Практиканың базасы болып табылатын, кафедра міндеттері:
Лекциялық, практикалық сабақтарды, тәрбиелік іс шараларды өткізу үшін материалдық-техникалық базаны докторанттарға ұсыну;
Практиканы өткізу мен ұйымдастыру үшін кафедра оқытушылары арасынан тәжірибелі мамандарды тағайындау;
Практика бағдарламасын жүзеге асыру үшін жағдай жасау;
Практиканттармен ішкі еңбек тәртібінің сақталуын бақылау.
Практика жетекшісінің міндеттері:
Практикадан өтушілерге қажетті дайындықты ұйымдастыру (педагогикалық практикаға баратын докторанттар тізімі; педагогикалық практика кезінде тапсыратын сабақтарын өткізудің жоспарын құрастыру; шартты және қорытынды конференцияны өткізудің жоспары).