Пәннің ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Дәріс 3 – Органикалық химияны оқытудың заманауи технологиялары



бет7/32
Дата07.02.2022
өлшемі250,62 Kb.
#91889
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32
Байланысты:
32dd0c3d-bdf7-11e3-b0bc-f6d299da70eeУММ каз

Дәріс 3 – Органикалық химияны оқытудың заманауи технологиялары
Дәріс жоспары:

  1. Оқыту технологиялары туралы түсінік, мақсаттары мен міндеттері. Оқыту технологияларының классификациясы.

  2. Проблемалық оқыту технологиясы. Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы.

  3. Оқытудың ойын технологиясы. Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар.

  4. Интеграция – жаңа педагогикалық технологияларды енгізу құралы ретінде.

  5. Жобалап оқыту технологиясы. Рефлексияның шығармашылық формасы – Синквейн.

1.Оқыту технологиясы – бір жағынан оқу ақпаратын өңдеуге, бейнелеуге және өлшеуге арналған әдістер мен құралдардың жиынтығы, екінші жағынан оқытушының оқыту процесіне қажетті техникалық немесе ақпараттық құралдарды пайдаланып студентке әсер ету әдістері туралы ілім.
Оқыту технологиясын жасау үлгісін мына 1-суретте келсетілген.
Оқыту технологиясы:
– білімнің, ғылыми жетістіктердің, техниканың белгілі бір аймағында туындаған мәселелерді шешу бағытында ұйымдастырылған, жоспарлы күйде т ұрақты жүзеге асырылатын білімді, біліктілікті және дағдыларды меңгеру;
– оқыту, өздігінен білім алу және өзін өзі бақылау процестерін қажет етіп, соларды жүзеге асыратын шарттарды қалыптастыруды қамтамасыз ететін әдістер, тәсілдер, құралдар жиынтығы.
Оқыту технологиясының басты мақсаты – техникалық ресурстарды, адам ресурстарын және олардың өзара әрекеттесуін ескеріп, білім берудің үдерісін оңтайландыру. 
Жалпы «оқыту технологиясы» мен «педагогикалық технологияны» тығыз баланысты алып қарастыру керек (2-сурет). Бірақ бұл екі технология тепе-тең емес. Оқыту технологиясы көпшілікті оқыту мен кәсіби дайындау жүйесін құрастыршы, ал педагогикалық технологияны білім беру кеңістігінің қағидаларын және оңтайландыру тәсілдерін анықтаушы ұғым ретінде қабылдауымызға болады.
Оқыту технологиясы – жүйелік категория, ол ғылыми білімді дидактикалық пайдалануға, оқу процесін ғылыми жолмен ұйымдастыруға және талдауға бағытталған. Мұнда оқытушылардың ізденістері және студенттердің жеке тұлға ретінде дамуында жоғары нәтижелерге жетуге бағытталуы да ескеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет