«Биохимия негіздері» пәні бойынша зертханалық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары зертханалық ЖҰмыс №1



Pdf көрінісі
бет1/13
Дата08.09.2022
өлшемі463,34 Kb.
#148987
түріНұсқаулар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Зертханалық жұмыстар бойынша әдістемелік нұсқаулар
Азия аф(4семинар), Семинар Каражан агай 4, 1574307593-Сарин Жарас Темиртасулы В бөлімі


«Биохимия негіздері» пәні бойынша
зертханалық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары 
 
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 1 
 
Тақырыбы
: Биохимиялық зертханада жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Ақуыздардың 
жалпы қасиеттері. Ақуыздарға тән сапалық және түсті реакциялар.
Мақсаты
: 1) Зерттелетін сұйықтықта ақуыздың бар екенін дәлелдеу.
2)
Биологиялық сұйықтықтарда түсті реакциялар арқылы ақуыз мөлшерін анықтау. 
 
Биохимиялық зертханада жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы 
 
1.
Зертханада жалғыз жұмыс істеуге үзілді-кесілді тыйым салынады, өйткені құралдағы 
болмашы ақау немесе экспериментті орындау кезіндегі қате ауыр зардаптарға әкеп соғуы 
мүмкін. 
2.
Зертханада артық қимыл-қозғалыс пен әңгімелесуден аулақ болыңыз. 
3.
Терінің, көздің және тыныс жолдарының химикаттармен жанасуын болдырмаңыз. 
Сабақ кезінде үнемі зертханалық халат киіңіз. Сонымен қатар егер шашыңыз ұзын болса, онда 
оны қыздырғыш құралдарға, реактивтерге тигізбес үшін мұқият жинап қойыңыз. 
4.
Улы және өткір иісті заттармен, қышқылдардың, сілтілердің концентрлі 
ерітінділерімен, сонымен қатар осы ерітіндлерді буландыру тек тартпа шкафтың астында 
жүргізілуі тиіс. Шкафтың жақтаулары жұмыс кезінде оның жұмыс беткейінен 18-20 см-ге түсіп 
тұруы керек. 
5.
Күйдіргіш шаң түзетін (сілтілер, ізбес, сода, т.б.) қатты заттарды ұнтақтау, концентрлі 
қышқылдар мен сілтілерді сұйылту, хромды қоспаны, т.б. дайындау тартпа шкафтың астында 
фарфор ыдыста, көзге арнайы көзілдірік, қолға биялай киіп жүргізілуі керек. Концентрлі 
қышқылдарды сұйылтқанда (әсіресе, күкірт қышқылын) қышқылды абайлап суға құяды. 
6.
Оңай тұтанатын сұйықтықтармен жұмыс жасағанда қыздырғыш құралдардан алыс 
тұру керек. Ұшқыш, оңай тұтанатын сұйықтықтарды, заттарды (эфирлер, бензин, спирттер, 
ацетон, т.б.) ашық жалынға ұстауға болмайды. Бұл үшін су немесе май моншасын қолдану 
қажет. 
7.
Спиртшаммен жұмыс істеу. Қолданар алдында спиртшамға этанол (спиртовканың 2/3 
көлемінен асырмай) құяды, диск спиртшамның резервуарындағы тесікті тығыз жабады, түтіктегі 
фитиль түтікке тығыз енбей, одан түсіп қалмайтындай болуы керек. Қолданылмаған спиртшам 
қалпақпен жабылуы тиіс. Спиртшамды жағу үшін сіріңке не тамызық қолданады. Оны басқа 
спиртшаммен немесе оттықпен жағуға болмайды. Ыстық спиртшамды үрлеуге болмайды, оны 
өшіру үшін қалпақпен жабады. Жалынды фитильді қозғалту (жалынды көбейту) немесе оны алып 
тастау (жалынды азайту) арқылы реттейді. Спиртовшамда қыздыруды былай жүргізеді: алдымен 
пробиркадағы затты 15-20 секунд жылытып, содан кейін қыздырады. Қыздырған кезде 
пробирканың түбін фитильге тақауға болмайды. Спиртшамда химиялық әйнектен жасалған 
ыдысты ғана қыздыруға болады. 
8.
Пробирканы қыздырғанда оны тесігіне жақын тұсынан штативке бекітеді, не болмаса 
пробирка ұстағышқа бекітеді. Пробирканың аузынан заттардың шығуынан сақтану үшін оның 
аузын өзіңізден және жаныңыздағы адамдардан басқа жаққа қаратып ұстау керек. 
9.
Заттың иісін сезу үшін сұйықтығы бар ыдысқа еңкеюге және бүкіл кеудеңізбен 
иіскеуге болмайды. Бұл үшін қолмен ауаны ыдыстың тесігінен өзіңізге қарай жіберіп,
мұрынмен жеңіл иіскеу керек. 
10.
Кез келген затты тамшуыр немесе түтікше арқылы ауызбен соруға болмайды. Бұл 
үшін сифон немесе резинка алмұрт қолданылады. 
11.
Әйнектен жасалатын құрылғыны аса ұқыптылықпен жинау керек. Бұл кезде әйнек 
затты сәйкес төсенішсіз штативке бекітуге болмайды. Әсіресе жұқа қабырғалы ыдыспен, 


термометрлермен және тоңазытқыштармен жұмыс жасағанда абай болу керек. 
12.
Аузы тығыз жабылған кез келген аппаратты, ыдысты қыздыруға болмайды. 
Сұйықтықты қабырғасы қалың және белгісі бар ыдыста қыздыруға болмайды (ол жарылып кетуі 
мүмкін). 
13.
Реактивтерді құйғанда реактивтің бетке және киімге тимеуі үшін ыдысқа қарай 
еңкеймеу керек. Пробирка ұстағышты пробирканың ашық жағына жақын бекіту керек. 
Қыздырып жатқан сұйықтыққа еңкеюге болмайды, себебі ол қайнағанда шашырауы мүмкін. 
Ешқашан пробирканың ашық жағын өзіңізге немесе көршіңізге қаратып ұстауға болмайды. 
14.
Зертханада реактивтердің дәмін татуға, сонымен қатар мұнда тамақтануға, шылым 
шегуге тыйым салынады. 
15.
Сілтілік металдар құрамында суы жоқ керосиннің, толуолдың немесе ксилолдың 
астында сақталуы керек. Металл натриймен су ағатын кранға жақын жерде жұмыс жасауға 
болмайды. Металл натриймен жұмыс істерден бұрын үстелді құрғатып сүртіп, онымен реакция 
жүргізетін ыдысты кептіру керек. Жұмыс аяқталған соң осы ыдысты бірден сумен жууға 
болмайды, алдымен натрийдің қалдығын спиртте еріту керек. Натрийдің ірілі-ұсақты түйірлерін 
керосині (толуолы немесе ксилолы) бар жеке банкаға салып қою керек. 
16.
Осал ыдыста бромды сақтауға тыйым салынады. Бұл үшін қабырғасы қалың ыдыс 
қолданады. Броммен жасалатын барлық жұмыс желдеткіші бар тартпа шкафта, резинка биялай 
мен көзілдірік киіп жүргізілуі керек. Егер бром теріге тисе, зақымданған жерді дереу спиртпен 
сүрту, содан кейін глицеринмен майлау керек. 
17.
Зертханалық үстелге бөгде заттарды (сумканы, бас киімді, т.б.) қоюға, сырт киімді 
ілуге болмайды. 
18.
Зертханада болған жайтты (тіпті шамалы болса да) оқытушыға немесе лаборантқа 
айту керек. 
19.
Егер бір нәрсе сізге күдікті боп көрінсе, онда оны сұрауға ұялмаңыз! 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет