Периодтық заң мен периодтық жүйенің маңызы. Жаттығулар
1-жаттығу. (4 балл)
Элементтерді анықта.
Бөлме температурасында газ күйінде болатын, ең кіші атомдық нөмірге ие элемент
Бөлме температурасында газ күйінде болатын, жеке атомдардан тұратын, 3-период элементі
Бөлме температурасында сұйық күйде болатын, 17-топта орналасқан бейметалл
Бөлме температурасында қатты күйде болатын, 13-топта орналасқан жартылай металл
2-жаттығу. Период нөмірі нені көрсетеді? (1 балл)
А. берілген атомдағы электрондық орбиталдарды
Ә. ішкі энергетикалық деңгейдегі электрондардың санын
Б. сыртқы энергетикалық деңгейдегі электрондардың санын
В. берілген атомдағы электрон қабаттарының санын
3-жаттығу. Негізгі топша элементтерінің сыртқы энергетикалық деңгейіндегі электрондардың санын қалай анықтайды? (2 балл)
А. топ нөмірі бойынша
Ә. қатар нөмірі бойынша
Б. период нөмірі бойынша
В. элементтің реттік нөмірі бойынша
4-жаттығу. Элементтер қасиеттерінің периодтылығы неге байланысты? (2 балл)
А. элементтің периодтық жүйеде орналасуына
Ә. элементтің периодта орналасуына
Б. элементтің топта орналасуына
В. элемент атомының электрондық конфигурациясына
5-жаттығу. Периодтық жүйенің барлық периодтары қандай элементпен аяқталады? (2 балл)
А. белсенді металмен
Ә. бейметалмен
Б. галогенмен
В. инертті газбен
Достарыңызбен бөлісу: |