Пәннің оқу-әдістемелік кешені «тж кезіндегі құтқару қызметін ұйымдастыру және басқару іі» пәнінен


Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының әскер бөлiмдерi мен олардың бейбiт және соғыс  уақытындағы мiндеттерi



бет4/13
Дата10.06.2017
өлшемі2,61 Mb.
#18925
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

2 Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының әскер бөлiмдерi мен олардың бейбiт және соғыс  уақытындағы мiндеттерi

      1. Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының әскер бөлiмдерi бейбiт және соғыс уақытында төтенше жағдайлардың қаупi төнген және туындаған кезде республиканың халқын, шаруашылық жүргiзу объектiлерiн және аумақтарын қорғауға арналған.

      Уәкілетті органға ведомстволық бағынысты Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiн құру құқығы Қазақстан Республикасының Үкiметiне берiледi.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiн жасақтау, жарақтандыру және қолдануға әзiрлiкте ұстау жөнiнде шаралар қолданады.

      2. Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiнiң негiзгi мiндеттерi:

      1) бейбiт уақытта:

      құтқару жұмыстарын жүргiзуге адам құрамын жан-жақты дайындау мен оны аттестациялауды ұйымдастыру;

      iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргiзу және зардап шеккен халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз етуге жан-жақты көмек көрсету;

      төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған шараларға қатысу;

      Қазақстан Республикасы тиiстi келiсiмдер жасасқан шет мемлекеттердiң аумақтарында төтенше жағдайлар болған кезде құтқару жұмыстарына қатысу;

      iзгiлiк көмек ретiнде төтенше жағдайлар аймағына әкелiнетiн жүктерге iлесе жүру және оларды күзету;

      мобилизациялық өрiстетуге дайындық және жауынгерлiк әзiрлiктiң жоғары дәрежесiне келтiру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;

      бейбiт және соғыс уақытында Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiн кеңiнен өрiстетуге, құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған қару-жарақты, техниканы, басқа да материалдық-техникалық құралдарды жинақтау, сақтау және дер кезiнде жаңартып отыру;

      2) соғыс уақытында:

      зақымдану ошақтары мен залалдану аймақтарында радиациялық, химиялық барлау жүргiзу;

      зақымдану ошақтарында, залалдану және топан су басқан аймақтарда құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар жүргiзу;

      халық пен шаруашылық жүргiзу объектiлерiне эвакуация жүргiзуге қатысу;

      халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiн қалпына келтiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге қатысу, аэродромдарды, жолдарды, өткелдердi және тыл инфрақұрылымының басқа да маңызды элементтерiн қалпына келтiруге байланысты аумақтық қорғаныстың жекелеген мiндеттерiн орындау болып табылады.

 Төтенше жағдайларды жоюды Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң аумақтық немесе төтенше жағдайлар пайда болған аумақтар мен объектiлердiң ведомстволық кiшi жүйелерiнiң күштерi мен құралдары жүзеге асырады.

Егер төтенше жағдайлардың көлемi Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң аумақтық және салалық кiшi жүйелерiнiң басшы органдары, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi орган аумақтық органдары оны тоқтата және жоя алмайтындай болса, онда Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң ұсынысымен, сондай-ақ орталық және жергiлiктi органдардың өтiнiштерi және табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның олар жөнiндегi тиiстi қорытындысы бойынша тиiстi көмек көрсету туралы шешiм қабылдайды.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрамалары мен бөлiмдерi, басқа да әскерлерi және әскери құралымдары Қазақстан Республикасы Президентiнiң нұсқауы бойынша оларды қатыстыру алдын ала бекiтiлген өзара iс-қимыл жоспарларында көзделген жағдайлардан басқа да төтенше жағдайларды жоюға тартылуы мүмкiн.

Төтенше жағдайлар кезiнде халықтың, қоршаған табиғи ортаның қауiпсiздiгi мен қорғалуы және шаруашылық жүргiзу объектiлерiнiң тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша мемлекеттiк мақсатты бағдарламаларды орындауды төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың тұрақсыздандыру ықпалын азайту жөнiндегi қаржы, несие-инвестиция саясатын үйлестiру мақсатында, сондай-ақ авариялардың, апаттардың, табиғи және басқа да зiлзалалардың зардаптарын жоюға даярлық мақсатында тиiстi басшы органдар жүзеге асырады.



Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Азаматтық қорғаныс күштері

  2. Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының әскер бөлiмдерi мен олардың бейбiт және соғыс уақытындағы мiндеттерi

6 Төтенше жағдай кезіндегі іздеу құтқару жұмыстарын басқару.


Жалпы сұрақтар

  1. ТЖ зардабын жоюда құтқарушылардың негізгі міндеті.

  2. Құтқару қызметтері, олардың міндеттері мен атқаратын істері.

  3. ТЖ салдарын жою кезіндегі басқа қызмет жүйелерімен бірігіп жұмыс істеуі


ТЖ зардабын жоюда құтқарушылардың негізгі міндеті – зардап шегушілерді жедел іздеу және оларға дер кезінде көмек көрсету.

ТЖ ІҚЖ сәтті өткізудің ең маңызды элементі басқару – ІҚЖ ұйымдастыру, үйлестіру, жетекшілік ету мен өткізу бойынша іс – шаралар дың жиынтығы болып табылады.

ІҚЖ басқарудың басты мақсаты – барынша қысқа уақытта, минималды шығынмен және залалмен, ІҚЖ толық жиынтығын жедел жүргізу бойынша күштер мен құралдардың тиімді қызметіне жағдай жасау.

ІҚЖ басқарудың негізгі міндеттері:



  • ақпарат жинап, оны талдау және өндеу, нақты жағдайға баға беру, шешім қабылдау, жұмыстарды жоспарлау;

  • жағдайдың үздіксіз мониторингі, болжамдарды өндеу және нұсқаларын дамыту;

  • шынайы жағдайды бағалау, жұмыс жоспарының көлемін, сипатын өзгерісін анықтау;

  • ТЖ факторының қауіптілік деңгейлерін, қауіпті аймақтар шекарасын анықтау;

  • күштер мен құралдарды есептеу;

  • міндет қою және оны орындаушыларға жеткізу;

  • барлық ІҚЖ қатысушыларының арасындағы үйлесімділік пен әрекеттестікті қамтамасыз ету;

  • жұмыстың нәтижесін талдау, ішінара түзетулер енгізу;

  • тапсырманың орындалуын бақылау.

ІҚЖ басқару тұрақты және үздіксіз болу керек.

ІҚЖ басқару жүйесінің жоғарғы буыны ҚР ТЖМ Дағдарыс орталығы болып табылады. ІҚЖ басқару жүйесінің ТЖ кезінде тиімді іс – қимыл жасауы үшін арнайы басқару пункттері құрылады, олар байланыс құралдарымен жабдықталған және техникамен және көлікпен қамтамасыз етілген. Олар тұрақты және жылжымалы да бола алады.

ІҚЖ – ға қатысатын барлық күштер мен құралдарда басқаруды, олардың әрекеттестігін ұйымдастыруды, қауіпсіз жағдайды қамтамасыз етуді ІҚЖ басшысы жүзеге асырады.

ІҚЖ басшылығының негізгі қағидаты жеке дара басшылық ұстанымы болып табылады. Бұл жұмысқа қатысушылардың барлығы басшыға бағынатындығын және қабылданатын шешімдердің мүлтіксіз орындалатындығын білдіреді.

Қойылған міндеттерді жедел шешу мақсатында қызметте кезекшіліктердің келесі түрлері ұйымдастырылады:


  • тұрақты, тәулік бойы;

  • іздеу – құтқару жұмыстарын жүргізу мерзімі;

  • ТЖ орындалуы ықтимал кезеңде;

  • жоғарыдағы басшылықтың бұйрығы бойынша;

Кезекшіліктің түрін ІҚҚ басшысы нақты жағдайға байланысты белгілейді сонымен бірге кезек ету графигін де бекітеді.

Кезекшілердің негізгі міндеті ақпарат алу, оларды мекемелерге тапсыру, қызметкерлерге хабарлау, жедел іздестіру – құтқару жұмыстарын өткізуге және дайындыққа қатысу.

Құтқарушылар мен қызметкерлерді хабарландыру радио және теле­фон байланыстары арқылы, шақыру құрылғылары және шабармандар жіберу арқылы жүргізіледі.
2 Құтқару қызметтері, олардың міндеттері мен атқаратын істері. ТЖ салдарын жою кезіндегі басқа қызмет жүйелерімен бірігіп жұмыс істеу. Қазіргі заманғы қырып жою құралдарынан халық пен шаруашылық объектілерін қорғаудың, құтқарудың негізгі принцптері мыналар:

Құтқару шараларын өз уақытында жоспарлау және өткізу. Ол мыналарды қамтиды:



  • бейбіт және соғыс уақытындағы АҚ жоспарларын әзірлеу;

  • халықты ТЖ мен қазіргі заманғы қырып жою құралдарынан қорғау әдістеріне даярлау;

  • ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын жинау және оларды пайдалануға әзірлікті ұстау;

  • көшіру шараларын даярлау;

  • бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда шаруашылық салалары мен объектілері жұмысының сенімділігін және тұрақтылығын көтеру жөніндегі шараларды жүргізу;

Осыған байланысты халық пен шаруашылық объектілерін қорғау жөніндегі шаралардың әрбір ауданда, қалада, бүкіл республикада міндетті түрде жүргізілуі қажет. Құтқару шараларының сипаты мен көлемі төтенше жағдай сипатына, қалалардың, шаруашылық объектілерінің экономикалық және қорғаныс маңыздылығы мен жергілікті жағдайларға байланысты. Төтенше жағдайда, бірінші кезекте, халық пен шаруашылық объектілерін қорғау жөнінде шаралар АҚ тобына жатқызылатын қалаларда мынандай тәртіппен жүргізіледі.

  • қызметтері соғыс уақытында да тоқталмайтын кәсіпорындардың жұмысшылары мен қызметшілерін, АҚ бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы олардың отбасы мүшелерін қауіпсіз аймаққа таратып қоныстандыру;

  • АҚ бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы жұмысшылармен қызметшілерді бұрынан бар қорғаныс ғимараттары мен осы мақсат үшін ыңғайластырылған және бөлінген орындарға орналастыру.

Құтқару әдістерімен құралдарын анықтаудағы кешенді көзқарас.

Халықты құтқару жөніндегі шаралардың кешенділігі ТЖ сипатына байланысты құтқару әдістері мен құралдарын тиімді пайдалануға, ал соғыс уақытында зақымдау құралдарының түрі мен көлеміне орай туындайды.



Инженерлік шаралар халықты қорғаныс ғимараттарына жасыру – шабуыл жағдайында оны қорғаудың ең негізгі әдісі болып табылады. Азаматтық қорғаныс тобына жатқызылған қалалармен селолық жерлерді радиациядан қорғайтын орындарды салуды өрітету, пайдалану болып табылады.

Көшіру шаралары төтенше жағдайда болсын, зақымдау құралдарын қолдануда халықты қорғау мақсатында көшіру шараларын дер кезінде жүргізудің маңызы өте зор.

Радиация мен химиялық зақымданудан қорғау шаралары. Радиациялық және химиялық аухалды анықтау мен бағалау, радиактивтік ластану және химиялық зақымдану салдарын жою, халыққа радиоактивтік, химиялық зақымдау туралы хабарларды, азық түліктің, судың, мал мен өсімдіктің ластануына жол бермеу және оларды залалсыздандыру.

Құтқару қызметін басқару мен ұйымдастыру – механикалық, ғылыми- техникалық және интеллектуалдық кешен, оның ішінде арнайы байланыс және басқару құралдары жедел жәрдем технологиясы бойынша методикалық, видео, фото, кино материалдар, сондай-ақ, құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге арнайы ЭЕМ мен басқа да құралдарға арналған бағдарламалар базасы.

АҚҚ қалыптасуы – жеке немесе апаттық құтқару қызметінің құрамына кіретін негізгі құтқарушыларды болудан тұратын және құтқару, кезек күттірмейтін жұмыстарды орындауға арнайы құрылған құрылым. АҚҚ ликвидациялау және алдын алу мәселелерін шешуге арнаған, негізіне АҚҚ құрылымдары, сонымен бірге құрамына апаттық құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды орындаушылар мен кіші, орта және құрамды осы жұмыстарды басқарушы және құтқарушылардан тұратын біртұтас жүйеге функционалды біріктірілген күштер мен құралдардың, бақару органдарының жиынтығы.

Әскерилендіілген АҚ бөлімі – қауіпті өндірістік нысандарды күндіз-түні бақылауда ұстауға, қауіпсіздік жағдайында құтқарушылардың өмірі мен денсаулығына қатерлі жағдайларда ғана жұмыстарын жүргізетін арнайы ұйым. Құтқару жұмыстары төтенше жағдай аймағында адамдарды, материалдық және мәдени байланыстарды құтқаруға, зиянды әсер ететін қауіпті факторлардың мүмкін болатын минималды денгейіне жеткізуге және жоюға бағытталған іс-әрекет.

Құтқарушылардың мәртебесі – ҚР заңы бойынша міндеттелген құтқарушылардың құқықтарымен міндеттерінің жиынтығы. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай аймағында әкімшілік орган - табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай ескерту және ликвидациялау облысында мемлекеттік бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын меммлекеттік орган.

Төтенше жағдай ликвидациялау жетекшісі – төтенше жағдай ликвидациялауды басқаратын және жергілікті атқару органы арнайы тағайындалған жауапты тұлға.

Төтенше жағдай ликвидациялау және кезек күттірмейтін жұмыстар, құтқару жұмыстарын жан – жақты қамтамасыз етуге, халыққа төтенше жағдайдан зардап шегушіге көмек көрсетуге адамдар жұмыс істеу қабілетін қолдауға, олардың өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға жағдай жасауға бағытталған іс-әрекет.



Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. ТЖ зардабын жоюда құтқарушылардың негізгі міндеті.

  2. Құтқару қызметтері, олардың міндеттері мен атқаратын істері.

  3. ТЖ салдарын жою кезіндегі басқа қызмет жүйелерімен бірігіп жұмыс істеуі



Дәріс №7. Төтенше жағдай зардаптарын жою.
Қазіргі көшіру шаралары ең ықтимал қирау, зілзала, авариялар мен апаттар аумақтарынан халықты көшіруді қарастырады. Көшіру халықтың тығыздығын көп есе төмендетеді, ал кей кезде оны тіпті жояды. Бұл айтарлықтай дәрежеде осы аумақтағы адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтап қалуға ықпал етеді. Оқиға орнында АҚ құрамалары мен тұрғындардың бір бөлігі ғана қалады., олар табиғи апаттардың , авариялар-

дың және зілзалалардың зардаптарын жоюға кіріседі.

Табиғи апаттар, авариялар мен зілзалалар аумақтарынан көшіруді қалалар мен аудандар АҚ бастықтары және олардың АҚ басқару органдары ұйымдастырады. Тікелей көшіру шараларын жүргізумен ұйымдардың АҚ бастықтары мен штабтары, қалаларда құрылатын көшіру комиссияларының басшылығы айналысады.

Көшіру хабарлағаннан кейін қысқа мерзімде өткізіледі. Бұл шараларды өткізуге өндірістік және шаруашылық шұғыл тапсырмалардан бос қоғамдық көліктің барлық түрілері теміржол, автокөлік, су және де авиациялық, сондай-ақ жеке меншік көлік пайдалынады. Көшіруге болатын тұрғындардың бір бөлігі жаяу шығарылуы мүмкін. Зілзала, авария, апат аудандарынан көшірілген халыққа көшірілетін жердегі жергілікті үкімет органдары, сондай-ақ ұйымдар басшылары ұдайы қамқорлық жасауға, оларды жұмысқа орналастыруға және жан-жақты қамсыздандыру үшін шаралар қолдануға тиіс.

Төтенше жағдай болған аудандардан көшіру қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы жүргізіледіү. Негізінен автомобиль және теміржол көлігі қолданылады. 1998 жылғы желтоқсандағы Арменияда болған жер сілкінісі республикаға орасан зор залал келтірді. Көптеген елді мекендерді жойды. 25 мыңға жуық адам қаза болды. Апат аудандарынан адамдарды көшіру жер сілкінісінен кейін жаяу, мүмкіндік болған жерде ұшақпен, кейінен жолдардың тазалануы және қалпына келтіру шегі бойынша автомобильмен теміржол көліктерімен жүргізілді. Осының бәрі апат кезіндегі іс-әрекеттер, төтенше жағдай зардабын жоюда өз ізін қалдырды .

Кәсіпорындардағы авариялар немесе көліктегі апаттар кезінде кәсіпорындар мен жергілікті органдарының басшыларының күштерімен жұмысшылар мен қызметшілер, ал қажетті жағдайда авариямен апат болған жерде жақын тұратын халықпен зардап шеккендер көшіріледі.

Көшіру кезінде қалыптасқан жағдайды ескере отырып бұрынғы жоспарға өзгерту енгізілуі мүмкін. Чернобыль АЭС-індегі оқиға кезінде қалыптасқан жағдайға орай жаяу шығуды тоқтатып халықты автомобиль көлігімен, кейбір бөлігін теміржолмен көшіруге тура келді. Автокөлік үйдің іргесіне дейін келтірілді. Адамдар мен қажетті мүлікті жөнелту тез ұйымдастырылды. Олар қауіпсіз орындарға апарылып, сол жерден жақын маңдағы емдеу мекемелеріне жеткізілді.



Су басу кезіндегі көшіру туралы су тасқынымен күресу жөніндегі комиссия һкімімен ТЖ органдары арқылы жарияланады. Көшірудің басталуы туралы үкім бүкіл халық үшін байланыстың барлық арналары, радио, теледидар, арқылы беріледі, сонымен қатар кәсіпорын, мекеме, оқу орындары әкімшіліктер арқылы хабарланады. Халыққа көшіру нүктелерінің орналасқан жері, осы нүктелерге келу мерзімі, жаяу жүрген жағдайдағы жүріс бағыты, сондай- ақ жергілікті жағдайға, апаттың күтілген көлеміне, оеы тоқтату уақытына орой басқа да мәліметтер хабарланады. Көшіру су басу аймағынан тысқары орналасқан жақын маңдағы елді мекенге жүргізіледі. Халық ғимараттарға немесе жергілікті халықтың тұрғын алаңына қоныстандырылады. Ықтимал су басу аймағында мектептер мен мектепке дейінгібалалар мекемелерінің жұмысы уақытша тоқтатылады. Тасқынның кенеттен пайда болуы халықтың ерекше іс-әрекетімен өзін -өзі ұстау тәртібн қажет етеді. Су басқан аумақтағы адамдарды іздеу жедел ұйымдастырылып жүргізіледі. Бұл үшін АҚ құрамаларының жүзгіш құралдарының экипаждары және қолда бар басқа да күш пен құрал тартылады. Құтқару жұмыстары кезінде ұстамдылық танытып, құтқарушылар талаптарын қатаң орындау керек.

Улағыш заттардың әсеріне ұшыраған аумақ химиялық зақымдану аймағы деп аталады. Оның салдарынан адамдардың, хайуанаттардың немесе өсімдіктердің зақымдалуы мүмкін. Осы заманғы улағыш заттардың улану дәрежесі өте жоғары. Сондықтан да улы заттардың зақымдауын болдырмауға бағытталған халықтың дер кезінде іс-әрекет ету көп жағдайда оның белгілерін білу мен улағыш заттардыөз уақытында анықтауға байланысты.

Бейбіт уақытта ауаның, аумақтың, халықтың улы заттармен зақымдалуы химиялық қауіпті кәсіпорындардағы авариялар немесе теміржол, теңіз, автомобиль құралдарындағы бақытсыздықтар кезінде болуы мүмкін.

Химиялық зақымдану аймағынан арнайы көрсеткіштермен белгіленген немесе АҚ тіректерінде көрсетілген бағыттар бойынша шығу керек. Егерде көрсеткіштер жоқ болған жағдайда, онда желге қарсы жүрген жөн. зақымдалған аумақпен жүріп келе жатқан уақытта тері жамылғысындағы, киімдегі немесе жеке қорғаныс құралындағы улағыш заттардың тамшысы мен жағындысын байқаған бойда оны дәкемен немесе мақтамен тез сүрту керек. Егер олар жоқ болса тамшы мен жағындыны қағазбен немесе шүбірекпен сүртуге болады. Зақымдалған жерді химиялық зақымданудан қорғау пакетіндегі ерітіндні мен немесе ыстық сумен мұқият шаю керек. Улы заттармен зақымдалған кезде АИ-2 қобдишасындағы №2 ұядағы таблетканы қабылдау керек.

Көшірудің сәттілігі көп жағдайда көшірілуге тиіс халықтың өзіне, осы шараларды іске асыру кезіндегі оның ұйымшылдығы мен тәртіптілігіне байланысты

Дәріс №8. Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардағы эвакуация шараларын жүргізуді ұйымдастыру.
Жалпы сұрақтар


  1. Эвакуация және бытраңқы орналастыруды жүргізу әдістері және принцптері.

  2. Эвакуациялық органдар, олардың құрылымдары мен себептері.

  3. Эвакуациялық шараларды жүргізу және ұйымдастыру

Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады. Оған, адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып-жою құралдары қолдануы мүмкін аудандардан халықты көшіру, соғыс уақытында қауіп төнген аймақтардағы жұмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады.

Көшіру шаралары Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органдарының және аумақтық басқару органдарының жалпы басшылығымен алдын ала жоспарланады. Бейбіт уақытта қауіпсіздік қатері мен табиғи апаттық төтенше жағдайлар болуы мүмкін аймақтар үшін көшіру шараларын жүргізу тәртібі анықталады. Сонымен қатар, соғыс уақытына шекаралас аудандар мен қауіп төнген жерлердегі халықты көшіру тәртібі белгіленді.

Уақытша көшіру шаралары:



  • ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін - өндірістік принцип бойынша;

  • халықты көшіру – аумақтық принципі бойынша жүзеге асырылады;

  • көшіруді ұйымдастыру және меншік көлік иелерінің көліктерін тарту жеке меншік пәтерлер кооперативтеріне жүктеледі.

Көшіру шараларын жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдарында, ұйымдарда көшіру комиссиясы құрылады.

Көшіру шараларын ұйымдастыру және оны жүргізу тиісті басқару органдарының және ұйымдарының бірінші басшыларына жүктелген.

Ұйымның эвакомиссиясының міндеттері:


  • ұйымның АҚ штабымен бірлесіп, объектінің жұмысшылары мен қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін орналастыру үшін олардың тізімдерін жасайды;

  • азаматтық қорғанысының басшысына эвакуациялық жинау пунктінің әкімшілік құрамы, эшолондар бастықтарын, автомобил колонналары мен жаяу саптар бастықтарын тағайындау туралы ұсыныс әзірленеді.

Эвакуация - адамдардың өмірін сақтау және өндірістің жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды төтенше жағдайлар аймақтарынан және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан ұйымдасқан түрде әкету шығару.

Эвакуацияланған барлық халық қауіпсіз аймаққа орналыстырылған пункттерде тіршілік қызметіне қажеттілермен аз шамада қамтамасыз етілуге тиіс.

Төтенше жағдай тәртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда эвакуациялауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар жүргізеді.

Халықты эвакуациялау сабақтас тәсілмен-халықты жаяу немесе көліктің барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үлестіру жолымен жүзеге асырылады.

Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан қауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге асырылады.

Эвакуация мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті аймақтардан тыс жерлерге жеткізу ( шығару) мерзімі оның аяқталуы болып саналады.

Қауіпті аймақта эвакуацияланатын халық өз облысының аумағында орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы ( пункті) белгіленеді.

Халықты соғыс кезінде орналастыру аудандары (пункттері) күні бұрын белгіленеді, жергілікті атқарушы органдармен келіседі, және солардың шешімімен қаулысымен бекітіледі.

Бытыраңқы орналастыру –соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін категорияланған қалалардың, ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру.

Эвакуациялық тізімдер мен төлқұжаттар бытыраңқы орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты қауіпсіз аймақта есепке алатын, орналастыратын негізгі құжаттар болып табылады. Орналастыру аудандарын алмастыруға айрықша жағдайларда ғана жол беріледі.



Бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлау

  1. Азаматтық қорғаныс жоспарында көрсетілген эвакуациялық шараларды орындауға төтенше жағдай мен Азаматтық қорғаныс қызметтерінің басқару құрамы мен басқармалардың, бөлімдердің қызметкерлерін даярлау;

  2. Эвакуациялық органдарды өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға даярлау;

  3. Халықты эвакуациялық шараларды орындауға даярлау;

  4. Көліктің барлық түрлерін халықты әкетуге даярлау;

  5. Стансаларды, аймақтарды және кеме жайларды халықты отырғызатын және түсіретін пункт ретінде жабдықтау, көлік коммуникациялары мен кіре беріс жолдарын отырғызу және түсіру пункттері мен эвакуацияның аралық пункттеріне ұластыру;

  6. Халықты жаяу алып шығуға арналған жолдар мен сап түзету жолдарын таңдау, барлау және даярлау, марш схемасын пысықтау мен егжей-тегжейлі зерттеу;

  7. Азаматтық қорғаныстың басқару пункттерін, байланыс және хабарлау құралдарын даярлау;

  8. Қауіпсіз аумақта селолық жерлерде материалдық жабдықтардың, азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің қорын жасау, сумен қамтамасыз ету пункттерін жабдықтау.

Халықты бытыраңқы орналыстыруға және эвакуациялауға даярлау жөніндегі бүкіл жұмысты азаматтық қорғаныстың бастықтары эвакуациялық комиссия арқылы жүргізеді.

Эвакуациялық комиссиялар жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың Азаматтық қорғаныс бастықтарының жұмысшы органдары болып табылады. Олар халықты бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау жөніндегі шаралардың бүкіл кешенін орындауға және осы шараларды жан-жақты қамтамасыз етуге жауап береді.

Эвакуациялық комиссиялардың құрамын жергілікті атқарушы органдардың тиісті басшылары бекітеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет