Өнер-білім бар жұрттар Тастан сарай салғызды; Айшылық алыс жерлерден, Көзіңді ашып-жұмғанша, Жылдам хабар алғызды. Аты жоқ құр арбаны Мың шақырым жерлерге, Күн жарымда барғызды. Адамды құстай ұшырды; Мал істейтін жұмысты От пен суға түсірді; Отынсыз тамақ пісірді, Сусыздан сусын ішірді. Теңізде жүзді балықтай, Дүниені кезді жалықпай,
Біз де бекер жатпалық, Осыларға таныспай; Ат өнері білінбес Бәйгеге түсіп жарыспай; Желкілдеп шыққан көк шөптей Жаңа өспірім достарым, Қатарың кетті-ау алысқа-ай, Ұмтылыңыз, қалыспай. Біз надан боп өсірдік Иектегі сақалды. Өнер – жігіт көркі деп Ескермедік мақалды... Біз болмасақ сіз барсыз, Үміт еткен достарым, Сіздерге бердім батамды.
СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП
Өлең не туралы деп ойлайсың?
Өлеңде қиял бар ма?
Өлеңдегі ақын қиялы қазіргі өмірде шындыққа айналды ма? Оны неден көре аламыз?
Өлеңдегі көркемдегіш құралдарды тауып көріңіз.
Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алыңыз.
Жалғау (окончание). Қазақ тілінде жалғаудың 4 түрі бар: көптік, тәуелдік, жіктік, септік
Жалғаулардың орналасу тәртібі (порядок присоединения окончаний):