Құдағи – құдалардың әйелдері (бәйбішелері). Кұдағи жол-жораны өзі басқарады.
Құдалар басқа адамдардан жоғары отырады.
Жиен – қыздан туған бала(лар). Жиен нағашыларына еркелеп, нені қаласа да,
алуға құкы бар. Ал нағашылары оның қолын қақпауға тиісті. Нағашы – жиендер кез-
дескен-де бір-бірімен әзілдесіп, еркін ойнап-күле береді.
Жиеншар – жиеннен туған бала. Ол да әкесі сияқты жиендікті жалғастырады.
Құдаша – келіннің сіңлісі, жігіттің карындасы, жас келіншектер қарсы жақтарға
«кұдаша» делінеді. Құдалар аулының жастары кұдашалармен жарасымды әзілдесіп,
ойнап-күліп, сыйлас болуға тиіс.
Құда бала – жігіт немесе келіннің інілері. Бұлармен де екі жақтың құдалары әзіл-
десіп отырады.
Күйеу – кыз алған жігіт. Ол қыз берген жақтың бәріне «күйеу бала» болып есеп-
теледі. Күйеу әйелінің апаларын «қайын бикем» деп, сіңлісін, інілерін «балды-зым»
деп, көбінше балдыздарымен әзілдеседі. Қонақасы бергенде күйеу мен келінге қой-
дың төсін ұсынады. Күйеу бас ұстамайды.
Жезде – әйелдің інілері мен сіңлілері оның күйеуін «жезде» деп еркелетеді, әзіл-
дейді. Олар өте тату болады. Балдызының әйелі де оны «жезде» деу керек.
Жұбай – әйелдің күйеуіне қатысты атау.
Зайып – ердің әйеліне қатысты атау.
Шақа (шақалақ) – жаңа туған бала.
Шарана – қырқынан шықпаған бала.
Нәресте – қырқынан шыққан бір жасқа дейінгі бала.
Жесір – ері өлген әйел.
Тұлдыр (қу) жетім – әкесі де, шешесі де жоқ бала.
Үйден өз отбасыңыздың шежіресін жасап келіңіздер.
СӨЙЛЕСІМ
Әр мемлекеттің өзіне тән сыртқы және ішкі саясаты, басқару тәртібі мен міндет-
қызмет бөлінісі, қасиеттеп, қастерлеп ұстанатын рәміздері болатыны сияқты, әр от-
басы тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар.
Отбасы тіршілігінің заңы бойынша, оны отағасы, ол болмаса отанасы басқарып
отырған.
Ата-ана өз отбасын нығайта отырып, оның балиғатқа толған мүшелерін үй боуға,
өз шаңырағын көтеруге әзірлейді. Жас отаудың түтіні түзу шығып, жылы ұяға айна-
луы олардың үлкен үйде алған тәрбиесіне, көрген өнегесіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |