен ағаштардың тамыры жанғанда жер асты өрті жан-жаққа тарайды.

Торф өзінен-өзі ауасыз суда да жана береді.


Орманда жүргенде есіңізде болсын:

  • Қоқыс пен оттықты тастамаңыз;

  • Отты таратпаңыз және қоқысты өртке қауіпті жерлерде жақпаңыз;

  • Абай болыңыз! Отты таза алаңда жағыңыз;

  • Дем алған жерден кетерде отқа су құйып немесе топырақпен жауып, толық өшіріп кетіңіз;

  • Орманда майланған немесе бензин сіңіп қалған маталарды қалдырмаңыз;

  • Бөтелкенің жәшігі мен сынған бөтелкелерді қалдырмаңыз. Күн сәулесі түсіп өртке айналуы мүмкін;

  • Жаңа басталған өртті сумен, ағаштың жапырақты бұтақтарымен және топырақ тастау арқылы өшіріңіз.


Ескерту шаралары:

Өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында алдын-ала жол салу шаралары жүргізіледі. Орманның ішінен ағашы кесіліп салынған жол жасау және тас төсеп орманда ені 5-10 м, ал қылқан жапырақты орманда 50 м-ге дейін. Елді-мекендерде су көздері мен тоғандар 30 куб метр 1 га алаңға есеппен жүргізіледі. Орманға жақын елді-мекендерде тоғандарды уақытылы тазалау, су толтырып қою 1м-ден жоғары орман ағаштарына 10 л су есебімен, құдықтар мен тоғандарды қайта - қайта жөндеу, тыныс алу органдарын респираторлар мен басқа да жабдықтармен қамтамасыз ету және құрғақшылық уақытта орманға баруды тоқтату (әсіресе көлікпен). Егер сіз орман алқабында немесе торфқа жақын жерде, өртке жақын жерде болсаңыз өз күшіңізбен өртті сөндіруге, әліңіз жетпесе, өрт болып жатқан қауіпті аймақтан шығу керектігін ескертіңіз. Жолға, алаңға, өзеннің жағасы мен судың айналасына, егістікке шығуын ұйымдастырыңыз. Қауіпті аймақтан тез өрт қимылының бағытына перпендикуляр шығыңыз. Егер мүмкін болмаған жағдайда суға кіріңіз немесе су киімді жамылыңыз. Өрт болған жерден шыққаннан кейін тұрған жері өрттің көлемі туралы мекен-жайдың әкімшілігі мен орман шаруашылығы, өрт сөндіру қызметіне хабарлау қажет. Өртті сөндіруді ұйымдастыру керек. Төменгі өртті су құйып, ылғалды топрақтармен, аяқпен тастап өшіру керек. Торфтағы өртті ыстық торфты аударып, су құю арқылы өшіру керек.


№8 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

  1. Табиғи өрттердің түрлері: ормандық, далалық және шымтезектік.

  2. Олардың сипаттамалары, туындау, даму және таралу ерекшеліктері.

  3. Орманды өрттен сақтау шаралары.


Практикалық сабақ №9 Адамдардың, ауыл шаруашылық малдың жұқпалы аурулары, аурулармен және зиянкестермен ауыл шаруашылық өсімдіктердің, дақылдардың зақымдануы.

Сабақтың мақсаты: Халықтың іс әрекеті, қорғану шаралары, алдын алу және болжау.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №9

Жұқпалы аурулардан сақтандыру. Жұқпалы ауруларға қатысты ескерту шараларының кешені жұқпалылық барысының барлық үш буынынажұқпалы ауру көзіне, оның берілу жолына және организм қабілетіне бағытталған.

Жұқпалы көзіне қатысты өткізілетін шараларға ауруды ертерек, белсенді және толық анықтау, оларды дер кезінде оқшаулау, емханаға жатқызу мен емдеу, ошақта дезинфекциялық шараларды жүргізу жатады.

Жұқпалылық барысы екінші буынының – қоздырғыштың берілу жолының үзілуі аса маңызды, сондықтан ауруды сақтандыруда жеке гигиена тәртіптерін сақтауға, халық арасында гигиеналық дағдылар мен санитарлық мәдениетті сақтауға, сақтандыру және жұқпалылармен күрес шараларын жүргізуде денсаулық сақтау органдарына көмектесуге үлкен маңыз беріледі.

Ауру ошағында азық түлік тағамдарының сақталуына, тамақтандыру және сумен жабдықтау нысандарының санитарлық күйіне, азық – түліктің, дайын тағамдардың сақталуы мен тасымалдануына, суды пайдалануға, сондай – ақ, дезинфекциялық шаралардың толық жүргізілуіне ерекше санитарлық – гигиеналық бақылау қамтамасыз етіледі.

Жұқпалы тізбегінің үшінші буынына халықтың бейімділігіне бағытталған сақтандыру шаралары жұқпалы ауруларға қарсы жасанды имумунитет жасау болып табылады. Ауру тудырғыш микроб әсеріне организмнің бейімделмеуі иммунитет деп аталады. Олар туа біткен (табиғи) және келе біткен (жасанды) иммунитет болып бөлінеді.

Туа біткен иммунитетке адамның тумасынан белгілі бір жұқпалы ауруға бой алдырмауы жатады.

Келе біткен иммунитетке шалдыққан аурудан кейін (қызылша, табиғи шешек) болмаса егу нәтижесінде (вакциналау) жасалады.

Дезинфекция немесе зарарсыздандыру адамның қоршаған ортасында жұғымтал ауру қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы шаралар жиыны. Дезинфекцияның жекелеген түрлеріне дезинсекция, яғни жұқпалы ауруды тарататын жәндіктер мен кенелерді жою және дератизация – жұқпалылық тұрғысынан қауіпті кеміргіштерді құрту жатады.

Зарарсыздандыру мақсатына байланысты дезинфекция сақтандыру, ағымдық, қорытынды болып бөлінеді.

Сақтандыру дезинфекциясы жалпы қоғамдық орындар )асхана, монша, кір жуу орыны, шаштараз, вокзал, вагон т.б.) арқылы жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу ықтималдығын ескерту мақсатында өтеді.

Ағымдық дезинфекция жұқпалы аурудың таралуын ескерту мақсатында өтеді: оны жұқпалы ауруға шалдыққандар жатқан емдеу мекемесінде өткізеді.

Ақтық дезинфекцияны жұқпалы дертке шалдыққан әкетілгеннен кейін, сауыққаннан сон немесе қайтыс болғаннан кейін жүргізіледі.

Дезинфекцияға тән көрсеткіштерге байланысты зарарсыздандырудың механикалық, физикалық және химиялық әдістерін қолданады.

Механикалық әдіске бөлме мен орналасқан дүниені ылғалдап тазарту, киім кешек пен төсек орынды қағу, шағ сорғыш көмегімен, әктеу арқылы бөлмені шаңнан тазарту жатады. Залалсыздандырудың механикалық тәсілі әлде қайда қарапайым және қолдануға мүмкіндік бар. Ол сыпыру, тазалау, қағу, барлық мүмкін заттардың бәрін сабындап жуу, дымқылдап тазалау, ғимаратқа таза ауа кіргізу және желдету, әр түрлі жерлердегі микроорганизмдерді шаңсорғышпен сорғызу, су мен ауаны фильтрлеу. Бұл тәсілдер микробтардың санын азайтуға ғана көмектеседі.

Егер залалсыздандыру қоспаларына, қайнақ суға шылап механика­лық тәсіл үйлесетін болса, залалсыздандыру тиімділігі артады.

Қайнату – қайнаған суға бұзылмайтын заттарды заласыздандырудың қарапайым, қолайлы және сенімді тәсілі. Ол ыдыстарды, түкіргішті, дәретке отыратын орынды, іш киімдерді, орамалдарды, халаттарды, тамақтардың қалдықтарын залалсыздандыруға қолданылады.

Көптеген бактериялар қайнаған суда сол сәтте – ақ немесе 2 - 5 минутта өледі. Кейбір вирустар (гепатит В,С), сібір жарасы спорлары (ұрықтары) 60 минуттан кейін өледі, сіреспе, делбе ауруларының спорлары 3 сағаттан кейін, ал ботулизм (тамақтан уланатын ауыр ауру) спорлары - 6 сағаттан кейін өледі. Қайнаған суға 2% - дық ас содасы ерітіндісін немесе сабын қосса оның залаласыздандыру әрекеті күшейеді.

Жоғары температурада қыздыру барлық микроорганизмдерді, соның ішінде олардың спорларын да өлтіреді. Бұған денеге жіберілетін металл заттарды (уколдың инесі) газ отына залалсыздандыру, спиртке матырылған ыстық тампон (тығын) жатады. Шылапшындарды, темір заттар­ды (қайшылар, тістеуіктер, қысқыштар және т. б.) осылай залалсыздандыруға болады.

От құнды емес зақымдалған заттарды: макулатура, қоқыс, шүберектер, дәкілер т.б. өртеу үшін пайдаланылады.

Физикалық әдіс пен құралдар дезинфекцияның қарапайым және ең оңай тәсілі болып табылады. Олардың санатына күн сәулесі мен ультра күлгін сәулесімен емделу, қоқыс пен құндылығы жоқ заттарды өртеу, ыстық су бүрку жатады. Ультракүлгін сәуле (УКС) үлкен бактерицидтік қабілетке ие. Ультракүлгін шамдарды жағу кесте бойынша қатаң жүргізілуі тиіс, оны үйде барлығы білуі керек, өйткені ультракүлгін сәулелер ауруға соқтыруы мүмкін - көздің тез қарығуы, терінің күюі. Шамның жарығы төбеге немесе қабырғаға бағытталады.

Күн сәулесі жақсы залалсыздандырады, бұл оның спектрінің ультра күлгін бөлігіне байланысты.



Залалсыздандырудың химиялық әдістері ауруды күту кезінде бас­ты залалсыздандыру тәсілі болып табылады.

Хлор әгі хлор өткір иісі бар, ақ кристалды ұнтақ. Хлор әгімен залал­сыздандыру хлордың бөлінуіне негізделген. Хлор әгі ішек аурулары, ауа инфекциялары, зооноздар (малдардан жұғатын аурулар), сіреспе ауруларында қолданылады.

Кальций хлориді тұзының үштен екісі — препарат, хлорлы әкке ұқсас, бірақ құрамында 50% дейін активті хлор бар. Ұзақ сақталына алады (2-3 жыл). Хлорлы әк сияқты, 0,1% - 15% концентрациясы сәулелену ерітіндісі түрінде қолданылады.

Хлорамин (БХБ) – хлордың әлсіз исі бар ақ немесе сәл сарғыш ұнтақ. Құрамында 30% дейін белсенді хлор бар. Өзінің белсенділігін 30% дейін төмендетпей жылдар бойы сақтала алады. Хлорлы әктен айырмасы хлора­мин маталардың бояуларын бүлдірмейді. 0,2% - 10% концентрациялы ерітіндісі қолды, щеткаларды, асхана ыдыс – аяқтарын және басқаларды за­лалсыздандыру үшін қолданылады.

Төтенше жағдайлардың салдарларын жою кезінде санитарлық – гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар қолдану қажет. бұл ауру ошағында да, сондай – ақ оған жақын аудандарда да кенеттен және жыл­дам індеттік жағдайлардың ушығуына байланысты. Мұндай жағдайда апаттың қираған және бұзылған ошағы ретінде және соған қалыптасуын жалғастырушы ретінде, гигиеналық маңызды объектілер қатал бақылауға алынады. Оларға жататындар:



  • сумен жабдықтау және құбыр жүйесі;

  • азық – түлік өндірісі, қоғамдық тамақтандыру және сауда объектілері;

  • коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары;

  • балалардың мектепке дейінгі мекемелері және мектептер;

  • зардап шеккен және зардап шекпеген тұрғын үй қорлары;

  • зардап шеккендер мен аурулар орналастырылған, емдеу – алдын алу мекемелері;

  • көшірілген халықты уақытша орналастыру орындары;

Эпидемиологиялық ошақтан орын ауыстыру кезінде анықталған жұқпалы ауруды жұқтырушыларды қалған зардап шегушілерден оқшаулайды. Қауіпті аймақтан аурулар мен саулардың бірігіп көшірілуі олардыі өміріне сыртқы қауіп төніп ұурған (өрт, су тасқыны және басқалар) кезде ғана жүзеге асады. Ауруларды сараптау уақытша ашылған немесе стационарлық емдеу мекемелерінде жүргізіледі.

Көшірудің барлық кезеңінде жұқпалы аурумен ауырғандарды екі топқа бөледі.



Бірінші топқа – байланысы жоқ (жұқпалы емес) немесе бурцеллез, туляремия, менингококты ауру сияқты шағын байланыстағы, кейбір түрлері геморрагиялық безгек, ботулизм және басқа жұқпалы аурулар.

Екінші топқа – аурулары айналасындағыларға қауіп төндіретін ауру­лар, байланысы бар (жұқпалы) және өте тез жұғатын – оба, сібір жарасы, іш ауруы, тырысқақ, вирусты гепатит, қызамық, қызылша, Ласса безгегі, Эбола безгегі, Марбург ауруы және тағы сондайлар.

Дәрігерлік көмек алып жатқан басқа зардап шегушілерден бөліп, екі топтың да ауруларын жеке орналастырады және емдейді. Дала жағдайларында оларға арнап шатырлардан лагерь жасалады, ол ТЖ жағдайларын жою үшін тартылған адамдардың және басқа зардап шегушілердің лагерлерінен арақашықтығы қауіпсіз жерге орналасады.

Апат ауданындағы алдыңғы кезектегі шаралардың бірі – тереңдетілген санитарлық – эпидемологиялық барлау болып табылады. Апат ауда­нындағы санитарлық – эпидемологиялық іздестіру – кұтқару қызметі улы зат­тармен және патогенді микробтармен, ауыз суымен, азық – түлік тағамдарымен, сыртқы орта объектілерімен және зардап шеккен халықты қорғау жөнінде шаралар қабылдау, зақымданған адамдарды дер кезінде анықтау мақсатында қадағалау және зертханалық бақылау ұйымдастырады.

Нақты шараларға байланысты апат болған ауданда зертханалық ба­қылау мен желілік бақылау міндеттері белгіленеді.

Жергілікті жердің радиоактивті зақымдануы кезінде:


  • жергілікті жердегі радиация деңгейін анықтау;

  • ауыз суының ластануын, азық – түлік тамақтарының, мал және өсімдік тағамдарының радиоактивтілігін анықтау;

  • радиациялық қорғау шараларын негіздеу мақсатында сыртқы орта объектілері мен жергілікті жердің радиоактивті зақымдануының адамдар үшін қауіптілігін бағалау;

  • азық – түлік тағамдарына, шикізат пен ауыз суына оларды пайдалану мен ішуте жарамды екендіктері туралы тұжырым жасауға сараптама өткізу.


Дератизация – әдістері, құралдары. Дератизация – жұқпалы аурулардың көзі болып табылатын (оба, ту­ляремия және басқа) кеміргіштерді құрту. Дератизация жасау үшін биоло­гиялық, химиялық және механикалық әдістер қолданылады.

Биологиялық әдіс хайуанаттар (мысық, ит және т.б.) мен бактериалды мәдениетке пайдалануға негізделген.

Механикалық әдісте әр түрлі аулар және қысқыштар қолданылады.

Жетекші әдіс химиялық әдіс болып табылады. Зооқумарин, ратиндан, мырыш фосфады және жейтін жемдеріне қосып беретін тышқан дәрісі кеңінен қолданылады. Жер асты коммуникациялық ғимараттарда дератизация кезінде газ тәрізді заттар қолданылады – нілдеткіш қышқыл, бромды метил, күкіртті газ және басқалар

Кеміргіштерді жою үшін ұсынылатын химиялық зат.

Зоокумарин – өзіне тән исі бар ақ немесе сұрғылт ұнтақ. Сақталуы тұрақты. Суға ерімейді. Ацетонда жақсы ериді, спиртте жаман, эфирде нашар ериді. Әрекеттің созылуы 7 – 15 тәулік. Қан тамырларның өткізгіш қасиеттерін бұзып, қан кетуіне апарады.

Ратиндан – көгілдір не басқа түсті (бояғыш затқа байланысты) түссіз ұнтақ. Сақталуы тұрақты, суға ерімейді. Органикалық еріткіштерде ериді. Әрекет етуінің ұзақтығы 5 – 8 тәулік. Қан тамырларның өткізгіш қасиеттерін бұзып, қан кетуіне апарады.

Мырыш фосфады – сарымсақтың иісі бар қою – сұрғылт ұнтақ. Сакқтау кезінде фосфорлы сутек бөле отырып біртіндеп ыдырайды. Суда ерімейді қышқылда тез ыдырайды. Әрекет етуінің ұзақтығы 2 – 3 тәулік.

Монофторин – күлгін түсті кристалл, сақталуы тұрақты. Спиртте, ацетонда ериді, ыстық суда нашар ериді. Әрекет етуінің ұзақтығы 1 тәулік.

Өлген кеміргіштердің сүйегін мүмкіндігінше жинап, залалсыздандырып барып көмеді. Егер кеміргіштер өте қауіпті жұқпалы ауруларды тасушылар болып табылса, онда олардың сүйектерін тездетіп өртеу керек. Эпидемологиялық ошақта жұмыс істеу және өте қауіпті жұқпалы аурулармен ауыратын аурулармен байланыста болу кезінде қорғану костюмдерін кию керек.


№9 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

  1. Билогоиялық қару туралы түсінік. Эпидемия.

  2. Инфекциялық аурулар. Карантин және обсервация.

  3. Эпизоотия, Эпифитотия.

  4. Жұқпалы аурулардан сақтандыру


Емтихан сұрақтары



  1. Қазақстан Республикасының табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы?

  2. Геологиялық қауіпті құбылыстар. Жер сілкінісі. Анықтамасы, классификациясы. Халықтың жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеті.

  3. Субасудың түрлері. Негізгі себептері. Халықтың сутаскыны мен су басу кезіндегі іс-әрекеті. Сақтық шаралары.

  4. Қазақстандағы аппатты құбылыстардың тарихы.

  5. Жер сілкінісі, оның күші, интенсивтилигі, жиілігі және созымдылығы.Қазақстанда сейсмоқаупті аумактар.

  6. Қар басу. Қар басу кезіндегі іс-әрекеті. Сақтық шаралары.

  7. Төтенше жағдай кезіндегі материалдық шығын және адам өлімдері.

  8. Дауыл. Халықтың дауыл кезіндегі іс-әрекеті. Дауылдан кейінгі негізгі жұмыс түрлері.

  9. Табиғи өрттер. Өрттің түрлері,сипаттамасы. Өртті жайылтпаудың негізгі әдістері.

  10. Төтенше жағдай кезінде адам өмірін және материальдық байлықтарды сақтау.

  11. Шаңды дауыл. Халықтың шанды дауыл кезіндегі іс-әрекеті. Сақтық шаралары.

  12. Қатты қар жауғанда, көктайғақ, аяз, сипаттамалары. Сақтау жұмыстарының түрлері.

  13. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шаралар (Ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау және болжау).

  14. Халықтың қарлы боран, қар басу кезіндегі іс-әрекеті.

  15. Селдің анықтамасы, күші,жылдамдығы. Қазақстаның селқаупті аумақтары

  16. Табиғи төтенше жағдай кезінде дүние жүзілік қарым-қатынастарды нығайту.

  17. Қазақстанда сырғымалар болатын аудандар, күштері, интенсивтліктер, жиілігі, жылдамдығы. Сырғымалар болған кездегі сақтық шаралар.

  18. Су басу, сутасқыны. Каспий теңіздің экологиялық проблемалары. Су басудан сақтандырудын негізгі шаралары. Су басудың зардаптары.

  19. Литосфераның аппатық құбылыстардың классификациясы, түрлері, сипаттамасы.

  20. Құрғақшылық, ылғалдылық сипаттамасы. Оның алдын алу шаралары.

  21. Сырғымалар мен опырылмалар. Сақтық шаралар.

  22. Қазақстан территориясындағы қауіпті және зиянды табиғи жағдайлардың түрлері.

  23. Сырғымалар, қаупінің белгілері: күші, интенсивтлігі, жылдамдығы. Сақтық шаралары.

  24. Жануарлардың өте қауіпті инфекциалық аурулары ( аурудың ерекшеліктері , алдын алу және сақтау шаралары

  25. Төтенше жағдайдың классификациясы, сипаттамасы.

  26. Ормандағы және даладағы өрттер, олардың таралуы. Өртті жайылтпаудың негізгі әдістері.

  27. Өсімдіктердің аурулары ( аурудың ерекшеліктері, алдын алу және сақтау шаралары)

  28. Жер сілкінісі. Жер сілкінісін болжау және алдын ала дайындық жұмыстар жүргізу.

  29. Сел. Сел қаупінің белгілері, күші, интенсивтилигі, жылдамдығы.

  30. Табиғи даладағы ( егістіктегі) өрттер. Өрт кезіндегі зардап шеккендерді іздеу және көшіру. Сақтық шаралар

  31. Жердің эрозиясы, шанды дауыл, олардың ерекшеліктері, зиянды факторлары, осы мәселелерден қорғау және жою жолдары.

  32. Қарлы борандар, дауылдар. Анықтамалар, сипаттамалары. Халықтың төтенше жағдай кезіндегі іс- әрекеті.

  33. Найзағай. Сақтық шаралары. Найзағай соққан кездегі көмек көрсету әдістері.

  34. Торнадо. Анықтамасы мен сипаттамасы, күші және интенсивтлигі.

  35. Көктайғақ. Халықтың және әкімшіліктің көктайғақ болған кезінде іс-әрекеті.

  36. Су басқан кездегі қорғау және қалпына келтіру жұмыстары.

  37. Теңіздік гидрологиялық қауіпті құбылыстар: тайфундар, цунами. Халықтың төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеті.

  38. Су басудың түрлері: өзен, көл немесе теңіз суының көтерілу. Су басудың негізгі себептері. Сақтық шаралары.

  39. Қарлы боран. Залалдан сақтандыру және оны азайту жөніндегі шаралар.

  40. Боранан кейінгі негізгі жұмыс түрлері.

  41. Жер астындағы өрттер. Өртті жайылтпаудың негізгі әдістері. Өрт кезіндегі зардап шеккендерді іздеу және көшіру.

  42. Су басқан аумақтарда адамдарға көмек көрсету. Эвакуация.

  43. Қар көшкіні басып қалған адамдарды іздестіру, құтқару және кейінгі негізгі жұмыс турлері.

  44. Аяз. Температураның төмендеуі кезіндегі халық пен әкімшілік қолданылатын шаралар.

  45. Қатты жамбір. Қатты жамбір болған кезегі қауіпсіз шаралары.

  46. Сел, сырғымалар. Құтқару әдістері, кейінгі негізгі жұмыс түрлері

  47. Қатты жауын-шашын, ірі бұршақ. Залалдан сақтандыру және оны азайту жөніндегі шаралар.

  48. Космостағы қауіпті және зиянды құбылыстар.

  49. Дауылмен, борандын сипаттамасы. Дауылдан және борандан кейінгі негізгі жұмыс түрлері.

  50. Қазақстан Республикасының табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы

  51. Қар басу. Қар басу кезіндегі іс-әрекеті. Сақтық шаралары.

  52. Табиғи өрттер. Өрттің түрлері,сипаттамасы. Өртті жайылтпаудың негізгі әдістері

  53. Шаңды дауыл. Халықтың шанды дауыл кезіндегі іс-әрекеті. Сақтық шаралары

  54. Сырғымалар, қаупінің белгілері: күші, интенсивтлігі, жылдамдығы. Сақтық шаралары.

  55. Жануарлардың өте қауіпті инфекциалық аурулары ( аурудың ерекшеліктері , алдын алу және сақтау шаралары.

  56. Құрғақшылық, ылғалдылық сипаттамасы. Оның алдын алу шаралары.

  57. Найзағай. Сақтық шаралары. Найзағай соққан кездегі көмек көрсету әдістері.

  58. Сырғымалар, қаупінің белгілері: күші, интенсивтлігі, жылдамдығы. Сақтық шаралары.

  59. Халықтың қарлы боран, қар басу кезіндегі іс-әрекеті.

  60. Дауылмен, борандын сипаттамасы. Дауылдан және борандан кейінгі негізгі жұмыс түрлері

&&&

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет