ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Түрік халықтарының тарихы» «5В020300»- тарих мамандығына арналған ОҚУ-Әдістемелік материалы



бет2/8
Дата26.06.2018
өлшемі0,52 Mb.
#44324
1   2   3   4   5   6   7   8

Хундар мекендеген аумақ

Хундар жүрты үш бөлікке бөлінген. Біріншісінің ішінде сюннулар болды, олар біздің заманымыздан бүрынғы мыңжыддықтың-ортасынан бастап Хуанхэ өзенінің орта түсы мен төменгі ағысындағы қазіргі Қытай жерін жэне Орта, Орталық Азияның көп бөлігін қамтып, Шығыс Түркістаннан Оңтүстік Манчжурияға дейінгі аумақты алып жатты.

Екіншісі — біздің заманымыздан бүрынғы мыңжылдықта сыртқы Монғолияда, солтүстік Манчжурияда түркі-монғол тілінде аралас сөйлеген сэнбилер. Кейіннен сэнбилер солтүстік Вэй әулетін қүрған (386—534 жылдар).

Үшіншісі — түркі тілінде сөйлеген тайпалар коныстанған орта. Мүнда Ішкі Монғолияда, Байкалда, Ордостан (Ордос — Қытайдағы өзен) Алтай, Тарбағатай, Жетісуға дейінгі жерлерді мекендеген хун тайпалары калыптаса бастайды. Бүл тайпаларда түркі тіліңде сөйлеушілер көбірек болған, ал бүлар бүрынғы сақ тайпаларының үрпақтарымен көрші түрған.

Осы аталған хундар мекендеген үш бөліктегі жерлерде түркілік және монғолдық тіл тобына жататын тайпалар одағы араласып түрған. Ал олардың батысқа өтуі ерте басталадьь/

Бүлар Еділ мен Дунай бүлғарларының тілдерін керсетеді (бүлғарлар славянға жатпай түрғанда). Қазіргі уақытта бүлғарлардың, чуваштардың тілінің негізгі бөлігі Еділ бойындағы татарларда, гагауыздарда, қүмықтарда т. б. түркі тілді тайпаларда сақталған.

Мүның бэрі біздің заманымызға дейінгі мыңжыддықтың аяғында, біздің заманымыздың I мыңжылдығының басында болған

2. Азиядағы хундар күрған мемлекет

"Сүй патшалығының тарихы" деген кітаптың "Жаграпиялық дерек" деген бөлімінде былай делінген: "Бесбалық күмды аймағының терістігі — алдыңғы хань патшалығы түсында (б. з. б. 223—206 жылдарда) үйсіндердің дунхудағы жері, соңғы хань патшалығы түсында (б. з. б. 225—220 жыддары) хуңдардың ордасы түрған жер. Ордадағы (хундардың, эскери лагері мен эскери басшы ставкасы осылай аталған) үйсіндер басшысы хундардан шекаралық аймақты босатуды талап етті. Согыстан қауіптенген ақсакалдар хундардың көсемі Модеге дунхуларға жерді беру туралы кеңес айтты. Бүған Моде: "Жер — мемлекеттің негізі, оны беруге бола ма, сірэ?"— деп қатты ашуланды. Сонан соң атына мінді де, соңынан ермегендердің бастарын алуды бұйырып, шығысқа қарай жылжиды. Дунхуларға түтқиылдан шабуыл жасап, оларды талкандады, басшысын өлтірді, адамдарын және малдарын өзіне қосып алды". Хун тэңіркүтының алғашқы қадамын Сыма Цянь осылай жеткізеді.

Біздің заманымыздан бүрынғы 203—202 жылдары Моде Саян, Алтай жэне жоғарғы Енисей тайпаларын (оның ішінде Хакас аумағындағы ертедегі қырғыздарды) бағындырып, өз мемлекетінің солтүстік шекарасын түбегейлі орнықтырды. Бірак әлі де ең басты екі қарсыласы — Қытай мен юэчжилер (иран тілдес үлы жүздер) қалып еді.

Б. з. б. 202 жылы Қытайда азамат соғысы аяқталды. Ел басына Хань династиясы келді. Оның негізін калаушы Лю-Бан (император Гао-ди) мемлекет шекарасын кауіпсіздеңціруге тырысып, б.з.б. 202 жылдың қысында хундарға қарсы әскер шығара бастады. Бірінші қақтығыстан соң-ақ Моде кейін шегінді, ал олардың соңынан жүріп отырған Хань әскері өзінің негізгі күшінен бөлініп, көз жазып қалды. Әскерімен бірге императордың өзі де бар еді. Мүны байқаған Хундар шегіністі бірден токтатып, төрт атты корпусымен императорды Байдан тауының маңында қоршауға алды. "Жеті күн бойы таудағы жэне одан сырттағы Хань әскерлері бір-біріне азык-түлік көмегін де, эскери көмек те бере алмады",— деп жазады тарихшы Сыма Цянь.— Батыстағы сюннулар атты эскері — ақ аттарға, ал шығыс беттегілер — түмсығында ак дағы бар сүр аттарға, солтүстіктегілер — қара түмсықтыларға, ал оңтүстік жақтағылар — жирен аттарға мінген".

Императорга хундармен туыстыққа негізделген бейбіт келісім шартын жасауға уәде беруден басқа жол қалмады, яғни Модеге император үйіндегі ханшайымды беруге тура келді. Бірақ император өз уэдесін хундардың дүркін-дүркін шапқыншылығынан кейін ғана орындады, ханшамен бірге жыл сайын сыйлық беріп отыруға міндетті болды. Ол сыйлықтар — жібек маталар, шарап, күріш, эшекей бүйымдар еді. Шындығына келгенде бүл салыктар көзбояушылық еді. Хундар мен Хань арасындағы бейбіт қатынас б. з. б. 166— 163 жылдарға дейін созылды. Бүдан соң туыстық пен бейбітшілік туралы шарт кайтадан басталып, жаңарып отырды.



Моде мен оның мүрагерлері, дәлірек айтқанда, тэңірқүт Лаошаньнің ең қатал соғысты үлы жүздермен (юэчжилермен)жүргізуіне тура келді (б. з. б. 177—176 жылдары). Күрес цшрек гасырға созылды және біздің заманымыздан бүрынғы 174—167 жылдары хундар үйсіндермен одақта болудың нэтижесінде қатты шиеленіскен соғыста жеңіске жетті. Юэчилер көсемі үрыста қаза тауып, оның бас сүйегінен тэңірқут Лаошань ішімдік ішетін сүйек тостаған жасатады. Бүл жөнінде қытайдың жазба дерегінде: "Хундардың тэңірқүты Аслан (Лауошань) үлы жүздер тайпасының ханын өлтіріп, оның бас сүйегінен шарап ішетін ыдыс жасаткан. Алғашында үлы жүз тайпалары Дун Хуан мен Жылан тауы арасында отыратын, енді хундардан жеңіліп, алыстағы өңірлерге қарай ауып кеткен. Үлы жүздер (юэчжилер) хундардан жеңілген соң Ферғанадан өтіп, Бактрияға шабуыл жасап, оларды бағындырып, өз ордаларын күрған" делінген. Осылайша бүл жолғы шабуыддар арқылы хундар мен үйсін тайпалары үлы жүздің қоныстарын тартып алып, оларды өз боданына айналдырған.

Б. з. б. 56 жылы оңтүстік хундар тэңіркүты Хуханьенің басшылығымен шапқыншылықтан бас тартады да, қытаймен бейбіт катынастар орнатады, ал кытайлар олардың тынышталуы үшін бэрін істеді, сөйтіп 50 жылдай уақыт бойы хун — қытай шекарасында қақтығыс болған жоқ. Солтүстік хундар тэңірқүты Чжичжидің басшылығымен Орта Азияға кетіп, одақтас қаңлы мемлекетіне өтгі, бірақ бүл жерде хундар кытайдың экспедициялық корпусына тап болып, талқандалады. Өйткені қытайлар Чжичжиді қаңлы мемлекетімен бірігіп, Шығыс Түркістандағы билігіне қауіп төндіреді деп күдіктенген. Осы түстарда хун тайпалары ыдырап, оңтүстіктегілері қытайдың боданына айналып, солтүстіктегілері кытай әскерлерінен жеңіліп, батыска карай жылжиды. Біздің заманымыздан бүрынғы 49 жылы Барқол маңында билік қүрған хун тайпаларының тэңірқүты Шөже үйсіндердің терістік өңірдегі Күнбиіне елші жіберіп, оларды өздеріне қаратпақ болады. Қытай жазба деректері бул оқиға жайлы былай деп жазады: "Үйсіндер тайпасы хундардан келген елшіні өлтіріп, басын кесіп алып, қытай патшаларының өкілдігі түрған жерге жібереді. Өзі 8 мың әскерді бастап, тэңірқүты Шөжеге қарсы соғысқа аттанады. Алайда бүл жолғы соғыста үйсіндердің кіші Күнбиі атанған Өжет батыр жеңіске жетпеді".

Біздің заманымыздың 48 жылы хундар солтүстік жэне оңтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік хундардыңтағдыры негізінен Хань империясынатэуедді болды. Солтүстік хундар

—Енисей (ежелгі қырғыз) тайпаларынан, эсіресе дуньху — үйсін үрпақтарынан, сэнби—Манчжуриядан айырыла бастады. Хундардың ставкалары Батыс Монғолияға, солтүстік-батыс Сібірге, Шығыс Түркістанға ығыса отырып, біздің заманымыздың II ғасырының бірінші жартысында хун тайпаларының миграциясы эуелі Қазақстанның шығысына —Тарбағатайга жэне Жетісуға қарай ығысты. Осы кезде хундар өздерінің 5 ғасырдай өмір сүрген Юэбан мемлекетін күрды, ол мемлекеттің ордасы Балқаш көлінің солтүстігінде орналасты. Ал кейін хундар Батыс Сібір угор тайпаларымен бірге Орал, Каспий, Еділ маңыңдағы жерлерге коныс аударды.



Хундардың экономикасы және мемлекетгі басқару дәстүрі

Сыма Цяньнің жазғанына қарағанда, хун коғамының экономикасы тіптен қарапайым болғанға үқсайды: "Жай уақытта олар мал бақты, эрі аң, күс аулаумен айналысты, ал қиын-қыстау кездердегі шабуылдың дайындығы ретінде эркім өзінше эскери істерге үйренді.

Жылқы табынынан басқа хундардың негізгі байлығы — сиыр, қодас, түйе, қой жэне ешкі отарлары болады. Мал

жеке меншікте үстадды, эр отбасы туыстығына байланысты аумақтың белгілі бір бөлігінде мал жайды, эрі ол жерді бүкіл туыстарына корған түтты. Адам баласы мүліктерінің бүтіндігін сақтау мақсатымен, Сыма Цянь айтпақшы, "Әкесі немесе баласы өлген жағдайда, олардың әйелдерін туыстары әмеңгершілік жолымен өздері алып отырған", басқа көршілері сияқты хундарда да көп эйел алу болған. Бөтен мүлікті ұрлағандығы үшін бүкіл отбасы қатаң жауапка тартылған, ал мал үрлаған кінәлі отбасы қулдыққа түсіп отырған.

Хун қоғамының жоғарғы билікті төрт аристократиялык ру күрды, олар — яғни кез-келген бір ер кісі өзіне әйелді тек қалған үш рудан ғана алуға болатын, бір-бірімен некелік қатынаста байланысқан рулар еді.

Бағынышты тайпалар осы төрт тайпаға мата, қой терісін жэне басқа да салык түрлерін төлеп отырды. Егер салықты дер кезінен кешіктірсе, хундар олардың ру басшыларын дарға асты. Борышкердің әйел-баласын ездері алатын болды. Бостандыққа шығу үшін ерекше төлем талап етгі. Хундардағы қүлдықты көрсететін мэліметтер жиі кездеседі. Қүлдыққа негізінен түткындар алынды, ал кейде эр түрлі қылмыстары үшін хундардың ездері де қүлдыққа түсіп отырды. Өзге тайпалықтар яғни қүддар көбінесе отырықшы шаруашылықта пайдаланылды, олар бекітілген қалада хундармен бірге өмір сүрді, жер жыртты, тас калау жэне қүрылыс жүмыстарына қатысты, қолөнер өндірісіне араласты. Қүлдықтағы хундардың жағдайы онша анық емес, олар патриархалдық отбасының ең төменгі тобын күрауы мүмкін.

Хун мемлекетінің қүрылымы да қатал иерархиялы болды. Б. з. б. V—IV ғасырларда жун (хун) тайпасынын, әскери демократиясынан өсіл шыққан хун державасы көршілес тайпа одақтары жэне қытай патшалығымен соғыста әбден шындалды. Мүндай мемлекет тек әскери әкімшілік принциппен үйымдастырылған, орталықтандырылған империяда ғана болуы мүмкін.

