Проблемалық оқытудың түрлері: 1 Теориялық ізденіс немесе ғылыми-шығармашылық (ғылыми-зерттеу). Оқушының жаңа теорема, заң, ереже т.б. ойлап шығарудағы ізденісі және өз болжамын жасау. Оқу проблемаларының теориялық шешімін табу қарастырылады.
2 Тәжірибелік ізденіс немесе тәжірибелік-шығармашылық. Оқушы меңгерген теориялық білімін жаңа жағдайда, өмірде қолдан білуі қажет. Проблемалық оқытудың бұл түрінде оқушы оқу проблемаларының тәжірибелік шешімін іздестіреді.
3 Шығармашылық ізденіс. Оқушы үйреніп білген білім қорын одан әрі дамытып, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру қажет. Шығармашылық жұмыстарға көркем зерттеу жұмыстары, ғылыми жобалар, шығарма жазу, әңгіме құрастыру, сурет салу, ән шығару, жоба құрастыру, слайд жасау, т.б. жатады.
Проблемалық оқыту түрлері студенттердің шығармашылық белсенділіктерін жетілдіреді, пәнге деген қызығушылықтарын арттырады, пәннен терең білімділіктерін дамытады. Студенттің ғылыми тұрғыдан ойлау дағдылары қалыптасады. Көтерілген мәселе бойынша көпшілік ақпарат құралдары мәліметтерімен, кітапханада, қосымша әдебиеттермен, энциклопедиялық сөздіктермен, т.б. жұмыс істей отырып білім қорларын молайтады. Қозғалған мәселе бойынша бір-бірімен ой бөлісуге, өз көзқарастарын білдіреді, оны дәлелдейді. Проблемалық жағдайларды шеше отырып, оқушылардың өз беттерінше саралау, түсіну, игеру, талдау, баға беруі болып табылады.
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Проблемалық оқыту негізінде қандай принциптер жатыр?
Проблемалық оқытудың қандай деңгейлері бар?
Проблемалық оқытудың басты ерекшеліктері неде?
Ұсынылған әдебиеттер:
Чернобельская Г.М. Методика обучения химии. – М.: Владос, 2000. -336с.
Цветков Л.А. Преподавание органической химии в средней школе. - М.: Просвещение, 1984. – 312с.
Грабовый А.К. Технологизация обучения во взаимосвязи с химическим экспериментом // Химия в школе. – 2006. - № 1. – с. 64-65