Жыныс және жүйке жұйесі. Аналық жыныс жүйесіне жұмыртқа бездері, жолдары және қосымша бездері жатады. Аталық жыныс мүшелері жұп тұқым безінен, жұп тұқым жолдарынан, сыңар тұқым шығарғыш каналынан және қосымша бездерден тұрады.
Орталық жүйке жүйесі жұтқыншақ үсті және жұтқыншақ асты ганглийлерінен және құрсақ жүйке тізбегінен тұрады.
Бунақденелілердің постэмбриональды дамуы. Бунақденелілердің ұрықтан кейінгі дамуы әртүрлілігімен сипатталады, ол өкілдерінің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Бунақденелілердің дамуы метаморфоз арқылы жүреді. Метаморфоздың әр типі бунақденелілердің белгілі бір тобына тән болып келеді, бұл класс төңірегінде топтарды танып-білуге және бір-бірінен бөлуге көмегін тигізеді. Бунақденелілердің дамуының кең таралған типі толық емес метаморфозда дернәсілден ересек стадияның, немесе имагоның қалыптасуы болып табылады. Постэмбриональдық дамуда толық емес метаморфозда дернәсілдік кезеңдердің сипаты бойынша дамудың екі типін бөліп қарастыруға болады. Бірінші жағдайда дернәсілде дамудың алғашқы кезеңдерінде ересек формаға тән белгілері бар. Мұндай дернәсілдер ересек формаға тіршілік әрекеттері және қоректену тәсілдері бойынша да ұқсас болады. Олардың негізгі айырмашылықтарына қанаттарының болмауы, жыныс жүйелерінің жетілмеуі және дене бөлімдерінің өзіндік мөлшерінің қарым-қатынасы жатады.
Қолданылатын әдебиеттер:
Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.
Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.
Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.
Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.
Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.
Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.
Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990.
Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.
Лекция №13.
Тақырыбы: Жасырынжақтылар класс тармағы. Толық түрленбей дамитын насекомдар.
Мақсаты: Толық түрленбей дамитын насекомдар туралы мәлімет беру.
Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:
Жасырынжақтылардың қарапайымдылығын және көпаяқтылармен жақындығын көрсететін құрылысы мен дамуының ерекшеліктері.
Тарақандар отряды, құрылысының, дамуының, тіршілік әрекетінің ерекшеліктері. Түзуқанаттылар отряды. Инеліктер отрядының ауыз аппаратының құрылысынң ерекшеліктері, көбеюі және дамуы.
Теңқанаттылар – ауыл шаруашылығының зиянкестері. Қандалалар мен биттердің жыртқыш және паразиттік түрлері. Күресу жолдары.
Инеліктердің 3500 түрі белгілі, жыртқыштар. Басы және көздері үлкен, мұртшалары қысқа; екі жұп қанаттары күшті жүйкеленген және дене бойына жиналмайды. Ауыз аппараты кеміргіш-шайнағыш; құрсағы ұзын, таяқша тәрізді.
Постэмбриональды дамуы толық емес метморфоз арқылы, дернәсілі суда тіршілік етеді және 3-тен 5 жасқа дейін дамиды. Дернәсілінің ересек күйге ұқсастығы және провизорлы мүшелері бар.
Біркүндіктердің 1000 шақты түрі белгілі. Ересек күйі қоректенбейді, жақтары редукцияланған, ішектері жетілмеген және ауаға толып тұрады; тіршілік ету ұзақтығы бір күннен бірнеше күнге дейін, қанаттары тыныштық күйде арқа үстінде вертикальды жиналып тұрады, артқы қанаттары алдыңғыларына қарағанда кішілеу, кейде рекдукциялануға дейін барады, қатты жүйкеленген; құрсағында 2-3 ұзын құйрық жіпшелері бар.
Постэмбриональды дамуы толық емес метамофоз арқылы жүреді, дернәсілі бірнеше жыл суда өмір сүреді, ересек бунақденеліге үқсас, бірақ кеңірдекті желбезектері түрінде провизорлы мүшелері бар.
Тарақандар отрядының 2200 жуық түрі бар. Қорек талғамайды, денесі жалпақ, басы жоғары жағынан алдыңғы арқамен жабылған; мұртшалары ұзын, қылтанақ тәрізді; ауыз аппараты кеміргіш-шайнағыш; алдыңғы қанаттары терілі, үстіңгі қанаттарға айналған, артқы қанаттары жарғақты; тыныштық күйінде қанаттары құрсаққа жиналып тұрады; ақтары ұзын, жүгіргіш типті; құрсағында церкийлері бар. Дамуы толық емес метаморфоз арқылы жүреді.
Түзуқанаттылар отрядының 10000 жуық түрі белгілі. Өсімдікқоректі бунақденелілер, ауыз аппараты кеміргіш-шайнағыш типті; екі жұп қанаттары тыныштық күйде құрсаққа жиналып тұрады; аяқтары секіргіш (артқы), кейде қазғыш (алдыңғы); құрсағында жұмыртқа салғышы бар.
Қандалалар отряды, немесе Жартылайқатқылқанаттылардың, 22000 жуық түрі белгілі. Өсімдікқоректілер, өсімдіктердің шырынын сорады; суда өмір сүретін жыртқыш түрлері де бар; кейбір түрлері қансорғыштар. Ауыз аппараты тескіш-сорғыш; екі жұп қанаттарының құрылысы әртүрлі: алдыңғылары жартылай элитраға айналған – негізгі бөлімі күшті қаңқаланған, дистальды бөлімі - жарғақты; артқы қанаты жарғақты. Дамуы толық емес метаморфоз арқылы жүреді.
Қолданылатын әдебиеттер:
Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.
Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.
Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.
Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.
Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.
Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.
Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990.
Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.
Лекция №14.
Тақырыбы: Толық түрленіп дамитын бунақденелілер.
Мақсаты: Толық түрленіп дамитын насекомдар туралы мәлімет беру.
Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:
Қаттықанаттылар отрядының ауыз аппаратының, аяқтарының және қанаттарының құрылысының ерекшеліктері. Қоңыздардың дернәсілдерінің негізгі формалары. Зиянкес және пайдалы қоңыздар.
Көбелектер отрядының құрылыс ерекшеліктері. Көбеюі және дамуы. Көбелектер – орман, бау, бақшалардың зиянкестері. Негізгі тұқымдастары.
Жарғаққанаттылар, қосқанаттылар отрядтарының құрылысының ерекшеліктері. Қоғамдық насекомдардың ерекшеліктері. Құмытылардың, қансорғыш масалардың, соналардың және т.б. таралуы, тіршілік орны, тіршілік әркеттері. Күрес жолдары.
Қоңыздар отряды, немесе Қатқылқанаттылардың, 250000 түрі белгілі. Тіршілік ету орталары және жағдайлары, әсіресе қоректену типтері алуан түрлі. Ауыз аппараты кеміргіш-шайнағыш; жабындары қатты қаңқаланған; алдыңғы қанаттары элитраға айналған.
Дамуы толық метаморфоз арқылы; дернәсілі нағыз, немесе аяқсыз; қуыршағы ашық типті.
Жарғаққанаттылар отрядының 90000 түрі бар. Өсімдікқоректілер, паразиттер және жыртқыштар; тіршілік әрекеттері аулан түрлі. Ауыз аппараты кеміргіш-жалағыш, кейде кеміргіш-шайнағышқа жақын келеді; аяқтары әртүрлі құрылысты, оның ішінде жинағыш та бар; екі жұп жарғақ қанаттары нашар жүйкеленеген; артқы қанаттары алдыңғыларына қарағанда кішілеу.
Дамуы толық метаморфоз арқылы; дернәсілдері жалғанжұлдызқұрт немесе аяқсыз типті; қуыршағы бос.
Қосқанаттылар отрядының 85000 түрлі белгілі. Биологиясы өте алуан түрлі; өсімдіктердің ұлпалық сұйықтығымен, ыдыраған және басқа заттармен қоректенеді; қансорғыштары да көп. Ауыз апараты тескіш-сорғыш, кейде шыбынға ғана тән құрылысты; бір жұп алдыңғы қанаттары жарғақты; екінші жұптарының орнында – колба тәрізді ызылдауықтары бар; дене жабындары әлсіз қаңқаланған.
Дамуы толық метаморфоз арқылы; дернәсілі аяқсыз типті, кейде құрттәірзді дернәсіл; қуыршағы бос немесе жалған піллә типті.
Қабыршаққанаттылар отряды, немесе көбелектердің, 140000 түрі белгілі. Ауыз аппараты сорғыш түтікті, басының төменгі жағында спиральды иілген; екі жұп қанаттары бар, бүкіл денесін және қанаттарын микроскопиялық қабыршақтар жауып тұрады.
Дамуы толық метаморфоз арқылы; дернәсілі – кеміргіш ауыз аппараты бар жұлдызқұрт; қуыршағы жабық немесе піллә типті.
Қолданылатын әдебиеттер:
Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.
Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.
Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.
Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.
Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.
Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.
Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990.
Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.
Лекция №15.
Тақырыбы: Екіншіауыздылар. Тікентерілілер типі.
Мақсаты: Тікентерілілер типі, негізгі өкілдері туралы сипаттама беру.
Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:
Тікентерілілер типіне біріктірілетін жануарлар кластары: теңіз лалагүлдері, теңіз жұлдыздары, офиурлар немесе жыланқұйрықтылар, теңіз кірпілері және голотуриялар немесе теңіз қиярлары.
Барлық осы кластар өкілдеріне тән және тікентерілілер типін сипаттайтын құрылыс ерекшеліктері. Тікентерілілердің көбеюі және дамуы: бөліну, гаструляция, дернәсілдерің негізгі типтері және олардың метаморфозы; мезодерманың түзілу процесінің ерекшеліктері, екінші ауыздың қалыптасуы.
Тікентерілілердің таралуы және тіршілік әрекеттері.
Тікентерілілер өте үлкен, 5000-ға жуық түрлері бар, теңіз түбінде еркін қозғалып, кейде ерекше сабақшасымен судың түбіне бекініп тұратын теңіз жануарлары.
Бұл тип төмендегі белгілермен сипатталады:
Тікентерілілерде радиалды және көбінесе бес сәулелі симметрия болады, бірақ олардың ата-тектерінде билатеральды симметрия болған.
Тікентерілілердің тері асты дәнекер қабатында тікенектері мен инелері дене сыртына шығып тұратын ізбесті тақталардан құралған қаңқа дамиды.
Ішкі мүшелері өте кең дене қуысында жатады. Целомның бөліктерінің бірнеше күрделі жүйкелер қатарына жіктелуі, сол сияқты целомның есебінен қозғалыс мүшелері амбулакралды жүйесінің жасалуы тікентерілілер құрылысының ерекшеліктерін көрсетеді.
Қан айналу жүйесі бар; тыныс алу мүшелері нашар дамыған немесе мүлде болмайды; арнайы зәр шығару мүшерлері жоқ.
Жүйке жүйесі примитивті және бір бөлігі тікелей тері эпителиінде немесе ішке батып жатқан дене қабырғасының эпителий бөлігінде жатады.
Тікентерілілер дара жынысты. Жұмыртқалары толық радиалды бөлшектенеді. Оларға диплеврула дернәсілі тән.
Қолданылатын әдебиеттер:
Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.
Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.
Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.
Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.
Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990.
Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.
3. Зертханалық сабақтарды жүргізуге
арналған әдістемелік нұсқаулар
Зертханалық жұмыс №1.
Тақырыбы: Микроскоптың құрылысы. Бірклеткалылар патшалық тармағы.
Мақсаты: Микроскоптың құрылысымен танысу. Саркодиналар, талшықтылар кластарының өкілдерінің құрылысымен және тіршілік циклімен танысу. Қауымды талшықтылардың құрылысымен танысу.
Тапсырмалар:
Амебаның құрылысымен танысып, суретін салу. Цитоплазманың дифференциациясына көңіл аудару. Органоидтарды анықтау.
Эвгленаның және трипаназоманың құрылысымен танысу. Қоректену, дененің осмос жүйесін, қимыл-қозғалысын реттеу органоидтарын және жарық сезгіш көзін қарау. Цитоплазманың экто- және эндоплазмалық қабаттарына көңіл бөлу.
Шар тәрізді вольвокстің колониясымен танысып, клекталарының ұсақ соматикалық және ірі генеративті болып дифференциациялануына көңіл аудару.
Сұрақтар:
Амеба цитоплазмасының ерекшелігі неде?
Сұйық заттар амебаның денесіне қалай өтеді және оның қоректенуі?
Амебаның көбеюі қалай жүзеге асады?
Талшықтылардың қозғалыс тәсілі қандай?
Цистаға айналу себептері неде?
Талшықтылар мен саркодиналардың айырмашылығы мен ұқсастығы.
Стигманың фунциясы қандай?
Трипанозомалардың туғызатын аурулары және оларды табиғаттағы тасымалдаушылары.
Вольвокс колониясындағы клеткалардың соматикалық және генеративті болып бөлінуі нені көрсетеді?
Вольвокстің жыныссыз және жынысты көбеюі.
Қолданылатын әдебиеттер:
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.
Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.
Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.
Зертханалық жұмыс № 2.
Тақырыбы: Споралылар типі. Инфузориялар типі.
Споралылар типінің жалпы сипаттамасы. Тіршілік циклінің ерекшеліктері. Классификациясы.
Инфузория дамуының құрылысы. Туфелька мысалында инфузориялардың құрылысы. Инфузория отрядтары.
Мақсаты: Грегариналардың құрылысымен және даму циклімен танысу. Кокцидия мен безгек плазмодиясының даму циклімен танысу. Инфузория туфельканың, стилонихия, сувойка, стентордың құрылыстарымен танысу және суреттерін салу.
Тапсырмалар:
Омыртқалы жануарлардың ішщкі клетка паразиттерімен танысып, даму циклдеріне талдау жасау. Ұрпақ алмасуына көңіл бөлу.
Уақытша препараттан инфузорияларды тауып сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Инфузориялардың қозғалу, қоректену, осмос жүйесін реттейтін процестерін көру. Макронуклеус пен микронуклеусті мұқият қарау.
Сұрақтар:
Споралылардың даму циклі қандай сатылардан тұрады?
Споралылардың даму циклінде қай кезең басым (гаплоидты ма әлде диплоидты ма)?
Грегариналар, кокцидиялар және қанды споралылардың даму циклдерінің ұқсастығы мен айырмашылығы?
Басқа қарапайымдыларға қарағанда инфузориялардың күрделілігі неде?
Ядролық дуализм дегеніміз не?
Коньюгацияның биологиялық мәні неде?
Инфузориялардың классификациясының негізі неде?
Қолданылатын әдебиеттер:
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.
Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.
Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.
Зертханалық жұмыс № 3.
Тақырыбы: Губкалар типі.
Губка бадяга мысалында губкалардың құрылысы.
Губкалардың классификациясы.
Мақсаты: Губкалардың құрылысымен танысу.
Тапсырмалар:
Тұщы сулардағы және теңіздердегі губкалардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Тұрақты препараттардан әр түрлі губкалардың скелеттеріне, бадяганың геммуласына қарап суреттерін салу.
Сұрақтар:
Губкалардың қарапайымдыларға қарағанда күрделілігі неде?
Губкалардың клеткалары және олардың функциясы.
Губкалардың құрылысының типтері және қаңқасының химиялық құрамы қандай?
Губкалардың ас қорыту процесі қандай және олар немен қоректенеді?
Қолданылатын әдебиеттер:
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.
Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.
Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.
Зертханалық жұмыс № 4.
Тақырыбы: Ішекқуыстылар типі.
Гидраның сыртқы және ішкі құрылысы. Гидроидтылар класы.
Сцифомедузалар класы.
Мақсаты: Тұщы су гидрасының құрылысымен танысу. Сцифомедузалардың құрлысымен, даму циклімен Аурелия аурита мысалында танысу.
Тапсырмалар:
Уақытша препараттан тірі гидраның қоректенуін, жылжуын және тітіркендіргіштерге жауап беруін бақылау. Гидраның сыртқы құрылысын, аузы мен табан жағын, симметриясын қарау қажет және оған мән беріп, суретін салу. Тұрақты препараттан гидраның ұлпалық құрылысын қарап, эктодерма жыне энтодерманың клеткаларының суретін салу. Гидраның көлденең және ұзынынан кесінділерін көріп, суретін салу.
Сцифомедузалардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысып, суретін салу. Даму циклінің схемасын салу.
Сұрақтар:
Ішекқуыстылардың губкалармен салыстырғанда ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?
Тұщы су гидрасының экто-, энтодерма клеткаларының дифференциациясы.
Гидраның көбею жолдары және дене симмтериясы қанадй?
Ішекқуыстылардың ас қорыту типтері (клеткаішілік, қуыстық).
Гидраның мекені және олар немен қоректенеді?
Сцифомедузалардың тіршілік циклінің айырмашылықтары неде?
Сцифомедузалардың жүйке жүйесі туралы не айтуға болады?
Қолданылатын әдебиеттер:
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.
Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.
Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.
Зертханалық жұмыс № 5.
Тақырыбы: Жалпақ құрттар типі.
Билатеральды симметрия. Жалпақ құрттардың ішкі және сыртқы құрылысы.
Кірпікшелі құрттар класы.
Дигенетикалық сорғыштар және моногенетикалық сорғыштар кластары.
Таспа құрттар класы.
Мақсаты: Кірпікшелі құрттардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Бауыр сорғыштың құрылысымен және тіршілік циклімен танысу. Таспа құрттардың құрылысымен және тіршілік циклімен танысу.
Тапсырмалар:
Фиксацияланған планарияны қарап, сыртқы және ішкі құрылысымен танысып, оның суретін салу. Кесіндісі бар препараттан планарияның гистологиялық құрылысымен танысу. Оның үш қабаттан тұратындығын бақылау. Тері-бұлшық ет қапшығының құрылысын көріп, суретін салу.
Сорғыштардың сыртқы құрылысымен танысып, суретін салу. Препараттың көмегімен бауыр сорғыштың ішкі құрылысымен танысып, суретін салу.
Таспа құрттың сыртқы құрылысын қарап, сколекстерінің қаруына көңіл аудару. Жетілген және жетілмеген буындарының құрылысын салыстырып, оларға мән бере отырып, суретін салу. Финналардың құрылысыныа қарап, суретін салу. Шошқа солитерінің даму циклінің суретін салу.
Сұрақтар:
Жалпақ құрттарды ішекқуыстылармен салыстырғанда дене құрылысында жаңа қандай мүшелер пайда болады?
Жалпақ құрттардың симметриясы қанадй және ол неге байланысты?
Тері-бұлшық ет қапшығының құрылымы неден тұрады?
Турбелляриялардың жүйке жүйесі.
Жалпақ құрттардың зәр шығару жүйесі қандай?
Сорғыштардың медициналық және ветеринарлық маңызы неде?
Паразиттік құрттардың даму циклінің күрделенуі неде?
Аралық және негізгі ие дегеніміз не?
Партеногенез дегеніміз не?
Таспа құрттардың даму циклінде қандай айырмашылықтар бар?
Таспа құртар қалай қоректенеді?
Таспа құрттардың жыныс жүйесінің құрылысы мен ұрықтануы.
Қолданылатын әдебиеттер:
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.
Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.
Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.
Зертханалық жұмыс № 6.
Тақырыбы: Жұмыр құрттар типі.
Нематодтар класы. Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасымен танысу.
Нематодтар класының құрылыс ерекшеліктері.
Мақсаты: Аскариданың құрылысымен және тіршілік циклімен танысу.
Тапсырмалар:
Аскариданы сойып, оның анатомиялық құрылысын: ас қорыту, жыныс жүйесін анықтау. Аскариданың көлденең кесіндісі мен жұмыртқаларын микропрепараттар арқылы қарап, оларды сипаттап, құрылысының суретін салу.
Сұрақтар:
Таспа және жұмыр құрттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?
Алғашқы дене қуысы дегеніміз не?
Аскариданың бұлшық ет системасының өзгешеліктері қандай?
Аскариданың жүйке жүйесі мен зәр шығару жүйесінің өзгешеліктері қандай?
Жұмыр құрттардың маңызы.
Қолданылатын әдебиеттер:
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.
Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.
Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.
Зертханалық жұмыс № 7.
Тақырыбы: Буылтық құрттар типі.
Буылтық құрттардың жалпы сипаттамасы.
Көпқылтанды құрттар класы. Құмқазар мысалында көпқылтанды құрттардың құрылысы.
Мақсаты: Көпқылтандылар класының сыртқы құрылысымен танысу.
Тапсырмалар:
Буылтық құрттардың сыртқы құрылысын байқау. Денесінің дифференциациясына және үш бөлімге бөлінуіне, сегменттеріне көңіл бөлу керек. Тотальдық препараттан – бас бөлімнің (простомиум), дене бөлімінің, аналь бөлімінің (пигидий) құрылысын қарап, суретін салу. Параподийлернің құрылысымен танысып, суретін салу керек.
Сұрақтар:
Буылтық және жұмыр құрттардың сыртқы құрылысында қандай айырмашылықтар бар?
Метамерия дегеніміз не? Гомономдық және гетерономдық метамерияның айырмашылықтары неде?
Буылтық құрттардың жылжу жүйесінің күрделенуін немен түсіндіруге болады?
Буылтық құрттардың сезім мүшелері қалай жетілген?
Буылтық құрттардың денесінде қандай қуыс пайда болады?
Қолданылатын әдебиеттер:
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.
Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.
Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.
Зертханалық жұмыс № 8.
Тақырыбы: Буылтыққұрттар типі.
Жауын құрты мысалында азқылтанды құрттар класының құрылыс ерекшеліктері. Тіршілік әрекеттері. Классификациясы.
Сүліктер класы. Сүліктердің медициналық маңызы.
Достарыңызбен бөлісу: |