«Биохимия негіздері» пәні бойынша зертханалық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары зертханалық ЖҰмыс №1


№ 10 жұмыс. Сілекейден муциннің бөлінуі және оның құрамы мен қасиеттерін зерттеу



Pdf көрінісі
бет8/13
Дата08.09.2022
өлшемі463,34 Kb.
#148987
түріНұсқаулар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Зертханалық жұмыстар бойынша әдістемелік нұсқаулар
Азия аф(4семинар), Семинар Каражан агай 4, 1574307593-Сарин Жарас Темиртасулы В бөлімі
 
№ 10 жұмыс. Сілекейден муциннің бөлінуі және оның құрамы мен қасиеттерін зерттеу. 
 
Видео-сілтеме: 
https://www.youtube.com/watch?v=JLY0pSzXK9E
  
 
https://www.youtube.com/watch?v=_Z9ebkpqHa0
  
 
Принципі: 
Әдіс муциннің қышқыл қасиетіне, қышқылдармен тұнбаға түсуіне негізделген. 
Муциндер суда ерімейді, тұз қышқылында және сілті ерітінділерінде ериді. Гликопротеиндердің 
құрамын және қасиеттерін зерттеу реакциялары олардың құрамында көмірсулар, олардың 
туындылары және нәруыздардың болуына негізделген. 
 
Анықтау әдісі: 
Ауызды мұздай сумен шайып тастағаннан кейін, пробиркаға сілекейді жинау қажет. 
3 пробиркаға жиналған сілекейді 10 тамшыдан тамызып, оларға 1% сірке қышқылының ерітіндісін 
муцин түйіршігі пайда болғанша тамызады. Муцин түйіршігін шыны таяқшамен ұстап тұрады да, 
сумен жуады.
Муцин түйіршігі бар бір пробиркаға 10 тамшы 10% натрий гидроксидінің ерітіндісін тамызып
ерітіп 
биурет реакциясын
жүргізеді. Ал екінші пробиркаға 10 тамшы 0,1% тұз қышқылының 
ерітіндісін құйып тұнбаның еруін байқайды. Үшінші пробиркаға 5 тамшы α-нафтолдың спирттегі 
ерітіндісін тамызып шайқап, оның үстіне концентрлі күкірт қышқылын қабат түзетіндей етіп 
пробирканың қабырғасы арқылы құяды. Осы кезде екі сұйықтың шекарасында күлгін сақина 
түзіледі (
Молиш реакциясы
). 


№ 11 жұмыс. Сиалды қышқылдарды ашу
Видео-сілтеме: 
https://www.youtube.com/watch?v=cIcJ765fD9I&feature=emb_logo
  
 
1.
 
Күкіртті сірке қышқылының реактивімен реакция 
 
Анықтау әдісі:
пробиркаға 5 тамшы сілекей және 20 тамшы күкіртті сірке қышқылының реактивін 
(95 бөлімі мұзды сірке қышқылы және 5 бөлімі концентрациялы күкірт қышқылы) тамызып, 
жақсылап араластырып, одан соң пробирканы 30 минутқа қайнап жатқан су моншасына қояды. Осы 
уақыт өткеннен кейін пробиркада боялған комплексті қосылыс түзілгені байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет