Пәннің оқу-әдістемелік кешені


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет4/7
Дата25.01.2017
өлшемі1,01 Mb.
#8072
1   2   3   4   5   6   7

Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

1. Елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуының ауқымы көбіне неге байланысты.

Шаруашылықты біртұтас организм етіп байланыстыратын не

Елдердің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуы олар үшін қай тұрғыда тиімді болып шығады.

Дүние жүзілік шаруашылықтың құрылымы қандай.

Дүние жүзілік шаруашылықтың салалық құрылымы дегеніміз не


Әдебиеттер: Максаковский В.П. Географическая картина мира.
10 дәріс

Тақырыбы: Европалық одақ қалыптасу тарихы мен дамуы.

Дәріс мақсаты: Европалық Одақтың қалыптасу тарихы мен дамуы мен таныстыру.


Әдебиет. 4

11 дәріс.



Тақырыбы: Дүние жүзілік ауыл шаруашылығы.

Дәріс мазмұны: 1. Ауыл шаруашылық саласына түсініктеме.

2. Дүние жүзінің өсімдік шаруашылығы.

3. Дүние жүзінің мал шаруашылығы.

Дәріс мақсаты: Ауыл шаруашылығы ерекшіліктерімен таныстыру.

1. Ауыл шаруашылық өнеркәсіптен кейін екінші орында тұр. Неолит революциясы кезеңінде пайда болған, соңғы мың жылдықтарда материалды әл-ауқаттылықты табудың негізгі түрі болып саналады. Осы уақыт арасында ол көптеген даму кезеңдерінен өтті және олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.

Қазіргі кездің дүние жүзілік ауыл шаруашылығының масштабы жөнінде келесі мәліметтер айтады. ХХғ. 80 жылдарының ортасында ауыл шаруашылықтың дүние жүзілік экономикалық тұрғыда белсенді халықтың еңбекке қатысуындағы үлесі 50%-дан төмен болды. Сонда да ол ең үлкен болып саналды. Осы салада еңбек ететін халықтың санымен әлі де бір де бір сала бәсекелес бола алмайды.

Ауыл шаруашылық түрлері көптеген салаларға қарағанда өте көп, ол ең алдымен:



  • специализациясына

  • тауарлық деңгейі

  • өндірістік белсенділік деңгейіне байланысты

Батыстың экономикалық тұрғыда дамыған елдерінің ауыл шаруашылығына капиталистік өндірістік қатынастар тән. Негізгі өндірістік бірлік ретінде көптен бері жанұялық ферма саналады. Оның орташа көлемі жергілікте орташа тарихи, әлеуметтік, табиғи жағдай және специализацияға байланысты. Австралияда ол 1,8 мың. Га, АҚШжәне Канадада шамамен 200 га, Батыс Еуропада 17 га, Жапонияда 2 га.

Ұсақ және орта фирмалардың сан жағынан басым болғанымен негізгі тауар өнімінің бөлшегін ірі фирмалар береді. Батыс елдері үшін тұтыну немесе тұтыну-тауар бағыты тән саналады. Сондықтан олардың ішінде тауар ауыл шаруашылығының өте дамыған және ол келесі түрлерге бөлінеді.



  1. жайылымдық мал шаруашылық (ранчо);

  2. суармалы жер шаруашылығы жайылымдық мал шаруашылығымен;

  3. тын жерлері бар экстенсивті жер шаруашылығы;

  4. тын жерлері бар экстенсивті жер шаруашылығы мал шаруашылығымен;

  5. экстенсивті жер шаруашылығы дақыл ауыстыру айналымымен;

  6. бақ, бақша;

  7. азық өсіру мал шаруашылығы

Осы жаңалықтардың барлығы агро-өнеркәсіп кешенінің пайда болуына әсер етеді. Ол өз құрамына 3 саланы енгізеді: 1) ауыл шаруашылық үшін өндіріс құралдарын өндіру (машина, химикат, дәнді-дақыл), 2) ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, 3 өнім тасымалдау, өңдеу және сату.

Соңғы он жылдықтарда Батыс елдерінде агробизнес пайда болды. Олардың орталығын Транс-Ұлттық корпарациялар құрайды.

Даму үстіндегі еледрдегі ауыл шаруашылық басқа түрде берілген. Ең алдымен оған дәстүрлі және қазіргі түрі тән.

Дәстүрлі секторға даму үстіндегі елдердің көпшілігі жатады, оған қатысты: Латын Америкада 100млн адам, Африкады 300млн адам, Азияда 800 млн адам. Ауыл шаруашылығының қазіргі секторы – ірі капиталистік өндіріс. Ең алдымен ел плантациялармен көрсетілген.

2. Жер халқын азықпен қамтамасыз етудегі басты рөл әрине өсімдік жер шаруашылығы болып саналады.

Өсімдік шаруашылығында бірінші орында бидай дақылдарына тиесілі. Дүние жүзілік бидай шаруашылығының сипаттамасы 4 құрамды бөлшектен тұрады: 1) егін алқаптары, 2) валдық жинау, 3) халықаралық сауда, 4) тұтыну.

Бидай дақылдары астындағы егін алқаптары қазіргі кезде 650 млн га, яғни барлық өңдеу үстіндегі жердің 45% құрайды.

Кейбір елдерде бұл үлес одан да жоғары. Мысалы, Ресейде, Ұлыбританияда, Францияда, Италияда, АҚШта бидай егін алқаптарынан 50-60%, Польша, Венгрия, Румынияда 60-65%, Германия, Вьетнамда – 80%, Японияда 90% құрайды.

Егіс алқаптарының ең көптеген үлесін негізгі үш бидай дақылы алып жатыр. Бидай (215млн га), күріш (155млн) және жүгері (140 млн) га.

Бірақ бидай дақылдарының басты маңызды рөліне қарамастан өңделу үстіндегі жерлердің жартысы техникалық дақылдармен егілген. Құрамы бойынша келесі түрлерге бөлінеді: майлы, секер, тамырлы, есіртке және дәнді.

Майлы: соя, шағу, арахис, ранс, кунпут, мақта, оливки, пальма. Олардың басты өнімі – дәндері. Басты дақыл ретінде соялық дақылдар саналады. ХХғ ортасына дейін сояның ең ірі және жалғыз өндіруші елдері АҚШ және Қытай саналған, ал қазір 40 елде өңделеді. Батыс Еуропа және Шығыс Азия елдері импорттайды.

Секер қамыы – жылу сүйгіш, көп жылдық дақыл. Оның басты өндіруші елдері – Бразилия, Үндістан; Куба, қытай; Мексика, АҚШ, Австралия; Тайланд, Колумбия. Секер свекласы - Украина, Ресей, Франция, АҚШ, Германия, Италия, Польша, Турция, Қытай, Ұлыбритания, Испания.

3. Мал шаруашылығы – дүние дүзілік ауыл шаруашылығының басты екінші саласы. Бұл саланың құрамында бірнеше сала астын бөлуге болады: ІҚМ өсіру, шошқа, қой, ешкі, буйвол, жылқы, түйе, бұғы, есек, түйеқұс, ара өсіру.

Басты сандық көрсеткіші ретінде – мал басын санйды. Дүние жүзінің жалпы саны - 4,5 млрд құрайды.

Мал басы үш негізгі мал түрі арасында саналады: ІҚМ, қой, шошқа.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

1.Материалдық өндірістің бұл саласының орасан зор рөл атқаратын қандай көрсеткіштерден көруге болады.

2. Аграрлық қатынастар деген не және олардың қазіргіә дүниедегі географиясы қандай.

3.Егіншілік пен мал шаруашылығының арақатынасы қандай факторларға байланысты.

4. Аграрлық қатынастар деген не

5.Жоғары дамыған елдер мен дамушы елдердің агроөнеркәсіптік кешендерін салыстыр.



Әдебиеттер: Максаковский В.П. Географическая культура мира, 1 б
12 дәріс

Тақырыбы: Дүние жүзілік шаруашылық

Дәріс мазмұны.

1.Халықаралық еңбек бөлінісі және дүние жүзілік шаруашылық

2.Энергетика

3.Өңдеуші өнеркәсіп

Дәріс мақсаты: халықаралық еңбек бөлініс түснігімен дүние жүзілік шаруашылқытың негізгі салалары туралы мәлімет беру.

Шаруашылықтың макросалалық құрылымының индустриалды түріне өнеркәсіп және құрылыстың үлесі зор, ал постиндустриалды түрі ҒТР кезеңінде пайда бола бастады. Оған тән қасиет өндірістік және өндірістік емес сала арасындағы сәйкессіздік, әсіресе соңғыға қарай басым болуы.

Өндірістік салаға қарағанда өндірістік емес салаға халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін қажеттііс-әрекеттер жатады: білім, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, қаржы, мемлекеттік басқару және қорғаныс.

Дүние жүзілік шаруашылықтың мезоқұрылымы - өнеркәсіп, ауылшаруашылығының қызмет көрсету салаларының ішінде пайда болатын пропорция.

Сөйтіп, дүние жүзілік өнеркәсіп құрылымында ҒТР әсерінен өндіру үлесі өңдеу үлесіне қарағанда төмендей бастады.

Қызмет көрсету -63%

Өнеркәсіп – 32%

Ауылшаруашылық 5%

Микроқұрылым ең алдымен өнеркәсіп саласында кездеседі. Бірінші қатарға машина жасау, химия өнеркәсібі шығады – электронды-есептеуіш техника, автоматизация құралдары, аэрокосмостық, лазерлік техника, атом энергетикасына жабдық және т.б. Бұлардың барлығы ҒТР «каталогтары» саналады.

2. Дүние жүзілік шаруашылықтың даму барысында оның салалық құрылымы ғана өзгеріп қана қоймай, оның кеңістік құрылымы да өзгереді.

Ғылыми әдебиетте дүние жүзілік шаруашылықтың кеңістік моделінің 3 мүшелі түрі бар.

Екі мүшелі модель экономикалық тұрғыда дамыған және дамушы елдер болып бөлінуге негізделген, яғни Солтүстік елдері және Оңтүстік елдері.

Үш мүшелі модельде негіз ретінде экономикалық тұрғыда жоғары дамыған елдер арасындағы, дамушы елдер және өтпелі экономикасы бар елдер арасындағы қатынас.

Көп мүшелі модель көптеген елдер арасындағы қатынас.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

1. Елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуының ауқымы көбіне неге байланысты.

Шаруашылықты біртұтас организм етіп байланыстыратын не

Елдердің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуы олар үшін қай тұрғыда тиімді болып шығады.

Дүние жүзілік шаруашылықтың құрылымы қандай.

Дүние жүзілік шаруашылықтың салалық құрылымы дегеніміз не



Әдебиеттер:
13 дәріс.

Тақырыбы: Дүние жүзілік көлік жүйесі.

Дәріс мазмұны: 1. Көлік жүйесіне анықтамасы.

2. Дүние жүзілік темір жол көлігі.

3. Дүние жүзілік автомобиль көлігі.

4. Дүние жүзілік құбыр көлігі.

5. Дүние жүзілік су көлігі.

6. Дүние жүзілік ауа көлігі.



Дәріс мақсаты: Дүние көлік жүйесі ерекшеліктері және көлік жүйесіндегі айырмашылықтар білу.

Көлік - дегеніміз дүние жүзілік шаруашылықтың күрделі организміндегі қан тамырлары жүйесі. Ол мемлекет ішіндегі және халықаралық еңбек бөлінісінің материалдық негізі болып табылады. Аумағы өте кең елдер үшін көліктің дамытылуы ерекше маңызды. Аумақтың үлкен болуы көлік саласындағы құрылысқа көп қаржы жұмсалуына себеп болады.

Ғылыми – техникалық революция көліктің негізгі түрлерінің бәрін- автомобиль, темір жол, теңіз, өзен, әуе жолдарын, құбыр желісін- түгел қамтыды. Жылдамдық қауырт артты, жүк көтергіштік көбейді, жылжымалы тасымал молайды. Осының бәрінің нетижесінде толып жатқан көлік артерияларымен дүние жүзі «сығылғандай» болып қарым-қатынас оңайлайды.Бүгінде әуе жолдары тіпті Солтүстік полюстің өзін басып өтеді.Су астындағы теспе жолдар Жапон аралдарының бүкіл тізбегін жалғастырып қосты. Теңіздердің түбімен газ, мұнай құбырлары төселді, ал мұхиттар түбімен кабель тармақтары тартылды.Дүние жүзінің электрлендірілген таңдаулы темір жолдарындағы жылдамдық бүгінде сағатына 200 километрге жақын және тіпті бұл шамадан асып түседі.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

Көліктің ескі және жаңа түрлері

Көліктің көп тараған түрлері

Көлік кешені деген не

«Жүк айналымы» және «жолаушы айналымы» деген не

Елдің даму деңгейі мен оның көлік жүйесінің сипаты арасында қандай тәуелділік бар



Әдебиеттер: Максаковский В.П. Географическая культура мира, 1 б
14 дәріс

Тақырыбы: Қытай Халық Республикасы.

1. Халықтың демографиялық сипаттамасы. Қоныстану ерекшеліктері.

Дәріс мақсаты: Қытай Халық Республикасындағы демографиялық саясат және олардың қоныстану ерекшеліктері туралы мәліметтерін толықтыру.

Қытай –ежелден бергі және ұлы мемлекет.Жаңа заманнан көп бұрын пайда болған ол адамзаттың материалдық және рухани мәдениетіне зор үлес қосты.Әкімшілік-аумақтық тұрғыдан ол 21 провинция, шағын ұлттардың бес автономиялы ауданы және орталық саналатын үш қала- Пекин (астана), Шанхай және Туньцзинь- болып бөлінеді.

Азияның орталық және шығыс бөліктерінде шығыстан батысқа қарай 5700 км, оңтүстіктен солтүстікке қарай 3650 км-ге созылған қытай аумағы дүние жүзінде Ресей мен Канададан кейін үшінші орын алады. Аумағы осындай ұлан-ғайыр болғандықтан ол көптеген елдермен шекаралас . Шекара бір жерлерде биік таулар арқылы өтеді де, адам жетерлік бола бермейді.Енді біраз тұстары(ҚХДР-мен, Лаоспен, Вьетнаммен) көбіне тауларды басып өткенімен, тау араларына экономикалық байланысты жлға қою үшін қолайлы жазық аңғарлармен өтеді. Ресеймен, қазақстанмен және Моңғолиямен шекаралар көп жерде жазық болып келеді.

Елдің теңіз жағасындағы орны өте-мөте тиімді.Іс жүзінде қатпайтын теңіздер тынық мұхитқа кең жол ашады және сыртқы дүниемен байланыс жасауға зор мүмкіндік береді.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Планетаның қанша тұрғыны ҚХР азаматы болып табылады

2.Қытай экономикасының жан басына шаққандағы және абсолют көрсеткіштерінің салыстыруға келмейтіні неліктен

3.ҚХР-дің өсуінің орасан зор қарым-қуатын немен дәлелдеуге болады.

Әдебиет: 4
15 дәріс.

Тақырыбы: Халықаралық қатынастар географиясы.

Дәріс мазмұны: 1. Халықаралық қатынастар ұғымы.

2. Ашық экономика және Еркін экономикалық зона.

3. Дүние жүзілік сауданың динамикасы және құрылымы.

4. Дүние жүзінің офшорлы зоналары.



Дәріс мақсаты: Халықаралық қатым-қатынастар ұғымы, Еркін экономикалық зона туралы мағлұмат беру.

Халықаралық экономикалық байланыстардың негізгі түрлері. Қазіргі заманғы дүние жүзінде әрбір елдің ілгерілеуі ол материалдық және рухани игіліктердің халықаралық айырбасына қатынаспайынша мүмкін емес. Бүгінде ең дамыған елдердің бірде-біреуі де заманға лайық өнімдердің бәрін бірдей түгел ойдағыдай өндіре алмайды. Сөйтіп, ұлттық оқшауланушылық заманы, мемелкеттердің шаруашылық тұрғысынан тұйықталушылығы келмеске кетті. Халықаралық қарым-қатынастарда осы уақытқа дейін «суу» мен «жылыну» кезеңдерінің алма-кезек ауысуларына қарамастан, халықаралық экономикалық байланыстардың үнемі ұлғая түскені әлдеқалай емес. Бұл орайда мұндай байланыстар сол нақты бір елдер үшін экономикалық тұрғыдан тиімді болып қана қоймайды, сонымен қатар Жер шарында бейбітшіліктің нығаюына жәрдемдесті.


6. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ.




Тақырыбы

Сабақтың мазмұны

Апта

Әдебиеті

1.

Геоэкономиканың теориялық негіздері

Геоэкономиканың теориясының қалыптасуына әсер ететін жағдайлар.




Әубәкіров.ЭК теория негіздері.

2.

Ғаламдық проблемаларды шешудің басты кілті. Қарусыздану .

Ақпараттық өркениеттің проблемалар.




Шеденов.Ө.К. Жалпы экономикалық теория.

3.

Еркін экономикалық байланыстар.

Дүние жүзілік сауда айналымы.Ішкі сауда айналымы.




Максаковский.354-356.

4.

Дүние жүзілік финанс орталықтары

Дүние жүзілік финанс орталықтары

Валюталық финанс қатынастары






Максаковский 368-370

5.

Халықаралық экономикалық интеграция

Халықаралық мамандану.Халықаралық экономикалық интегация




Мамыров 130-131

6.

Халықаралық өндірістік байланыстар

Халықаралық өндіріс байланысы.




Максаковский 371

7.

Ғылыми техникалық байланыстар

Ғылыми техникалық байланыстардың ерекшеліктері




Максаковский 373

8.

Дүние жүзілік туристік байланыстар

Дүние жүзілік туризм географиясы




Максаковский 380-381

9.

Халықаралық ұйымдар

Халықаралық әлемдік ұйымдар




Е.Ахметов 187

10.

Араб мемлекет лигасы

Араб мемлекет лигасының даму ерекшеліктері




Е. Ахметов 189

11.

Оңтүстік шығыс азия мемлекетінің қауымдастығы

АСЕАи ұйымдарына кіретін мемлекеттерге сипаттама




Е.Ахметов 256

12.

Жапонияның сыртқы экономикалық байланысы

Жапония мемлекеттеріндегі сыртқы экономикалық байланыстарының атқаратын ролі




Максаковский 258

13.

Қытай мемлекетінің экономикалық байланыстары

Қытай экономикасындағы сыртқы байланыстың атқаратын ролі




Максаковский 216

14.

АҚШ мемлекетінің сыртқы экономикалық байланысы

АҚШ экономикасындағы сыртқы байланыстың маңызы




Максаковский 404

15.

Халықаралық байланыс жүйесіндегі Қазақстанның алатын орны.

Қазақстанның экономикасының дамуы, оның сыртқы саудадағы ерекшелігі.




Е.Ахметов 91


7. практикалық сабақтардың әдістемелік жоспары
1 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Мемлекеттер типологиясы.

Мақсаты: Дүние жүзі елдерінің типологиясына толық сипаттама беріп, оларға анықтама жазу керек.

Практикалық сабақ мазмұны: 1. Экономикалық тұрғыда дамыған елдер.

2. Көшпелі экономикасы бар елдер.

3. Даму үстіндегі елдер.

Әдістемелік нұсқау: Современная политическая карта тарауындағы «Типы стран современного мира» атты картаны астындағы үш түрге қарап контурға түсіру керек. Әр бір топтың елдерін бір түспен бояу керек. Нәтижесінде үш сұрақ бойынша түсініктеме жазу керек.

Әдебиеттер: Максаковский В.П. География – электронды оқулық.
2 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Дүние жүзілік табиғи ресурстар географиясы.

Мақсаты: Дүние жүзілік табиғи ресурстарына сипаттама беріп, олардың классификациясымен танысу.

Практикалық сабақ мазмұны: 1. Географиялық орта туралы ілім.

2. Табиғи ресурстар классификациясы.



Әдістемелік нұсқау: Бірінші сұрақ бойынша оқытушы сәл ғана дәрістік шолу өткізеді, ал екінші сұрақ бойынша электроннды оқулықтан География природных ресурсов тарауындағы «Понятие природных ресурсов» тақырыбы бойынша «География природных ресурсов (классификация природных ресурсов)» схемасын дәптерге түсіру керек. Содан соң түсініктеме жазу керек.

Әдебиеттер: Максаковский В.П. Географическая картина мира; Максаковский В.П. География – электронды оқулық.
3 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Халықтың қоныстануы және жас-жыныстық құрамы.

Мақсаты: Дүние жүзі бойынша халықтың қоныстануын және оның жас-жыныстық құрамына толық сипаттама беріп, сипаттау керек.

Практикалық сабақ мазмұны: 1. Халықтың қоныстануы.

1.1. Максималды көрсеткіштер

1.2. минималды көрсеткіштер.

2. Халықтың жас-жыныстық құрамы.

2.1. Халықтың жыныстық құрамы.

2.2. Жас бойынша максималды және минималды көрсеткіштері.

3. Түсініктеме хат.

Әдістемелік нұсқау: 1-ші тапсырма бойынша География населения мира тарауынан «Размещение населения» тақырыбынан «Страны –«рекордсмены» по показателям плотности» атты картасын контурға екі көрсеткіш бойынша түсіру керек. Екінші тапсырма бойынша осы оқулықтан «Половой и возрастной состав населения» тақырыбынан контурға ерлер және әйелдерді екі түспен ажыратып түсіру. Содан соң ол картаға түсініктеме жазу керек. Осы практикалық сабақ бойынша екі контур карта жасалу керек.

Әдебиеттер: Максаковский В.П. География – электронды оқулық.
4 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Ғылыми-техникалық революция.

Мақсаты: Дүние жүзіндегі ғылыми-техникалық революция ұғымына түсініктеме беру, оның анықтамасымен танысу және оның құрамды бөлшектеріне сипаттама беру.

Практикалық сабақ мазмұны: 1. ҒТР құрамды бөлшектері және тән қасиеттері.

2. Білімнің деңгейі.

3. Түсініктеме жазу керек.

Әдістемелік нұсқау: Бірінші тапсырма бойынша оқулықтағы Г еография мирового хозяйства тарауындағы «Понятие о научно-технической революции» атты тақырыбынан дәптерге схеманы түсіру, содан екінші тапсырма бойынша осы схеманың астында орналасқан «Білім деңгейі (Уровень образования)» атты картаны контурға түсіріп, оған түсініктеме жазу керек..

Әдебиеттер: Максаковский В.П. География – электронды оқулық.


5 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Дүние жүзінің өнеркәсіп саласы.

Мақсаты: Дүние жүзінің өнеркәсіп шаруашылғына сипаттама беріп, оның құрылымын талқылау керек.

Практикалық сабақ мазмұны: 1. Шаруашылықтың құрылымы. 2. Өнеркәсіп шаруашылығының құрылымы (кесте).

3. Түсініктеме хат.



Әдістемелік нұсқау: География мирового хозяйства тарауынан «Основные отрасли промышленности мира» тақырыбынан «Структура хозяйства» атты картасын контурға түсіру керек. Содан соң екінші тапсырма бойынша осы картаның астында «Структура промышленности» атты кестені дәптреге түсіріп, контурмен кестеге түсініктеме жазу керек.

Әдебиеттер: Әдебиеттер: Максаковский В.П. География – электронды оқулық.

6 практикалық сабақ.



Тақырыбы: Ауыл шаруашылығының специализациясы.

Мақсаты: Дүние жүзі шаруашылығының бір саласы ауыл шаруашылығына толық сипаттама беру керек, оның специализациясын талқылау қажет.

Практикалық сабақ мазмұны: 1. Ауыл шаруашылық специализациясы.

2.Түсініктеме хат.



Әдістемелік нұсқау: География мирового хозяйства тарауындағы «Сельское хозяйство» тақырыбынан «Сельское зозяйство» картасынынң астында орналасқан «Специализация сельского хозяйства» картасын контурға түсіріп, оған түсініктеме жазу керек.

Әдебиеттер: Максаковский В.П. География – электронды оқулық.
7 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Көлік жүйесі.

Мақсаты: Дүние жүзінің көлік жүйесіне толық сипаттама жасап, оның әр бір көлік түріне анықтама беріп, талқылап, танысу керек.

Практикалық сабақтың мазмұны: 1. Автомобиль жолдарының тығыздығы.

2.Теңіз порттары.

Әдістемелік нұсқау: География мирового хозяйства тарауындағы «Транспорт» тақырыбы бойынша төмендегі шартты белгілерде берілген автомобиль жолдарының тығыздығын және теңіз порттарын контурға түсіру керек. Содан соң осы контурға түсініктеме жазу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет