Ерекшеленген аймақ мөлшерін өзгерту. Ерекшеленген аймаққа жаңа бөліктер қосу үшін SHIFT пернесін басып тұрып қосымша аймақтарды ерекшелеу керек. Ерекшеленген аймақтың бөлігін бөліп алу үшін Alt пернесін басып тұрып қажетті аймақты ерекшелеу керек.
Сурет салу құралдары.Сызық құралы. Сызық түсін опциялар палитрасында тағайындауға болады. Сызық жуандығы пиксельмен беріледі. Егер сызықта бағыттауыш бар болса, онда "Старт және Соңғы" терезесінде жалау қою керек.
Қылқалам, Карандаш және Аэрограф құралдары.Қылқалам түрлі түсті жұмсақ жағулар салу үшін қолданылады. Опцияпалитрасындағы Непрозрачность мәні төмен болса, сурет түсі де мөлдір болады.
Аэрограф құралы аэрозоль сияқты шашырататын эффектпен сурет салады.
Ластик, Пипетка және Образец цвета.
Ластик құралы объектілерді редакциялауға арналған.Мөлдір қабатта обьектілердіөшіреді, ал мөлдір емес қабатта - фон түсімен сурет салады.
Опция палитрасында ластиктің қандай құрал арқылыжұмыс істейтінін көрсетуге болады: Аэрограф, Кисть, Карандаш немесе Ластик.,ЕгерСтирать в событияопциясына жалау қойсақ, бейнені бастапқы қалпына келтіруге болады.
Бақылау сұрақтары: 1. Қарапайым белгілеудің күрделі белгілеуден не айырмашылығы бар?
2. Қандай командалар көмегімен белгіленген алаңды өзгертуге болады?
3. Автоматты түрде белгілеу үшін қандай құралды пайдалануға болады?
4. Түсті тағайындау түрлерін атаңыз.
5. Объектілер формасын өзгерту үшін қандай команда қолданылады?