Қатал билік жүргізген ел басын "тэңірқүты" деп атаған. Ол "Аспан мен Жерден жаралган, Күн мен Айға теңестіріп койылған үлы хун — Тэңірқүты деген арнайы титулға ие болған. Оны "Көк үлы" деп те атаған. Оның билігі мынадай міңдеттер мен функциялардан көрінеді: а) мемлекетгің барлық аумағы мен баскару міндеті, осы аумақты корғау функциясы; э) соғыс және бейбітшілік шартын жариялау міндеті мен эскерге жетекшілік ету функциясы; б) мемлекеттің барлык карулы күштеріне жүмсалатын шығынды ез қолына жүмылдыру жэне сыртқы саяси бағытты анықтау функциясы; в) қарамағындағы эрбір адамның өмірі мен өліміне жауаптылық міндеті.

Мемлекетте Тэңірқутынан кейінгі лауазымды кісілер — сол жэне оң (батыс, шығыс) "дана басшылар", яғни олар Тэңірқүтының балалары мен жақын туыстары болды. Олар империяның батыс және шығыс аумағын баскарды, эскердің сол жэне оң канатын басқарды. Бүлардан кейін Тэңірқүтының белгілі бір аумағын басқаратын басқа да туыстары түрды, олардың бэрі эр түрлі лауазымға ие бодды жэне "он мың жауынгердің үстінен қарайтын басшылар" деп атадды. Бүлардың жалпы саны империяның батыс, шығыс жақ бөліктеріне, әскердің сол, оң канатгарына бекітілген 24 жоғары әскер басылардан қүралды. Бүл орындарға Тэңірқүтына туыстық жакындығына карай алынды. Басшыларды Тэңірқүты өзі белгіледі. Ол эр басшының иелігіне сонда мекендеуші түрғындарымен бірге аумақтар бөліп берді. Тәңірқүтының рүксатынсыз тайпалардың баска жаққа көшуіне қатаң тыйым салынды.

Мемлекетте барлык ер адамның негізгі борышы әскери кызмет бодды. Әр хун жауынгер атанды жэне әскери міндетгі орындауға бас имегендерді өліммен жазалады. Барлык, ер адам балалық шағынан өмірінің соңына дейін қатал бекітілген эскери бөлімшелерге жазылып койды, әркайсысы өз басшысының буйрығымен соғысты.

Міндетті түрде төрт аристократиялық рудан шықкан басшылар "аспанға, жерге, адам рухьша, аспан элемінің рухына қүрбандык шалуға" жылына үш рет, ал "мемлекет істерін талқылауға, адамдар мен үй жануарларының санағьш тексеруге" күзде бір рет Ордадағы тэңірқутына барып түрды. Бүл жиынды баскару уйымы дегенмен, ол туыстардьщ

отбасылык кеңесі ретінде өтеді, өйткені оның катысушылары Төңіркүтының туыстары болатын.

Сөйтіп Хун империясының басқарушы тобы рулық-тайпалық негізде калыптасты; мемлекеттің жоғарғы басшыларын сайлауда туыстык қатынас шешуші мәнін сақтады. Барлық аксуйектер ру ішілік жөне тайпа ішілік байланыстарды сақтай отырып, қатардағы тайпалармен кандас ретінде көрінді. Сондай-ақ ру арасында азық-түліктерді бөлу жайылым жерлерге деген жеке меншіктілік жоғарыдағылардың саяси күшінің негізін күрады.

Хун империясының үш ғасырдай емір сургенін және усақ хун мемлекетінің бірнеше ғасырғы өмірін жалғастыру ушін бүл қүрылымдардың барлығы толық түрақтьшыққа ие болды.

Шығыс Еуропадағы хундар империясы

Біздің заманымыздың басындағы I ғасырда Хун одағы еьсі топқа жарылып, бірі — Шығыс хун мемлекеті, екіншісі Солтустік Батыс хун мемлекеті болып аталған. Екі мемлекеттің екеуінде де түркі тайпалары билеп отырған бірнеше тайпалық одақтар болған. Солтүстіктегі Хун мемлекеіі біздің заманымыздың IV ғасырында әйгілі болып, шығыс Европаға қарай жылжыды. Б. з. IV ғасырынык 70-жылдарының аяғында хундар солтүстік Қаратеңіз оңірінде пайда бола бастады. Хундардан бірінші болып соккыға жығылғандар Азов теңізі өңірін мекендеген аландар (осетиндер) еді. Көшпелі аландардың біраз болігі қазіргі Кубань өзені бойындағы хундарға бағынды. Хундар екі бағытта ілгері жылжыды: біріншісі — қыста мүзды жолмен яғни Перекоп жэне Таман түбегі аркылы қазіргі Керчь бүғазы мен Қырымдағы Боспор патшалығына беттеді. Оның калалары алынды жэне тоналды. Мың жыддан аса емір сүрген Боспор патшалығы жойыдды. Екіншісі батыс және солтүстік батыста орналаскан Сармат — алан және Готтар немесе швед тайпасына бет түзеді. Вестоготтар (Батыс Готтар) Дунайға қашты, Остоготтар (Шығыс Готтар) талкандалды. Олардың королі 110 жастағы Эрмонарих жеңіліске үшырағанын көтере алмай, өзін-езі өлтірді. Сонымен Оңтүстік Батыс хундарға Еділ мен Дунайға дейінгі жерлерді мекендеген турлі тайпалар мен халықтар бағынды. Осыдан кейін — 376 жылы хундар Рим империясымен көршілес мемлекет болып, коп узамай оған күш көрсете бастады. 395 жылы хундар Закавказье мен Месопотамия аймағына шабуыл жасады.

Хундардың патшасы Аттила 450 жылы Рим империясының шекарасын кесіп өтуге дайындалады. Ол Рим императоры Валентино Ш-ден карындасы Гонорияны озіне эйелдікке және Рим мемлекетінің байлығы мен билігінің біраз болігін беруін талап етеді. Гонорияның өзі болса Аттилаға әйел болуға ықылас танытады. Оның себебі — Гонория кеп жылдар бойы оз туыстарымен Римде билікке таласқан еді. Сондықтан ол Аттилаға қүпия түрде сенімді кісіден хат жолдайды. Онда Аттилаға әйел болғысы келетінін білдіреді, оның белгісі ретінде қымбат жузігін беріп жібереді. Римдіктер муны біліп койып, катты дурлігеді, Муны ежелгі тарихшы "бүкіл мемлекетке жауыздық экелді, Римге опасыздық жасады" деп жазды. Әрине, Аттиланың сарайында 32 жастағы Рим қызынан басқа да жас қыздар жеткілікті еді. Бірақ Аттиланың Рим кызымен кесілер некесі римдік патшаның мүрагері болуға мумкіндік беретін еді.

451 жылы Аттила алып державаның эміршісі болды. Оған Днестрден Римге дейінгі, Балтык, теңізінен Қара тёңізге дейінгі жерлер бағынды. Ол қай жерге аяк басса, сол жерде үрей туды. Оның айтқанын ешкім екі етпеген. Аттилаға бағынбаған Рим ғана қалады. 451 жылы Аттила Рейн өзенін басып өткенде Римнің тағдыры қыл үстінде түрды. Римнің эскер басы Аэции деген адам еді. Ол жас кезінде хундардың тутқыны болған, сол жерде Аттиламен кездескен болатын, ол хундар әлемін жақсы білетін. Аэцидің туы астына вестоготтар, аландар, алемендер, бургундар, франктар бірігіп, 451 жылы 15 маусымда Тура каласының жанындағы жазықта Атгила әскерімен шешуші шайқас болады. Мүндай жүздеген мың әскер қатысқан ірі қантөгісті бүдан соң тарихта XIX ғасырға дейін ешкім көрген емес. Өлгендердің саны 166 мыңға жетіп, жапа шеккен жаралылар өзеннен қан араласқан су ішкен. Тіпті, аса берік, лирикалық өзгерістерге мойымайтын гот тарихшысы Иорданның өзі де шыдамай, осы шайқасты қайғылы суретгеген. Алғашқы шайкас Атгиланың жеңілісімен бітгі. Ол эскерлерімен бірге күшті лагерде тасалануға мэжбур болды. Шабуылды күту кезінде ол хундардың дэстүрі бойынша жау қолына тірі түспеу үшін өзін отқа жағуға дайын еді. Бірақ хундар бекінісіне шабуыл болмады, Римдіктер қүрған одақтың арасында өзара келіспеушілік, сенбестік, араздық бастадды, вестоготгар өз эскерлерін соғыс аймағынан алып кетті. Аттила болса, өз әскерлерін ертіп, аман-есен кері қайтты. Көп үзамай ол өзінің эскер қатарын толықтырып, Италияның оңтүстігіне — Римге қарай бет адды. Ол көптеген қалаларды: Аквилея, Верона, Монтуя жэне Бергамоны басып алды. Милан каласы Аттилаға тіпті өз еркімен берілді. Қала басшысы қақпаны езі ашты. Аттила сол үшін қайырымдылык, жасап, қаланы жай ғана тонады. Ендігі кезек Римдікі еді. Мәңгілік каладан Лев I Рим папасы Аттиладан қайырымдылык сүрау үшін елші жіберді. Елшілер Аттилаға кеп алтын, асыл заттар тарту етті. Күтпеген жерден Аттила келісім берді. Себебі, хун елінде оба ауруы басталған еді. Хун патшасы Поннонияға кетпекші бодды. Бірак Римдіктер Гонорияны эйеддікке бермесе, келесі жылы келіп қаланы шабамын деп қорқытты. Аттила қайтьш келмеді. Ол өз сарайына әйелдікке бургун елінің (немістің) сүлу қызы Ильдиконы алды.



Тойдың ертесі күні қызметшілері неке төсегінде жылап отырған қыз бен өліп жатқан Аттиланы көрді. Неміс тарихшылары: "Шындығына келгенде, ол кыздың бойынан алған қүмарлықтың куштілігінен өлді" дейді. Бірак Аттиланың өлімі Еуропаның шартарабына оның бургун корольдігін күйреткені жэне туысқандарын өлтіргені үшін кек алу максатымен Ильдико у берді деген хабар тарайды.

Аттила өлген соң Хун империясы ыдырады. Бірақ Аттила ел ауызында мэңгі қалды. XIII ғасырдың басында Австрияда, Дунай жағасында белгісіз шпильман (кезбе энші) көп ғасырлар бойы әр турлі герман халықтарына ауызша тараған батырлық туралы дастан жинап Жүріп, "Нибелунга" деген жыр жазып алды. Онда біз хундармен готтармен, бургувдармен, Ильдико сүлумен немесе Кримхильмен (оның еркелеткен аты Хильди) жэне катал Аттиламен кездесеміз. Жырда Аттила немісше Этцел деп аталады. Бүл жырда Кримхиль Этцелден (Аттиладан) ағаларының кегін алмайды. Керісінше, Этцелдің көмегімен бургун корольдығын қүлатып ағаларынан кек алады. Этцел біздің көз алдымызда ашык, жайсаң және кайырымды король, ак көңіл басқарушы болып көрінеді. Тарихтың тағы бір жүмбағы бар! Мумкін осылай да шығар. Аттиланың өлімі Римді қүткармады. Екі жыл өткеннен соң Римді Вандалдар басып алып, екі апта бойы тонады. Ал содан 21 жыл өткеннен кейін Батыс Рим империясы мэңгі жойылды.

Аттила империясының күлағанына 1400 жыл өтсе де, Европа елдерінің есінде сақталған, оған мысал — 1942 жылы 11 сәуірде Гитлер өзінің баспанасы —"Волчое логово" деп аталған үйде отырып, фашистік есіріктерге болашақта шығысты күлдықта үстау үшін мынадай кеңес берген: "Шығыс облыстарының халкына кару-жарақ беру керек емес, мүны бізге тарих үйретті, кару берсек, бүл улттарды билеу жойылады. Егер басып алған халықтардың (орыстардың), қырғыздардың, казақтардың, чехтардың) қолына қару берілсе, иэ, тура айтсақ бүл халықтар біздің билеуімізден кетеді. Біздің мақсатымыз шығыс облыстарының жерінде эскери тірек пункттер орнату жэне барлық немістердің осы әскери пункттермен тығыз байланыста болу керектігін жене бүлар өз тарихын, мемлекеттік үғымды білсе, бізге қауіп туғызады"1,—деді.

Хундар көсемі Аттила қазіргі Вещр халқының мақтанышы екенін де айтқан жөн. Венгрияда Аттила атыида университет бар. 1994 жьшы 22 ақпанда Қазақстанға Венгрияның төтенше өкілі болып тағайындалған Торма Иожеф кезінде Аттила атындағы университетті бітіргеңін білеміз. Қазақстан Президентіне сенім грамотасын тапсырғаннан кейін, ол казақ — венгр халыктарының тарихи туыстығы тереңнен тамыр алып жатқанын, ежелгі хундар заманынан бері жан-жакты байланыста болғандығын атап өтті.

6-7. Тақырыбы: Түркі тайпалары мен халықтарының шығу тегі, мекендеген аймағы және этникалық құрамы.

Жоспары:

1. Түркі дэуіріндегі этникалық процестер.

2. Түркі тілдес бауырлас халықтардың географиясы.

Біздің заманымыздың I мыңжылдығында Еуразия далаларындағы этникалық орта бірте-бірте өзгере бастады. Биліктің элеуметтік консолидациясының жедел дамуы бірінші мыңжылдықтың екінші жартысында Оңтүсіік Сібір, Орталық жэне Орта Азия, төменгі Еділ жэне Солтүстік Сібір аумақтарында бірнеше түркі тілді тайпалардың жэне қағандықтардың қалыптасуына алып келдіДОлар: бірінші Түркі қағандығы — П Шығыс түркі қағандығы, Батыс түркі қағандығы, үйғыр, түргеш қағандығы, Енисей қырғыздарының, Хазар, Бүлғар, Қарлүқ, Қарахан, Қимақ және Арал бойы оғыздарының Қыпшақ, Хорезм мемлекеттері немесе империясы. Дәл осы уакытта казіргі түркі тілді тайпалардың этникалық-саяси бірігуі қалыптаскан еді. Осы дэуірде түркілердің рухани мэдениеті де жаңа сатыға көтерілген болатын. Түркі жазба мәдениеті мен сына жазуы, хатқа түскен түркі өдебиеті қалыптасты. Түркілер өздеріне алғашқы рет діни түсініктерді, нанымдары — буддизм, христиан, манихей, ислам діндерінің негізінен баска да өркениет жетістіктерін кабылдады. Көшпелі жэне жартьшай көшпелі өмір кеше отырып, біртіндеп қалалық жэне отырықшы түрмыска кошті. Отырықшылыққа кошкен тайпалар озіндік өркениетті мэдениет түрлерін қалыптастырды, олар сол кездегі элемдік мэдениетге өзіндік орын алды.

Осы процестердің бэрін үлы далада өмір сүрген коптеген тайпалардың біріне ғана тән немесе казіргі түркі тілдес тайпалардың бірінің ғана тікелей тарихы деп қарауға болмайды. Евразияның түркі тектес халықтары өздерінің алдындағы тайпалар сияқты үзак уақыт бойы түркі тілді халықгардың бэріне ортак тарюсты жасады. Тарих аренасында бір тайпаның орнын екіншісі ауыстыруын аддыңғы тайпаның тарихтан өшуі деп есептеуге болмайды. Олар пайда болған жаңа тайпаның саяси қүрамынан, ариліктердің, сактардың, хундардың этникалық топтарынан көрініс беріп, өзгеріске үшыраған турде тарих сахнасына кайта шығады. Түркі тайпалары қола дэуірінде пайда болып, ари, скиф-сақ, хун дәуірлерін басынан кешірсе де, олардың бірлестігі жоғалған жоқ. Тек көне түркі дэуірінде ғана этникалық негізде тарих аренасынан коріне алды.

V ғасырдың екінші жартысынан бастап түркі деген сөз (термин) алғаш рет кездеседі де, осыдан кейін кеңінен тарала бастайды.

Бүрын соғды тілі түркілер мен кытайлар арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарда пайдаланылып келген болса, кейін "түркі сөзі византиялыктарда, арабтарда, сириялықтарда, санскрит тілінде, көптеген иран, тибет тілдерінде кездесе бастады. Қағандық — империя қүрылған 460 жылға дейін "түркі" сөзі 10 (кейінірек 12) тайпа бірлестігінің атауы ретінде жүрді. Бүл термин кағандык өмір сүрген дэуірлерде де сақталып қалды. Бүл сөз ертедегі түркі текстерінде "түрік бүдун" атауы ретінде кездеседі (бүд — тайпа), яғни жекелеген тайпалардан қүралған тайпалар одағы. VIII ғасырдың ортасынан бастап тарихи жазбаларда " 12 тайпа түркі елі" деген термин кездеседі. Түркі тайпаларынан қүралған мемлекет те дэл осы сезбен аталды. "Түркі елі" деген атау ертедегі түркі эпиграфиялык ескерткіштерінде де, қытайдың тарихи жазбаларында да осы күйінде кездеседі. Кеңінен алып қарасак, бүл термин түркілер күрған үйым — көшпелі державаның атауы. Византиялыктар мен ирандықтар "түркі елі" деген сөзді жиі қолданса, кейде түркілердің озі де осы сезді кеп қолданған.Терминнің эрі қарай өріс алуы IXXI ғасырлардағы араб тарихшылары мен географтарының еңбектерінде молынан кездеседі, ал бүл кезде "түркі" сөзі бір халықтың немесе мемлекеттің атауы ретінде қолданыдды. Дэл осы арабтардың ғылыми әдебиеттеріңде түркілер сейлеген тілдің генетикалық байланысы жэне түркі халықтарының генеологиялық туыстығы жайында айтылады, ал мүсылман тілдес халықтар жазбаларынан сырт жерлерде мүндай кең көлемде жазылған мэліметтер кездесе бермейді. Орыс жылнамасында 985 жьшы "торк" деген атау кездеседі. Бірак бүл — Үлы даланы мекендеген печенег, хлоабук, половец тайпаларымен қатар емір сүрген кешпелі бірлестіктердің бірінің ғана атауы.

Кеңес өкіметі жыддарындағы түркілердің тарихы туралы жазылған қүнды еңбектер: Толстовтың "Древний Хорезм" (1948) атты зерттеуі, Л. Еумилевтің "Древние тюрки" (1967),

"Поиски вымышленного царства" (1970) және "Хунны в Китае" (1974) деген күрделі зерттеулері түркі тайпаларының ғасырлар бойғы даму ерекшеліктері, этнос ретінде қалыптасу кезендері мен мемлекеті туралы сыр шертеді. Л Гумилев "Хунны в Китае" деген еңбегінде ерте замаңцарда Қазақстан, Алтай жэне Орта Азия жерлерін мекендеген басты тайпа — хундардың түркі қағанатына қатысы туралы жазды.

Академик В. В. Бартольдтың Орта Азия елкесін мекендеген тайпалардың тарихы жөніндегі еңбектерінің ғылыми маңызы зор. Ол бүл еңбектерінде араб, парсы жэне жергілікті тарихшылардың аса қүнды еңбектерін пайдаланған. Бартольдтың "Монғол кезеңіне дейінгі Түркістандағы христиандық туралы", "Жетісу тарихының очерктері", "Монғол шапқыншылығы кезеңіндегі Түркістан" т. б. еңбектері күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Оның бүл еңбектері Орта Азия жэне Қазақстан халықтарының кене дэуірден бастап-ақ өзіндік тарихи мәдениеті болганын дэлелдеп берді. Орыс шығыстану мектебінің негізін калаушылардың бірі болған ол Қазан төңкерісінен кейін Азия музейінің жанынан қүрылған шығыс зерттеушілерінің "Записки коллегии Востоковедов" дейтін баспасөз үйымын басқарды. Оның кептеген монографиялары ағылшын, неміс, түркі, араб т. б. тілдерде жазылған.

Бірак отаршыл Ресей үкіметінің ең қауіпті, ең қасіретті қылмысының бірі — Орта Азия мен Қазакстан, жалпы түркі халықтарының үлттык санасын күддануға күш салу еді. 1881 жылы Түркістан эскери округінің комендантының квмекшісі, патша генералы Мациевский Ташкентте жүмысқа кірісе бастаған Шығыстану коғамының мүшелеріне былай деп хат жолдайды: "Шығыстану қоғамының міндеті Шығысты зертгеу емес, Шығыс халқын орыстаңдыру". Патшаның саясаткер-ғалымдары орыстандыруды тоқтаусыз жүргізу үшін саяси-ғылыми айналымға "панисламизм", "пантюркизм" деген терминдерді енгізсе, Кеңес үкіметі жыддарында жергілікті халықты ата тарихынан, ата дэстүрінен, ана тілінен, үстанған дінінен безіндіру үшін неше түрлі қүйтыркы теорияны жан-жақты жетілдірді.

Қорыта келгенде, түркі халықтары дамуының I жэне II сатылары түркі тілді халықгардың этникалық тарихында өшпес із қалдырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет