Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж


Төменде берілген сөздердің мағынасын жазыңыздар



Pdf көрінісі
бет41/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

Төменде берілген сөздердің мағынасын жазыңыздар:
Құда
Шопан
Көңілі түсу
Сызат түсу
Табысу
Татуласу
Төмендегі сөздерді қандай тұрақты тіркеспен алмастырар едіңіз?
Тату –
Ренжу –
Үйлену - 
Топтық жұмыс
«Кітап және телефон» тақырыбына дебат ұйымдастырыңыздар.
Даналардан шыққан сөз
Кітап – өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. 
Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес.
Серке Қожамқұлов
Өзіңді-өзің тану үшін кітап керек. Өзгені де тану үшін кітап керек.
Расул Ғамзатов
Артық ғылым кітапта, 
Ерінбей оқып көруге.
Абай 
СӨЙЛЕСІМ
Күлкілі де қызық мамандықтар
Біздің елімізде кей маман иелеріне сұраныс аз болса, кей мамандық иелері ауадай 
қажет болып жатады. Ал әлемде біз біле бермейтін мамандық иелері бар екен. Солар 
туралы аз-кем мәлімет: 
Доп жинаушы. Гольф ойыны аяқталысымен гольф доптарын жинақтайтын ма-
ман. Сиырға арналған педикюр шебері. Тұяқтары нашар күйде, күтімсіз болса, сиыр-
лардың көңіл-күйі болмайды да, сүт беруі де азайып кетеді екен. Еуропа және Аме-
рикада элиталы фермаларда осы мақсаттағы арнайы бөлімнің арнайы мамандары 
болады. 
Жиһаздарды сынаушы. Бұл кәсіп иелеріне ірі дизайн орталықтары мен жиһаз 
фабрикалары жүгінеді. Олар үстелдер мен сөрелерді тексермесе де, орындықтарды, 
креслолар мен кереуеттерді міндетті түрде тексеріп көреді.
Пингвиндерді аударушы. Пингвиндер жақын қашықтықта ұшып бара жатқан 
тікұшақтарға басын көтеріп қараған кезде шалқасынан құлап қалады екен. Құлаған 
пингвиндер өздігінен тұра алмайды, тіпті аударыла да алмайды. Сондықтан тікұшақ-
тар ұшып өткеннен кейін оларға арнайы маман көмекке келеді. Әйтпесе, олар о дү-
ниелік болып кетуі мүмкін. 
Миды суырып алушы. Қорықпаңыз. Бұл мамандар мал сою орталықтарында жұ-
мыс істейді. Олар бассүйектегі миды ұқыпты алып, мейрамханаларға еш кем-кетіксіз 
жеткізуге жұмыстанады. Бұдан басқа да құмырсқа сұрыптаушы, қыртыстарды жазу-
шы, көпшіктерді түзеуші, кезекке тұрушы, әжетханаға жол көрсетуші сынды күлкілі 
де қызық мамандықтар жетіп артылады. Қандай мамандықты таңдасаңыз да, жүрек 
қалауына бағынғаныңыз жөн. Сонда ғана өз мамандығыңыздың қас шебері болып 
шығуға мүмкіндігіңіз жоғары. Іске сәт! 
(
massaget.kz
)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет