Петров Григорий Финляндия ақ лала гүлдер мекені Қазақ тіліне тəржімалаған: Əлия Ибрагимова «Ақ лала гүлдер өлкесі»



Pdf көрінісі
бет4/15
Дата19.10.2022
өлшемі0,56 Mb.
#153754
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Финляндия - ақ лала гүлдер мекені

ТАРИХТАН ҒИБРАТ
Бұдан бірнеше жыл бұрын Мəскеу Мемлекеттік театрының дуалы 
жарылып, сыр бере бастағаны аңғарылған. Театрдың іргетасынан 
шатырына дейін орын алған сызат келешекте ғимараттың қирауына 
əкеп соқтыруы мүмкін деген оймен, адамдар қауіптің алдын алуды 
ойластыра бастаған.
Сəулетшілер өз кезектерінде театрдың қабырғасында пайда болған
сызаттың шығу себептерін іздестіре бастайды. Ғимараттың іргетасын
бірнеше жерден қазып, ашқан кезде оның іргетасының ағаштан
жасалғанына көз жеткізеді. Бұл іргетас əбден тозығы жетіп шіріп,
соның салдарынан ғимарат шөге бастаған.
Кезінде ғимараттың негізін қалаған кезде, іргетастың мықты болуы 
үшін, жерге қалың қазықтар қағып, осы қазықтарға қалың тас 
қабырғалар өрілген екен.
Іргетастың бұл түрі сол замандағы талапқа толық жауап бере
алатын болған жəне сол кездегі адамдардың түсінігі бойынша, нағыз
мықты іргетас болып саналған. Шын мəнінде театр ғимараты ұзақ
жылдар бойы сыр білдірмей, талай буын өкілдеріне қалтқысыз қызмет
еткен. Əйтсе де, арада жылдар өткен сайын жер астында төселген ағаш
шіріп, соның салдарынан іргетас жылжып, ғимарат қабырғаларында
сызаттар пайда болған.
Бұл сызаттарды көрген сəулетшілер мұндай қауіпке қарсы қандай 
шара қолдану керектігін ойластыра бастайды. Олар тарихи маңызы бар 
ғимаратты құлатпай, бұрыш – бұрыштарын бағандармен ұстатып, 
іргетасты ашады. Сонан соң, шіріген ағаштың орнына граниттен 
жасалған мықты тастарды қойған. Сөйтіп, Мемлекеттік театрдың ескі 
ғимараты жаңадан орнатылған іргетастың үстінде қайта бой көтерген. 
Сəулетшілердің дер кезінде жасаған шараларының арқасында театр 
ғимараты əлі күнге дейін өз көркін жоғалтпай, қауіпсіз жағдайда 
халыққа қызмет көрсетуде.
Ұлыстар мен ұлттардың өмірі де құдды осы Мəскеудің
Мемлекеттік театрының ғимаратына ұқсайды.


Мемлекет құрылымының ескі жүйесі мен ел басқарудың бұрынғы
əдістері өз заманында қаншалықты жеткілікті көрінгенімен, уақыт өте
келе заман талабына сай жауап бере алмауы əбден мүмкін.
Жалындаған жас буын өкілін ескі тəсілмен басқару мүмкін емес.
Жаңа ұрпаққа ақылға қонымды, əділетті, тамырын тереңге жіберген
басқарудың жаңашыл түрі қажет. Парасат – пайымы жоғары
басқарушылары бар мемлекеттерде сəтсіздіктер мен құлдырауларға
жол берілмей, халықты басқарудың мейлінше əділетті жолдары
қарастырылған. Кейбір елдерде болса, керісінше, мемлекет тізгінін
ұстаған адамдар халықты дұрыс басқаруды жəне оның сауаттылығын
арттыра түсу қажет екендігін түсінбейді немесе түсінгілері келмейді.
«Мезгілі келгенде мұз да ериді» демекші, уақыты келгенде, мықты 
мемлекеттердің де қабырғасы сөгіліп, сызат пайда болады. Бір 
өкініштісі, күн өткен сайын көлемі ұлғайып бара жатқан бұл сызатқа 
дер кезінде көңіл бөлінбейді.
Сондықтан, сырт көзге қуатты əрі күшті көрінген алпауыт
мемлекеттердің шөгуі таңқаларлық оқиға болмаса керек. Бұрынғы
Иран, Осман империясы, Австрия императорлығы да күйреді. Орыс
патшалығы да жермен жексен болды. Бисмарк, Вильгельм сияқты
əйгілі адамдарды дүниеге келтірген Германия мемлекеті де жеңілістің
ащы дəмін татты.
Осы ретте қасиетті кітаптардың біріндегі мынадай тəмсілге назар
аударсақ: Ерте заманда зұлымдықпен ел билеген патша болыпты.
Оның салтанатты сарайының қабырғасында отпен жазылған мынадай
сөздер бар екен: «Мане текел фарес!». Бұл сөздердің мағынасы
жұршылыққа түсініксіз болса керек. Ешбір адам түсіне алмаған бұл
жұмбақ сөздердің сырын сол заманның данышпаны – Даниял былайша
түсіндірген: «Бұл от пен жазылған жазулар жақсылықтың нышаны
болмаса керек. Не де болса, ел басына күн туатын қиын – қыстау
заманның келгендігінен хабар беріп тұр. Бір кездегі дəуірлеген бұл
мемлекеттің де дəурені өтті. Бұл тығырықтан шығар жол жоқ.»
Ескі Рим императорлығы, XV Луидің Франция дəурені,
Романовтардың орыс патшалығы, Хохенцоллерндердің Германия
мемлекеті, Хабсбургтардың Австриясы да тығырықтан жол таппай,
құрдымға кеткен. Тарих бұл мемлекеттер үшін өз үкімін шығарды:
«Мане текел фрес!»


Осының бəрін салиқалы ой таразысына салып, бір сəт ойланып 
көріңіз. Жұлдызқұрт тəрізді жеке бастың қажеттілігінен аспайтын 
күнделікті күйбең тірліктің құрдымына батып, саз балшыққа 
сүрінбейік. Керісінше, елдің ертеңіне елеңдейтін есті ұрпақ тəрбиелеу 
жолында не істеу керек? Соны ойланайық! Тарихқа көз жүгіртсек, 
онда тек императорлықтардың күйреуі ғана жазылмаған. Сонымен 
қатар, тығырықтан жол тауып, жарқын болашаққа талпынған ұлттар 
мен ұлыстардың тарихынан сыр шертетін шығармалардың дүниеге 
келгенін күтеді.
Тарих – адамзат қауымына құмырсқаның ұясы сияқты бір жерде
тұрмай, өркениетпен өрілген əсем де, əдемі туындылар туғызатын
мемлекеттердің мəртебесін жоғарылата отырып, халықты басқарудың
жолын көрсететін ғажайып ғылым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет