Персоналды басқарудың мәні мен түсінігі


Стратегиялық жоспарлаудың моделі



бет31/38
Дата27.06.2020
өлшемі336,09 Kb.
#74601
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38
Байланысты:
Персоналды басқару ГЭ

3. Стратегиялық жоспарлаудың моделі

Стратегиялық жоспарлаудың бірнеше моделі бар:

- Тиімді менеджмент стратегиясы. Жапон менеджерлері 70-жылдың  орта тұсында  өздеріне мынадай сұрақтар қойды: “ Компанияның ұзақ мерзімді мақсаты қандай?”, “ Компания орта өзгерісіне қалайша бейімделеді?”, “ Жұмыскерлерді қалайша тиімді пайдалануға болады?”.

Қойылған сұрақтардың жауаптарын мынадай негізгі қағидалардан аңғаруға болады:

1. Тиянақты шешім стратегиясы. Америка мен Жапонияның таңдаулы фирмалары өндірісті ұдайы жетілдіріп,жұмысты ең жаңа және таңдаулы әдістерімен орындау үшін ақша бөледі, берілген, жақсы үйретілген ұжымның өсуі мен дамуына күрделі қаржы жұмсайды.

2. Тәуекел стратегиясы. “ Біз ең таңдаулы адамдарды таңдап аламыз және де олар қателескен жағдайда көмектесіп, іскерлікті одан әрі дамытуға ықпал етеміз”.

3. Менеджмент идеясының стратегиясы.Әрбір бизнесте ең бағалысы ақша, тауар, жабдық немесе ғимарат емес, идея бағалы.

4. Кәсіпорынды жоспарлаудың әртүрлі әдістері

Фирма ішіндегі деректерді талдау. Өткен жылдардағы айналымды талдау  әдетте кесте түрінде беріледі де, мұның өзі көп жылғы кезеңді қамтиды. Кестеде мыналар көрсетілуі тиіс.

    1. Сату айналымы (саны)

    2. Сату құны(айналымы)

    3. Сату бағасы (өз өнімдері,бәсеке өнімдері)

    4. Өз өнімдерін өткізу болжамы

    5. Өткен жылдары орын алған жоспарлы және нақтылы көрсеткіштердің арасындағы ауытқулар.

Әр ай сайынғы көрсеткіштерді осылайша мұқият талдау және барлық ауытқу түрлерін мұқият қарастыру мүмкіндіктерді өткізудің болашақтағы деректерін болжауға ықпал етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет