Пәннің ОҚУ-Әдістемелік материалдары


дәріс - «Көмірсулар» бөлімін оқытудың әдістемелік аспектілері



бет25/32
Дата07.02.2022
өлшемі250,62 Kb.
#91889
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32
Байланысты:
32dd0c3d-bdf7-11e3-b0bc-f6d299da70eeУММ каз

12 дәріс - «Көмірсулар» бөлімін оқытудың әдістемелік аспектілері
Дәріс жоспары:

  1. «Моносахаридтер» бөлімін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері

  2. «Дисахаридтер» бөлімін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері

  3. «Полисахаридтер» бөлімін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері

1. Сабақтың басында көмірсулардың анықтамасын береді. Көмірсулардың жіктелуі:

Содан соң моносахаридтерді қарастырады. Глюкоза мен фруктозаның формуларын келтіру. Олардың құрылысын, құрамын салыстыру. Тізбекті және циклді (жартылай ацеталды) құрылымдарын келтіру. Олардың циклдену схемаларын келтіру.
Жартылай ацеталды немесе гликозидті топтың түзілуі. Фураноза және пираноза циклдері. Э.Фишердін проекцияларық формулары, Хеуорстың «перспективті» формулалары.
α- және β-формалар (аномерлер). Монозалардың оптикалық изомериясы. Циклді формадағы монозалардың конформациялық изомериясы. Моносахаридтердің физикалық қасиеттері. Моноздардың реакциялық қабілеті. Моносахаридтер спирттердің, карбонильді қосылыстардың, циклді жартылай ацетальдардың қасиеттерін көрсетеді. Карбонильды топ бойынша жүретін реакциялар (тотықсыздану, қосылу, тотығу). Гидроксильды топ бойынша жүретін реакцияларды келтіру (алкилдеу, ацилдеу, алкоголяттар түзу). Моноздардың ерекше қасиеттері – ашу, яғни моносахаридтердің микроорганиздердің ферменттері әсерінен ыдырау.
2. Дисахаридтердің құрылысы. Гликозидтік байланыстың құрылысы. Тотықсызданатын дисахаридтер. Тотықсызданбайтын дисахаридтердің құрылысы.
Химиялық қасиеттері. Тотықсызданбайтын дисахаридтердің химиялық қасиеттерін гидроксил топтары анықтайды, ал тотықсызданатын – альдегид немесе кетон және гидроксил топтары анықтайды. Минералды қышқылдар ерітіндісімен, ферменттер әсерінен дисахаридтер гидролизденіп, моносахаридтер түзеді.
Кең тараған дисахаридтердің (сахароза, лактоза, мальтоза, целлобиоза) формуларын келтіру. Олардың құрылысының және реакциялық қабілеттерінің ерекшеліктері.
3. Полисахаридтердің құрамы, құрылысы, крахмал мен целлюлозаның құрылысы мен қасиеттері.
Крахмал полисахаридтердің екі типтерінің қоспасы: суда ерігіш амилозадан (20–30 %) және ерімейтін амилопектиннен (70–80 %). Амилоза молекулаларының құрылысы сызықты, ал амилопектин молекулаларының тармақталған. Олардың молекулаларында α-D-глюкоза қалдықтары гликозид-гликозидті байланыстар арқылы байланысқан.
Крахмал тотықсызданбайтын көмірсу. Крахмал минералды қышқылдар қатысында немесе амилаза ферментінің әсерінен жеңіл гидролизденеді. Гидролиздің соңғы өнімі α-D-глюкоза.
Целлюлоза β-D-глюкозадан тұратын полисахарид. Крахмалдан айырмашылығы тізбектердің құрылысы сызықты. Целлюлозаның гидролизі қиынырақ жүреді. Целлюлоза мырыш хлоридінің концентрлі ерітіндісінде және сілтінің ерітіндісінде жақсы ериді. Целлюлоза жай және қарапайым эфирлерін түзеді.
Вискоза және ацетатты талшықтың түзілу процесі.
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Крахмал гидролизінің өнімі не?

  2. Дисахаридтер қалай жіктеленеді?

  3. Полисахаридтердің практикалық қолдануы?

Ұсынылған әдебиеттер:
1. В.Ф. Травень. Органическая химия. – М.: Академкнига, 2008. Т.1. 727с.
2. В.Ф. Травень. Органическая химия. – М.: Академкнига, 2008. Т.2. 582с.
3. В.Л. Белобородов, С.Э. Зурабян, А.П. Лузин, Н.А. Тюкавкина. Органическая химия. – М.: Дрофа, 2009. –Кн.2: 592 с.
4. Робертс Дж., Кассерио. Основы органической химии. В 2 т. – М.: Мир, 1978.
5. Терней А. современная органическая химия. В 2 т. –М.: Мир, 1981.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет