ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


-сурет. Физикадағы оқу экспериментінің жүйесі



бет13/51
Дата18.02.2017
өлшемі5,52 Mb.
#10309
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51

5-сурет. Физикадағы оқу экспериментінің жүйесі.

Демонстрациялық эксперимент немесе тәжірибелер сабақ үстінде көрсетіледі. Демонстрациялық экспериментті көрсеткенде оқушылар пассивті түрде бақылаушы ролін атқарады. Лабораториялық экспериментте оқушылар өздері белсене қатынасады, физикалық құбылыстарды өздері қолымен істеп көріп, өлшеулер жүргізеді, физикалық шамалар мен тұрақтыларды тағайындайды. Мектепте жүргізілетін лабораториялық эксперимент белгілі ерекшеліктеріне қарай 5 топқа классификацияланады:

І. Лабораториялық экспериментке оқушылардың қатыстырылуы бойынша: 1) олардың барлығы түгел міндетті түрде орындайтын сыныптық лабораториялық жұмыстар; 2) сыныптан тыс уақытта (физика кабинетінде, үйде), физикаға қызығушы оқушылардың ғана істейтін лабораториялық жұмыстары болып бөлінеді.

ІІ. Өткізілетін орны мен уақыты бойынша лабораториялық жұмыстар 4 түрге бөлінеді: 1) толық бір сабақ бойы; 2) сабақта қысқа уақыт (5-10 мин.) мерзімде; 3) физикалық практикум деп аталатын ұзақ уақыт бойы (2 сабақ) бойы; 4) сыныптан тыс уақытта (кабинетте, үйде -10,30 мин.) өткізілетін эксперимент.

ІІІ. Лабораториялық эксперимент мазмұны бойынша сандық және сапалық болып бөлінеді.

ІV. Өткізу тәсілдері бойынша лабораториялық эксперимент: 1) фронталь; 2) әртүрлі жұмыстар жүйесі; 3) физикалық практикум болып 3-ке бөлінеді.


V. Лабораториялық эксперимент қойылу мақсаты бойынша: 1) зерттеушілік; 2) эвристикалық; 3) иллюстративтік болып бөлінеді.

Фронталь лабораториялық жұмыстар қысқа уақытты немесе бір сағаттық болады. Ол сабақта барлық оқушылар бір мезгілде бәрі бірдей жұмысты орындайды. Мұның бірқатар ұйымдастыру-әдістемелік артықшылықтары бар: а) өтілетін тақырыппен тығыз байланысты болады; ә) барлық оқушының бірдей жұмысты орындауы, оны өткізу мен тексеру мұғалім үшін жеңілдейді.

Мұғалім бұл жұмыстың мынадай өзіндік қиыншылықтарын да аңғаруы керек: а) сыныпта барлық оқушыларды бірдей приборлармен қамтамасыз етудің мүмкіндігі бола бермейді; ә) бір жұмысты 3-4 оқушы бірігіп топ болып жасайтындықтан, олардың біреуі ғана өлшеумен айналысып, қалғандары тек бақылауға мәжбүр; б) жұмыстың приборларын тегіс бәріне бір мезгілде таратып, жинап алу мұғалімге оңайлыққа соқпайды.

Әртүрлі жұмыстар жүйесі, әдетте, тоқсанның не оқу жылының аяғында өткізіледі. Өтілген бірнеше тарауларға қатысты әр түрлі 10-15 лабораториялық эксперимент қойып, әр топ оқушыларына бір мезгілде әр түрлі жұмыстарды (мысалы, 10-сыныпта, механикадан, молекулалық физикадан, электр бөлімінен) орындаттырады. Бұл тәсіл бойынша әр оқушы жеке дара әр түрлі жұмысты орындап, оның өздігінен, шығармашылық түрде істеуіне мол мүмкіндік туғызылады. Бірақ, оның мынадай кейбір әдістемелік қолайсыздығы болатындығын мұғалім ескеруі керек: а) лабораториялық жұмысты орындау күнделікті өтілген тақырыппен байланысты болмайды; ә) жұмысты орындау туралы әр жұмысқа әр түрлі нұсқау берудің мүмкіндігі қиын; б) жұмыстың нәтижесін сынып болып талқылау ыңғайсыз; в) әр түрлі лабораториялық жұмыстарды ұйымдастыру, тексеру, қорытындылау да қолайсыз.

Физикалық (лабораториялық) практикум оқу жылының аяғында 9-10-11-сыныптарда, 1-2 сағат бойы өткізіледі (мысалы дененің еркін түсу үдеуін өлшеу, шала өткізгіштіктердің вольт-амперлік сипаттамаларын алу, электрорезонансты зерттеу). Мұндай лабораториялық практикумдар күрделі аппаратуралармен жасалады, физикалық құбылыстар терең зерттеледі, оқушылардың өз бетінше ізденушілікпен істеуін талап етеді, оларды ғылыми-зерттеу және өлшеу әдістерімен таныстырады.




Зерттеушілік лабораториялық жұмыстар – металдар мен шала өткізгіштіктердің кедергілерінің температураға байланыстылығын зерттеу (10-сынып), эврикалық – Бойль-Мариотт заңын анықтау (9-сынып), иллюстративтік – Ньютонның екінші заңын тексеру (9-сынып) сияқты болып келеді.

Физикалық оқу экспериментінің құндылығын арттыру мынадай мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған:

1) мектеп физика курсының ғылыми деңгейін көтеру;

2) физикалық білімнің мазмұнын қазіргі физика ғылымының даму дәрежесіне сәйкестендіру.

Мектепте физикалық экспериментті тиісті дәрежеде өткізудің ең басты шарты – физика кабинетін жабдықтау және оның жұмысын жоспарлы түрде дұрыс жолға қоя білу. Бұл физика мұғалімінің ынта-жігеріне және іскерлік қабылетіне бірден-бір байланысты жұмыс.

2.Демонстрациялық эксперименттің әдістемесі және оған қойылатын талаптар

Демонстрациялық эксперимент немесе тәжірибелер сабақ үстінде көрсетіледі, сондықтан ол сабақтың бір бөлігі болып есептелінеді және оқытудың басқа тәсілдерімен бірігіп қолданылады. Олай болса, демонстрациялық эксперимент көрсетпейінше физика сабақтарын сапалы өткізуге болмайды.

Сабақ үстінде физикалық тәжірибелерді көбінесе мұғалім көрсетеді, кейде оларды оқушылардың өздеріне де жасатуға болады.

Физикалық демонстрациялық эксперименттің әдістемелік құндылығы мұғалімнен мынадай шарттарды орындауды талап етеді:

1) тәжірибе өтіліп жатқан оқу материалымен тікелей органикалық байланыста көрсетілуі керек;

2) демонстрациялық эксперименттің айқын мақсаты болуы тиіс;

3) сабақта көрсетілетін физикалық тәжірибе көп уақыт алмауы керек және барлық приборларды бірден көрсетудің қажеті жоқ;

4) тәжірибенің сәтті шығуы керек;

5) тәжірибе айқын көрінуі керек;

6) физикалық тәжірибелердің негізінен физикалық заңдылықтардың сандық мағынасын дәлелдеуге арналғаны жөн;

7) демонстрациялық эксперименттің эврикалық түрде болғаны жөн, мұндай жағдайда тәжірибенің негізінде оқушылар өздері «жаңалық» ашады немесе тиісті қорытындыға келеді;

8) тәжірибені көрсеткенде демонстрациялық үстелде тек керекті құралдар ғана қойылуы тиіс;

9) көрсетілген тәжірибеге қатысты сурет пен схемаларды дер кезінде тақтаға сызу қажет;

10) физикалық экспериментті нәтижелі көрсетуде физика мұғалімінің әдістемелік шеберлігі өте-мөте қажет.


3. Сыныптан тыс тәжірибелер және бақылаулар.

Сыныптан тыс эксперименттің білімдік және тәрбиелік маңызы күшті: оқушылардың физика мен техникаға қызығушылығын арттырады; оларды өз бетінше тәжірибелер, бақылаулар, өлшеулер жүргізуге баулиды; физикалық теория мен практиканың байланысын терең түсінеді; айналамыздағы физикалық құбылыстардың мән-мағынасын ұғады; физика және техника туралы әдебиеттерді оқуға әуестенеді; ол жайындағы кәсіби мамандықтардың ерекшеліктерімен танысады.

Оқушылардың физика-техникалық сыныптан тыс тәжірибелері мен бақылауларын ұйымдастыруға бірқатар жеткілікті мүмкіндіктердің бар екендігін аңғару қиын емес.

Сыныптан тыс эксперимент үйде, өндіріс обьектілерінде экскурсия кезінде, физикалық кештерде, физика-техникалық үйірмелерде, қолдан приборлар жасау кезінде өткізіледі.

Сыныптан тыс уақытта физикалық тәжірибелерді, бақылауларды, өлшеулерді нәтижелі өткізу мұғалімнің мынадай әдістемелік-ұйымдастыру жұмыстарды күні бұрын жасай білу шеберлігіне байланысты: 1) оқу материалына сәйкес қосымша әдебиеттерді таңдап алып, онымен оқушыларды таныстыру, олар орындайтын тәжірибелер мен бақылауларды жоспарлау; 2) ондай жұмыстарды орындауға тапсырмалар дайындау; 3) оларды орындайтын орынды және қажетті приборларды анықтау.

Мысалы, оқушылардың үйде жүргізетін бақылаулары мен өлшеулері мынадай тапсырма бойынша орындалуы керек:

а) үйдегі шелектің, кастрюляның, бидонның, кесенің сыйымдылығын мензурканың жәрдемімен өлшеп анықтау (7-сынып).

ә) үйден мектепке дейінгі жүрген жүрісінің орташа жылдамдығын қадымдап анықтау, оның графигін сызу (7,9-сынып).

б) тұрмыста және техникада инерция құбылысының ескерілуін бақылау (7,9-сынып).

в) үйдегі электрпісіргіш арқылы бір күнде және бір аптада жұмсалатын энергияның құнын есептеу (8-сынып).

г) үйде және табиғатта байқалатын жарықтың дисперсиясы, интерференциясы, диффракциясы құбылыстарын бақылау, оларды түсіндіру (9-сынып).

д) адамның жерге түсіретін қысым күшін және қысымын өлшеп, анықтау (11-сынып).

Сыныптан тыс эксперименттің орындалу нәтижелерін мұғалімнің сабақта сұрап, талдап, қорытындылап, толықтырып тұруы қажет.
Дәрісті меңгергеннен кейін білуге қажетті негізгі ұғымдар

Физикалық оқу эксперименті – арнаулы құралдардың жәрдемімен физикалық процестерді демонстрациялап көрсету және оқушылардың өздерінің істеп, зерттеп, бақылауы.

Демонстрациялық эксперимент немесе тәжірибелер сабақ үстінде көрсетіледі.

Сыныптан тыс эксперимент үйде, өндіріс обьектілерінде экскурсия кезінде, физикалық кештерде, физика-техникалық үйірмелерде, қолдан приборлар жасау кезінде өткізіледі.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Физиканы оқыту процесіндегі физикалық эксперименттің ролі қандай?

2. Демонстрациялық эксперименттің әдістемесі және оған қойылатын талаптарды көрсетіңдер.


3. Ұйымдастыру формасына қарай физикалық эксперимент қалай жіктеледі?

4. Зертханалық жұмыстарды ұйымдастырып өткізудің әдістемесі қандай?

5. Физикалық практикумның ерекшілігі қандай?

6. Сыныптан тыс тәжірибелер және бақылаулар қалай жүргізіледі?


8-тақырып. Физикадан зертханалық сабақтар
Дәріс жоспары

  1. Физикадан зертханалық сабақтар: фронталь лабораториялық жұмыстар, физикалық практикум.

  2. Физикадан зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістемесі.


Дәрістің қысқаша мазмұны

1.Физикадан зертханалық сабақтар: фронталь лабораториялық жұмыстар, физикалық практикум

Әрбір мектеп оқушысының физиканы оқи бастағанға дейін әртүрлі физикалық түсініктер қоры болатыны даусыз.

Әрине, өз беттерімен өмірден жинақталған білім қорлары барлық оқушыларда бірдей емес. Ал кейбір оқушыларда олар, тіпті дұрыс болмауы да мүмкін. Бұл түсініктер қандайда бір жаңа материалдарда қабылдап, түсіну үшін әрқашан жеткілікті негіз бола алмайды. Түсініктер қоры өмір көрсеткендей, бүкіл курс бойы біртіндеп, жүйелі толықтырылып отырылуы керек. Мұның бәрі оқуға керекті арнайы ұйымдастырылған демонстрациялық тәжірибелерді сыныпта жүргізілу қажеттілігіне әкеліп тірейді. Демонстрациялар оқушыларды зерттеулер мен бақылауды неғұрлым жинақы және дұрыс жүргізуге үйретеді. Оларды білім көзін сыртқы дүние құбылыстарынан, тәжірибеден іздеуге мүжбүр етеді және ғылым ретінде физика туралы шынайы түсінікті қалыптастырады. Дұрыс көрсетілген демонстрациялық тәжірибелер оқушылардың физикаға деген қызығушылығын туғызады. Олар, физикалық шамалар, шамаларды өлшеу әдістері, аспаптар, қондырғылар, т.б. туралы жәй түсініктен негізгі физикалық ұғымдарды игеруге үйретеді. Сонымен, демонстрациялар оқушыларды физикалық заңдар мен теорияларды оқып үйренуге, физиканы шын мәнінде терең меңгеруге жетелейді.

Бағдарламада көрсетілген зертханалық жұмыстар мен физикалық практикумдар негізінен мектеп физика курсының мынадай басты мәселелерін эксперименттік негізде түсіндіруді көздейді:

1) физикалық құбылыстарды бақылау және зерттеу;

2) өлшеуіш приборлармен және физикалық шамаларды өлшеу әдістерімен танысу;

3) физикалық шамалардың арасындағы сандық байланыстарды тағайындау;

4) физикалық тұрақтыларды анықтау және олардың сан мәндерін табу тәсілдерімен таныстыру;

5) техникалық құралдармен және қондырғылармен таныстыру.

Зертханалық жұмысты орындау әдістемесі мынадай жүйеде өткізілуі тиіс: мұғалімнің кіріспе түсінігі (3-5 мин), оқушылардың жұмысты істеуі (25-30 мин), алынған нәтижелерді өңдеу (7-10 мин), қорытындылау (3-5 мин).


6-кесте

Фронтальды лабораториялық жұмыстарды ұйымдастыру кезеңдері




Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Әзірлік

  1. зертханалық жұмыстың дидактикалық мақсатын және оның сабақ құрылымындағы орнын анықтау

  2. сабақ жоспарын жасау

  3. құралдарды жинақтап олардың дұрыс істеуін тексеру, жұмысты істеп қарау

  4. тәжірибе нәтижесінің қателігін есептеп, тәжірибе орындаудың тиімді жолын анықтау

1) теориялық материалды қайталау

2) құралдармен жұмыс істеу тәсілдерін еске түсіру

3) қажет болса, эксперимент мақсатына сәйкес берілген есептерді шығару

4) жұмысты орындаудың жоспарын құру



Орындау

  1. кіріспе әңгіме өткізу

  2. оқушының іс-әрекетін ұйымдастырып, олардың жұмыс істеу барысын бақылау

  3. оқушының жұмысының нәтижесін тексеру

  1. жұмыс істеу

  2. жұмыстың нәтижесін қорытындылап жазу

  3. жұмыстың нәтижесін тексеріп дұрыстығын тексеру

Қорытындылау

  1. оқушылардың жұмыстарын тексеру

  2. жұмыстың нәтижесін талдап қорытындылауды ұйымдастыру

  1. жұмыстың нәтижесін талдауға қатынасу

  2. өз жұмысын талдау

Физикалық практикум әртүрлі жұмыстар жүйесі қойылып оқу жылы аяғында 2 сағат сабақ ретінде қойылады. Физикалық практикум қолданылатын құралдарға байланысты және дидактикалық мақсатына қарай күрделі болып келеді. Физикалық практикум 1957 жылы енгізілді. Физикалық практикум әртүрлі тақырып бойынша алынған білімдерін тереңдету, кеңейту және қорытындылау мақсатында өткізіледі. Сонымен қатар күрделі қондырғылармен жұмыс істеу арқылы оқушыларда эксперименттік іскерліктерді дамытуға, жетілдіруге болады. Физикалық практикум негізінен 9-11 сынып бағдарламасын қамтиды. Шамамен әр сыныпта физикалық практикумға 10 сағат беріледі.

Физикалық практикумды ұйымдастырып өткізу физикалық лабораториялық жұмыстар сияқты 3 кезеңнен тұрады.
7-кесте

Физикалық практикумды ұйымдастыру кезеңдері




Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Әзірлік

  1. құралдарды әзірлеу

  2. жұмысты істеп, қарап қателікті анықтап экспериментті орындаудың тиімді әдісін табу

  3. жұмысты орындауға нұсқау әзірлеу

  4. жұмысты орындаудың графигін әзірлеу

  1. теориялық мәселені қайталау

  2. жасайтын эксперименттің теориясымен танысу

  3. құралдармен жұмыс істеу ережелерімен танысу

  4. экспериментті дәптерге түсіру

Орындау

  1. жоспар бойынша бірінші сабақта кіріспе әңгіме өткізу

  2. оқушылардың жұмысқа әзірлігін тексеру

  3. оқушылардың жұмыстарды орындауын тексеру

  1. жұмысты орындауға әзірлігіне есеп беру

  2. өз беттерімен жұмысты орындау

  3. өлшеу қателіктерін есептеп, қорытындылау

Қорытындылау

  1. оқушылардың жұмысын тексеріп, бағалау

1) істеген жұмыстарының нәтижесін әзірлеп есеп беру


2.Физикадан зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістемесі

Зертханалық сабақты өткізу үшін, әдеттегідей сабақ жоспары жазылады. Зертханалық сабақтың жоспары шамамен төмендегідей болады. Мысалға, 7-сыныптағы «Өлшеуіш цилиндр (мензурка) бөліктерінің құнын анықтау. Дененің көлемін өлшеу» тақырыбындағы зертханалық жұмысты алайық.


Тақырыбы: Өлшеуіш цилиндр (мензурка) бөліктерінің құнын анықтау. Дененің көлемін өлшеу

Жұмыстың мақсаты: өлшеуіш цилиндрді мысалға ала отырып, аспаптар шкалалары бөліктерінің құнын анықтау; оларды қолдануды үйрену және өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, денелердің көлемін өлшеу.

Құрал-жабдықтар: өлшеуіш цилиндр (мензурка), су құйылған тостаған, жіңішке жіп, әртүрлі ыдыстар мен денелер (гайка, өшіргіш, т.б.).

1-тапсырма. Өлшеуіш цилиндр бөліктерінің құнын анықтау

Жұмысты орындау.

  1. өлшеуіш цилиндрді мұқият көріп шығыңдар, оның шкаласына зер салыңдар. Қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрдің шкаласындағы жазуға қарап, ол арқылы көлемді қандай бірлікпен анықтауға болатынын дәптерлеріңе жазып алыңдар;

  2. оқулықтағы 10-параграфты қайталап, қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрдің бөлік құнын анықтаңдар;

  3. қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, жүргізілген өлшеулердің қателігін анықтаңдар. Ол үшін цилиндрге су құйып, құйылған судың көлемін өлшеу қателігін ескере отырып анықтаңдар;

  4. анықталған шамаларды дәптерге жазып алыңдар;

  5. өлшеуіш цилиндрдің сипаттамаларын және өлшеген сұйық көлемін мына кестеге жазыңдар:

7-сурет



8-кесте

Мензурканың ең үлкен өлшеу көлемі, оның бірлігі

Мензурка бөлігінің құны

Өлшеу қателігі

Қателігі көрсетілген өлшеу нәтижесі (сұйық көлемі)



























Е с к е р т у. Сұйықтың көлемін есептегенде көздің шкаланы көру деңгейіне көңіл аударыңдар. Көзді су бетінің жазықтығымен дәл келетін горизонталь деңгейде бағыттау керек (7-сурет).

2-тапсырма. Әр түрлі пішіндегі қатты денелердің көлемін анықтау

Жұмысты орындау.

  1. өлшеуіш цилиндрге қатты дене толық бататындай етіп (8-сурет) су құйып, денені сұйыққа толық батырыңдар. Сонда мензуркадағы судың соңғы және алғашқы деңгейлерінің айырмасы қатты дененің көлеміне тең болады;

  2. пішіні мен көлемі әр түрлі 2-3 қатты денені таңдап алып, оны жіңішке жіппен байлап, суы бар өлшеуіш цилиндрге салыңдар да, көлемін анықтаңдар. Өлшеу нәтижелерін 9-кестеге жазыңдар.

    8-сурет

    9-кесте

    Өлшейтін дене

    Сұйықтықтың бастапқы көлемі (V1,см3)

    Дене мен сұйықтың көлемі (V2,см3)

    Қатты дененің көлемі (V=V2,-V1), см3



























  3. өлшеуіш цилиндрге сыймайтын дененің көлемін шүмегі бар ыдыстың көмегімен анықтауға болады (8-сурет).

Өлшеу алдында ыдысқа шүмектің жоғары деңгейіне жеткенше су құйылады. Денені ыдыстағы суға батырғанда оның көлеміне тең су асып төгіледі. Төгілген судың көлемін мензуркамен өлшеп, батырылған ірі дененің көлемін анықтайды.

Е с к е р т у. Егер зертханада шүмегі бар ыдыс жоқ болса, онда бірінің ішіне бірі сыятын кез келген ыдысты пайдалануға болады. Бұл жағдайда ішкі ыдысқа суды кемеріне дейін толтырып құю керек. Денені суға батырғанда оның көлеміндей су сыртқы ыдысқа құйылады. Құйылған судың көлемін мензуркамен өлшейді.

Зертханалық жұмысты орындағаннан соң, жасалған жұмыс бойынша оқушылар қорытынды жасайды. Мұғалім оқушылардың дәптерлерін жинап, тексеріп, оқушылардың жұмысын бағалайды.
Дәрісті меңгергеннен кейін білуге қажетті негізгі ұғымдар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет