Эвакуациялық комиссия құрамына жергілікті атқару органдарының, Азаматтық қорғаныс қызметтерінің білімі, әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімдерінің, қорғаныс істері жөніндегі мекеменің, ұйымдардың және басқалардың өкілдері енеді.
Эвакуациялық қабылдау комиссияларына эвакуация кезінде келетін халықты қарсы алуды есепке алу мен орналастыруды, сондай-ақ келетін халықты тұрмысқа қажеттілермен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға бақылау жасау жүктеледі.
Эвакуациялық жиналу пункттерін орналастыру үшін әралуан қоғамдық бөлмелер пайдаланады. Эвакуациялық жиналу пункттерінде тікелей жақын жерде халықты қорғау үшін тіршілікті қамтамасыз етуге арналған (медицина, тамақтандыру, күзету және т.с.с.) орындар әзірленеді.
Эвакуациялық жиналу пунктіне рет нөмірі беріледі шаруашылық жүргізу объектілері мен пәтерлерді иемденушілердің кооперативтері тіркеліп жазылады. Эвакуациялық жиналу пунктінің әкімшілігі қала мен аудан әкімдерінің қаулысымен және бұйрығымен, ұйымдар басшылығының бұйрығымен тағайындалады. Эвакуациялық жиналу пункті әкімшілігінің саны оған тіркеліп жазылған халықтың санына байланысты болады. Эвакуациялық халыққа газтұтқыштар беру пункттері құрылады.
Аудандар мен қала ұйымдарының Азаматтық қорғаныс жоспарлары бытыраңқы орналастыру және эвакуациялау мәселелері бойынша аудандардың, меншіктің барлық түріндегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының Азаматтық қорғаныс жоспарларымен келіседі.
Категорияланған қаланың (қалалық ауданның) Азаматтық қорғаныс жоспарының орналастыру мен эвакуациялауға қатысты бөлімінде мыналар көрсетіледі:
әрбір қалалық аудан, ұйым, пәтер иеленушілердің кооперативі бойынша орналастыруға және эвакуациялауға жататын халықтың саны;
қауіпсіз аймақтағы халықты орналастыратын аудандар мен пункттер;
орналастыру мен эвакуациялау мерзімдері (басталуы және аяқталуы);
жергілікті атқару органдарымен ұйымдардың басшыларына, сондай-ақ жұмысшыларға, қызметшілерге және халықтың басқа бөлігіне орналастыру мен эвакуацияның басталу мерзімі туралы хабарлар тәртібі;
эвакуациялық органдардың құрамы және оларды даярлыққа келтіру мерзімдері;
жаяу тәсілмен әкелетін және көліктің барлық түрімен шығарылатын халық саны;
халықты шығару мен әкету маршруттары, жаяу тәсілмен эвакуациялаудың әрбір маршрутындағы эвакуациялаудың бастапқы пункттері, демалыс орындары, реттеу пункттері, аралық пункттер;
халықты көлікпен әкетудің және жаяу тәсілмен шығару кезектілігі;
халықты көлікке отырғызу пункттері;
оны қауіпсіз аймаққа түсіру;
Эвакуация және бытраңқы орналастыруды жүргізу әдістері және принцптері. Эвакуация - адамдардың өмірін сақтау және өндірістің жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды төтенше жағдайлар аймақтарынан және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан ұйымдасқан түрде әкету шығару.
Эвакуацияланған барлық халық қауіпсіз аймаққа орналыстырылған пункттерде тіршілік қызметіне қажеттілермен аз шамада қамтамасыз етілуге тиіс.
Төтенше жағдай тәртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда эвакуациялауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар жүргізеді.
Халықты эвакуациялау сабақтас тәсілмен-халықты жаяу немесе көліктің барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үлестіру жолымен жүзеге асырылады.
Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан қауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге асырылады.
Эвакуация мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті аймақтардан тыс жерлерге жеткізу ( шығару) мерзімі оның аяқталуы болып саналады.
Қауіпті аймақта эвакуацияланатын халық өз облысының аумағында орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы ( пункті) белгіленеді.
Халықты соғыс кезінде орналастыру аудандары (пункттері) күні бұрын белгіленеді, жергілікті атқарушы органдармен келіседі, және солардың шешімімен қаулысымен бекітіледі.
Бытыраңқы орналастыру –соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін категорияланған қалалардың, ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру.
Эвакуациялық тізімдер мен төлқұжаттар бытыраңқы орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты қауіпсіз аймақта есепке алатын, орналастыратын негізгі құжаттар болып табылады. Орналастыру аудандарын алмастыруға айрықша жағдайларда ғана жол беріледі.
Бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлау
Азаматтық қорғаныс жоспарында көрсетілген эвакуациялық шараларды орындауға төтенше жағдай мен Азаматтық қорғаныс қызметтерінің басқару құрамы мен басқармалардың, бөлімдердің қызметкерлерін даярлау;
Эвакуациялық органдарды өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға даярлау;
Халықты эвакуациялық шараларды орындауға даярлау;
Көліктің барлық түрлерін халықты әкетуге даярлау;
Стансаларды, аймақтарды және кеме жайларды халықты отырғызатын және түсіретін пункт ретінде жабдықтау, көлік коммуникациялары мен кіре беріс жолдарын отырғызу және түсіру пункттері мен эвакуацияның аралық пункттеріне ұластыру;
Халықты жаяу алып шығуға арналған жолдар мен сап түзету жолдарын таңдау, барлау және даярлау, марш схемасын пысықтау мен егжей-тегжейлі зерттеу;
Азаматтық қорғаныстың басқару пункттерін, байланыс және хабарлау құралдарын даярлау;
Қауіпсіз аумақта селолық жерлерде материалдық жабдықтардың, азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің қорын жасау, сумен қамтамасыз ету пункттерін жабдықтау.
Эвакуациялық шараларды жүргізу және ұйымдастыру. Халықты бытыраңқы орналыстыруға және эвакуациялауға даярлау жөніндегі бүкіл жұмысты азаматтық қорғаныстың бастықтары эвакуациялық комиссия арқылы жүргізеді. Эвакуациялық комиссиялар жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың Азаматтық қорғаныс бастықтарының жұмысшы органдары болып табылады. Олар халықты бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау жөніндегі шаралардың бүкіл кешенін орындауға және осы шараларды жан-жақты қамтамасыз етуге жауап береді. Эвакуациялық комиссиялардың құрамын жергілікті атқарушы органдардың тиісті басшылары бекітеді.
Эвакуациялық комиссия құрамына жергілікті атқару органдарының, Азаматтық қорғаныс қызметтерінің білімі, әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімдерінің, қорғаныс істері жөніндегі мекеменің, ұйымдардың және басқалардың өкілдері енеді.
Эвакуациялық қабылдау комиссияларына эвакуация кезінде келетін халықты қарсы алуды есепке алу мен орналастыруды, сондай-ақ келетін халықты тұрмысқа қажеттілермен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға бақылау жасау жүктеледі.
Эвакуациялық жиналу пункттерін орналастыру үшін әралуан қоғамдық бөлмелер пайдаланады. Эвакуациялық жиналу пункттерінде тікелей жақын жерде халықты қорғау үшін тіршілікті қамтамасыз етуге арналған (медицина, тамақтандыру, күзету және т.с.с.) орындар әзірленеді.
Эвакуациялық жиналу пунктіне рет нөмірі беріледі шаруашылық жүргізу объектілері мен пәтерлерді иемденушілердің кооперативтері тіркеліп жазылады. Эвакуациялық жиналу пунктінің әкімшілігі қала мен аудан әкімдерінің қаулысымен және бұйрығымен, ұйымдар басшылығының бұйрығымен тағайындалады. Эвакуациялық жиналу пункті әкімшілігінің саны оған тіркеліп жазылған халықтың санына байланысты болады. Эвакуациялық халыққа газтұтқыштар беру пункттері құрылады.
Аудандар мен қала ұйымдарының Азаматтық қорғаныс жоспарлары бытыраңқы орналастыру және эвакуациялау мәселелері бойынша аудандардың, меншіктің барлық түріндегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының Азаматтық қорғаныс жоспарларымен келіседі.
Категорияланған қаланың (қалалық ауданның) Азаматтық қорғаныс жоспарының орналастыру мен эвакуациялауға қатысты бөлімінде мыналар көрсетіледі:
әрбір қалалық аудан, ұйым, пәтер иеленушілердің кооперативі бойынша орналастыруға және эвакуациялауға жататын халықтың саны;
қауіпсіз аймақтағы халықты орналастыратын аудандар мен пункттер;
орналастыру мен эвакуациялау мерзімдері (басталуы және аяқталуы);
жергілікті атқару органдарымен ұйымдардың басшыларына, сондай-ақ жұмысшыларға, қызметшілерге және халықтың басқа бөлігіне орналастыру мен эвакуацияның басталу мерзімі туралы хабарлар тәртібі;
эвакуациялық органдардың құрамы және оларды даярлыққа келтіру мерзімдері;
жаяу тәсілмен әкелетін және көліктің барлық түрімен шығарылатын халық саны;
халықты шығару мен әкету маршруттары, жаяу тәсілмен эвакуациялаудың әрбір маршрутындағы эвакуациялаудың бастапқы пункттері, демалыс орындары, реттеу пункттері, аралық пункттер;
халықты көлікпен әкетудің және жаяу тәсілмен шығару кезектілігі;
халықты көлікке отырғызу пункттері;
оны қауіпсіз аймаққа түсіру;
Бейбіт уақытта барлық баспаналар шаруашылық мақсатқа пайдаланылады. Қала мен селолық жерлердің халқы радиацияға қарсы баспаналарда, туннелдерде, кен орындарында, жер асты өткелерінде, жер асты гараждарында және басқада паналау ғимараттарында жасырынады, сол үшін жоспарлы жиналу және есеп, сондай-ақ халықты жасырыну ғимараттарына бөлу жүргізіледі.
Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады, оған: адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және казіргі қырып жою құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан халықты көшіру, соғыс уақытында санатталған қалаларда жұмыс істеп жаткан, ұйымдардын жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады.
Көшіру шаралары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органдарының және аумақтык баскару органдарынын жалпы басшылыгымен алдын ала жоспарланады. Бейбіт уақытта қауіпсіздік катерімен табиғи апаттық төтенше жағдайлар болуы ықтимал аймақтар үшін көшіру шараларын жүргзу анықталынады. Сонымен қатар соғыс уақытша шекаралас аудандар мен санатталған қалалардан халықты көшіру тәртібі белгіленеді.
Соғыс уақытында кенеттен ьолған қатерлі жағдайларда және төтенше жағдайларда көшірілу жедел жүргізілуі тиіс.
Тұрғындарды толық немесе бөлігін қктерлі аймақтардан алдын ала көшіру бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да жүргізілуі мүмкін.
Уақытша көшіру шаралары:
ұйымдардын жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардын отбасы мүшелерін- өңдірістік принцип бойынша
халықты көшіру- аумақтық принципы бойынша жүзеге асырылады
көшіруді ұйымдастыру және мүмкіндігінше жеке меншік көлік иелерінін көлегін тарту жеке меншік пәтерлер кооперативтеріне жүктеледі.
Халықты радиоактивті және химиялық зақымданудан қорғауға: санатталған қалалардын халқын радиоактивті және химиялық зақымдану туралы дер кезінде хабарлауды ұйымдастырумен, адамдарды жекелеген таныс қорғау құралдары мен қамтамасыз етумен, баспаналарда, радиацияға карсы баспаналарға және баскада корганыс ғимараттарында жасырынумен, зақымдану аймағынан тасып шығарумен, радиациялық және химиялық қорғану режимін орындаумен, радиацияға карсы профилактика, обьектілерге, техникаларға, жабдықтармен жергілікті жерге дезактивация, дегазация жүргізумен, өзін өзі корғау әдістеріне үйрету мен жетеді.
Облыстық эвакуациялық комиссияның міндеттері.Облыс әкімшілігінін бөлімшелерімен, комитеттерімен, басқармалары мен бірлесіп, қауіпсіз аймаққа орналастыратын және эвакуацияланатын халықты орналастыруға, аудандарда әзірлеу жөніндегі шараларды жасайды және осы шаралардын жүзеге асуын (олардв бекіткеннен кейін) бақылайды.
Жеке құрамаларды құруды оларды жабдыктауды бақылайды. Уақытша көшіру шараларын даярлауға арналған өкімді алысымен эвакуациялық және эвакоқабылдау коммисияларының даярлыққа келтіруін бақылайды. Халықты орналастыру мен эвакуациялау жоспарын нақтылайды. Қарамағындағы эвакуациялық ұйымдарының жұмыстарын бақылайды. Эвакуауиялық жинау бекетінің жұмысын жақсартуға даярлықты ұйымдастырады.
Көлік органдары мен бірлесіп, көшірілетін және орналастырылатын халықты тасымалдайтын көліктін түрлерін, саның, дайындығын нақтылайды.
Уақытша көшірілу кезіенде адамдардын демалатын, дәрігерлік көмек алатын орындарың, қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуін, келген адамдардын орналасуын қамтамасыз етіп, қадағалайды. Азаматтық қорғаныстың тиісті қызметтерімен өзара әрекет етуі мақсатында орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты жан-жақты жабдықтауды және қорғауды ұйымдастырады. Ұйымның эвакокомиссияның міндеттері болып:
Ұйымның Азаматтық қорғанысының штабымен бірлесіп, обьектінің жұмысшылары мен қызметшілерін және олардын отбасы мүшелерін орналастыруға (жұмысшыларға, қызметшілерге, лоардын мүшелеріне сұрау салмастан), олардын тізімдерін жасайды.
Азаматтық қорғанысының бастығына эвакуациялық жинау пунктінің өкімшілік құрамы, эшолондар бастықтарын, автомобиль колонналары мен жаяу саптар бастықтарын тағайындау туралы ұсыныс әзірлейді.
Эвакуациялық жинау пунктінің әкімшілігінің құрамына еңген жеке құрамына, эвакуациялық эшолондар мен колонналардын бастықтарын дайындауды ұйымдастырады.
Эвакуациялық шараларды дайындауға арналған өкімді алысымен, оларды орналастыру және эвакуациялар жоспарын, сондай-ақ орналастырылатын (эвакуацияланатын) жұмысшылардың, қызметшілердің және олардын отбасы мүшелерінің тізімі анықтайды.
Ауданның эвакокомиссиясы облыс комиссиясымен бірлесе отырып және оның басшылығымен әрі жоспары мен нақты уақытша көшіру жұмыстарын ұйымдастырып анықтайды.
Жергілікті атқару органдары ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының эвакуациялық қабылдау комиссиялары аудандық комиссияның басшылығымен және оның жоспарымен уақытша көшіру жұмыстарын немесе көшіп келушілерді орналастыру жұмыстарың нақтылы жүргізеді.
Эвакуациялық жиналу бекетінің әкімшілігінің міндеттері:
Эвакуциялық жиналу бекетіне келуші халықты тіркеуді жүзеге асырады, оларды пойыздарға (автоколонналарға, кемелерге) және вагондарға (автомашиналарға, кемедегі бөлмелерге) бөледі, отырғызу бекеттеріне жібереді.
Қауіпсіз аймаққа орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты есепке алуды жүргізеді, бұл туралы аудандық эвакуациялау комиссиясына (уақыты, ұйымдар мен көлік түрлері бойынша) мәліметтер береді.
Эвакуациялық жиналу бекетінде болған кезде, ауырғандарға дәрігерлік көмек көрсетуді ұйымдастырады.
Эвакуациялық жиналу бекетінде қоғамдық тәртіпті сақтауды және ЭЖП-да орналасқан халықтың қорғануын қамтамасыз етеді.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
Эвакуация және бытраңқы орналастыруды жүргізу әдістері және принцптері
Бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлау
Облыстық эвакуациялық комиссияның міндеттері
Эвакуациялық жиналу бекетінің әкімшілігінің міндеттері
№ 9 дәріс Төтенше жағдайлардың қауіп-қатері, туындауы немесе жоюы кезінде ақпаратты беру жөніндегі нұсқау.
Төтенше жағдайлардың қауіп-қатері, туындауы немесе жоюы кезінде ақпаратты беру төтенше жағдайлардың қауіп - қатері, туындауы немесе жоюы туралы ақпаратты беру жүйесін, өзінің күштері және құралдарымен жоюға қабілетсіз табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың болуы мен трансшекаралық таралу мүмкіндігі туралы мәліметтері бар жүйені анықтайды. Төтенше жағдайлардың қаупі, туындауы немесе жоюы туралы ақпарат дер кезінде беріледі: қалалардың, аудандардың, қаладағы аудандар, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппаратымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық органдарына; ұйымдармен (меншік түріне тәуелсіз) – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық органдарына;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық органдарымен – «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесіне аймақтық төтенше жағдайлардың қаупі немесе туындау жағдайында олар туралы ақпарат дер кезінде беріледі:
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық органдарымен – «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесі мен тиісті аймақ әкіміне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық органдарымен шектес болғандарға және Қазақстан Республикасының әкімшілік-аймақтық бірлігімен шектес әкімдерге; ведомствоға бағынысты ұйымдардағы төтенше жағдай туралы орталық атқару органдарымен – «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесіне;
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесімен ақпаратты анықтағаннан кейін – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, жағдайдың дамуына байланысты тиісті орталық атқарушы органдарға.
Төтенше жағдайлар туралы ақпарат "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттік мекемесіне әрекеттегі барлық арналар мен байланыс түрлері бойынша шұғыл хабарлама табеліне сәйкес, соның ішінде келесідей уақытша сипаттамалары бар электронды поштаны пайдалану арқылы беріледі:
төтенше жағдайлардың қаупі немесе туындауы туралы шұғыл ақпарат (баяндамалар), төтенше жағдайларды жоюдың күштері мен құралдарын шұғыл басқару бойынша ақпарат, басқа шұғыл ақпарат – төтенше жағдай туындағаннан кейін кідірмей;
төтенше жағдай кезіндегі жағдай туралы және оларды жою жөніндегі қабылданған шаралар туралы анықталған ақпарат – соңғы 30 минут ішінде;
төтенше жағдайды жою бойынша жүргізілген жұмыстар мен құтқару операцияларының барысы туралы анықталып жатқан деректер – екі сағат мерзімділігімен;
анықтамалық ақпарат – сұраным кезінен бастап бір сағаттан кешікпей;
төтенше жағдайларды жою бойынша жұмыстарды басқару кезіндегі тәулік ішінде жүргізілген іс-шаралар туралы қорытылған ақпарат – күн сайын сағат 07.30 және 16.00 сағатта;
табиғи орта мен төтенше жағдай аймағындағы ықтимал қауіпті нысандардың жағдайы туралы ақпарат және шұғыл емес ақпараттың басқа да түрлері - күн сайын сағат 07.30 және 16.00 сағатта;
сейсмикалық жағдай туралы ақпарат – күн сайын, апталық болжам – аптаның әрбір үшінші күні, ал қауіп төнген кезеңде (жоғарғы даярлық режимі) – бекітілген кесте бойынша күн сайын;
гидрометереологиялық құбылыстар жөніндегі ақпарат – күн сайынғы болжам 17.00 сағатта, дауылды ескерту – қауіпті метереологиялық құбылыстардың туындау қаупі немесе туындауы немесе зиянды заттармен табиғи ортаның ластануы кезінде дереу;
төтенше жағдайлардың туындауы кезіндегі санитарлық–эпидемиологиялық жағдайдың өзгерісі және медико–санитарлық салдары туралы ақпарат – дереу.
Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел қызметтер төтенше жағдай саласындағы ақпаратты өз құзыры аясында басқарманың өзара әрекет етуші органдарынан сұрайды және алады.
Төтенше жағдайлар туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық органдарына ұйым және мемлекеттік басқару органдары басшыларының қол қоюына, "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық органдарының басшыларының қол қоюына, өзгеше жағдайда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық органдары жедел кезекшілерінің қол қоюына жіберіледі.
Барлық төтенше жағдайлар үшін ақпарат 7, 8-тармақта келтірілген табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар сипаттамасы көрсеткіштерінің біреуі белгіленген жағдайда ұсынылады.
Техногенді сипаттағы жағдай. Транспорттық авариялар – қаза тапқандар саны бір адам және одан көп; жараланғандар, зақымданғандар мен басқа да зардап шеккендер саны үш адам және одан көп;
теміржол транспортында - өрттер, жарылыстар, апаттар, магистральды тасымалда жылжымалы құрамның шығуы және поезд қозғалысын 1 сағаттан аса уақытқа тоқтататын төсемнің бұзылуы;
автомобиль транспортында – соның ішінде көлік жолдарындағы өрттер, жарылыстар, мұнай өнімдерінің, жанғыш және улы заттардың, прекурсолар мен басқа да заттардың 1 тоннадан аса мөлшерде төгілуі;
жер мен әуедегі әуе кемелерімен болған авиаапаттар мен оқиғалар; ұшу алаңдары мен аэропорттағы өрттер, жарылыстар; ұшу апараттарының бөлігі мен сынықтарының құлауы;
су транспортында – өрттер, жарылыстар, тасқын сулар;
магистральды құбырларда – өрттер, жарылыстар, бұзылулар, ажыраулар; мұнайдың 1 тонна көлемінде немесе газдың 100 м 3 және одан көп мөлшерде авариялық тасталуы.
Өндірістік авариялар мен оқиғалар, өндірістегі жарақаттар – қаза тапқандар, жараланғандар, зақымданғандар мен басқа да зардап шеккендер саны бір адам және одан көп:
шахтадағы авариялар – қираулар, таулы өнімдердің үйінділері, шахта жұмысының бүтіндей тоқталуына әкелетін технологиялық процестердің бұзылуы;
өндірістік авариялар – мұнай мен мұнай өнімдерінің 1 тоннадан аса тасталуы; мұнай газдарының фонтандары (құрамында мұнай мен газы бар күкірт сутектерінің 100 м 3 аса шығарылуы), өрттер; жарылыстар; су басулар; теңіз құрылысы мен платформалардың құлауы; республика аймағы мен іргелес мемлекеттердің қоршаған ортасына кері әсері: Солтүстік Каспийдің аса елеулі экологиялық аймағының ластануы; өндіріс ғимараттары мен құрылыстарының кенеттен қирауы.
Өрттер, жарылыстар, от пен газдың кенет шығарылуы, технологиялық процестің бұзылуы – қаза тапқандар, жараланғандар, зақымданғандар мен басқа да зардап шеккендер саны бір адам және одан көп:
өнеркәсіп және құрылыс нысандарында – реңдік мәнін, ең мүмкін шоғырлануын, ең мүмкін деңгейлерін айтарлықтай артатын қоршаған ортаның ластануы
энергетикалық нысандар мен энергоблоктарда (гидроэлектрстанцияларда, жылуэлектрстанцияларда және электр желілерінде), – электрмен жабдықтауды тоқтатудың авариялық жағдайы;
шахтада, жерасты және таулы өндірістерде – өрттің кез–келген жағдайы;
биологиялық, химиялық, радиациялық–қауіпті нысандарда – адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті болып табылатын технологиялық учаскелердің жануы;
әлеуметтік–тұрмыстық мақсаттағы ғимараттарды, билік органдарында, мемлекеттік меншіктің, діни конфессиялар, елшіліктер мен дипломатиялық өкілдердің аса маңызды нысандарында – өрттің кез–келген жағдайы;
ауылшаруашылық нысандарында – 50 бас ірі қара малдың өлуі және одан көп; 100 үй құсының өлуі және одан көп; 100 тонна және одан да көп пішеннің өртенуі;
жаратын құрылғының жарылуы, жарылғыш заттар мен жаратын құрылғыны, оқ–дәрілерді табу (жоғалту) – бақыланбайтын жарылыстың кез–келген жағдайы, жарылғыш заттар немесе жаратын құрылғыны табу немесе жоғалту.
Шығарумен болған авариялар, күшті әсер ететін улы заттарды, биологиялық қауіпті заттарды табу (жоғалту) – тұрғындарға зақымдау қаупі, шығарумен болған аварияларды тіркеудегі кез–келген жағдай немесе кемуі, көзін табу немесе жоғалтудың кез–келген жағдайы.
Радиоактивті заттардың тасталуымен болған авариялар – аварияны тіркеудің немесе радиоактивті заттарды табудың (жоғалтудың) кез–келген жағдайы:
атом электрстанцияларында (одан әрі - АЭС), ғылыми–зерттеу мекемелерінде – санитарлық қорғаудан тыс зонада қоршаған ортаның радиоактивті ластануы 100 және одан көп; АЭС үшін болуы мүмкін тәуліктік тастамалардан 10 есе артық радиоактивті заттардың шығарылуы; трансшекаралық таралуға әкелетін радиоактивті заттардың шығуымен болатын кез–келген авариялар.
Тіршілікпен қамтамасыз ету жүйесіндегі авариялар мен қираулар – шаруашылық нысандары іс–әрекетінің бұзылуына әкелген; қаза тапқандар, жараланғандар, зақымданғандар мен басқа да зардап шеккендер – бір адам және одан да көп:
бөгеттердің бұзылуы (дамбалар, шлюздар)– тұрғындар мен аймақтарға қауіп төндіруі;
электроэнергетикалық жүйелерде (гидроэлектрстанцияларда, теплоэлектрстанцияларда, электр желілерінде) – электрэнергияны, жылу мен су беруді 1 тәулікке және одан көпке ажыратуға әкелу;
тіршілікпен қамтамасыз етудің коммуналдық жүйелерінде (жылу желілерінде, ауыз сумен, коммуналдық газ құбырларымен қамтамасыз ету) – 50 адамнан аса тұрғындардың тіршілік әрекеті жағдайының бұзылуына әкелу;
қарқынды суды тазарту құрылысында; транспорттық қатынас элементтерінің кенеттен қирауы (көпірлердің, туннельдердің және басқа да құрылыстардың), соның ішінде салынып жатқан; ғимараттар мен тұрғын үй, өнеркәсіп құрылыстары, әлеуметтік–тұрмыстық және мәдени мақсаттағы құрылыстар.
Табиғи ортаның айрықша жоғарғы ластануы: атмосфералық ауаның ластануы – атмосферадағы зиянды қоспаның 50 есе және одан көп артуы: 8 сағат ішінде 30–49 есе; 2 тәулік ішінде 20-29 есе; қышқыл шөгінділерінің көлемді аймағының пайда болуы; теңіз (өзен) суының жоғарғы қабатының ластануы – ластаушы заттардың максималды бір жолғы артуы 100 есе және одан көп, егер бұл акваториялар хроникалық ластану зонасы болып табылмаса; су исінің 4 балдан аса қарқынмен және суға тән емес ерте пайда болуы; балықтар мен басқа да су организмдерінің жойылуына әкеліп соқтыратын улағыш заттардың пайда болуы; ерітінді оттек құрамын 2 мг/л және одан аз төмендету; көлемі 6 км 2 су айдынының 1/3 және одан көп ауқымын төсеммен жабу; ауыр металдар (соның ішінде радиоативті) мен басқа да зиянды заттардың жоғары болуы;
Топырақтың ластану – ауыр металдар (соның ішінде радиоативті) мен басқа да зиянды заттардың жоғары болуы; химиялық қауіпті және экологиялық зиянды заттар бойынша 50 есе және одан да көп артуы немесе радиоактивті заттар бойынша 100 есе және одан көп; жер қойнауының өндірістік сипаттағы токсиканттармен ластануы; бедерсіз бір түстердің 50 немесе 100 есе артуы; жер қыртысының санитарлық токсикологиялық белгілер бойынша пестицидтермен 50 көп немесе 100 га аумақта фототоксикологиялық белгілер бойынша 100 көп ластануы.
Табиғи сипаттағы жағдай.
Жер сілкінісі – Рихтер шкаласы бойынша 2 және одан көп балл. Геологиялық қауіпті құбылыстар: жердің үстіңгі қабатының көшкіндері, үйінділері, белдіктері, шөгінділері – шаруашылықтың басқа салаларындағы жұмыстың бұзылуы; қаза тапқандар, жараланғандар, зақымданғандар мен басқа да зардап шеккендер саны бір адам және одан көп.
Метереологиялық қауіпті құбылыстар – қаза тапқандар, жараланғандар, зақымданғандар мен басқа да зардап шеккендер саны бір адам және одан көп:
күшті жел (соның ішінде құйындар мен дауылдар) – желдің жылдамдығы қарқынды кезінде 25 м/сек және одан көп, таулы аймақтарда 30-35 м/сек дейін;
iрі бұршақ – бұршақ диаметрі 20 мм және одан көп; күшті жаңбыр (нөсер) – жауын–шашын мөлшері 12 және одан аз сағат ішінде 50 мм және одан көп, ал таулы, селолық және нөсерлі қауіпті аудандарда – 12 және одан аз сағат ішінде 30 мм және одан көп; күшті қар – жауын–шашын мөлшері 12 сағат ішінде 20 мм және одан көп; күшті боран (қарлы борасындар) – желдің 15 м/сек жылдамдығы кезінде ұзақтығы 12 сағат және одан көп; күшті тайғақ, қатты мұз басу, жабысқақ қар – сымдардағы шөгінділердің диаметрі 20 мм және одан көп, жол учаскелеріндегі мұздың болуы 1 км және одан көп; күшті аяз, күшті ыстық – жергілікті органдармен анықталады; қатқақ – вегетативті мезгілде ауа температурасының төмендеуі (топырақтың жоғарғы қабатында) 0 о С төмен; ауылшаруашылығы мәдениетінің белсенді вегетациясы кезіндегі олардың жойылуына әкелетін мезгілдер (көктем–жаздың басы) мен шұғыл ерте мезгілдер (жаз–күздің басы); құрғақшылық – 20 күн және одан көп уақытқа ауаның салыстырмалы ылғалдылығының сақталуы күндіз 30% және одан аз, бұл 35 мм және одан аз ылғал қоры кезінде өсімдіктердің бұзылуын туғызатын жер қыртысының метрлік қабатында; күшті тұман – 12 сағат және одан көп уақыттағы көру мүмкіндігі 100 м және одан аз; күшті шаңды (топырақты) дауылдар – желдің 15 м/с және одан көп басым жылдамдығында ұзақтығы 12 сағат және одан көп; аңызақ жел – 5 м/с қатты жел мен гүлдену, дәннің пісіп жетілу мезгіліндегі ауаның 30% кем салыстырмалы ылғалдылығы кезінде ауаның орташа тәуліктік температурасының 5 күн ішінде сақталуы 25 о С.
Гидрологиялық қауіпті құбылыстар – қаза тапқандар саны бір адам және одан көп; жараланғандар, зақымданғандар және басқа зардап шеккендер – үш адам және одан көп: тасқын су, жаңбырлы селдер, мұз кептелісі мен сеңнің тоқтауы, жел айдаулары кезіндегі судың жоғарғы деңгейі (су басу) – елді мекендер мен шаруашылық нысандарын су басумен немесе су басу қаупімен аса қауіпті (жоғарғы) деңгейден асып түсу;
судың төменгі деңгейі – ірі қалалардың, өндірістік аймақтардың су дуалдары мен жер суландыру жүйесінің жобалық белгісінен төмен, бір ай және одан көп уақыт ішінде кеме жүзетін өзендердегі навигациялық деңгейден төмен;
селдер – елді мекендер, шаруашылық кешендерінің нысандары болған зақымданған аймақтардағы селдердің өтуі;
қарлы борасындар – елді мекендер, шаруашылық кешендерінің нысандары болған зақымданған аймақтардағы қар көшкіндерінің түсуі.
Табиғи өрттер – қаза тапқандар, жараланғандар, зақымданғандар және басқа зардап шеккендер бір адам және одан көп; 50 бас және одан көп ірі қараның өлуі; 100 бас және одан көп үй құсының өлуі; 100 тонна және одан көп пішеннің өртеніп кетуі: орман өрттері – 2 га және одан көп ауқымда; далалық өрттер (жер оттылығы) – 50 га және одан көп ауқымда; дәнді және басқа дақылдардың егінді алқабының жануы – 20 га және одан көп ауқымда;
мұнай мен газды конденсаттық кен орындарында – өрттің кез–келген жағдайы; жанғыш пайдалы қазбалардың жерасты өрттері – жерасты қазбаларындағы жанудың кез–келген жағдайы.
Жұқпалы аурулар мен уланулар: жұқпалы аурулар – ауырғандар немесе аса қауіпті жұқпалы аурулардың – чума, тырысқақ, безгек сияқты вирусты тасығыштар анықталған кезінде; әрбір өліммен аяқталар диагноз немесе аса қауіпті жұқпалы ауруларға – бруцеллез, бөртпе сүзек, жамандат, құтыру, туляремия, крымдық геморрагиялық безгек, Эбол безгегі сияқты; әрбір анықталған ауру – құтыру, жапондық энцефалит, малярия жағдайында; аса қауіпті жұқпалы аурулар кезінде: бір уақытта немесе аудан аймағында бір инкубациялық мезгіл ішінде туындаған науқастар саны 5 және одан көп – бруцеллез, эпидемиялық; бір уақытта немесе аудан аймағында бір инкубациялық мезгіл ішінде туындаған науқастар саны 10 және одан көп – іш сүзек, паратиф, геморрагиялық безгек, лептоспироз, энцефалит, Ку безгегі сияқты; менингококтық індет 15 және одан көп аурулар санымен; дизентерия, сальмонеллез, вирусты гепатит және 25 ауру және одан көп адам санымен белгіленген немесе белгіленбеген этиологияның басқа да қатты ішек аурулары; 20 ауру және одан көп адам санымен анықталмаған этиологияның бір уақытта туындаған аурулары кезінде, 15 және одан көп аурулар санымен диагнозы анықталмаған безгек аурулары; этиологиясына байланыссыз топтық аурулар 50 және одан көп адам санымен;
Сәулелік зақымданулар қатты немесе созылмалы сәулелік аурулар, жергілікті сәулелік зақымдану диагнозы анықталған әрбір жағдайда;
Тағамдық улану – зардап шеккендер санына қарамастан өндірістің тағамдық саласының кәсіпорындарымен, қоғамдық тамақтану мен балалар және емдік-профилактикалық мекемелердің тағамдық одақтарымен байланысты тағамдық улану жағдайында.
Анықталмаған улы заттармен улану – жаппай жойылу, соның ішінде жабайылар, өлім (саны) мен ауру орташа статистикадан 3 және одан көп асып түскенде.
Өсімдіктердің ауруы мен жойылуы (ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің аса қауіпті және жаппай ауруы; жабайы өсімдіктердің аса қауіпті және жаппай жойылуы) - өсімдіктің жойылуы (күюлер, қураулар мен басқа да белгілер), соның ішінде ормандар мен ауыл шаруашылығы өсімдіктері, 0,25 га ауқымда; зиянды жәндіктердің жаппай жойылуы.
Суда батып кеткендер – бір адам және одан көп.
Астрономиялық қауіпті құбылыстар: аспан денелерінің құлауы – аспан денелері құлауының кез-келген жағдайы; ғарыштық ұшқыш аппараттары мен олардың сынықтарының құлауы – тіркелудің кез-келген жағдайы; жер айналасы ғарыштық кеңістігіндегі радиациялық жағдайдың нашарлауы – протон ағымының қысымы энергиясымен 25 мэв 5х10 см ауқымда; аномальды атмосфералық құбылыстың пайда болуы – тіркелудің кез-келген жағдайы.
Төтенше жағдай туралы ақпаратты бағыттау туралы шешім ұйым басшылығымен, әкім аппаратымен, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық органдарымен оның нақты жағдайын және төтенше жағдайдың туындау мүмкіндігін, маңыздылығын есепке ала отырып қабылдайды.
№10 дәріс ТЖ туындаған кездегі шараларды жоспарлаудың кезеңдері мен элементтері
Жалпы сұрақтар
Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қолданылатын шаралар және ресурстар
ТЖ алдын алу кезіндегі жоспар үлгісі
ТЖ туындаған кездегі жоспарлау кезеңдері
Әрекеттердің мүмкінді жоспарының артықшылықтарын анықтау және талдау.
ТЖ пайда болу кезіндегі шараларды жоспарлауға қатысушылар.
Достарыңызбен бөлісу: |