Пәннің ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Дәріс 2 – Студенттердің әдістемелік білімін бақылау



бет6/32
Дата07.02.2022
өлшемі250,62 Kb.
#91889
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
32dd0c3d-bdf7-11e3-b0bc-f6d299da70eeУММ каз

Дәріс 2Студенттердің әдістемелік білімін бақылау
Дәріс жоспары:
1. Бақылау әдістері.
2. Бақылаудың міндеті және оған қойылатын талаптар.
3. Бақылау формалары.
1. Бақылау әдістері – бұл оқытушы мен студент арасындағы байланыс тәсілдері, ол студенттердің меңгерген оқу материалдары және қойылған талаптарды меңгеруімен анықталады.
Жоғарғы оқу орындарында студенттің білімділігі мен қабілеттілігін бақылау жұмысының негізгі әдістері: ауызша сұрақ, жазбаша және практикалық тексеру, стандарттық бақылау болып табылады.
Ауызша сұрау – студенттер білімін тексерудің ең тиімді әдісі. Ауызша бақылау кезінде оқытушы мен студенттің арасында тікелей байланыс орнатылады, бұл жағдайда оқытушы студенттің оқу материалдарын қандай деңгейде дайындалғанын байқауға кең мүмкіндік алады.
Жазбаша тексеру аузыша тексерумен бірге маңызыд бақылау әдісі болып табылады. Студент жұмысының біркелкілігі барлығына бірдей талап қойғыза отырып, бағалауды объективті жүргізуге әкеледі. Бұл әдісті қолдану қысқа мерзім ішінде студенттердің материалды қалай игергендігін тексеруге мүмкіндік береді.
Жазбаша тексеру бақылаудың барлық түрлерінде қолданып аудиториялық және аудиториялық емес жұмыстарда болады (үй жұмысын жасағанда)
2. Студенттердің ептілігін және білімін бағалау оқу үрдісінің маңызды элементі. Ол дұрыс ұйымдастырылуына, оқу-тәрбиелік процесстің тиімді басқаруына және маманның сапалы дайындалуына тәуелді.Оқытудың барлық формалары бойынша студенттердің материалды қалай меңгергендігі туралы толыққанды үздіксіз және обьективті ақпаратсыз, «кері байланысты » қалай игергендігі туралы біліп, оқу материалының меңгеру динамикасын бағалай отырып, біліміді, ептілікті талдап оқу процессін ұйымдастыруға қажетті түзетулер енгізіледі.Оқу барысында студенттердің білімін және ептілігін бағалау, тексеру, оқыту, дамыту, тәрбиелік және әдістемелік функциялары маңызды және арнайы функция тексеру фцнкциясы болып табылады. Бақылау студентті тәрбиелеп, өз жұмысына деген жауапкершілікті арттырады, оқу еңбегіне жүйелі қарауға үйретеді, күнделікті оқу ісін белсенді етіп, оқуға деген ниетті түзейді. Бақылауды дұрыс жасаған оқытушы оқушының білімімен ептілігін жетілдіруге шақырады және өзін бағалаудың объективті пікірі қалыптастырып, өзін бақылауға қажеттілікті туындатады.
Білім мен ептілікті бағалау әдістемелік функцияға ие.Оның процесі мен нәтижесі оқытушының өзінің жұмысын жетілдіруге керек. Бақылау сабақ берудің әдістемесін бағалауға, оның күшті және әлсіз жақтарын анықтап, оқытудың оптимальды жақтарын таңдауға көмек береді.
Бақылау талаптар қатарын сақтағанда қажетті және тәрбиелік тиімділік береді.
Бақылау болуы керек: жоспарлы және жүйелі түрде, яғни оқу тәрбиелік процестің жоспарымен бірге жүзеге асырылады. Оның оргнаикалық бөлігі болып табылып, оқыту бағдарламасының негізгі сұрақтарына негізделеді.
3. ЖОО-ның оқу жоспарлары мен бағдарламалары студенттің білімі мен машығының келесідей формаларын қарастырады: міндетті бақылау жұмыстары, сынақты, біліктілік сынақтары, курстық және дипломдық жобасын қорғау, семестрлік және мемлекеттік емтихандар.Қорытынды бақылауда тексеру әртүрлі формада болады, көбінесе бақылау жұмысының және ақпараттың сипатымен анықталады. Мұның бәрі тапсырманы мұқиятты таңдауға қажет етеді. Маманды дайындағанда тапсырма барлық оқу пәндерінің мақсатын көрсету керек және оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес келу керек. Тексеру тапсырмаларының құрамын таңдағанда келесілер негіз болып табылады.
1. Оқыту материалының толық көлемділігін қамтамасыз ету.
2. Бақылау білімінің жалпыланған сипаттамасы.
3. Бақылау тапсырмаларының қолданбалылығы және өнімділігі.
4. Бақылау материалдарының мазмұнының студенттің танымдық жұмысын белсендіруге бағытталады.
Оқу орындарында келесі бақылау жұмыстарының түрлері бар:
Теориялық ол студенттердің теориялық түсініктерді олардың құбылысын, сипаттарын, ерекшеліктерін қалай меңгергендігін тексеруге мүмкінідк береді.
Тәжірбиелік жұмыстар алған білімін нақты тапсырмаларды шешуге арналады;
комплексті, теоретикалық және практиалық смпаттамалары бар, тапсырмалар.
Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: бақылау әдістері – ауызша және жазбаша сұрау, студенттердің білімін бақылауға қойылатын талаптар
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. ЖОО бақылаудың қандай түрлері жиі қолданылады?

  2. Жеке сұраудың басқа ауызша түрлімен салыстырғанда қандай артықшылары бар?

  3. Оқу орындарда бақылау жұмыстарының қандай түрлері қолдыналады?

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Зайцев О.С. Методика обучения химии: Теоретический и прикладной аспекты: Учеб. для студ. высш. учеб. заведений. – М.: Владос, 1999. -384 с.

  2. Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие. - Ростов н/Д: Феникс, 2002. - 544 с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет