«Биохимия негіздері» пәні бойынша зертханалық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары зертханалық ЖҰмыс №1



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата08.09.2022
өлшемі463,34 Kb.
#148987
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Зертханалық жұмыстар бойынша әдістемелік нұсқаулар
Азия аф(4семинар), Семинар Каражан агай 4, 1574307593-Сарин Жарас Темиртасулы В бөлімі
 
Принципі: 
Әдіс концентрлі бейорганикалық қышқылдардың нәруыздарды дегидратациялау 
(гидратты қабатын жоғалту), одан кейін денатурациялау қасиетіне негізделген. 
 
Анықтау әдісі: 
3 пробиркаға 10-15 тамшы концентрлі тұз, күкірт және азот қышқылдарын 
құяды. Пробирканы 45
0
С- қа еңкейтіп, қышқылға бірдей мөлшерде 1%нәруыз ерітіндісін 
пробирканың қабырғасы арқылы араластырмай қабат түзетіндей етіп құяды. Осы екі 
сұйықтықтың шекарасында тұнбаға түскен ақ нәруыз сақинасы байқалады. Қоспаны шайқаса 
күкірт және тұз қышқылдары бар пробиркадағы белок тұнбасы еріп кетеді де, ал азот 
қышқылы бар пробиркадағы тұнба өзгермейді. 
№6 жұмыс. Органикалық қышқылдардың әсерінен ақуыздың тұнбаға түсуі. 
 
Принципі: 
Әдіс органикалық қышқылдардың нәруыздарды дегидратациялау арқылы 
нәруыздың кеңістіктік құрылымын денатурациялау қабілетіне негізделген. 
 
Анықтау әдісі: 
Екі пробирканың әрқайсысына 5 тамшыдан 1% жұмыртқа нәруызының 
ерітіндісінен тамызады; бірінші пробиркаға 2 тамшы 10% үш хлор сірке қышқылын, ал 
екіншісіне 1 тамшы 10% сульфосалицил қышқылын тамызады. Екі пробиркада да нәруыздың 
ақ тұнбасы пайда болады. 
№7 жұмыс. Ауыр металдардың тұздарының әсерінен ақуыздың тұнбаға түсу реакциясы 
 
Принципі: 
Әдіс ауыр металдар тұздарының нәруыз молекуласының беткі қабатына 
адсорбцияланып, нәруыз молекуласының зарядын нейтралдап суда ерімейтін комплекс түзу 
қабілетіне негізделген. 
 
Анықтау әдісі: 
Үш пробирканың әрқайсысына 5 тамшыдан 1%нәруыз ерітіндісін тамызады. 
Бірінші пробиркаға 1 тамшы 5% мыс сульфатын, екіншісіне 1 тамшы 5% күмісті азот 
қышқылын, үшіншісіне 1 тамшы 5% қорғасын ацетаты ерітіндісін тамызады. 
Барлық пробиркаларда нәруыздың тұнбаға түскені байқалады. Тұз ерітінділерін көп мөлшерде 
қосқанда бірінші және үшінші пробиркаларда тұнбаның ерігені байқалады. Кейбір ауыр 
металдардың тұздарын көп мөлшерде қосқанда тұнба ериді, бұл нәруыз молекуласының қайта 
зарядталуына байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет