1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз: 1. Мәтінде қандай жағдай сипатталған?
2. Аралас некеге сіздің көзқарасыңыз қандай?
3. Автордың «қазақ ұзақ жылғы зобалаңда ұлттық имунитетін әлсіретіп алған
халық» деген сөзі туралы айтар пікіріңіз.
4. Сіз автор болсаңыз шығарманы қалай аяқтар едіңіз?
5. Төмендегі кестеде берілген сөздердің мағынасын жазыңыздар:
Сыныққа сылтау
Тіл табыса алмау
Сөзге шорқақ
Кіріптар болу
Көсіліп сөйлеу
Шіріген жұмыртқа
Сіңу-сіңіру
Шорт кесу
Жүйріктеу жүйтку
Тұсаулы аттай шоқырақтау
Топтық жұмыс 1. Сіздің құрбыңыз аралас некені қолдайтынын айтты. Сіз қандай пікір білдірер
едіңіз?
2. «Шетелдегі қазақ қыздары» деген тақырыпта пікірталас өткізіңіздер. ЖАЗЫЛЫМ 1. «Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің» деген нақыл сөзге өз пікіріңізді жазбаша білдіріңіз.. Өйткені, себебі, сондықтан деген шылау сөз- дерді қолданыңыз. 2. Мына пікірге қатысты сұхбат құрыңыз. Осы пікірмен ойыңызды қоры- тыңыз. «Үйлену дегеніміз – өз құқыңның жартысын азайтып, міндеттеріңді екі есе көбейту деген сөз» (А.Шопенгауэр, неміс философы). 3. Сұхбатты толықтырыңыздар.
-
Қазір некелік одақ жиі бұзыла ма, әлде тұрақты ма?
- ?
-
Оның жиі бұзылуына себептер қандай?
- ?
-
Тек қана әлеуметтік мәселелерге байланысты ма?
- ?
-
Психологиялық себеп деген не?
- ?
-
4. Төмендегі нақыл сөзге ситуация құрыңыз. «Атадан жақсы ұл туса, есіктегі басын төрге сүйрер,
Атадан жаман ұл туса, төрдегі басын есікке сүйрер».
9-БӨЛІМ БІЛІМ. КӘСІБИ БАҒДАР. ОҚУ ОРЫНДАРЫ. МАМАНДЫҚ. КІТАПХАНА Ой бөлісейік 1.
Қазақстандағы білім және білім жүйесі туралы не айтасыз?
2.
Сіз өзіңіздің сүйікті мамандығыңызға түстім деп ойлайсыз ба?
3.
Сіз мектепте қандай пәнге қызыққан едіңіз?
4.
Мектеп бағдарламасындағы қандай пәнді артық деп есептейсіз?
5.
Білім мен тәрбие қатар жүру керек деген ойға өз көзқарасыңызды білдірсеңіз.