Сабақтың тақырыбы : Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру Сабақтың мақсаты


Алгоритм орындалғанда не болатынын анықтаңдар



бет3/18
Дата24.04.2017
өлшемі6,18 Mb.
#15155
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

3.Алгоритм орындалғанда не болатынын анықтаңдар.

Басы


Қарындашты ал

Шаршылар бойынша диктант жаз: 1Ж, 1О, 3Ж, 2С, 3Ж, 2О, 1Ж, 1О, 3Т, 6О, 1Ж, 1О, 2Т, 1С, 4Т, 2О, 1Ж, 1О, 1Ж, 5С, 2Т, 2С.

Алынған суретті аяқта

Қарындашты орнына қой

Соңы

V. Бекіту

Электронды оқулықтағы тест жұмысына жауап беру



VІ. Бағалау

VІІ. Үйге тапсырма

Қосымша мтериалдармен жұмыс.



  1. «Ағаш отырғызу» алгоритмін құру


Сабақ жоспары:9 «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

«_______» ___________20__ж

Пән аты : Информатика

Сынып : 7 «А, Ә, Б, В»

Сабақтың тақырыбы : Алфавит, программалау тілінің синтаксисі

Сабақтың мақсаты :

Білімділік - Оқушыларға алгоритмнің жазылу формаларын, түрлерін түсіндіру, алгоритм құруға үйрету

Дамытушылық – Оқушылардың өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмек

көрсете білу қабілеттерін дамыту.



Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, тәртіпке, зейінділікке тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: ДК, дәптерлер, оқулықтар, таратпа қағаздар, презентация (пректорда көрсетіледі), видео, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты оқып-үйрену

Алгортимді әртүрлі формада ұсынуға болады. Алгоритмнің жазылу формалары көбіне орындаушыға тәуелді болады:



    • Сөздік

    • Графикалық

    • Алгоритмдік

    • Программалау

Блок-схемада әр іс-әрекет фигуралардың көмегімен сипатталады. Алгоритмнің басы мен соңы сопақша шеңбермен сипатталады. Іс-әрекет төртбұрышқа жазылады. Блок-схемадағы барлық элементтер бір-бірімен нұсқаулар байланысады, ол алгоритмнің орындалу бағытын көрсетеді. Енгізу және шығару мәліметтері паралелограммға жазылады.

Мысалы:


Екі санды қосу алгоритмі

Берілген алгоритм кез-келген екі сан үшін орындалады. Есептеу барысында алгоритмде берілгендерді және есептеу нәтижесін кез-келген әріппен белгілейміз. Оны айнымалы деп атаймыз. Біздің мысалда берілгендерді а және б айнымалаларымен белгілеп, ал алгоритм нәтижесін с айнымалысымен белгілейміз.




Алгоритмнің 3 түрі болады: сызықтық, тармақталған, циклдік.

Сызықтық алгоритмде барлық бұйрықтар алгоритмде көрсетілгендей тізбектей орындалады.Қарастырылатын барлық мысалдар: үй тапсырмасын орындау, робот портреті, екі санды қосу, жұмыртқа қуыру т.б.

Егер алгоритм қадамдарының тізбектеле орындалуы қандай да бір шартқа тәуелді өзгеретін болса, онда мұндай алгоритмді тармақталған алгоритм дейміз.



жоқ


иә

Бірнеше рет қайталанатын әрекеттер тізбегі циклдер деп аталады. Мысалы, ол мына түрде болуы мүмкін: қоржынға қолды саламыз, ілінген асықты аламыз. Қызыл асық па? Иә, қызыл асық табылды. Жоқ, қайта қоржынға қолды саламыз, асықтарды біртіндеп алып қараймыз.



ІV. Бекіту

Алгоритм құрудың тәжірибелік жұмысын орындау (Таратпа қағаздар көмегімен )



V. Бағалау

Оқушыларды бағалау



VІ. Үйге тапсырма

Қайталау



Сабақ жоспары:10 «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

«_______» ___________20__ж

Пән аты : Информатика

Сынып : 7 «А, Ә, Б, В»

Сабақтың тақырыбы : Арифметикалық өрнектерді жазу ережесі

Сабақтың мақсаты :

Білімділік - Оқушыларға өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат беру.
Дамытушылық – өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін дамыту;

Тәрбиелік – Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке патриоттыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: ДК, дәптерлер, оқулықтар, презентация (пректорда көрсетіледі), видео, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Бинго» ойынын ойнаймыз. Ойынның шарты бойынша интерактивті тақтада сандар берілген, әрбір санның артында сұрақтар бар.



ІІІ. Жаңа сабақты оқып-үйрену

Компьютерде есеп шығару кезеңдері
А) берілген есепті математикалық түрде өрнектеу;
Ә) есеп шығарудың компьютерге ыңғайлы сандық тәсілін анықтау;
Б) есеп шығару жолын алгоритм түрінде кескіндеу;
В) есепті компьютерде шығару программасын құру және оның қатесін түзету.
Г) есепке керекті мәліметтер мен берілгендерін жинақтау.
Д) компьютерде есеп шығару және шыққан нәтижені іс жүзінде қолдану.
Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әріпі мен цифрлары қолданылады. Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция (амалдар) белгілері жатады.
Алгоритмдік тілде (Паскаль, Бейсик, Си, т. б.) арифметикалық амалдардың орындалу тәртібі олардың математикадағы орындалу тәртібіне сәйкес келеді, яғни алдымен жақша ішіндегі амалдар, сонан соң көбейту, бөлу, қосу, азайту, т. б. амалдар орындалады.
Арифметикалық амал белгілері:
(+) – қосу;
(-) – азайту;
(*) – көбейту;
(/) – бөлу.
DIV – және (логикалық көбейту) операциясы;
MOD – қалдықты табу. Мысалы: 10 MOD 3 амалының нәтижесі 1;
айыру белгілері: ____ (бос орын);, (үтір);. (нүкте);: (қос нүкте);; (нүктелі үтір); ` (апостроф); (;); [;]; {;}.
Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері: = (тең), <>(тең емес), (үлкен), = (үлкен не тең).
Өрнектер және олардың жазылуы
Өрнек деп арифметикалық амал таңбаларымен біріктірілген айнымалылардың функциялардың, тұрақтылардың жиынтығын айтады. Өрнектегі арифметикалық амалдардың орындалуы олардың орналасу реті мен жақшалар арқылы өзгертіледі. Қарапайым жағдайда өрнек тек айнымалылардан, тұрақтылардан немесе функциялардан тұруы мүмкін. Мысалы:
(5+7*х)/1. 8;
(sin(x)+5* cos(2+х))/ In(х); т. б

Алгоритмдік тілде (Паскаль, Бейсик, Си , т.б.) арифметикалық амалдардың орындалу тәртібі олардың математикадағы орындалу тәртібіне сәйкес келеді, яғни алдымен жақша ішіндегі амалдар, сонан соң көбейту, бөлу, қосу, азайту, т.б. амалдар орындалады.

Өрнектердің алгоритмдік тілде және программалау тіліндегі жазылуы да бір-біріне сәйкес келеді.

ІV. Сергіту сәті.

4 4 4 4 = 20 шығуы керек! (, ), +, *, -, /, амалдарын пайдалануға болады! Жауабын тапқан адам........................."ЖАРАЙСЫҢ ҒОЙ)))!"

Жауабы: (4 : 4 + 4 ) * 4 = 20

V.Сабақты қорытындылау

VІ. Бағалау

VІІ. Үйге тапсырма

Тақырыпты оқу, мазмұндау.



Сабақ жоспары:11 «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

«_______» ___________20__ж

Пән аты : Информатика

Сынып : 7 «А, Ә, Б, В»

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық өрнектерді жазу ережесіне есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - Теория жүзінде алған білімдерін практикада ұштау

Дамытушылық – Оқушылардың өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмек

көрсете білу қабілеттерін дамыту.



Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, тәртіпке, зейінділікке тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: ДК, дәптерлер, оқулықтар, презентация (пректорда көрсетіледі), интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ. Есептер шығару

Тапсырмалар № 1
(a + b):(ху)
8-2+[21/4];мұндағы [] бүтін бөлу дегенді білдіреді.
(2+3)-ті 6-ға бөлгендегі бүтін қалдықты табыңдар
(5+2*4):3
(3,18-4,98)(1,171-0,27):(2,7-1,9)+5,96
(8+4):10
25 санын 3 ке бөлгендегі бүтін бөліндіні табыңдар
42 санын 5-ке бөлгендегі бүтін қалдықты табыңдар

Тапсырмалар № 2



Каталог: uploads -> doc -> 0519
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0519 -> Сабақтың атауы Зат есім, Менің отбасым Мақсаты
0519 -> Семей қаласы. №47 жалпы орта білім беретін мектептің Қазақ тілі мен әебиеті пәнінің мұғалімі
0519 -> Бағдарламасы Амангельді орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет