Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет35/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

Құдағи  құдалардың әйелдері (бәйбішелері). Кұдағи жол-жораны өзі басқарады. 
Құдалар басқа адамдардан жоғары отырады.
Жиен – қыздан туған бала(лар). Жиен нағашыларына еркелеп, нені қаласа да, 
алуға құкы бар. Ал нағашылары оның қолын қақпауға тиісті. Нағашы – жиендер кез-
дескен-де бір-бірімен әзілдесіп, еркін ойнап-күле береді.
Жиеншар  жиеннен туған бала. Ол да әкесі сияқты жиендікті жалғастырады. 
Құдаша  келіннің сіңлісі, жігіттің карындасы, жас келіншектер қарсы жақтарға 
«кұдаша» делінеді. Құдалар аулының жастары кұдашалармен жарасымды әзілдесіп, 
ойнап-күліп, сыйлас болуға тиіс.
Құда бала  жігіт немесе келіннің інілері. Бұлармен де екі жақтың құдалары әзіл-
десіп отырады.
Күйеу  кыз алған жігіт. Ол қыз берген жақтың бәріне «күйеу бала» болып есеп-
теледі. Күйеу әйелінің апаларын «қайын бикем» деп, сіңлісін, інілерін «балды-зым» 
деп, көбінше балдыздарымен әзілдеседі. Қонақасы бергенде күйеу мен келінге қой-
дың төсін ұсынады. Күйеу бас ұстамайды.
Жезде  әйелдің інілері мен сіңлілері оның күйеуін «жезде» деп еркелетеді, әзіл-
дейді. Олар өте тату болады. Балдызының әйелі де оны «жезде» деу керек.
Жұбай – әйелдің күйеуіне қатысты атау.
Зайып – ердің әйеліне қатысты атау.
Шақа (шақалақ)  жаңа туған бала.
Шарана  қырқынан шықпаған бала.
Нәресте  қырқынан шыққан бір жасқа дейінгі бала.
Жесір  ері өлген әйел.
Тұлдыр (қу) жетім  әкесі де, шешесі де жоқ бала.
Үйден өз отбасыңыздың шежіресін жасап келіңіздер. 
СӨЙЛЕСІМ
Әр мемлекеттің өзіне тән сыртқы және ішкі саясаты, басқару тәртібі мен міндет-
қызмет бөлінісі, қасиеттеп, қастерлеп ұстанатын рәміздері болатыны сияқты, әр от-
басы тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар.
Отбасы тіршілігінің заңы бойынша, оны отағасы, ол болмаса отанасы басқарып 
отырған.
Ата-ана өз отбасын нығайта отырып, оның балиғатқа толған мүшелерін үй боуға, 
өз шаңырағын көтеруге әзірлейді. Жас отаудың түтіні түзу шығып, жылы ұяға айна-
луы олардың үлкен үйде алған тәрбиесіне, көрген өнегесіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет