Сабақтың тақырыбы : Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру Сабақтың мақсаты



бет1/18
Дата24.04.2017
өлшемі6,18 Mb.
#15155
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Сабақ жоспары:1 «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

«_______» ___________20__ж

Пән аты : Информатика

Сынып : 7

Сабақтың тақырыбы : Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру

Сабақтың мақсаты :

Білімділік - Есептеуіш техникасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру. Компьютер сыныбында өзін-зі алып жүру ережелерімен таныстыру. Төтенше жағдайлардағы іс-әрекет ережелерімен таныстыру.

Дамытушылық – Оқушылардың өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмек

көрсете білу қабілеттерін дамыту.



Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, тәртіпке, зейінділікке тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: ДК, дәптерлер, оқулықтар, нұсқау беру журналы, презентация (пректорда көрсетіледі), видео, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ. Жаңа сабақты оқып-үйрену

Жұмыс істеу алдындағы қауіпсіздік ережелері

Рұқсат етілмейтін іс-әрекеттер



  • Кабинетке сырт киіммен, былғаннан аяқ киіммен, үлкен заттармен кіруге;

  • Кабинетте жүгіруге, қатты айқайлап сөйлеуге;

  • Басқа оқушыларға кедергі келтіруге;

  • Үстелге портфель мен сөмкелер қоюға;

  • Өтетін жолдарды бөгеуге;

  • Желі сымдарын қосуға;

  • Компьютердің құрылғыларын қосып, ажыратуға болмайды.

Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері

Рұқсат етілмейтін іс-әрекеттер



  • Өз бетіңмен желіні қосуға;

  • Өзіңді нашар сезінгенде жұмыс істеуге;

  • Сынған техникамен жұмыс істеуге;

  • Кабельді қосып, ажыратуға;

  • Ылғал және лас қолмен жұмыс істеуге;

  • Мониторларды, кабельдерді, құбырларды, батареяларды ұстауға;

  • Пернетақтаға бірдеңе қояға;

  • Өз бетінмен сынғанды жөндеуге болмайды.

Мұғалімнің рұқсатынсыз:

  • Мониторлар мен компьютерлерді қосып, өшіруге;

  • Құлаққаптарды қосуға;

  • Бөгде программаларды қосуға;

  • Ғаламтор желісіне қосылуға;

  • Мұғалімдердің үстелінен тасығыштарды алуға;

  • Мұғалімнің компьютерінде жұмыс істеуге болмайды.

Үзіліссіз жұмыс істеу уақыты

7-сынып оқушылары үшін үзіліссіз жұмыс істеу уақыты 25 минут, ал күніне жалпы жұмыс уақыты 90 минутты құрайды. Экран мен көздің ара қашықтығы 60-70 см болуы керек.

Компьютерде жұмыс аяқталған кездегі қауіпсіздік ережелері


  • Жұмыс орнын ретке келтіру;

  • Барлық программалардың терезесін жабу;

  • Орындықтарыңды жылжытып орнына қою;

  • Берілген тапсырма жұмыстарын мұғалімге қайтару;

  • Қажет болса компьютерді өшіруге;

ІV. Сергіту сәті.

Көзге арналған жаттығулар көрсетіледі. (презентация)



Қол саусақтарына арналған жаттығулар

  • Алақанды уқалау.

  • Қолды қысу

  • Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

  • Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса

Көзді талдыртпау және шаршатпау жаттығулары:

Бірнеше ондаған минут қозғалмай отырып компьютермен ұзақ уақыт бірсарынды жұмыс істеген кезде жағымсыз сезім, дене ұйығандай болып, шаршау пайда болады, көз талады. Осыларды болдырмау үшін сабақ барысында 1-2 рет (оқушы жасына байланысты) келесі жаттығуларды орындау керек.



Көздің талуын болдырмау жаттығулары:

  1. Қарау бағытын өзгерту: алысқа-мұрын ұшына, солға –оңға, төмен-жоғары.

  2. сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта көзді айналдыра бұрып қарау.

  3. Көзді жұмып, қолмен жауып, 1-1,5 минут отыру.

Шаршауды болдырмау жаттығулары:

  1. Сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта басты айналдыра бұру.

  2. Басты кезекпен екі жаққа бұру.

  3. Саусақтарды жұмырыққа жұму, қолдың ұшын босаңсыту.

  4. Оңға-солға бұрылып, қолды сермеп, керіліп-созылу.

V.Сабақты қорытындылау

1-тапсырма

Тест

1.Неге компьютердің үстіне кітап, дәптер және т.б. заттар қоюға болмайды?

А) Өте ауыр

Ә) Ауа алмасуы (желдетуі) бұзылады

Б) Ұнамсыз

В) Экран жабылып қалады

2. Компьютермен жұмыс істегенде қандай ережелерді міндетті түрде сақтау керек?

А) Біріктіру сымдарының ажыратқыштарын ұстау

Ә) Компьютерді Power батырмасын басу арқылы өшіру

Б) Пернелерді ақырын басу

В) Компьютерде кір және су қолдармен жұмыс істемеу*

3. Компьютермен жұмыс істегенде көзге шамадан тыс күш түсірмеу үшін не істеу керек?

А) Көзге арналған гимнастиканы әрбір 10-15 минут сайын жасап отыру

Ә) Төрт сағаттан артық үздіксіз жұмыс істемеу

Б) Қолға арналған гимнастиканы әрбір 2 сағат сайын жасау

В) Арасында мониторды өшіріп отыру

4. Компьютердегі жұмысты аяқтаған оқушы не істеу керек?

А) Мұғалімнің нұсқауы бойынша жұмысты аяқтап, жұмыс орнын ретке келтіру

Ә) Компьютерді ажырату батырмасын басу

Б) Тұрып, кабинеттен шығу

В) Бөлмені ылғалдап сүртіп шығу және желдету

5. Компьютерде үздіксіз жұмыс істеу ... аспауы керек?

А) 6 сағаттан

Ә) 45 минуттан

Б) 2 сағаттан

В) 15 минуттан

6. Егер компьютер сендердің сұраныстарыңа жауап бермесе, не істейсіңдер?

А) Мұғалімді шақырамын

Ә) Ақауды өз бетіммен жоямын

Б) Компьютерді электр желісінен ағытамын

В) Сыныптасымнан көмек сұраймын



7. Көзден экранға дейінгі арақашықтық қанша болу керек?

А) 10-15 см

Ә) 20-30 см

Б) 40-50 см

В) 55-65 см

8. Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерге флешкалар мен дискілерді қосуға болмайтын себептерді көрсетіңдер:

А) Мектеп компьютерінен керегі жоқ ақпаратты көшіріп алуы мүмкін

Ә) Компьютерді вируспен зақымдау қаупі бар

Б) Компьютердің ажыратқыштарын жиі қолданғаннан олардың бұзылуы мүмкін

В) Компьютерге көп ақпарат тасығыш қосуға болмайды

2-тапсырма

Қауіпсіздік техника нұсқауы журналы қолдарын қою.



VІ. Бағалау

VІІ. Үйге тапсырма

§5 мазмұндау, жаттау



Сабақ жоспары:2 «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

«_______» ___________20__ж

Пән аты : Информатика

Сынып : 7

Сабақтың тақырыбы : Компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілдері

Сабақтың мақсаты :

Білімділік - Оқушылардың ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру;

Дамытушылық – Оқушылардың өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмек

көрсете білу қабілеттерін дамыту.



Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, тәртіпке, зейінділікке тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: ДК, дәптерлер, оқулықтар, презентация (пректорда көрсетіледі), видео, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ. Жаңа сабақты оқып-үйрену

“Ақпарат” сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio cөзінен шыққан.Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі философия, экономика физика, математика, информатика т.б салаларында кеңінен енді. Ақпаратты біз жазбаша немесе ауызша, тіпті қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз. “Ақпарат ” деген сөз белгілі бір хабардың ,жаңалықтардың өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді. Тірі организмнің құрылысын зерттеу де бізге көп ақпарат береді.

Мысалы: баласы атасына неге ұқсайды? Иттен неге тумайды? Бұл сұрақтарға гинетика ғылымы жауап береді. Ол тұқым қуалаушылық болатының, әрбір организмнің негізгі белгілері ұрпақтан ұрпаққа ДНҚ молекулалары арқылы ақпарат беріледі. Сонымен ақпарат тірі табиғатта да, өлі табиғатта болады. Ол әрқашан сөзбен ғана жеткізілмейді, яғни ақпарат алмасудың сан алуан түрлері бар, қарым-қатынас жасау, өз бетімен ойлану, зертеу нәтижесінде пайда болады.

Ақпаратқа үзілді кесілді анықтама бере алмаймыз.Оны қаршаған дүние туралы және онда жүріп жатқан процестер туралы хабарлар мен мағлұматтар деп түсіyнуге болады.

Ақпарат материялымен және энергиямен қатар бізді қоршаған ортаның құрамды бөліктерінің бірі болып саналады.

Ақпарат түрлері

Барлық ақпараттарды төмендегідей бөлуге болады: қоғамдық саясаттық-әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, химия-биологиялық, физиологиялық т.б. Мұнымен қатар ақпарат өзінің сипаты бойынша:


  1. статикалық (тұрақты) немесе динамикалық (айнымалы);

  2. алғашқы (кірістік), туынды (аралық) немесе шығыстық;

  3. басқарушы және мәлімет беруші;

  4. объективті және субъективті болуы мүмкін.

Ақпарат қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: толықтық, сенімділік (анықтық), бағалылық, маңыздылық (актуалдық), айқындылық, қысқалық, нанымдылық.

Тірі табиғатта ақпарат беру мен өңдеу мысалдары:

Жануарлар өздерінің жерлерін қорғап, иісті белгілер қалдырып кетеді.

Адам ақпаратты сезу, көру арқылы қабылдайды. Адам радиодан, теледидардан, газет-журналдан ақпараттарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Адам қабылдайтын ақпарат таңбалы, бейнелі болып бөлінеді.



Бейнелік ақпарат деп-табиғат көріністерін, кескіндерді,дәм, иіс,сезу мүшелері арқылы қабылданған ақпараттарды айтады.

Таңбалы ақпаратқа сөйлеу, жазу түрінде алынған ақпараттар жатады. Ауызекі тіл де таңбалы ақпаратқа жатады. Себебі, әр түрлі таңбалардан тұрады, брақ олар дыбыстық таңбалар-феномендер деп аталады. Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі деп атайды. Табиғи қатынас тіліне: қазақ, орыс, ағылшын тілдері жатады. Жасанды тілдерге математика, физика, компьютермен қатынасу тілдері жатады. Әр тілдің өз алфабиті бар. Сандарды көрсететін алфабиттер: екілік, сегіздік, ондық, оналтылық болады.
ІV. Сабақты бекіту

1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?

2. Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?

3. Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?

4. Адам ақпаратты өңдеуіне мысал келтір?

5. Адам ақпаратты қалай сақтайды?


VІ. Бағалау

VІІ. Үйге тапсырма

§1 мазмұндау



Сабақ жоспары:3 «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

«_______» ___________20__ж

Пән аты : Информатика

Сынып : 7

Сабақтың тақырыбы : Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау

Сабақтың мақсаты :

Білімділік - Оқушылардың ақпаратты техникалық құралдар мен дербес компьютердің көмегімен беру, сақтау және ұсыну тәсілдерімен таныстыру.

Дамытушылық – Оқушылардың өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмек

көрсете білу қабілеттерін дамыту.



Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, тәртіпке, зейінділікке тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: ДК, дәптерлер, оқулықтар, презентация (пректорда көрсетіледі), видео, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ. Жаңа сабақты оқып-үйрену

Ақпаратты ұсыну (көрсету) тәсілдеріне мыналарды жатқызуға болады: барлық мүмкін символдарды, тілдер мен кодтарды (орыс, ағылшын тілдерін, Морзе әліппесін, ым тілі мен ишарат тілін ) сызуларды, суреттерді, музыкалық шығармаларды, кино мен бейнефилбмдерді, компьютерлік ойындарды т.б.



Ақпаратты кодтау

Әр түрлі ақпарат тасуыштарда әр түрлі ұсыну (көрсету) тәсілдері қолданылады.

Ақпараттарды келесі түрде сақтауға болады:


  1. Қағазда, таңбалар түрінде, перфокартада, перфолентада, таспа, ағашта, матада, кілт бедерінде т.б.

  2. Элекромагниттік сигналдар түрінде: дискіде, дискетте, кассетада, кинопленкада т.б.

  3. Құрылымдық комбинациялар түрінде: биологиялық объектілердің клеткалары мен гендерінде.

Ақпарат беру мына түрлерде жүргізіледі:

  1. Сигналдар түрінде. Техникалық құрылымдарда да, адамдар қарым-қатынасында да, телекоммуникацияларда, қоғам өмірінде, тірі жәндіктерде.

  2. Адамдар қарым-қатынасында, техникалық құрылғыларда.

Механикалық жолмен.

Ақпаратты сақтау, беру және өңдеу техникалық құрылғыларына мыналар жатады: түрлі дискілер, дискеттер, аудио және бейне кассеталар, перфокарталар, перфоленталар, кинопленкалар, телекоммуникация объектілері (радио, теледидар, телефон, телеграф, ДК мен компьютерлік желілер т.б.)

ЭЕМ көптеген техникалық құралдарының арасында ақпарат сақтау, беру және өңдеу елеулі орын алады.

ЭЕМ – бұл ақ электр сигналдарын қолданып, ақпаратты өңдейтін әмбебап есептеуіш машина.

Компьютерлер шықпай тұрып та ақпаратты беретін, өңдейтін және сақтайтын аспаптар болған. Мұндай аспаптарды қолдану үшін ақпарат кодталған түрде болуы керек. Бұған ақпаратты Морзе әліппесінің көмегімен кодтау мысал бола алады.

Компьютер «Есептеуіш» деп аударылады. Бірақ қазіргі дербес компьютер тек есептеулер жүргізу машинасы емес. Оның көмегімен музыкалық шығармалар жазуға және ойнатуға, графикалық бейнелерді көрсетуге және өзгертуге, бейне клиптерді көрсетуге және өзгертуге, бүкіл әлемнің дербес компьютерді пайдаланушыларымен ақпарат алмасуға, қажет ақпаратты табуға, мәтіндік ақпарат жасап өңдеуге болады. Бсқаша айтқанда дербес компьютер кез-келген ақпаратты өңдей алады.

Барлық ақпаратты дербес компьютер сигналдар түрінде қабылдай алады. Олар екі күйде болады: сигнал бар немесе сигнал жоқ. Бұл сигналдарға тек екі түрлі мән: 0 немесе 1 қабылдай алатын сәйкес код разряды қойылған. Тек екі түрлі мәні немесе оған сәйкес код разряды бар, 0 немесе 1 мәндерін ғана қабылдай алатын сигналды бит деп атайды.

Бит – бұл ақпараттың ең кіші бірлігі. Басқа сөзбен айтқанда, тек екі түрде ғана болатын (сигнал бар немес сигнал жоқ) сигнал, БИТ ақпаратын береді.



ІV. Практикалық жұмыс

1.Тапсырма. Морзе әліппесімен «HAPPY END» хабарын кодта.


H

A

P

P

Y




E

N

D

....

._

._ _.

._ _.

_._ _




.

_ .

_ ..


Оқулықта ақпаратты Морзе әліппесінің көмегімен кодтау кестесі келтірілген. Тапсырма өз бетімен орындауға ұсынылады.

2.Тапсырма. Бір битпен нені кодтауға болады?

Тапсырма талқылау барысында орындалады. Жауаптар әр түрлі болуы мүмкін.

  • Шам-шырақ қосылған ба, өшірілген бе?

  • Қол көтерілген бе, түсірілген бе?

  • «Иә» немесе «Жоқ» жауабы.

  • Дүкен ашық па, жабық па?

  • Машина алдыға қозғала ма, немесе артқа?

  • Және т.с.с.

ASCII КОДЫ

3.Тапсырма

ASCII кодтарымен «БОРАН» хабарын кодта.



Б

О

Р

А

Н

1

8

Е

8

0

9

0

8

Д

8

«БОРАН» хабарын екілік кодпен кодта.

Б

О

Р

О

Н

0

0

0

1

1

0

0

0

1

1

1

0

1

0

0

0

0

0

0

0

1

0

0

1

0

0

0

0

1

0

0

0

1

1

0

1

1

0

0

0

Тапсырманы орындау үшін, оқулықта келтірілген ASCII кодтар кестесі мен ондық, он алтылық санау жүйелерінің сәйкестендіру кестесін қолдану керек.

5.Тапсырма. Хабар құрып, оны кодта.

Алған дағдыларын бекіту үшін, оқушылар өздерінің хабарларын әр түрлі тәсілдермен кодтауы керек. Тапсырма өз бетімен орындауға арналған.

V.Сабақты қорытындылау

Бақылау сұрақтарына жауап беру



VІ. Бағалау

VІІ. Үйге тапсырма

§2 мазмұндау


Сабақ жоспары:4 «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

«_______» ___________20__ж

Пән аты : Информатика

Сынып : 7

Сабақтың тақырыбы : Кодтан шығару

Сабақтың мақсаты :

Білімділік - Оқушылардың ақпаратты техникалық құралдар мен дербес компьютердің көмегімен беру, сақтау және ұсыну тәсілдерімен, қабылданған екілік санау жүйесімен, ASСII кодтарымен таныстыру:

Дамытушылық – Оқушылардың өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмек

көрсете білу қабілеттерін дамыту.



Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, тәртіпке, зейінділікке тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: ДК, дәптерлер, оқулықтар, презентация (пректорда көрсетіледі), интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ. Жаңа сабақты оқып-үйрену

Ақпаратты белгілі-бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды. Ақпаратты сақтау, қабылдау, ұсыну, және өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың ұсынылу түріне байланысты болады. Ақпараттың кодталуы кейде шифрау депте айтылады,оның кері кодталуы декодирование процесімен тікелей байланысты. Екілік алфабиты 0 және 1 таңбаларымен ұсынылады. Ақпаратты екілік код пен көрсету үшін, құрылғы екі күйді

айыра білуі керек, мысалы; 1-құрылғыда тоқ бар, ал 0 жоғын , немесе 1-жоғары кернеу ,

0 төмен кернеу. Тек екі түрлі мәні немесе немесе оған сәйкес код разряды бар , 0 немесе

1 мәндерін ғана қабылдай алатын сигналды бит деп атайды . Символдарды кодтау үшін

8 биттен тұратын котты байт деп атайды. 8 нөл мен бірлердің көмегімен яғни бір байттың көмегімен 256 символ кодталады. Символдарды кодттау кобинациаларының

жиынтығын кодтау кестесі деп аталады.

ASCІІ коды.

Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланатын код-ASCLL коды - американдық



апарат алмасудың стандарттық коды.

Кодтау кестенің 16 жолы 16 бағаны бар . Кесте екі бөліктен тұрады ; стандарты, баламалы .

Стандартты бөліктегі – бірінші 128 символдар , 0- ден 127-ге дейінгі коттар; Цифрлар, латын алфавитінің әріптерімен компютер жумысын басқаратын арнайы символдар.

Баламалы бөліктегі-128-ден 255-ке дейінгі кодтар алфавиттер (орыс, қазақ) Ондық, екілік, оналтылық санау жүйелерінің сәйкестендіру кестесі бойынша кодтауға болады.

Ақпарат оны тіркейтін құрылғыға дыбыс, электромагнитті сәуле, физикалық әреект түрінде келіп түседі. Бұл әрекеттер сигнал деп аталады.

Сигнал дегеніміз- оның көмегімен адам немесе, құрылғы ақпарат қабылдайтын процесс. Сигнал ақпарат тасуыш. Ақпарат жіберу дегеніміз- сигналадар жіберу.

Сигнал аналогтық (үздіксіз), дискретті(үзілісті) болуы мүмкін. Аналогдық сигналдарға мысалдары: Сигналды дискретті түрде ұсынғанда ол сан қатары, алфавит әріптері,музыкалық нота нота оған мысал бола алады. Уақыт аралығын неғұрлым көбірек алған сайын, кернеудің уақыт аралығында өзгеру процесін соғұрлым дәлірек сипаттаймыз. Керісінше дискретті процесті аналогтық процеске айналдыруға болады.Адам сезім мүшелері арқылы сигналдарды аналогтық түрде қабылдайды, ал есептеуіш техникалары негізінде дискретті түрдегі сигналдармен жұмыс істейді.

Ақпарат адам үшін жаңа, белгісіз болу керек. Хабар бізге ақпарат алу деген бізге жаңа түсінікті болуы керек. Сол салада біліміміз жеткілікті болуы керек. Егер ақпарат біз үшін толық, объективті,жаңа,пайдалы, әрі нақты болса ол біз үшін бағалы болады. Хабардың ақпараттың көлемі деп- хабардың ұзындығын, яғни символдар санын білдіреді.Ендеше техникада кез-келген сақталатын берілетін ақпарат көлемі ондағы берілетін ақпарат көлемі ондағы ең кіші өлшем бір екілік разрядқа немесе 1 битке тең болады. Ақпаратты өлшеу бірлігі бір битке тең. Одан кейін 1 байт. Хабардың ақпараттың көлемі-бит немесе байтта өлшенетін оның ұзындығы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет