Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет34/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

Қайын іні, қайын сіңлі  жеңгелері үшін, әйелдін күйеуінің ағасы  қайын аға, 
күйеуінің інісі – «қайын іні», қарындасы «қайын сіңлі» болады. Бұларды жеңгелері 
үнемі еркелетіп жүреді.
Ағайын -бірге туған туыстар бір сөзбен «ағайындар» делінеді.
Балдыз  әйелдің інілері мен сіңлілері күйеуіне «балдыз» болады. Жезде мен бал-
дыз өте тату, бірін-бірі ренжітпеуге тырысады.
Келін  інінің, баланың әйелі жасы үлкендерге «келін» болып есептеледі. Келін кү-
йеуінен үлкендердің бәріне де иіліп сәлем беруі керек. Мұндай келін әдепті, иба-лы 
келін болып есептеледі.
Қалыңдық  күйеуге атастырған, бірақ өз үйінде отырған бойжеткен. Қазақ оны 
«оң жақта отырған қыз» дейді.
Абысын  ағайынды жігіттердің әйелдері.
Бөле  апалы-сіңлілі қыздардың балалары бір-біріне «бөле» болады.
Бажа  апалы-сіңлілі қыздардың күйеулері бір-біріне «бажа».
Қайын ата  әйелге күйеуінің әкесі, күйеуге әйелінің әкесі «қайын ата» болады. 
Екі жақ та қайын атаны өз әкелеріндей сыйлап, құрмет көрсетуге тырысқан.
Қайын ене  әйелге күйеуінің шешесі, күйеуге әйелінің шешесі «қайын ене».
Нағашы  ананың төркіні балаларына «нағашы» болады. Мұнда жиендері тек ту-
ған нағашы ғана емес, оның туыстарын түгел «нағашы» дейді. Осымен байланысты 
нағашы жұрттың ер-әйелдері «нағашы апа», «нағашы жеңге», «нағашы қарындас», 
«нағашы аға», «нағашы іні» деп аталады.


42
43
Құда  кыз алып, қыз беріскен ер адамдар бір-бірін «құда» деп атайды. Қыз бен 
жігіттің өз әкелері бір-біріне «бауыздау кұда» делінеді, ал құда түсуге келген адам-
дардың басшысы «бас құда» делінеді. Халқымызда әлі тумаған балаға кұда түсу сал-
ты болған, оны – «бел кұда», «қарын кұда», «құрсақ құда» десе, кейде бесікте жатқан 
балаларға құда түсу салтында «бесік кұда» деген сөздер де бар. Кейде қызын берген 
үйдің қызын ұлына алып берсе, мұны «қарсы құда» дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет