ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің


Тақырыпқа арналған сұрақтар



бет4/5
Дата24.11.2016
өлшемі0,74 Mb.
#2448
1   2   3   4   5

Тақырыпқа арналған сұрақтар

1Жалпыметдологиялқ принциптердің иаңыз неде?

2.Тарихилық принципінің қолдану жолдары?



Ұсынылатын әдебиет

1. Барг М.А. Категории и методы исторической науки. М., 1984.

2.Иванов В.В. Методология исторической науки. М., 1985.

3.Могильницкий Б.Г. Введение в методологию истории. М., 1989.

4.Әлемдік философиялық мұра.Жиырма томдық., 16том.Алматы,2007.
Тақырып 9. Тарихи факт.

1. «Тарихи факт» ұғымы және оның логикалық және гносеологиялық

құрылымы.

2.Ғылыми тарихи факт және оның түрлері.

«Тарихи факті» сатысы тарих ғылымының барлық ғимаратының іргетасын құрайды. Іс жүзіндегі деректерсіз бірде – бір тарихи ойдың дамуы мүмкін емес. Алайда, «факті» түсінігі тарихи танымда анықтауды қажет етеді, өйткені ол жан-жақты болып табылады. Оны тарихи тұрғыдан зерттеудің негізгі ерекшелігі, ол зерттеушінің тікелей бақылау пәні болмайтындығына және қандай да бір деректер арқылы танылуында. Тарихты материалистік түсіну онд «факті» зерттеу нысаны ретінде тарихшының санасынан тыс өмір сүреді және оған байланысты емес. Қарапайым және күрделі фактілер болады. өзара байланысты фактілердің тізбегі бола отырып, тарихи үрдіс, өздігінен тарихи факті ретінде қарала алады. Сонымен бірге танушы субъектінің ойында фактінің анық мазмұны бейнеленеді. Адами қабылдаудың көлеңкесі арқылы өте отырып, ол өзінің мәнін өзгертпей, объективтік шындық болып қалады. Бұл шындыққа жақындау, тарихи таным үдерісінің мәнін құрайды.

Тарих ғылымы фактіге қатысты өте күрделі дамудан жасалады. Алғашқы кезде зерттеушінің мақсаты фактілерді жинақтау деп есептеледі. Ол кезде оның табиғаты жайлы мәселе, тіпті, қаралған да жоқ. Кейін біртіндеп, фактімен оны түсіндіру арасындағы қарама – қайшылық анықталды. Тарихшылардың кейбір бөлігі, аталған шындықты толықтыру және түсіндіруге байланысты қатты қарсылық білдірді. Олар егер факті түсіндірілетін болса, онда ол объективті маңызын жоғалтады деп дәлелдеуге тырысты.

Мұндай көзқарастың объектілігі ылғи да таза қиял болды. Ал шын мәнінде, тіпті кез келген зерттеушінің материалдармен бірінші танысуының өзі, мүлдем бейтарап бола алмайды. Ол белгілі бір дәрежеде оның қандай да бір бағалаусыз өмір сүре алмайды.

Тарихнамада қазірге дейін тарихи факті жайлы екі түрлі пікірді көрсетуге болады. Оның біреуі ретінде сипатталып, оны түйсіну және бағалау қажеттілігін жоққа шығарды. Француз тарихшысы Фюстель де Кулан жазба қайнар бәрін білдіреді деп ойлады. Зерттеу деректерінің мәтіні шеңберінен қандай да бір шығу сезік тудырды немесе айыптауға ұшырады.

Басқасы бұған қарама – қарсы көзқараста болды. Бұл көзқарас қазір кеңінен таралды. Ол фактінің нақты шындық ретінде өмір сүруін жоққа шығаруға негізделді. Бұл көзқарасты жақтаушылардың пікірінше, факті ұғымы тарихшының санасында қалыптасады. В. Виндельбанд, Г. Риккерт т.б.оларды көптеген қайталаушылар фактілерді тануға болмайтындығын, яғни оның мәнін ашу тарихшының өз еркінде екендігін «сыни бағытта» насихаттады. Орыстың революцияға дейінгі тарихшысы А.С. Лаппо – Данилевскийдің тарихи фактіні «аталған жеке тұлғаның ортаға, оның ішінде қоғамдық ортаға ықпалы ретінде» бағалады.

Р. Дж. Коллингвуд деректердің дербес маңызын мүлде жоққа шығарады, ол дерекке тарихшының өз бетімен түсініктеме беретініне көңіл бөлуге шақырады. Оның пікірінше, зерттеуші нақтылық сипаттан айырылған, өткенді дербес талқылаушы болып табылады. Осылайша, тарихи факті түсінігі анағұрлым қияли болып шығады.

Э. Карр кез келген оқиға тарихи факті бола алмайды, тек оның ішіндегі тарихи маңызы барлары ғана болады. Ғалым фактілердің ішінен көптеген маңызды ақпараттарды таңдап алып, оны тарихи фактіге айналдыру үшін, өзі зерттеген кезеңге жататын фактілердің санынбілуі тиіс. Э. Каррдың пікірінше, тарих – түсіндіру деген сөз, ал түсіндіру – тарихтың артериялық қаны. Осымен бірге ол ғалым фактілерге «билік етуші жендет» емес деп атап көрсетті. Тарихшы мен факті арасындағы қарым – қатынас – «теңдік қатынас». Олар бір – біріне қажет. Тарихшыда фактісіз негіз болмайды, ал факті тарихшысыз өлі нәрсе. «Тарих деген не?» деген сұраққа жауап бере отырып Э. Карр: «Тарих – тарихшы мен фактілер арасындағы тұрақты үдеріс, қазіргі мен бұрынғы арасындағы шексіз диалог», - деп жазды.

Е. Топольский: «Тарихи фактілерді динамикалық – тұтас жүйе ретінде қарастырылады және олар үнемі өзгерісте болады», - деп атап көрсетті. Ол бұл жерде «біз аталған фактімен қай кезде, ал басқа фактімен қай кезде, ал басқа фактімен қай кезде істес боламыз деген сұрақ туады», - деп жазды.

Тарихи факті мәселесін жасанды күрделендіру тенденциясы бар. Оның табиғаты, оны топтастыру жайлы пікірлер көбінесе ойша жору сипатында болады. Осы пәнге арналған ауқымды әдебиеттер өз алдына нақты тарихи зерттеуді жеңілдету мақсатын қоймайды. Соған қарамастан, жалпы теориялық мәселені қою қажеттігі туып отыр.

Тарихшы жұмысы – зерттеу пәніндегі белгілі бір эмпирикалық және теориялық көзқарасқа таладу жасау. Іс жүзіндегі материалды іріктеу үдерісі, тек таза кәсіби деңгейдің болуы емес, сонымен бірге іріктеу үдерісіне қатты ықпал ететін теориялық тұжырымдарды таба білу болып табылады. Тарихшыға өте жиі кездесетін «тарихи факті» мен «түсінік» арасындағы айырмашылықты анықтауға тура келеді. Мысалы, ІІ Интернационалды оппортунистік элементтердің басымдығы мен «реформизм» түсігінігі жайлы тарихи фактіні араластыру ұсынылмайды.

Сансыз фактілердің ішінен белгілі бір фактілерді таңдай отырып, тарихшы оны түйсінулі, түсіндіруді іс жүзінле асыра бастайды. Материалдың талдау жасалуына қарай, ол лны түсінудің жоғары деңгейіне көтеріле береді. Зерттеудің «эмпирикалық деңгейінен» көтеріле отырып, тарихшы тарихилықтың шынайы мәнін ашатын, логикалық тәсілге көбірек жүгінеді.

«Объективті шындық фактісі» мен «зерттеу пәні ретіндегі фактімен», «ғылыми фактімен» арасындағы айырмашылықты ажыратып алу керек деген пікір таралған. «Ғылыми факті – ол оқғаның өзі емес, оның арнайы түрдегі бейнесі». Осыған байланысты, марксист – тарихшылар арасында «күнделікті» тарихи фактілерден, тарихшының ғылыми – танымдық жұмысының қажетті элементі ретінде ажыратылатын тарихнамалық фактілер деп аталатын ұғым тараған.

Кез келген объектілік шындық тарихи факті болып табылады. Сондықтан тарихшы байқамаған, суреттемеген себепті ешқандай құбылыс тарихи болмай қалуы мүмкін емес. А. Легко бір тарихшы байқамаған құбылысты әр түрлі сыртқы жағдайда және әр түрлі уақытта екінші тарихшы тауып зерттеуі мүмкін екендігін айтты. Бұл сыртқы жағдайлар, тарихшының өз зерттеуінде келтірілген дәлелдер тізбегіне кіреді. Алайда ол фактінің ұзақ уақыт бойына ешкімге белгісіз болып жатып қалуы мүмкін. Бар фактіні жоқ, «тарихи» емес деп жариялау дұрыс емес. Үнемі ізденіс үстінде жүретін тарихшы, өзінің ғылыми құралдарының қорын шексіз көбейту мүмкіндігіне ие болады. Оны алдын ала «тарихи емес» деп есептелген материалдардың белгілі бір щеңберімен шектеп қою дұрыс болмас еді.

Тарихи зерттеудегі фактіні іріктеудің негізгі жағдайы – жалпы қағидаттарды игеру арқылы құбылыстардың қайталанатыны жайлы түсініктерді, өмірде бар тарихи заңдылықтарды пайдалана отырып, жекеден жалпыға өту. Тарихшы зерттеуге тек іс жүзіндегі белгілі бір материалдар жайлы біліммен ғана қаруланбай, бұл материалдың не беретіндігі, нақты не іздеу керектігі жайлы алдын ала ойластыра отырып кіріседі. Іс жүзіндегі материалды тұтасымен іріктеудің объектілігі тарихшының жалпы дүниетанымдық көзқарасына байланысты. Фактіні іріктеу білім деңгейіне негізделген тарихшының өте жауапты жұмысы.

Тарихшылардың көпшілігі зерттеушінің өзі таңдаған ғылыми тақырыпка қатысты барлық фактілерді ескеруі мүмкін емес және ол оған міндетті де емес деген пікірді ұстанды. Мысалы, Э. Сестан: «зерттеу тақырыбын таңдаған және оны әзірлеу үшін фактілерді іріктеген кезде субъективизм билік етеді», - дейді. Ол бұл таңдау «тарихшы өмір сүріп отырған орта мен уақытқа, оның өмірдегі саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни және адамгершілік мәселелрге байланысты көзқарасы байланысты», деді. Тарихшы таңдауы шынында да, ең соңында оның қоғамдық – саяси көзқарасы арқылы анықталады. Бірақ ол фактілерді іріктеуге қалай болса солай қарауды, оның нәтижесіне субъектілік зиян келтіру дегенді білдірмейді. Барлығы зерттеушінің қандай таптық және әдіснамалық көзқарастарды қоғайтынына байланысты.

Тарихи әдебиеттерде тарихи фактіні зерттеумен байланысты үдерістердің сабақтастығына үлкен көңіл бөлінеді. Әрине фактіні зерттеудің сабақтастығының үлкен көңіл бөлінеді. Әрине фактіні зерттеудің сабақтастығын абсолюттендіру мүмкін емес. Ол көп зерттеуді оған талдау жасаудан бастайтындығына немесе бұрын қалыптасқан басқа деректердің негізінде анықтағысы келетіндігіне байланысты. Екінші жағдайда тарихшы берілген нақты жағдайдағы ішкі және сыртқы заңдылықтарды ерте анықтайды. Сондықтан да оның дедуктілік әдісі басшылыққа ала отырып, қаралған фактіге жалпы теориялық алғышарттар негізінде алдын ала талдау жасауға мүмкіндігі бар.



Тақырыпқа арналған сұрақтар

    1. «Тарихи факт» ұғамының мәні неде?

    2. Тарихи таным үрдісіндегі факттың атқаратын ролі қандай?

Ұсынылатын әдебиет

1. Жуков Е.В.Очерки методологии истории. М.,1980.

2. Барг М.А.Категории и методы исторической науки. М.,1984.

3. Тарих. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. Астана, 2006. 6-7том.


Тақырып 10. Тарихи деректің методологиялық мәселелері.

1.Ғылыми әдебиеттегі «тарихи дерек» түсінігінің мазмұны.

2. Тарихи деректің позитивистік концепциясы.

3. Кеңестік ғылыми әдебиеттегі «тарихи дерек» түсінігінің мазмұны.

4.Тарихи деректің әлеуметтік табиғаты, гносеологиялық функциясы.

Тарихи дерек-зерттеу объектісі (тарихи шындық) мен субъектіні(тарихшыны) жалғастырушы буын. «Тарихи дерек» деген түсініктің мәнін дұрыс ұғыну тарихи танымның өзінің объективтілік мәселесін дұрыс шешуге көмектеседі.

Тарихи деректің мәнін ашудң негізінде бейнелеу жатыр. Болған тарихи құбылыстың деректе бейнеленуі, сол деректерде болған құбылыстардың әр түрлі образдарда көрінуі. Оқиға алдымен адамның сезімінде, түйсігінде, ойында және істерінде бейнеленеді, ал тарихи дерек болса сол бейнеленудің жемісі, қорытындысы, соның салдары ретінде пайда болады.

XIXғ.соңы мен ХХғ.басындағы ірі орыс ғалымы,академик А.С.Лаппо- Данилевский: «Тарихи дерек дегеніміз- адам психикасының іске асқан жемісі»,- деп жазды. Әрине, адам психикасы тарихи деректі жасау кезінде үнемі қатысады, бірақ ол деректің пайда болуының басты себебі, басты негізі емес.Ол тек объективті қабылдаудың психологиялық ортасы ретінде түйсікті тарихи деректерге енгізуге қатысады. Нақты объективті шындық тек қана бейнеленіп қоймайды, сонымен қатар тарихи дерекке енеді. Сондықтан, объективтілік дегеніміз- нақты шындықтың деректе бейнеленуі мен енуінің диалектикалық бірлігі.

Дегенмен, әрбір тарихи дерек субъективті,өйткені ол адам санасының туындысы. Еш уақытта тарихи шындық пен тарихи дерек толық ай келеді деп айтуға болмайды.

Сонымен, тарихи дерек дегеніміз- объективтілік пен субъективтіліктің диалектикалық бірлігі. Ақпарат автордың белгілі бір мақсаты мен мүддесіне сай деректерге салынғандықтан,кез келген дерек объективтілік пен қатар субъективтілікті де өз бойында сақтайды.

Тарих ғылымы белгісіз болған деректерді ғылыми айналымға түсіру арқылы ғана дамып қоймайды(экстенсивті жол), сонымен қатар бұрын ғылымға белгілі деректермазмұнына терең үңілу арқылы ондағы жасырын ақпараттарды жаңа тәсілдер көмегімен алу арқылы да дамиды (интенсивті жол).

Тарих ғылымында тарихи деректерді таным мақсатында жүйелі түрде пайдаланғандық-тан, деректану ең алдымен тарихи зерттеу методологиясы шеңберінде ерекше пән ретінде қалыптасты. Әдетте деректану тарихшының зерттеу жұмысымен байланысты,сондықтан көбінде тарихи деректану және тарихи деректер туралы айтылады. Дегенмен, Мәскеулік университеттің ғалымдары қазіргі кезеңде деректанудың айналысатын проблемалары, тек тарих ғылымында ғана емес,одан әлдеқайда кең гуманитарлық зерттеудің пәнаралық кеңістігінде қарастырылатындығын айтып отыр. Олардың пікірінше,дерктану проблемаларын зерттеуді оның қалыптасу тарихынан емес, теориялық мәселелерден- оның теориялық- танымдық (эпистомологиялық) негізінен бастаған дұрыс.

Қазіргі кезеңде мамандардың алдында тарихи деректер табиғатындағы ортақтық пен ерекшеліктердің диалектикасын айқндау міндеті тұр. Қайталанбайтын ерекшеліктермен қатар дерек жалпы қасиеттерге де ие. Сондықтан бұрын арнаулы зерттеу нысаны болмаған деректермен жұмыс істеу алдында проблеманы шешудің теориялық негіздемесін жасау қажет.Қазіргі деректану деректі өткеннің тарихи шындығымен байланысты қарастырады,оны тарихи білім жүйесінде зерттейді.

Тақырыпқа арналған сұрақтар

1. Тарихи танымдағы деректің ролі қандай?

2.Тарихи деректің позитивистік түсінігі.

Ұсынылатын әдебиет

1 Жуков Е.В.Очерки методологии истории. М.,1980.

2Барг М.А.Категории и методы исторической науки. М.,1984.

3 Тарих.Адамзат ақыл-ойының қазынасы.Астана,2006.6-7том.


Тақырып 11. Тарихи теория.

1.Теория ның тарих ғылымындағы қызметі.

2.Тарихи түсінік және оның гносеологиялық түрлері.

3.Әлеуметтік және тарихи заңдар.

Тарихтың қарастыратыны өзінің әлеуметтік (яғни қоғамдық, саяси, материалды және рухани – мәдени) дамуындағы адамзат болып табылады. Даму болғанда прогресс түріндегі түсінілетін емес, үздіксіз өзгерістер процесі болады, онда бір нәрсе өткенге ауысқаны үшін өзектілігін жоғалтады, ал бір нәрсе толық өзектілікке ие болады, немесе бірнәрсе әлі болған жоқ. Қазіргі тарих теоретиктеріне қарағанда өхгешелік – біз даму және үздіксіз даму ұғымын қабылдаймыз, оны «өзгеріс» ұғымымен ауыстыруға қарсылық білдіреміз және «даму» негізінде ерік бостандығы мен адамның белгілі бір мақсатты көздейтін қызметін жоққа шығаратын ештеңе де көрмейміз: олардың бәрі даму шеңберінде ақталған, сондай – ақ тарихтың философиялық және жай түрде адамзаттың өткенін зерттейтінін көрсетеді. Шындығында, адам қандай да бостандықта болғанымен және қандай мақсатты көздегенімен, оның барлық әрекеттерінің себептері бар және ол ортамен, тарихи біртұтас процеспен органикалық байланысқа түседі, сондықтан ол қоршағандардан жекеше, бөлек қарастырылмайды, қабылданылмайды. Бірақ, сол кезде, өзімізге мақсат ете отырып, сол мақсатты туындатқан ішкі рухани процесс пен әлемнің бірлігінен көңілімізді алаңдатқан мәселеден жеке және де бөлек қараймыз.

Даму мен ол туралы ғылым өмір сүруі үшін, дамудың субъектісі болу керек, ең болмағанда барлық тарихи процесс көлемінде, оның басынан аяғына дейін жалпы уақыттық және жалпы көрсеткіштік бірлікте болуы керек. Сонымен бірге бір мезгілде субъектінің бір тұтастығы оның көріністерінің көптүрлігімен сәйкестендірілуі керек, яғни оған қатысты сыртқы, басқа бірнәрсе емес, өзі дамып жатырғандықтан көріністерінің көптүрлілігіне қарамастан, бұлдыр сағым сияқты болмай шындыққа сай келуі дамудың өзің жоққа шығаратындай болу керек. Әлеуметтік даму субъектісін осылай түсіну Контовскийдің «позитивизмі» метафорасында – ақ қарама – қайшылықты болып көрінуі мүмкін. Оны негіздеп түсіндіру – философияның ісі. Тарихшы мен тарихтың теоретигі егер даму идеясынан бас тартқысы келсе, оны болмай қоймайтын негізге алынатын ереже ретінде қабылдауы керек. Бұл аз болса, даму субъектісінің түр өзгерістері сағым болмаса, онда субъект, әлеуметтік іс әрекетті адамзат, абстракция да, шексіз индивидуумдарының сандық жай жиынтығы да болмайды. Ол - әрбір тарихи индивидуумның, соның ішінде халық, отбасы және т.б. секілді топтық индивидуумның да, бірақ осы индивидуум арқылы шындық пен оның көріністерін жойып жібермейтін қызметінде көрінетін реалды бірлік. Егер әлеуметтік – қызметті адамзат абстракция болса, тарихи процесс реалдыққа ие болмас еді, онда ол да, даму да болмас еді. Халықтың, мемлекеттің, топтың, отбасының және т.б. «тарихының» болуы мүмкін болғандықтан, осы шынайы субъекттерді жекеге айналдырудың дәрежесі мен толықтығы туралы мәселені алдын ала шешпей, біз оларды сондай реальды бірлік пен дамудың шынайы субъектісі болатындығын ойлауымыз керек.

Даму субъектісінің бірлігінен оның әлеуметтік қызметінің де бірлігі туындайды. Сол арқылы, әлеуметтік қызметінің – экономикалық, саяси, философиялық,діни және т.б. түрлері көп жағдайда әр түрлі бола отырып, сонымен бір мезгілде біртұтас қызмет болу керек. Оның әрбір түрінде жекеше немесе тұтас емес түрде көріне алмайтын, әр түрлі бейнедегі біртұтас субъект көрінеді.

Тарихшы үшін оның ғылымының алғышарты оның жеке сезінуі ғана емес, ең бастысы өзге рухани процеске шынайы түрде ену, онымен нақты бірлесу болып табылады.

Сонымен, тарихшының міндеті – адамзаттың дамуы процесін оның әлеуметтік – психикалық қызметін бірге сезіну арқылы аңғарып, бейнелеу.



Тақырыпқа арналған сұрақтар

1.«Тарихи түсінік» ұғымы және оны қалыптастыру жолдары.

2.Әлеуметтік және тарихи заңдардың айырмашылықтары мен ұқсастықтары неде?

Ұсынылатын әдебиет

1Репина Л.П.,Зверева В.В. История исторического знания. М., 2004.

2 Ирмуханов Б.Б. Исторические воззрения мыслителей ХХ века.

А., 1999.

3 Әлемдік философиялық мұра. ХХ ғасырдағы тарих философиясы.

А., 2007


Тақырып 12-13. Тарихи үрдістің қазіргі заманғы мәселелері.

1.Тарихи білімнің салыстырмалылығы.

2.Тарихты формациялы және өркениеттік тұрғыдан түсіндіру және олардың қазіргі кезеңдегі арақатынасы.

3.Ұзын толқындар теориясының қалыптасуы.

4.К.Поппердің идеялары.Хаос теориясы.

ХХ ғасыр барысында тарих ғылымы бірнеше рет түбегйлі өзгерістерді басынан өткізді. Бұл өзгерістер ғылымның пәні, оның мазмұны, мәселелері, зерттеу әдістері мен түптеп келгенде ғылымның кәсіби-ғылыми және әлеуметтік статусын түсіну төңірегінде болып жатты. Бұл уақытағы тарих ғылымының дағдарысы өткен ғасырдағы тарихи танымның ерекше дамуының салдары болды. Тарих ғылымы туралы теориялық білімді оның анағұрлым кеңіген эмпирикалық базасына сай құру қажеттігі туды. Тіпті, Х1Х-ХХ ғғ. аралығында-ақ, және жаратылыс тану және тарихи танымның принципиальдық ерекшелігі орнаған соң ескі ғылыми парадигманы қайта қарау басталды да ең соңында тарихтың өзінің бейнесінің терең өзгерістерін туғызды. 1-нші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында позитивизмге шабуыл жасалына бастады. Ғасырлар аралығында басталған методологиялық дағдарыс соғыс жылдары асаүдеп, тарих ғылымының жалпы дағдарысынаәкеп соқты.

Қоғамдық сананың формасы ретінде, тарих, оның қиындықтарына байланысты болады. Бұл қиындықтар неғұрлым терең әрі өткір болған сайын, олардың ғылымға ықпалы да соғұрлым ауқымды бола түседі. Міне сондықтан да, тарих ғылымының түйінді мәселесі ашық түрдегі әлеуметтік аспектке ие болады. Ол өз кезегінде тарихтың барлық ағымдарын қиындатып, шиеленістіреді. Осы тұста, батыстық өркениеттің тоқтаусыз үдемелі дамуына деген сенім жоғалып, прогресс теориясы күйрей бастады.Осыған орай,тарих атаулы жалпы керек пе деген мәселе өткір туындады.

Тарихи танымның негізгі принциптерін қайта қарауға сондай-ақ, Х1Хғ.аяғы- ХХғ.басында ғылыми ойда төңкеріс жасаған оқиға- А.Эйнштейннің саластырмалылық теориясының ашылуы болды.

Осы тұста тарихи білімнің позитивистік эпистемологиялық негізін релятивизм және презентизм тұрғысында қайта қарау басталды. Позитивизмнің неғұрлым беделді және тұрақты сыншылары ХХғ.көрнекті ойшылдары Б.Кроче мен Р.Дж.Коллингвуд болды және олар Гегель тәрізді тарихи үрдісті Рухтың даму тарихы деп ұқты. Американдық релятивизмнің өкілдері Ч.Бирд пен К.Беккер, орыс ғалымдары Р.Ю.Виппер, А.С.Лаппо-Данилевский, Л.П.Карсавин тарих теориясы мен тарихи таным мәселелеріне өзіндік қырларымен келді.

Тарих ғылымындағы позитивтік жүктің біраз түскеніне қарамастан қоғамды- әлеуметтік организм ретінде ұғынуға, прогресс концепциясын, ұлы адамдардың әрекетіндегі оқиғалар мен үрдістердің заңдылығы мен себептілік байланымтарын ың таным идеалын түсініп, объективтілік пен субъективтілікті, материалдық және рухани факторларды қарсы қоюдың әлі ұзақ жолы тұр еді. Тарихшылардың көпшілігі әлі де тарих ғылымының фактологиялық негізінің объективтілігін жақтады. Практик- тарихшылардың бұл ұстанымы антипозитивистік концепциямен бір мезгілде қатарлас дамып отырған неопозитивистік концепцияны өмірге әкелді. Тарихтың неопозитивистік философиясы тарихтағы жалпы әлеуметтік және психологиялық фактролардың ролін мойындаумен сипатталады. Осыдан келіп,тарихи танымдағы түсіндірмелік процедуралардың –зерттелетін құбылыстарды әдеп стандарттары, ойлау, күнделікті қарым- қатынастың типтері мен құрылымдарымен салыстырудың маңыздылығын баса көрсетті. Бұл бағыттың белді өкілдері К.Поппер, экономикалық тарихтың зерттеушілері-Франсуа Симиан, Э.Лябрусс, ағылшындар Ричард Тоуни, Дж.Клепэм т.б. болды.

«Ғылыми тарихты» барынша теріске шығарған неміс тарихшысы және философы О.Шпенглер. «Закат Европы» атты еңбегінде ол, тарихи құбылыстар дүниесіндегі себептілікті жоққа шығарып, тағдыр идеясын көтерді. Оның ойынша тарихи танымның негізгі әдісі интуиция деп санады. О.Шпенглер тарих теориясындағы өркениеттік көзқарасқа негіз қалады. Бұл бағытты сондай ақ, ағылшын ғалымы А.Тойнби қолдады. Тарихи- мәдениеттану әдістемесінің аясында нидерландтық ғалым Йохан Хайзинги ментальдық тарихтың негізін салды.

Тарих теориясы мен тарихи таным үрдісінде тарих ғылымының дағдарыстан шығуына Февр мен Марк Блок бастаған француздық «Анналдар» мектебі тарихшыларының бірнеше ұрпағы үлкен үлес қосты.Кең ауқымдағы пәнаралық тарихты жасауға бағыт алынды.Осы мектептің атымен байланысты: « жаһандық тарих», «жаңа тарих ғылымы», «жаңа әлеуметтік тарих»,тарихи антропология, тарихи этнология, ментальдықтың әлеуметтік тарихы сияқты т.б. жаңа бағыттар пайда болып, тарих ғылмының сапалық деңгейі өзгерді.



Тақырыпқа арналған сұрақтар

1.Тарих ғылымындағы жаңа бағыттардың пайда болуының

алғышарттары?

2.Тарихи үрдістің басты мәселелері қандай?

3.Тарихи танымдағы жаңа әдістер туралы не білесіз?

Ұсынылатын әдебиет

1. Репина Л.П.,Зверева В.В. История исторического знания. М.,2004.

2. Ирмуханов Б.Б. Исторические воззрения мыслителей ХХ века.

А., 1999.

3. Әлемдік философиялық мұра. ХХ ғасырдағы тарих философиясы.

А., 2007.


3.Практикалық сабақтың құрылымы
Тақырып 1. «Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы» пәні

1.Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясының ғылым ретінде даму тарихы.

2.Негізгі деректер мен зерттеулер.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1.Тарихи үрдіс теориясының категорияларын атаңыз?

2. Тарих теориясының негізгі көзқарастарының айырмашылығы неде?

Ұсынылатын әдебиет

1. Жуков Е.И. Очерки методологии истории. М., 1980.

2. Философия истории. Антология. М., 1995.

3. Философия истории. Под ред. А.С. Панарина (Учебное пособие).

М., 2001.

4.Смоленский А.В. Теория и методология истории. М., 2003.


Тақырып 2. Г.Гегель және тарихтың философиясы

1Гегельдің жалпы дүниетанымдық көзқарасы.

2.Гегельдің әмбебап тарихи үрдіс концепциясы.Гегель мектебі.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1.Гегелдің тарихтың қозғаушы күшін анықтау принципін ата?.

2.Гегелдің басқа философтардың дүниетанымына әсері?

Ұсынылатын әдебиет

1.Гегель Г.Ф. Философия истории. М., 2000г.

2.Парсонс Т. Система современных обществ. М., 1997.

3.Вахтомин Н.К. Генезис научного знания. Л. 1973.



Тақырып 3. Тарих пен философияның, тарих пен әлеуметтанудың

арақатынасы туралы мәселе

1.Тарих пен философияның арақатынасы

2.Тарих пен әлеуметтанудың арақатынасы.

3.Аталған мәселелер төңірегіндегі түрлі көзқрастар.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1.Тарих ғылымының дамуына философияның ықпалы қандай болды?.

2.Тарих пен философияның арақатынасы туралы түрлі көзқарастар.

Ұсынылатын әдебиет

1. Философия и методология истории. М.,1997

2. Философские проблемы исторической науки. Тарту, 1982.

3. Шидер Т.Различие между историческим методом и методом

социальных наук. М.,



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет