Бақылау сұрақтары:
Жылу мен жұмыстың айырмашылығы қандай?
Жылу сыйымдылығы дегеніміз не?
Жылу сыйымдылығының температураға тәуелділігі қандай формуламен өрнектеледі?
Еру жылуы дегеніміз не?
Бейтараптану жылуы дегеніміз не?
Кристаллогидраттану жылуы дегеніміз не?
Өткізілу әдістемесі
Калориметрде ΔНөлшеу өтетін процестердің жиынтық жылуын анықтау
Көлемі 150 см3 калориметрлік стаканға өлшегіш цилиндрмен 0,1 моль/дм3 сілті ерітіндісін құяды. Калориметрлік қондырғыны жинайды. Ерітіндіні араластырғышпен араластыра отырып, сынап бағанасының түсуін күтеді де, сонан соң әрбір 30 секунд сайын температураның көрсетулерін жазып алады. 10-12 өлшеулерден соң және отызыншы секундта өлшегіш пипетканың көмегімен калориметрлік стаканға 5 см3 2 моль/дм3 күшті қышқылдың ерітіндісін құяды. Араластыру жылдамдығын өзгертпей, термометр көрсеткішін жазып отырады да, әрбір 30 секунд сайын тағы да 10-12 өлшеулер жүргізеді. Калориметрлік стакандағыны құйып алады да келесі тәжірибелерді жүргізу үшін сақтайды.
Қышқылды сілтімен сұйылту процессінің жылуын анықтау ΔН1.
Калориметрлік тәжірибені жүргізу үшін 5 см3 қышқыл ерітіндісіне 150 см3 су ерітіндісін құяды, яғни қышқылды шамамен 30 есе сұйылтады, осы кезде бірқатар жылу мөлшері бөлінеді, оны егер қышқылдың судағы интегралдық жылуы белгілі болса есептеуге болады, немесе тәжірибе жолымен анықталады. Осы мақсатта калориметрлік тәжірибені ΔНөлшеу жүргізгендей анықтайды, алайда сілтінің орнына калориметрлік стаканға 150 см3 дистилденген су құяды.
Қышқылдың сулы ерітіндісімен сілтіні сұйылту процессінің жылуын анықтау ΔН2.
Сілті көлемі өте үлкен және оны қышқылға құйғанда аз өзгеретіндіктен ΔН2 шамасын ескермеуге болады.
ΔН2 = 0.
Достарыңызбен бөлісу: |