Pgp бағдарламасын пайдалану



Дата11.06.2020
өлшемі99,83 Kb.
#73111
түріБағдарламасы
Байланысты:
PGP бағдарламасымен жұмыстану
lab.rab.6.

PGP бағдарламасын пайдалану

Айталық, сіз PGP 6.x.x версиясын өзіңізге көшіріп, орнатып және русификация жасап алдыңыз делік. Енді сізге екі жұп кілтіңізге генерация жасау керек болады. Ол үшін, бағдарламаны орнатып, кайта жүктегеннен кейін, сізге PGPTray мәзірінен PGPkeys-ті қосуыңыз керек немесе Пуск мәзірінен.



Бұдан әрі сізде терезе пайда болады, шамалап айтқанда тіркестіруші. Яғни бұл сіздердің кілтіңіздің тіркестірушісі. Ол жерде сіздің барлық кілттеріңіз бен сіздің тілшілеріңіздің кілттері сақталып тұрады. Ақырында, сіздің экраныңызда мынадай төмендегідей терезе пайда болуы керек.

Ақырында, сіздің экраныңызда мынадай терезе пайда болуы керек. Осы терезедегі аумақтың өзі, тіркестіруші деп аталады. Енді көпшілік қолданатын мысалмен осы тіркестірушіні жүргізіп көріңіз. Бұл терезедегі адам басымен белгіленген кілттің белгішесі, жұп кілттер, яғни қоғамдық және жеке кілттер деп аталады.

Енді кілттерді құру жұмысы басталады. Ол үшін сіз Ключи > Новый ключ пунктерін таңдап, генерация мастерінің кеңестерімен бағыттала беруіңіз керек. Сол кезде, бұл әрекет нәтижесінде, бірнеше минуттан кейін сіз өзіңіздің тұпнұсқалық жеке кілтіңізді аласыз. Қорытынды: сіз жұп кілттер құрдыңыз. Енді сіз құжаттар мен файлдарды шифрлап, қол қоя аласыз.



Енді кез келген мәтіндік редакторды ашыңызда, ішінен қандай да бір ерікті таңдаңыз. Мысалға, суретте PGP русификациясын орнату жөніндегі нұсқаулық алынған.


Барлық мәтінді толықтай белгілеп, PGPTray бағдарламасына сүйенеміз. Оның ішінде Алмасу буфері бар, ол жерде ішкі мәзір орналасқан, міне сол жерден Зашифровать бөлімшесін таңдаңыз. Сол кезде сізде төмендегідей терезе пайда болуы тиіс:

Сіздің алмасу буферіңізде орналасқан қандай да бір құжатыңызды шифрлау үшін, кілт таңдаңызда, ОК батырмасын басыңыз. Бұл жағдайдан кейін, алмасу буферінен өзіңіздің құжатыңызға шифрланған мәтінді қоюыңыз керек:


Міне, енді ең бірінші құжат шифрланып шығарылды.

Құжаттарыңызды шифрлап, кері шифрлау жүргізілгеннен кейін, оны таратудың әдістерін білуіңіз керек. Оның 3 әдісі бар:



PGP бағдарламасындағы серверге кілт жіберу үшін, өзінде кірістірілген сервис болады. Бұл санаулы ғана уақытты алады. Және одан да басқа PGP бағдарламасында, барлық кілттерді әр түрлі баптаулардан іздейтін бөлімше кірістірілген. Яғни, сіздің тілшіңізге сіздің кілттіңізді алу үшін, сізге жолығудың керегі жоқ. Кез келген уақытта кілтті серверден ала алады.

Кілтті жіберетін нұсқалардың сәйкестігінше жақсы келетіні: e - mail арқылы. Ол үшін сіз кілтті толықтай белгілеп шығасыз да, яғни өз тілшіңізге жіберетін қоғамдық бөлігін. Кейін кілтті көшіріп аласыз да, Плавающее меню немесе Правка мәзірі арқылы, сосын оны құжатқа әкеліп қоясыз. Сол кезде сізде келесідей мәтіндік блок пайда болады. Сіздің тілшіңіз бұл блокты қабылдап алғаннан кейін, бұл мәтіндік блокты толықтай, басынан аяғына дейін белгілейді де, одан кейін белгіленген аймақты өзінің тіркестірушісіне қойып қояды.

Поштамен құжаттарды шифрлаудан басқа, PGP өзінің құрамында адамның өмірін ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында жеңілдететін бірнеше аспап қатарларын игерген. Бұл аталған аспаптардың барлығы PGPtools қосымшасында орналасқан. Төмендегі сурет, қосымшаның панельі.


Бірінші түйме - PGPkeys шақыруы, екіншісі – құжатты шифрлау, үшіншісі – құжатқа қол қою, төртіншісі – құжатқа қол қою және шифрлау, бесіншісі – кері шифрлау және қолтаңбаны тексеру, алтыншысы – құжатты кетіру, жетіншісі – дискті толықтай кетіру.

Хабарламаны кері шифрлау. Қабылданған шифрланған хабарламаны ашамыз және Outlook Express панелі арқылы немесе PGP мәзіріндегі decrypt message командасын таңдаңыз. Бірнеше секундтан кейінхабарлама шифрланады да терезеде пайда болады. PGP бағдарламасымен жұмыстанып жатқан кезде, келесідей ақаулар пайда болады: шығыс хабарламаларын тілшіңіздің ашық кілтімен шифрлап жатқан кезде, жіберуші оны қайтадан ашып оқи алмайды, себебі, шығыс хабарламасы жіберушінің жабық кілтінің және тілшісінің ашық кілтінің көмегімен шифрланғандықтан, яғни тек кана қабылдаушы ғана мұндай хабарламаны ашып оқи алады. Нәтижесінде, жіберуші өзінің жазған, бұрын жіберілген хабарламасын ашып оқи алмайды деген сөз.

Шифрланған хабарламаны жіберу. Сіздің адамыңыздың ашық кілті сіздің компьютеріңізге орнатылып болған соң, хабарламаны қабылдаушыға келесі нұсқаулық бойынша жіберуге болады. Хабарламаны Outlook Express пошталық бағдарламасында құрамыз.

Хабарлама жіберуге әзір тұрған кезде, Outlook Express панелінің оң жағындағы сары конверт және кілттің суреті бар үшінші белгісін шертеміз. Сол кезде бірден PGP 1 бағдарламасының Recipient selection деп аталатын терезесі пайда болады. Сол терезенің нұсқаулығы бойынша жүре берсеңіз, хабарламаңызды тілшіңізге жібере аласыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет