1. «Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы» пәні 072100 – 5В011200-Химия мамандығының студенттері үшін арналған.
Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы полимерлердің құрылымдары мен қасиеттерін, сондай-ақ пайдалану кезендерің зерттейтін ғылым. Полимерлердің маңызы зор, сондықтан оларды өндіру мен тиімді пайдалану – халық шаруашылығын дамытудағы негізгі бағыттардың бірі.
2. Курс мазмұнына авторлар келесі бөлімдерді кіргізеді: бастапқы мономерлерді алу, полимерлену мен поликонденсацияланудың заңдылықтары, олигомерлердің синтезі мен қолданылуы, полимерлердің физика-химиялық, механикалық және электрлік қасиеттері, жоғары молекулалық қосылыстар ерітінділері, полимерлерді зерртеу әдістері т.б.. Университеттерде ЖМҚ курсы жалғыз жалпы курс. Себебі полимерлер бірнеше ғылыми бағыттарда зерттеледі. Олар туралы мәліметтер ді физикада, органикалық химияда, биохимияда, физикалық химияда кездестіруге болады.
«ЖМҚ» курсы екі бөлімге бөлінеді: бірінші бөлімде полимерлердің физикалық және механикалық қасиеттері қарастырылады, екінші бөлімде – полимерлердің химиялық қасиеттері. Бұл екі теориялық абстракциялар факторлар мен қасиеттер арасындағы байланыстарды көрсетеді: полимерлердің физикалық және механикалық қасиеттері олардың құрылысына, құрылымына және сыртқы жағдайлардың сипатына байланысты; полимерлердің және мономерлердің химиялық қасиеттері олардың құрылысына, құрылымына және сыртқы жағдайлардың сипатына байланысты.