Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет86/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

20-БӨЛІМ
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР. СУ РЕСУРСЫ. ҚАЗБА БАЙЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
Ой бөлісейік
1. Ұлттық байлық дегеніміз не?
2. Қазақстанның табиғи байлықтарына нені жатқызар едіңіз?
3. Қазба байлықтарына не жатады?
ОҚЫЛЫМ
Мәтінді оқыңыз.
Ұлттық байлық дегеніміз не?
Ұлттық байлық – елдің экономикалық күш-қуатының ең маңызды көрсеткіш-
терінің бірі.
Экономикалық әдебиеттерде “Ұлттық байлық” деп еңбекпен жасалатын, өндіріс 
пен тұтыну үшін пайдаланылатын материалдық игіліктердің қорын айтады. Кейбір 
экономистер ұлттық байлыққа табиғи ресурстарды да қосады.
Сонымен ұлттық байлыққа не жатады? Ұлттық байлық негізінен мына салалар-
дан тұрады:
а)Қазақстан аймағындағы және сырт жерлердегі ғасырлар бойы ата-бабалары-
мыз қалдырған барлық мұрасы;
ә) Табиғи және жер асты байлығымыз;
б) Әдеби, мәдени, тарихи мұралар.
Әдеби, мәдени, тарихи мұраларымыз - халықтың, мемлекеттің өсіп-өркендеуін, 
байлығын көрсететін ұлттық игілігіміздің күре тамыры. Кез-келген мемлекет өзінің 
ұлттық мұрасын мақтан тұтады. Оның құны - сол елдің байлығының кепілі.
Әлемнің қай мемлекетін алсаңыз да, тіпті ол енді дамып келе жатқан ел болсын, 
ұлттық байлықтарының құны бар. Ол мемлекеттер әр тасына дейін есептеп, тіркеп, 
құнын анықтап, халықаралық каталогке тіркеп, бірін кеден қызметіне, екіншісін ин-
терполға беріп қойған.
Ұлттық байлыққа жеке коллекционерлердің қолындағы көне заттар да жатады.
Барлық мемлекетте ғасырлар бойы жинақталған ұлттық байлық бар. Оны ғалым-
дар ең құндысынан бастап рет-ретімен зерттеп, ғылыми жұмыстармен дәлелдеген, 
сонымен қатар, ол заттың құны валютамен есептеліп шығарылған.
(“Қазақ әдебиеті” газетінен)
1. Ұлттық байлықтар қатарына сіз не қосар едіңіз?
2. Әр байлықтар түріне мысалдар келтіріңіз.
Кестемен танысыңыз.
106 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет