Әке-шеше, ата-ана –дүниеге ұрпақәкелген ерлі-зайыпты адамдар.Ұл мен қыз үшін бұлардан асқан адам жоқ. Сондықтан олар ата-анаға өмір бойы қарыздар. От-
басында әке «отағасы » делінеді. Келін күйеуінің шешесін (анасын) «ене» дейді, ал
басқалар «ошақ иесі» деп атайды.
Бала –ата-анадан туған ұрпақтар,яғни олар«ұл», «қыз»деп аталады. «Баласы бар үй – бақытты үй» деп саналады.
Ұл – шаңырақ иесі, ұрпақ жалғастырушы. Ұл туғанда бұрын «атұстар» деп хабарлаған.
Қыз –басқа елдің болашақ келіні,болашақ ана.Сондықтан«қыз-қонақ», «қыз-
өріс» деп туған-туыстары аялап, мәпелеп өсірген. Үлкендер оны «қызымыз» деп
үнемі төрге отырғызып, жолы үлкен деп есептеген.
Тұңғыш, ортаншы, кенже бала. Ата-ана бірінші туған баласын «тұңғышым», оданкейін туған баласы (немесе балаларын) «ортаншым», ең соңғы туған баласын
«кен-жем» деп атаған. Алғашқы балаларын үйлендіріп, енші беріп жеке отауға шы-
ғарған да, соңғы кенжесін өз қолында қалдырған. Ол әке-шешесін бағып, олардың
мұрасына ие болып қалған.
Немере– ұлдың баласы. Немере ата-әже үшін өте ыстық болады. Олар бірінші немересін көбінесе бауырына салып, бағып өсіреді.
Шөбере –немеренің баласы.Оның ата-ана үшін орны ерекше.Егер шөберенің қолынан (алаканынан) су ішсе, о дүниеде жеңілдік болады деседі. Шөберенің баласы
«шөпшек», шөпшектің баласы «немене».
Аға, апа, қарындас, сіңлі –бірәке-шешеден туған немесе туыстың ұл балалары, үлкен болса – «аға», кіші болса – «іні», үлкен қыз – «апа» (әпке), кіші болса – ұлдар
үшін «қарындас», қыздар үшін «сіңлі» болады.
Жеңге– ағаның әйелі. Ол жасы үлкендер үшін – «келін», жасы кішілер үшін -- «жеңге», «жеңеше». Жеңгелері қайындарына, қайын сіңлілеріне «мырза жігіт», «ерке
бала», «сырғалым», «шашбаулым», «бойжеткен», «күлім көз» деп құрметтеп атаған.