Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет39/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Германия, Қытай, Оңтүстік Кореяның білім жүйесі туралы не айта аласыз?
2. Басқа мемлекеттің білім жүйесін оқып көрдіңіз бе?
3. Демократиялық дегенді қалай түсіндіңіз?
4. Қоғам мен табиғат туралы пәндерде не қарастырады деп ойлайсыз?
5. Оқушының жұмыс істеуі дұрыс па? Пікіріңіз.
6. Үйден өздеріңіз басқа мемлекеттің білім жүйесі туралы қарастырып келіңіздер.
Жаяғдаяттық тапсырма:
а) Сіз Білім және ғылым министрісіз. Білім жүйесіне қандай өзгеріс енгізер едіңіз?
ә) Сіз кітапхана директорысыз. Кітапханада ғылымның қай саласындағы кітаптар 
көп болуы тиіс? 
б) Қазіргі заманда ғылым үшін кітап пен жаңа технологиялардың қайсысы маңыз-
ды? (пікірталас)
ТЫҢДАЛЫМ
Ы.Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңін мұқият тыңдаңыздар:
Өнер - білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып - жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге,
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды;
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді;
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай,
Білгендерге осылар
Бәрі - дағы анықтай,
Білмегенде танықтай;
Біз де бекер жатпалық,
Осыларға таныспай;
Ат өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай;
Желкілдеп шыққан көк шөптей
Жаңа өспірім достарым,
Қатарың кетті-ау алысқа-ай,
Ұмтылыңыз, қалыспай.
Біз надан боп өсірдік
Иектегі сақалды.
Өнер – жігіт көркі деп
Ескермедік мақалды...
Біз болмасақ сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды.
Кестені толықтырыңыздар:
Өлең жолдары
Қазіргі күндегі қандай дүние деп ойлайсыз?
Өнер - білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет