Пәннің оқу-әдістемелік кешені «тж кезіндегі құтқару қызметін ұйымдастыру және басқару іі» пәнінен


Теріні қорғайтын жеке қорғаныс құралдары



бет13/13
Дата10.06.2017
өлшемі2,61 Mb.
#18925
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Теріні қорғайтын жеке қорғаныс құралдары. Теріні қорғайтын жеке қорғаныс құралдары (ТҚЖҚҚ) қорғау қызметі бойынша оқшаулағыш және сүзгіш болып екі топқа бөлінеді. Оқшаулағыш құралдардың матералдары газ бен сұйықтықтардың өтуіне жол бермейтін арнайы қабатпен (пленкамен) қапталған.

ТҚЖҚҚ – да үздіксіз болудың ең жоғарғы деңгейі тек бейімделуден өткен құтқарушыларға ғана қолданылуы мүмкін.

Көлеңкеде, күн бұлт кезде және желді ауа райында қорғаныс құралдарында жұмыс істеу мерзімі екі есе ұлғайтуға болады. Аталған темперетурада екінші рет қорғаныс киімінде жұмыс істеу 30 мин дем алғаннан кейін ғана жүргізіледі. Үздіксіз жұмыс істеу уақытын ұлғайту үшін қорғаныс құралдарын деміл – деміл суытып отыру қажет. Суық сумен, сондай – ақ қорғаныс киімінің сыртынан мақта – маталы экрандар кию керек. Бұл экрандарды жұмыс барысында деміл – деміл сулап тұру қажет. Қорғаныс киімімен қыс уақытында жұмыс істеген кезде қатып қалмас үшін тиісті шаралар қолдану керек: аяққа жылы шұлғау орау немесе шұлық кию керек, етікке зығыр шашағын, сабан, қағаз және т.б. салу керек, қорғаныс киімінің ішінен мақталы күртеше, шалбар; басына қорғаныс киімінің астына бас киім киюлері керек.

Сүзгіш қорғаныс құралдары ҚӘУЗ буларын залалсыздандыруға арналған, техникалық құраммен сіңірілген, арнайы материалдардан тігілген киім болып табылады. Құтқарушылар арнайы киімдердің ондаған түрлерін пайдаланады. ҚӘУЗ – ден қорғану тұрғысынан алғанда келесі топтағы қорғаныс киімдері жоғарғы сұранысқа ие:



  • улы заттардан (сұйық, қатты және аэрозольдардан қорғауға арналған) қорғайтын арнайы киім;

  • қышқыл ерітінділерінен қорғайтын арнайы киім;

  • сілтілерден қорғайтын арнайы киім.

Ережеге сәйкес, теріні қорғайтын құралдар қайырмалы бас киімі бар күртеше және жартылай комбенезон түрінде дайындалған.

Авария ошағындағы ҚӘУЗ – ден қорғану үшін негізінен оқшаулағыш типтегі ТҚЖҚҚ қолданылады.

Химиялық оқшаулағыш жиынтық КИХ- 4 (КИХ-5). Газ тектес ҚӘУЗ – дердің (хлор, аммиак) жоғарғы қоспалары әсер ету жағдайында, азот және күкірт қышқылы, сондай – ақ сұйық аммиактың әсер етуі жағдайындағы жұмыстарды орындау барысында газдан құтқару бөлімшелерінің, авариялық – құтқару құрылымдарының және АҚ әскерінің жеке құрамын қорғауға арналған. Жиынтық құрамына қорғаныс костюмі, резеңке және мақта – маталы қолғаптар кіреді. Костюм герметикалық қайырмалы бас киімі бар комбенезоннан тұрады. Оның беткі бөлігіне панорамалық әйнек жапсырылған. Комбенезонның шалбары резеңке материалдан жасалған шұлықпен аяқталады, олардың сыртынан резеңке етік киіледі. Арқа бөлігінде костюмді киіп – шешуге арналған тесік бар. Ол костюм материалымен герметизацияланып, жабылады. Костюм тігістерін герметизациялау алдыңғы жағынан жүзеге асырылады. Бұл мақсатта жабыстырылатын лентаны пайдаланады.

Авариялық қорғағыш жиынтық. Құтқарушыларды ашық оттың қысқа мерзімді әсерінен, жылулық сәулеленуден және кейбір газ тектес ҚӘУЗ – ден (күкіртсутек) қорғауға арналған. Күкіртсутектің әсер еткен кездегі от ошағына жақын тұру жағдайында авариялық жұмыстарды жүргізу кезінде қорғануға арналады. Газконденсатты және мұнай кен орындарындағы өрттер кезіңде тері жамылғысы мен тыныс алу органдарын қорғаныспен қамтамасыз етеді. Жиынтық құрамына екі косютм (жылу шағылыстыратын және жылудан қорғайтын), етік пен үш палды қолғап кіреді.

Жылудан қорғайтын костюм маталық емес, жылуға тұрақты материалдан (фенелон АТМФ-1) дайындалады. Астары мақта – матадан салынып, комбенезон түрінде дайындалған. Алдыңғы жағынан «сыдырма» ілгегі бар, ал артқы жағында тыныс алу аппаратына арналған құндағы бар. Қорғаныс жиынтығы мақта – матадан дайындалған арнайы киімнің сыртынан киіледі.

Костюм астынан киілетін желдеткіш кеңістігі бар Ч - 20 оқшаулағыш қорғаныс жиынтығы. Құтқарушының тыныс алу органдары мен терісін газтәрізді және сұйық ҚӘУЗ – ден қорғауға арналған. Оны авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізгенде және авариялардың зардаптарын жойған кезде киеді. Жиынтық: шешілетін жартылай етігі бар герметикалық комбенезоннан, қолғап пен шешіліп алынатын қайырмалы баскиімнен тұрады, беткі бөлігіне МГП немесе М-80 бетпердесі желімделген. Комбенезон мен қайырмалы баскиім прорезинді материалдан жасалған. Тыныс алу мен костюм астындағы кеңістікті желдетуге арналған ауаны жіберу мен тазалап отыру – комбенезон астында орналасқан ауа беру мен тазалау торабы арқылы жүзеге асырылады. Ауа беру мен тазалау торабы: қоректендіру блогынан, шағын желдеткіштен, ҚӘУЗ – ден жоғарғы дәрежеде қорғау қасиеті бар газқағар қораптан тұрады. Бұдан басқа жиынтықтың ішіне мақталы – маталы материалдан жасалған көкірекше (жилет) мен шлемнің астынан киетін қабат кіреді. Қорғаныс жиынтығы іш киімнің сыртынан киіледі. Пайдаланылып болғаннан кейін жиынтықты сыртынан су құю арқылы залалсыздандырады.

ҚӘУЗ – ден қорғайтын сүзгіш типтегі жеке қорғаныс құралына жататындар: ФЗО - МП сүзгіш қорғаныс киімі, ЗФО - 58 сүзгіш қорғаныс киімі, сілті мен кышқылға қарсы костюм және жалпы әскерге арналған қорғаныс жиынтығы. Бұл құралдардың барлығы оқшаулағыш газқағармен бірге қолданылады.



ФЗО – МП сүзгіш қорғаныс жиынтығы. Әр түрлі ҚӘУЗ – ден теріні қорғауға арналған. Шалбар мен бас киімі бар күртешеден тұрады, екі қабатты; жоғарғы қабаты мақталы – лавсанды матадан жасалған, қышқылдан қорғайтын сіңдірмесі бар. Жиыктыққа бөзден жасалған ішкі қабат (күртеше мен шалбар), біріктірілген қолғаптар, рәзеңкелі – текстильді бәтеңкелер. ФЗО – МП жиынтығының құрылысы ҚӘУЗ буларының тері жамылғысына түсуін болдырмайды.

ЗФО 58 сүзгіш қорғаныс киімі. Әр түрлі ҚӘУЗ – дің буларынан теріні қорғау үшін пайдаланылады. Мақта – маталы комбенезоннан, іш киімнен, шлем астынан киетін қабаттан, екі жұп шұлғаудан тұрады. Аварияны қоршауға алған кезде жүргізілетін құтқару жұмыстарында пайдаланылады.

Сілтіге, қышқылға қарсы костюмдер. Күйдіретін натриймен (35% дейінгі концентрациясы бар), қышқылдардың ерітінділерімен (22% дейінгі концентрациясы бар) жұмыс жасағанда және ҚӘУЗ – дің жоғарғы концентрациясындағы буларынан қорғану үшін пайдаланылады. Костюм құрамына кіретіндер: күртеше, шалбар, қалпақ, қолғаптар, шлем – маска. Екі өсу шегі бар бір қабатты прорезиналық матадан тігіледі.

Жалпы әскерлік қорғаныс жиынтығы. Әскер мен АҚ құрылымдарының құтқару жұмыстары кезінде ҚӘУЗ – ден қорғануына арналған. Жалпы әскерге арналған қорғаныс костюмымен бірге қолданылады. Костюм құрамына кіретіндер: күртеше, шалбар, шлем астынан киілетін қабат, күнқағары бар пилотка, қорғаныс киім, қорғаныс кольцондары, қорғаныс шұлықтары, қорғаныс қолғаптары, қорғаныс плащы.



Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Теріні қорғайтын жеке қорғаныс құралдары.

  2. Есту органдарын қорғайтын жеке қорғаныс құралдары.

  3. Авария ошағындағы ҚӘУЗ – ден қорғану үшін оқшаулағыш типтегі құралдар.


№ 13 сабақ Теріні қорғауға арналған қолда бар құралдар



Сабақтың мақсаты: Теріні қорғауға арналған қолда бар құралдар ретінде қарапайым, су өтпейтін плащтар мен жабулар, сондай ақ калың әрі мықты материалдан жасалған пальтолар, мақталы күртешелер және т.б. Аяқты қорғау үшін резина етіктер, ботылар мен галоштарды пайдалануға болады. Егер олар жоқ болса, аяк киімді қалың қағазбен орап, сыртынан матамен қаптап тастау керек. Қолды қорғау үшін қолда бар барлық резеңке немесе теріден жасалған қолғаптарды пайдалануға болады.
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №13
Технолгиялық санитарлы – техникалық және санитарлы – гигиеналық іс – шаралармен қоса қорғаныс майларын, пасталарын, кремдерін пайдалану терінің кәсіби ауруларға шалдығуының алдын алу бойынша жасалған ең тиімді іс – әрекет болып табылады. Бұл құралдар тері мен оған әсер ететін сыртқы ортадағы тітіркендіргіштер арасындағы қалқан болып табылады. Тек қана ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің рұқсатын алған, стандартты және стандартсыз көлемде арнайы кәсіпорындар шығаратын дермотологиялық құралдарды ғана пайдалану керек. Арналуына қарай және физика – химиялық құрылысына қарай қорғаныс майлары, пасталар мен кремдер үш топқа бөлінеді.

Бірінші топқа қолдың терісін судан, қышқыл ерітінділерінен, сілтілерден, сулы және содалы майлық эмульсиялардан және тағы да басқа химиялық заттардан қорғауға арналған гидрофобты препараттар жатады. Бұл топқа жататын құралдар сумен жуылмайтын және онда ерімейтін заттардан тұрады, мысалы:

  • ИЭР-2 пастасы парафиннен, цезериннен, вазелин немесе сепаратты майлардан тұрады. Тері жамылғысын әр түрлі қышқылдың сулы ерітіндісінен, сілтілерден, тұздардан және сілтілі – майлы эмульсиялардан қорғауға арналған;

  • Қолға арналған силикон кремі. Қолдың терісін судан, тұздың сулы ерітіндісінен, қышқылдардан, сілтілерден және т.б. қорғауға арналады.

Екінші топқа органикалық сусыз ерітінділермен, мұнай өнімдерімен, майлармен, лактармен, қара маймен жұмыс жасағанда қол терісін қорғауға арналған гидрофильді препараттар кіреді.

  • ИЭР – 1 пастасының құрамында арнайы сұйық сабын, техникалық глицирин, ак балшық (каолин), су бар. Органикалық ерітінділермен, минералды майлармен, лактар және сырлармен жұмыс жасағанда қолдың терісін қорғауға арналады;

  • ХИОТ – 6 пастасының құрамында тағамдық желатин немесе фотожелатин, бидай немесе картоп крахмалы, медициналық глиценин, Буров сұйықтығы және су бар. Таскөмір және минералды майлармен, мұнай өнімдерімен, әр түрлі органикалық еріткіштермен және лактармен жұмыс жасағанда алдын ала қолдануға арналған;

  • ПМС – 30 силиконды қорғаныс кремі – бір текті ак масса, шошқа майының консинтенциясы. Эмульсиялық балауыздан, кастор майынан және басқа да пайдалы заттардың сұйықтықтарынан тұрады. Қол терісін мұнай өнімдерінен қорауға арналған.

  • «Пленка түзуші» крем құрамында эмульсиялық балауыз, полтвинилді спирт, карбоксилметил – целлюлозаның натрий тұзы, желатин, глицерин, тальк, титанның екі тотығы, консервант, су бар. Қолдың терісін мұнай өнімдерінен, органикалық еріткіштерден, лактардан, қарашайдан, желімнен қорғауға арналған.

Үшінші топқа тазартқыштар кіреді. Олардың құрамында сабын, сілтілер, тұздар және үстіртін – белсенді заттар бар. Бұлардың барлығы қолдағы майды тазартуға арналған: автол майы. Автолды пайдалана отырып жасалған, крем тектес май. Қолды мұнай және т.б. кірден тазартуға арналған. «Ралли» пастасы. Майлағыштармен, татпен, майлы сырлармен, графитгі – майлы және басқа да заттармен кірлеген қолды тазартуға арналған.
Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Теріні қорғауға арналған қолда бар құралдар.

  2. Аяқты қорғау үшін құралдар.

  3. Физика – химиялық құрылысына қарай қорғаныс майлары.



№14 сабақ Электрден қорғау құралдары

Сабақтың мақсаты: Электрден қорғау құралдары негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді. Электрден қорғайтын негізгі құралдарға электр құралдарының 1ООО В астам кернеу өткізетін бөліктерімен жанасқанда қорғайтын құралдар жатады: өлшеуге арналған оқшаулағыш штангтар, оқшаулағыш және тоқ өлшейтін қысқьштар, кернеу көрсеткіштері, оқшаулағыш құрылғылар, құрал жабдықтар (сатылар, алаңдар, ұстап тұратын құралдар). 1000 В дейінгі кернеулі электр құрылғыларына құралдарға оқшаулағыш тұтқасы оқшаулағыш қысқыштар, сондай – ақ траптар, және темірбетон тіреуіштері бойымен қозғалуға арналған құралдар, диэлектрикалық қолғаптар, кернеу көрсеткіштері жатады.


Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №14



Электрден қорғайтын қосымша құралдарға жататындар: диэлектрикалық етіктер мен галоштар, оқшаулағыш тіреуіштер, диэлектрикалық кілемшелер мен жолақтар.

Желідегі немесе электр құрылғыларындағы кернеудің бар – жоғын анықтау үшін белсенді тоқтың өту принципі бойынша жұмыс істейтін арнайы көрсеткіштер мен кернеу сигнализаторлары жатады. Кернеуі 500 В болатын электр құрылғыларындағы кернеудің бар – жоғын тексеру үшін арнайы кернеу көрсеткіштері қолданылады. Кернеуі 1000 В аса болатын электр құрылғыларындағы кернеудің бар – жоғын тексеру үшін кернеу көрсеткіштері қолданылады. Көрсеткіштің (индикатор) жұмыс істеу принципі ол арқылы электр тоғы өткен кезде неон шамдарының жануына негізделген. Өткізгіштегі 10 В дейінгі кернеулі электр тоғының күшін өлшеу үшін тоқ өлшейтін қысқыштар пайдаланылады. Оқшаулағыш құралдар, кернеу көрсеткіштері және ток өлшейтін құрылғылар тек тиісті кернеуге ғана қолданылады және ақаусыз және сынақ мерзімінен өткені туралы белгісі болуы керек.

Резиналық диэлектрикалық электрден қорғау құрылғылары басқа заттардан бөлек, жабық шкафтар немесе жәшіктерде сақталады. Оларды майдың, бензиннің және тағы да басқа заттардың әсерінен қорғау керек, ал қолданар алдында мұқият қарап шығып, жақсылап тазалау керек. Өшірулі тұрған электр құрылғыларымен жұмыс істеуге арналған электрқондырғылар: қалқандар, оқшаулағыш төсемдер (15 кВ кернеу болғанда) және резина қалпақтар. Сонымен қатар, электрден қорғау құрылғыларына биіктікте жұмыс жасауға арналған құрылғылар да жатады: қорғап тұратын монтер белдіктері, белдігі бар монтер тырнақшалары, сақтандырғыш арқандар, телескоптық бағаналар, аспалы – баспалдақтар, қосалқы баспалдақтар. Монтерлық белдіктер мен тырнақтар тиісті сынақтан өткеннен кейін ғана пайдалануға беріледі. Белдіктер 225 кг жүкті, ал тырнақтар 135 кг жүкті 5 мин. ішінде көтеріп тұруға шыдайды. Барлық аспалы – баспалдақтар қосалқы баспалдақтар белгілі бір учаскеде болуы керек және нысанның номері көрсетілген тақтайшалары болуы керек. Қауіпті орындарда қағылған ескерту тақтайшалары да электрден қорғау құралдарына жатқызылады. Өзінің арналымы бойынша плакаттар төрт топқа бөлінеді:


  • алдын ала ескертетін: «Ұстама – қауіпті», «Жоғарғы кернеулік – өмірге аса қауіпті» және т.б.

  • тиым салатын: «Қосуға болмайды – жұмыс жүріп жатыр», «Қосуға болмайды – желіде жұмыс жүріп жатыр». Әдетте бұл плакаттар желіде өңдеу жұмыстары жүріп жатқан кезде қойылады;

  • рұқсат ететін: «Осында жұмыс жаса», «Осы жерден шық» - жұмыс орындарын нұсқау үшін.

Адамды электр тоғы соққан кезде дереу тоқтан ажыратып, алғашқы көмек көрсетуге тырысу керек. Аз ғана кешігудің өзі (5-6 мин жоғары) ауыр, кейде орны толмас жағдайларға алып келеді. Адамды электр тоғының әсерінен жылдам ажырату үшін, тоқты жылдам сөндіру керек немесе желіден ажырату керек. Егер бұл мүмкін болмаған жағдайда зардап шегушіні ток көзінен ажырату қажет.

Егер адам биікте тұрып зақым алса (желігі немесе бағанаға ілініп ), оны құтқару бойынша және зардап шегушінің зақым алып қалмау үшін барлық іс – әрекеттерді жасау керек. Мысалы, егер биіктік үлкен болмаған жағдайда адамды қолына қағып алу керек немесе брезентті, қандай да бір материалды керіп тұру болмаса, болжалды құлау орнына жұмсақ зат төсеу. Кернеуі 1000 В болатын тоқ желісінен адамды ажыратып алу үшін қолда бар құрғақ заттарды пайдаланады: сырық, тақтай, киім, арқан немесе басқа да тоқ өткізбейтін заттар; бұл кезде құтқарушы электрден қорғау құралдарын пайдалануы керек: кілемше, диэлектрикалық қолғаптар және зардап шегушінің тек киімін тартып ажыратады (егер құрғақ болса).



Егер 1000В астам кернеуден ажыратқан кезде штангамен оқшаулағыш қысқыштармен пайдаланады, оған қоса құтқарушы диэлектрикалық боты мен қолғапты киюлері керек. Зардап шегуші электр тогының әсерінен ажыратқаннан кейін дәрігер келгенше тыныштықпен қамтамасыз ету керек, таза ауамен дем алғызып, мүсәтір спиртін иіскету және денесін жылылап қою қажет. Егер зардап шегуші есін жоғалтқан болса, дәрігер келгенше қолдан тыныс алдыруға кірісу керек.
Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Электрден қорғау құралдары.

  2. Электр құралдарының 1ООО В астам кернеу өткізетін бөліктерімен жанасқанда қорғайтын құралдары.

  3. 1000 В дейінгі кернеулі электр құрылғыларына құралдары.




№ 15 сабақ Биіктен құлаудан қорғайтын жеке қорғаныс құралдары

Сабақтың мақсаты: Қорғаныс белдіктерінің негізгі арналымы – құлау биіктігінің шектелуі, адамның жерге құлауын болдырмау, ғимараттардың немесе ғимараттардың құрылысы өмірлік қажетті органдардың зақымдалуын болдырмайды. Сондықтан ҚБ адамның құлауын мүлде болдырмау үшін емес, оның өмірінің сақталуын және ауыр жарақаттардан қорғануын камтамасыз етеді.
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №15

Қорғаныс белдіктері (ҚБ). Жоғарыдан құлау кезінде қорғап қалатын жеке қорғаныс құралдары екі топқа бөлінеді: баулы және баусыз. Баусыз қорғаныс белдіктері бір ғана элементтен тұрады – құтқарушының белін немесе кеуде қуысын қамтиды, баулы қорғаныс құралдары құтқарушының иығы мен аяғын қамтып тұратын баудан тұрады. Иыққа және аяққа тағылатын баулар құтқарушының биікте атқаратын әр түрлі жұмыстарының сапасын арттырады. Бауы бар белдіктерді тар жерлерде пайдалану өте тиімді (жер асты резервуарлары, құдықтар), егер жазатайым оқиға орын алған кезде зардап шеккен адамды бауынан тартып шығару оңайырақ болады. Бауы бар қорғаныс құралдарын биіктікте тігінен тұрып жұмыс жасағанда өте тиімді болып келеді. Егер құтқарушы биікте жұмыс істеген кезде орнын жиі алмастыратын болса, қорғаныс белдіктері қысып, кедергі жасауы мүмкін, сондықтан баусыз қорғаныс құралдарын пайдаланған ыңғайлы болады, өйткені олар оңай шешіліп, жағдайын ауыстыра алады.

Қазіргі таңда Б, В, Г тектес белдіктерді кеңінен пайдаланады. Олар тіреуіші болат арқаннан және (аз мөлшерде) тіреуіші ұзынынан реттелетін ҚБ болып табылады. ҚБ шет елдік түрлері де кеңінен қолданылады. Шет елдік ҚБ – ның бір айырмашылығы, тіреуіш ретінде шет елдердегідей капрон жіптен емес, болат шынжыр пайдаланылады.

Металлдан жасалған тіреуіштерді пайдаланудың қажеттілігі айтарлықай дәрежедегі отты жұмыстардың (электрдәнекерлеу және газбен дәнекерлеу) барлығымен, сондай – ақ көп мөлшерде прокатты профилдерді (швеллерлер, бұрыштар, двутаврлар) пайдалану және өткір қырлы беттік конструкцияларды пайдалануға, яғни олардың тез желініп кетуінен сақтауға негізделеді. Тәжірибелер көрсеткендей, болат шынжырлардың жекелеген жетіспеушіліктеріне (салмағы ауыр және қатты, суық мезгілдерде адамның мойын бөлігі мен иығын суытып жібереді) қарамастан, құрылыстық конструкцияларда, құбырларда технологиялық құрылғыларда жұмыс жасағанда өте сенімді және қаупсіз болып табылады. Болат шынжырлардың артықшылықтары ретінде ҚБ жұмыстан тыс уақытында ескіруге қарсы тұратындығын атап өтсе болады. Отандық белдіктердің шет ел белдіктерінің алдындағы артықшылықтарының бірі оларда адамға ҚБ қорғаныс қызметі кезінде динамикалық күш ауқымын қауіпсіз деңгейге дейін төмендететін амортизатор конструкциясының болуы. Амортизатор – екі қабат қылып бүктелген және қарама – қарсы бағытта капрон жіппен тігілген белгілі бір ені бар капрон лентадан тұрады. Бұл жағдайда динамикалық ауыртпалықтың төмендеуі тігілген жіптердің үзілуі есебінен болады.

ҚБ пайдалана отырып, оның реттелуі мен пайдалану ережесін білу керек. Қорғаныс белдігі адамның денесіне жабысып тұруы және белінен жоғары – төменгі қабырғаларының деңгейінде орналасуы қажет. Белдікті дұрыс орналастыру үшін ұзындығын реттеп алу керек. Бірігетін жерінде жарықшақтар болмау керек. Серіппелері бүтін болуы қажет. Бірігетін жерді ашып – жауып тексерген кезде қызметі бұзылмауы керек. Карабиннің жұмыс істеу жағдайын тексеру тиіс. Амортизатордың ашық бөлігіндегі лентаның тігісі тексеріледі. Оның амортизатор шлевкасындағы жағдайы тексеріледі, аталған жерлердегі шегелер мен ленталардың жағдайы тексеріледі. Шеге айналасындағы лента жыртылған және шашақталған болмауы керек. Амортизатордың қабығы зақымдалмаған, тігісі сөгілген болмауы тиіс. Карабиннің тұтқасын басқан кезде ол ашылады да қолды жазғанда – автоматты түрде жабылып, құлыпталып қалады.

Белдіктерді желдетілетін бөлмелерде ілінген күйінде сақтау керек немесе бірінің үстіне бірін қоймай, бөлек – бөлек сөреге қою керек; сонымен қатар күн сәулесінен қорғалуы тиіс. ҚБ өздігінен жөндеуге болмайды. Егер құтқарушы құлаған кезде ҚБ зақымданған болса, міндетті түрде жаңа қорғаныс белдігіне ауыстырылуы керек. Құтқарушыларды биіктен құлаған кезде қорғап қалатын жеке қорғаныс құралы ретінде елімізде, шет елдердегідей биіктіктен қорғайтын құрылғылар (БҚҚ) пайдаланылады. БҚҚ – дағы қорғаныс арқаны ретінде диаметрі 4,8 мм болатын болат арқандарды пайдаланады. Биіктіктен қорғайтын құрылғылар болтпен бекітілген, екі дөңгелек немесе сопақша келген қаптамадан тұрады; олардың ішінде барабан болады, ол барабандарға болаттан жасалған, 4-6 қабатты қорғаныс арқаны оралады. Барабанға серіппе құрылғысы орналастырылған, ол арқанды құрылғыдан суырғанда оның ақырын тежелуін қамтамасыз етеді. Арқанның аяғы түйінмен, арнайы сақинамен немесе карабинмен аяқталады. БҚҚ – ны пайдалану үшін мықты бекітілген ғимарат бөлігіне немесе жұмыс орнының үстіне бекітілген арнайы құрылғыға біріктіреді. Қорғаныс белдігінің карабинін қорғаныс арқанына таққан құтқарушы жұмыс операцияларын орындауға кіріседі. Жұмысты орындау кезінде құтқарушы кенетен құлап кететіндей жағдай туындаса, қорғаныс арқанының БҚҚ дан шығару жылдамдығы жоғарлайды, осының нәтижесінде тежелу механизмі аз ғана секунд ішінде іске қосылып, жылжып бара жатқан арқанды толығымен тоқтағанға дейін қысып тұрады. Бұл жағдайда құлап бара жатқан адамның жерге, ғимарат үстіне немесе құрылыс бөлшектеріне құлауын болдырмайды, яғни оның жарақаталуына жол бермейді. Құлаған адам кұрылғыны барабанға орау арқылы, өздігінен немесе басқа адамның көмегімен көтеріледі. Құрылғы артықшылықтарының бірі қорғаныс арқанының айтарлықтай ұзын болуы (10 м дейін), бұл жұмыс операцияларын орындау кезінде БҚҚ бекітілген жерден 10м дейін төменге еркін козғалуына мүмкіндік береді. Сондай –ақ тағы да бір артықшылықтарының бірі бұл құрылғылардың көп мәрте пайдалануға болатындығында.

БҚҚ – ның кемшіліктеріне жататындар: оларды орнату мен бекіту кезінде косымша жұмыс операцияларын жасау қажеттілігі; жұмыс орнынан құлаған жағдайда – құрылысқа соғылу салдарынан жарақат алу қауіпі бұл жағдайда құлап бара жатқан адамның денесіне тек қана тігінен төмен қарай бағыттанған ауырлық күші әсер етпейді, онымен қоса ортаға тартушы күш те әсер етеді, осының әсерінен ол маятник секілді солдан оңға немесе керісінше, құрылғыны бекіту нүктесі арқылы өтетін тік осьтен; бұл фактор БҚҚ – ны пайдалану саласын шектейді.

Бүгінгі таңда тігінен келген қорғаныс қанаты бар қағып алушылар кеңінен қолданылып жүр. Қағып алушының негізгі арналымы – тік немесе көлденең (көкжиек сызығына 75% жоғары) жазықтықтан қауіпсіз түсіп, көтерілу. Бұл типтегі құрылғылармен көп елдің альпенистері кеңінен колданады.

Табиғи ландшафт жағдайындағы жұмыс кезінде құтқарушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қорғаныс жүйесін пайдаланған тиімді. Құлап кетіп, қорғаныс арқанына ілініп қалған кезде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған отандық стандартты қорғаныс жүйесі бел орамы мен күркеден тұрады. Кеуде орамы қандай да бір болмасын орамдардың негізі болып табылады және мықты синтетикалық лентадан (белдік) және тартпадан жасалады. Кеуде орамы ұзақ мерзімге арқаңда ілініп тұрған кезде өздігінен қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайды, сондықтан күркемен бірге қолданған дұрыс болып табылады. Күрке белге тағатын белдіктен және жамбастық сақиналардан тұрады. Орама мен күркенің бір жүйеге қосылуы реттеліп отыратын тоқыма бау арқылы жүзеге асырылады. Төмен қарай түскен кезде ең алғашқы серпіліс кеуде орамы одан кейін барып жамбас сақиналарына бөлінеді. Негізінен күрке арқылы серпілісті басқан кезде ауыртпалықтың көбі төмен құлаған адамның омыртқасына түседі, бұл жарақатқа алып келуі мүмкін.

Қорғаныс жиынтығы екі топқа бөлінеді:



  • кеуде орамы мен күркеден тұратын бөлінбейтін жүйе;

  • пайдалану үшін біріктірілетін (қосылатын) кеуде орамы мен күрке.

Пайдалану кезінде қорғаныс жүйесіне міндетті түрде қауіпсіздік талаптары қойылады. Оның құрылысы құтқарушы ауру сезімдерінсіз, еркін қозғалып, 10 минут көлемінде онда асылып тұратындай болуы тиіс. Бұл кезде ауырлық орама мен күрке аралығында тең бөлінеді. Аударылып кетпеу үшін жүйенің ілгегі кеудеден төмен болмауы керек. Оның бөліктерін бөлек пайдалануға болмайды: тек қана күркені пайдаланған кезде омыртқаның ауыр зақымдалуы мүмкін; тек бір ғана орамда ілініп тұру – құтқарушының кеуде қуысының жаншылуы салдарынан 10-12 мин кейін түзетуге келмейтін жағдайға алып келуі мүмкін. Металл бөліктері (тоғалары, сақиналары және т.б.) шегіне дейін жеткізіледі, радиусы 3 мм кем емес, олар қолтық астында, бүйрек аумағы мен аяқ арасында орналаспауы керек. Олардың желініп кеткендігін білу үшін барлық тігістер қарама – қарсы жіптермен тігіледі; соңғы; орама лентасы, күрке және біріктіретін баулар желініп кетпеуі тиіс. Орамды күркемен жалғастыру үшін жұмсак жіппен немесе көлемі 14x2 мм болып лентамен жасалады. Сондай – ақ орам мен күркені байланыстыру үшін карабинді пайдалануға болмайды.

Еңбекті қорғау ережелерінің талаптарын қатаң сақтау қандай да болмасын ТЖ зардаптарын жою кезіндегі құтқарушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.


Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Қорғаныс белдіктері.

  2. Пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптары.

  3. Табиғи ландшафт жағдайындағы жұмыс кезінде құтқарушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.


Емтихан сұрақтары


  1. Төтенше жағдайды жоюды ескерту жөніндегі мемлекеттік жүйесі.

  2. Зақым ошағында барлау және басқа шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру реті.

  3. Құтқарушылардың құқығы, міндеттері.

  4. Құтқарушылардың кәсіби дайындығының деңгейі.

  5. ТЖМЖ күштері мен құралдары.

  6. Құтқару жұмысын жүргізу кезіндегі инженерлік барлау бөлімінің негізгі міндеттері.

  7. Барлау жұмысын жүргізуді ұйымдастыру жолдары.

  8. ТЖ кезіндегі кешенді барлауды ұйымдастыру.

  9. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу, жою концепциясы.

  10. Іздеу құтқару жұмыстарын ұйымдастыру.

  11. Құтқару жұмыстары кезінде адамдарды іздестіру, оларға алғашқы медициналық көмек көрсету реті.

  12. Техниканы және алдамдарды залалсыздандыру ( санитарлық өңдеу) әдістері.

  13. Табиғи апаттар кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері.

  14. Шұғыл авариялық - құтқару жұмыстарды жүргізу.

  15. Төтенше жағдайды жоюды ұйымдастыру және оларды жүргізу тәртібі, құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу.

  16. Құтқару жұмыстарын жүргізуші күштер мен басқару органдарының қажетті техникалық қамтамасыздандару дәрежесін анықтау.

  17. Химиялық улану кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері

  18. Көлікте болған авария және апаттар кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері.

  19. Зақымданған аймақтағы құралдар мен күштерді басқаруды ұйымдастыру.

  20. Шұғыл авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізу.

  21. Құтқару техникасын қолдана білу, апат ошағының жерін залалсыздандыру.

  22. Зақым ошғында барлау және басқа шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері.

  23. Басқару құрылымы, құтқарушылардың, халықтың психикалық жағдайын басқарудың әдістері.

  24. Төтенше жағдай кезіндегі іздеу құтқару жұмыстарын басқару.

  25. Жұмысты басқаруға байланысты халықты құлақтандыруды ұйымдастыру.

  26. Өндірістік апаттар кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері.

  27. Шұғыл авариялық-құтқару жұмыстарды жүргізу,құтқару техникасын қолдану.

  28. Төтенше жағдай зардаптарын жою.

  29. Төтенше жағдайдың адамдар психологиясына әсері.

  30. Апат ошағының жерін залалсыздандыру.

  31. Бейбіт және соғыс уакытындағы болған ТЖ-да көшіру шараларын жүргізуді ұйымдастыру.

  32. Іздеу құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдары.

  33. Өрттер кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері.

  34. Халықты эвакуациялау және басқа жерге көшіру.

  35. Төтенше жағдайлардың қауіп-қатері, туындауы немесе жоюы кезінде ақпаратты беру жөніндегі нұсқау.

  36. Құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпті және зиянды факторлар – факторлар тобы.

  37. Жер сілкінісі кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері.

  38. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу, жою концепциясы және осы облыстағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру.

  39. ТЖ туындаған кездегі шараларды жоспарлаудың кезеңдері мен элементтері.

  40. Қорғаныс және іздеп табу құралдары –топтасуы, класстары, құрал – жабдықтары.

  41. Зақым ошғында барлау және басқа шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері.

  42. Халықты АҚ бойынша және ТЖ кезіндегі іс-қимылдарға үйретуді және дайындауды ұйымдастыру.

  43. Төтенше жағдайлар және қажеттіліктерді бағалау.

  44. Құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі тыныс алу органдарының жеке қорғаныс қорғаныс құралдары.

  45. ТЖ алдын алу шараларын немесе құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі басқаруды ұйымдастыру.

  46. ТЖ адамдар психологиясына әсері, құтқарушылардың, халықтың моральдік психологиялық іс-әрекетінің негіздері.

  47. Зардап шеккендерді емдеу және оларға қамқорлық жасауды басқару және ұйымдастыру.

  48. Құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі электрден қорғау, теріні қорғауға арналған қолда бар құралдар.

  49. Халықты АҚ бойынша және ТЖ кезіндегі іс-қимылдарға үйретуді және дайындауды ұйымдастыру.

  50. Халықты қауіпсіз аймақтарда орналастыруға қойылатын принциптер және жоспарлауды ұйымдастыру.

  51. Биіктен құлаудан қорғайтын жеке қорғаныс құралдары.

  52. Су тасқыны кезіндегі құтқару жұмыстарының жүргізу ерекшеліктері.

  53. Көлікте болған авария және апаттар кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері.

  54. Іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу және алғашқы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру.

  55. Құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі тыныс алу органдарының жеке қорғаныс және көз бен бетті қорғайтын жеке қорғаныс құралдары.

  56. Жер сілкінісі кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері.

  57. Өрттер кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері.

  58. Зардап шеккен халыққа уақытша баспана құру жүйесін ұйымдастыру.

  59. Төтенше жағдайдың адамдар психологиясына әсері.

  60. Халықты эвакуациялау және басқа жерге көшіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет