7 дәріс - Жоғары оқу орнында модульдік оқытудың теориясы мен практикасы Дәріс жоспары:
1. Модульдік оқытудың мақсаттары, міндеттері және принциптері
2. Органикалық химия курсын модульдік оқыту
1. Модульдік технология дегеніміз-білім алушының ішкі мүмкіншілігіне, қабілетіне қарай өз бетімен ізденуіне, әрекет етуіне лайықталған дидактикалық құрылым, адамның өзін-өзі дамуының амалы, жолы. Оның ерекшеліктері:
Оқу материалын іріблокты ұйымдастыру. Әрбір блокта оны оқу және тапсырмалары бойынша ұсыныстар болады;
оқушылардың өзіндік жұмысы;
студенттерді оқыту кезінде бағдарламалар және алгоритмдер көмегімен басқару;
педагогтың методикалық жүйесінің ашықтығы;
Модулдік оқытудың негізі:
Арнайы ұйымдастырлған бағдарламаның бар болуы;
Дидактикалық мақсаттарды реализациялау үшін ақпарат банкінің және методикалық басқарудың бар болуы;