Жұмыстар № тақырыбы. Химияда лабораториялық



бет1/5
Дата12.10.2023
өлшемі3,51 Mb.
#184928
  1   2   3   4   5
Байланысты:
№1 Қауіпсіздік ережесі және ыдыстар
Наука в США (2), 7ae92182-325b-448f-8fff-0d2f621e2c51, Чекина Пособие Русский язык, КЕЛІСІМШАРТ JUZ40 , 5 лекция, Анель 2 зертханалық, Документ (3)

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

1. ТАҚЫРЫБЫ. ХИМИЯДА ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ. АЛҒАШҚЫ КӨМЕК.




Мақсаты: Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру
Әдістемелік нұсқауы: Лабораториядадағы жұмыс жəне өзін-өзі ұстаудың жалпы ережелері. Күшті минералды жəне органикалық қышқылдар мен сілтілермен жұмыс жасау ережелері. Улы, жанғыш жəне ұшқыш, қопарылғыш жəне тезжанғыш заттармен жұмыс жасау ережелері.

  1. Химия лабораториясында жұмыстарды орындаудың ережелері

    1. Жалпы ережелері

Практика жағынан заттардың барлығы әртүрлі дәрежеде улы, ал олардың көпшілігі отқауіпті және жарылысқауіпті болып табылады. Сондықтан органикалық химия лабораториясында жұмыстарды орындау кезінде, қажетті сақтандыру ережелерін сақтау қажет. Бұл ережелерді сақтау жұмыскердің өзіндік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен ғана емес, сонымен қатар жұмысты бірге орындайтын серіктестерінің де қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.
Жалпы жағдайда берілген экспериментті жасауының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, сақ болушылық амалдарының сипаты жұмыстың түріне тәуелді болады. Бірақ та лабораторияда жұмыскерлердің әрқайсысы үшін міндетті түрде орындауы қажетті жалпы ережелері бар. Оларға жататындар:

  • практикумды орындаушылардың әрқайсысында мақтақағазды кездемеден тігілген жұмыс халаты болуы керек;

  • лабораторияда жалғыз жұмыс істеуге болмайды, себебі қайғылы оқиға кезінде, азап шеккен адамға ешкім көмек көрсете алмайды және апаттың зардаптарын ешкім жоя алмайды;

  • тазалықты, тыныштықты, тәртіпті және қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау қажет, себебі жұмыстағы әрбір тәртіпсіздік, шапшаңдық, салақтылық көптеген жағдайда жұмысты қайта орындауға және ауыр зардаптары бар қайғылы оқиғаларға әкеледі;

  • лабораторияда жұмыс істеушілердің әрқайсысы отқа қарсы қорғаныс аспаптары қайда орналасқаны туралы білуі қажет. Оларға келесі заттар жатады: отсөндіргіштер, себілген құмы бар жәшіктер, асбесттен немесе киізден жасалған көрпесі және бірінші медициналық көмекті көрсету үшін қажетті, медикаменттері бар дәрі қобдишасы (ерітінділер: калий перманганаты, бор қышқылы, калий гидрокарбонаты, йод ерітіндісі, валериан тамшылары, жара таңғышы, күйіктен майлары);

  • лаборатория ішінде темекі тартуға, тамақ жеуге және химиялық ыдыстан су ішуге қатаң тыйым салынады;

  • жұмысқа кіріскен кезде, пайдаланылатын және синтездендірілетін заттарының қасиеттерін алдын-ала оқып білу қажет. Экспериментті бастағанға дейін, жұмыс орындаудың техникасын және сонымен бірге аспаптың сызбасын жақсылап ұғу қажет. Жұмыстың жоспары, реакциялардың теңдеулері, қажетті анықтама берілгендері, есептеулері жұмыс журналында жазылынуы тиіс. Жұмысқа тек қана оқытушының рұқсатын алудан кейін кірісуге болады;

  • лабораториялық бөлмедегі ескі-құсқысымен және ауаның ластануымен барлық тәсілдермен күресу қажет. Лабораториялық үстелдердің үстінде портфельдерді, дорбаларды және тағы басқа бөтен заттарды ұстауға тыйым салынады, лабораторияда сырт киімді ілуге және аяқ киімді қалдыруға болмайды, раковиналарды қағазбен, құммен және басқа қатты заттармен қоқыстауға болмайды, раковиналарға еріткіштердің, қышқылдардың, сілтілердің, реакциялық қоспалардың қалдықтарын, жаман иісі бар, көз жасы ағуына әсер тигізетін, отқауіпті заттарды құюға тыйым салынады. Ауаның ластануы мүмкін болатын барлық жұмыстарын тартып шығару шкафтарында өткізу қажет;

  • беттің немесе қолдың терісіне заттар тимеу үшін, жұмысты тиянақты түрде орындау қажет, себебі бұл заттардың кейбіреулері теріге және шырышты қабықшаларына қоздырғыш әсерін тигізеді;

  • қандай да болса заттардың дәмін көруге қатаң тыйым салынады. Заттарды иіске зерттеуін, ыдысқа еңкеймей және толық кеудемен ауаны жұтумен емес, қолдың жеңіл қозғалысымен оның буларын өзіне қарай абайлап бағыттаумен ғана өткізуге болады;

  • әрекетті аспаптарды байқаудан тыс қалдыруға болмайды;

  • заттар сақталынатын, барлық банкаларда, склянкаларда және тағы басқа ыдыстарда бұл заттардың атауымен этикеткелер болуы тиіс;

  • пробиркелерде және колбаларда сұйықтарды және қатты заттарды жылытқан кезде, ыдыстардың ауыздары өзінен және жұмыс істеушілерден басқа жаққа бұрып тұруына көз салу қажет. Ыстық массаның кенет лақтырып тастауы кезіндегі жара алмас үшін, ашық жылытатын ыдыстарға үстінен қарауға болмайды;

  • жұмысты аяқтағаннан кейін, суды, электраспаптарды өшіру қажет, жұмыс орнын тәртіпке келтіру керек.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет